Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Топырак ответы на билеты.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138 Кб
Скачать
☆

12Билет

1)Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшіншіғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік(дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қаттыматерия кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.

Күннен қашықтығы — 150 млн км. Орбитадағы айналу жылдамдығы — 29,8 км/с.

Орташа тығыздығы — 5,5 • 103 кг/м3.

Күнді айналу ұзақтығы — 365 тәул. 6 caғ.

Табиғи серігі — Ай.

Массасы — 6 • 1024 т.

Радиусының орташа ұзындығы — 6371 км.

Экваторының ұзындығы — 40075,7 км.

Меридианының ұзындығы — 40008,5 км.

Жер бетінің жалпы ауданы — 510 млн км2.

Жер мен Күн арасындағы орташа қашықтық — 149,58×106 км. Бұл қашықтық қалыпты «астрономиялық бірлік» боп табылады.

2) Топырақтың минералогиялық құрамы. Топыраққұраушы жыныстар мен топырақ құрамына біріншілік және екіншілік минералдар кіреді. Біріншілік минералдар магмалық жыныстарды түзетін болса, борпылдақ жыныстар мен топырақта бастапқы жыныстардың бұзылуынан қалған материал санасында кездеседі. Екіншілік минералдар болса, биоклиматтық жағдайлар әсерінен біріншілік минералдардан құралады. Біріншілік минералдар көбінесе 0,001 мм-ден ірі, ал екіншілік минералдар - 0,001 мм-ден майда түйірлерден тұрады.Біріншілік - минералдарға (жыныс пен топырақтағы) кварц (магмажыныста Ф. У. Кларкше - 12,0), дала шпаты (59,5), амфиболдар (мүйіз жалатпасы) мен пироксен (16,8), слюда (3,8 проц.), т.б. жатады. Біріншілік минералдардың бұзылу тұрақтылығы бірдей болғандықтан, жанамалы мөлшері топыраққұраушы жыныстар мен топырақта, магмалық жыныстарға қарағанда, өзгеше болады. Борпылдақ жыныстарда, бұзылуға тұрақтылығы берік кварц (SіO2) мөлшері басым келеді (40-60), екінші орынды дала-шпаты алады (20 проц. дейін). Кең тараған бұл минералдың механикалық беріктігі жоғары болғанымен, химиялық бұзылуға тұрақтылығы төмен жатыр. Дала шпаттары арасында ең тараған біріншілік минерал-ортоклаз (KAІSІ3O8), сирек кездесетіні-натрий-калийлі дала шпаты немесе плагиоклаздар. Кварц пен дала шпаттары бұзылуға төзімді болғандықтан ірі дәнді келеді де, көбінесе құм және шаңды түйірлерді құрайды. Амфиболдар, пироксендер және слюдалар бұзылуға тұрақсыз болғандықтан, борпылдақ жыныстар мен топырақ құрамында аз мөлшерде майда кристалл күйінде кездеседі. Минералдардың бұзылуға тұрақтылығы, олардың табиғаты, химиялық құрамының айырмашылығы және кристалдық құрылымына байланысты болады.

Біріншілік минералдар мағынасы:

оларға топырақтың агрофизикалық қасиеттері байланысты;

олар күлдік элементтер көзінің қоры;

олардан екіншілік минералдар жаралады.

Екіншілік минералдар құрамы (біріншіліктердей) да көп емес. Олар арасында қарапайым тұздар, су тотықты және тотықты минералдар мен балшықты минералдар ажыратылады.

3) Топырақ ерітіндісінің осмостык қысымы өсімдіктер үшін мәні маңызды. Егер ол өсімдік клеткасы сөлінің осмостық қысымына тең немесе одан жоғары болса, онда өсімдіктің коректік заттарды сіңіруі тоқтайды да, солып қалады. Осмостық қысым топырақ ерітіндісінің концентрациясы мен онда еріген заттардың диссоциялық дәрежесіне байланысты. Ерітіндісінің осмостық қысымы, өсіресе механикалық құрамы ауыр, сіңіру қаблеті күшті топырақта жоғары келеді және оның типі мен жекеленген жиектерінде біркелкі емес.Түрлі топырақ ерітіндісінің осмостық қысымы биологиялық процестер үдемелігі мен деңгейіне байланысты болғандықтан, оның мөлшері құбылмалы келеді. Саратов пен Безенчук ауылшаруашылық тәжірибе станцияларының зерттеу жумыстары бойынша, топырақ ерітіндісінің осмостык қысымы артқан кезде, бидайдың тіршілік кезең қысқарып, түптенуі. кешітіп, масактану, гүлдеу мен пісу шақтары тезделетіні транспирациялық коэффициенті кеміп, дән құрамындағы ақуыз мөлшері артқаны байқалған. Осмостық қысым топырақ ерітіндісінің мұздану нүктесіне қарай криоскопиялық әдіспен анықталады.