Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гульдана тку.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.3 Туризм саласындағы әлемдік инвестиция жағдайы

Туризм түрлі ерекшелікке ие, ол бір уақытта экономикалық, әлеуметтік, саяси, гуманитарлық және басқа да салаларды игереді. Ол бір ауданның ғана емес, бүкіл елдің территориясында маңызды рөл атқарады. 2020 жылдарға қарай әлемнің үлкен қалаларына, танымал курорттарына және тарихи ескерткіштеріне 1.8 миллиард турист келеді, қонақ үй қызметінің кірісі 2 триллион АҚШ долларын құрайды деген болжам бар. Бұл жаңа жұмыс орны көбейіп, жұмыс орны артады дегенді білдіреді. Сонымен, егер 1998 жылы әлемдік туристік индустрияда 115 миллион адам туризммен айналысқан болса, 1999 жылы 270 миллионға дейін жеткен. Ал 2020 жылы 550 миллионға жетеді деп болжануда. Бұл туризмнің экономикаға тікелей әсер ететінін көрсетеді. Туризмнің әлемдегі тез дамитын және беделді шаруашылық болуы келесі факторлармен түсіндіріледі:

- біріншіден, саяхат жасау адамдардың маңызды бөлігіне айналуы;

- екіншіден, әлемдегі саяхаттың бағасының төмендеуі.

Туризмнің өсуі жаңа туристік орындардың ашылуымен байланысты, өйткені, әлемдегі дәстүрлі туристік аудандар өзінің рекреациялық тұрақтылықтың шегінен шыққан. Соңғы жылдары бизнес – саяхат айтарлықтай дамуда, және өзінің нарықтық үлесін толығымен төмендетті.

Көптеген қалалар тіпті мемлекеттер тек туристерден түсетін қаржыға өмір сүріп отыр. Бірақ, кейбір қаржылық және мәдени орталықтар туристердің арқасында жыл сайын миллиардтаған қаржы тауып отыр. Осыған сәйкес мен соңғы жылдары ерекше сұранысқа ие, он мемлекетті атап өткім келіп отыр. Туристердің қызығушылығын туғызып отырған жердегі шенеуніктер үшін бұны пайдаланбау үлкен күнә болып саналады. Турист қандай мақсатпен келсе де: қонақ үйдің, мейрамхананың, және таксидің қызметін қолданады. Және мен көрсеткім келіп отырған рейтинг MasterCard корпорациясының 2016 жылға ең көп туристер саяхаттаған қалалар көрсетілген. Рейтингте туристер санының, бір күнге тоқтағанынан бөлек, қаланың кірісі мен туристердің басты шығыны көрсетілген.

MasterCard корпарациясының 2016 жылдағы ең көп турист саяхаттаған он қаланың рейтингі:

1) Бірінші орында Чехияның Прага қаласы. Қалаға келген туристер саны – 5.81 миллион адам. Ал туристік белсенділігі маусым және шілде айларында. Іскерлік туризм бойынша туристердің 12.8 пайызы келген болса, демалыс және басқа мақсаттар үшін 87.2 пайызы тарихи қалаға жол тартқан. Туристердің ел ішіне кеткен саяхаты үшін 2.7 миллиард доллар жұмсаған.

2) Екінші орында аспан асты елінің басты қалаларының бірі Шанхай қаласы. Туристердің ерекше белсенді болатын уақыты: тамыз, қазан, желтоқсан айлары. Іскерлік туризм бойынша 54.6 пайыз, басқа мақсаттар бойынша 45.4 пайыз турист келген. Туристердің шығыны бес миллиард долларды құраған.

3) Ал қоланы Австрия елінің астанасы – Вена қаласы иеленген. Қаланы тамашалауға келген туристер саны 6.69 миллион құраған. Маусым және шілде айларында туристердің келу саны көбейеді. Іскерлік туризм үшін 17.9 пайыз, демалыс және басқа да мақсаттар үшін 82.1 пайыз туристер келген. Туристердің шығыны 4.5 миллиардты құраған.

4) Жапония елінің басты аралдарының бірі – Осака рейтингтің төртінші орнынан мықтап тұрып орын алған. Қаланы қызықтауға келген туристер саны – 7.02 миллионды құраса, оның ішінде іскерлік туризм үшін он екі пайыз турист және басқа қызығушылықтар үшін сексен сегіз пайыз турист келген. Туристердің қаладағы жалпы шығыны – 3.4 миллиард долларды құрайды.

5) Тарихымен қызықты Италия мемлекетінің бас қаласы Рим бесінші орында орналасқан. Елде саяхаттаған туристтер саны: 7.12 миллион турист. Туристердің белсенділігі шілде – тамыз айларында ерекше байқалады. Іскерлік туризм үшін келген туристер саны – 13.6 пайыз, ал басқа мақсатпен келген туристер – 86.4 пайызды құраған. Туристердің шығыны – 4.5 миллиард доллар.

6) Келесі орынды Тайбэй қаласы иеленген. Туристер саны – 7.35 миллион турист. Туристер белсенділігі наурыз, қараша және желтоқсан айларында артады. Іскерлік туризм бойынша 13.4 пайыз және демалыс және басқа да мақсаттар үшін 86.6 пайыз турист келген. Туристердің шығыны – 9.6 миллиард доллар.

7) Әлемдегі ерекше сұлу қалалардың бірі – Милан. Бұл мекенге келушілер саны – 7.65 миллион. Туристердің белсенділігі шілде – тамыз айларында байқалады. Іскерлік туризм үшін келушілер – 27.2 пайыз, демалыс және басқа мақсаттар үшін – 72.8 пайыз. Туристер шығын – 4.6 миллиард.

8) Амстердам қаласы да бұл тізімде өз орнын ойып тұрып алған. Аймаққа келушілер саны – 8 миллион турист. Іскерлік мақсатта келушілер – 27 пайыз, демалыс және басқа да мақсатпен келушілер – 73 пайыз. Туристердің жұмсаған қаржысы – 4.2 миллиард долллар.

9) Футбол жанкүйерлері үшін басты қалалардың бірі – Барселона. Қаланы саяхаттаушылар саны – 8.2 миллион. Туристердің белсенді болатын уақыты – шілде – тамыз. Іскерлік туризм мақсатымен саяхаттаушылар – 9.7 пайыз, демалыс және басқа мақсатпен саяхаттауға келген туристер – 90.3 пайыз. Қаладағы саяхат кезінде жұмсаған туристердің шығыны: 9,3 миллиард.

10. Гонгконг. Туристердің саны - 8.37 миллион. Туристік белсенділік көбейетін уақыт – қазан – желтоқсан. Іскерлік туризм туристері – 23.4 пайыз. Демалыс және басқа мақсаттармен келген туристері 76.6 пайыз. Туристердің шығыны -6.8 миллиард [6].

Туризм әлемдік экономиканың драйверінің бірі болып саналады. Әлемде саяхаттаушылардың саны бір миллиардтан асса, 2030 жылға қарай екі миллиардқа жетеді. Туризмнің әлемдік экономикадағы үлесі тоғыз пайыздан отыз пайызға дейін құрайды. Соңғы жиырма жылда туризм 2.2 есе өсті. G20 декларациясының көшбасшы елдері 2014 жылғы жыл сайынғы кездесуде саяхаттаудың және туризмнің жұмыс орнымен қамту, экономикалық өсу мен даму үшін маңызды деп тапты. Халықаралық және ішкі туризмді дамыту экономика, тасымалдау, құрылыс, ауыл шаруашылығы, байланыс сынды саладардың дамуына көмектеседі. Туризм саласына капитальдық инвестицияның көбейуі – бұл саланың әлемдік экономикада орнының жоғары екендігін байқалтады. Жалпы алғанда, демалу мақсатындағы саяхат саяхаттаушылар санының алпыс пайызын , іскерлік туризм болса отыз пайызын құрайды. Дүниежүзілік Туризм Ұйымының болжамы бойынша, туризмнің халықаралық дамуы үнемі өсіп отырады [7].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]