Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PVL.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

Пайдалы кендер

Облысымыз Қазақстан Республикасының минералдық шикізат кешенінде жетекші рөл атқарады. Ертістің Павлодар өңірінің қатты пайдалы қазбаларының баланстық қорының жалпы құны 460 миллиард долларға бағаланады. Бұл – алтынды, құрылыс материалдары мен өзгелерін қоса алғанда, көмір мен әр түрлі [[металдар. Кен орындарының бір бөлігі ертеден және табысты өндірілуде, қалғандарында қосымша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, пайдалы қазбалардың нақты көлемдері, өндіру жағдайлары анықталуда. Павлодар облысында Қазақстанның барлық көмір қорының үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған. Ең ірі кен орындары – Екібастұз және Майкөбен, оларда сәйкесінше 10,5 миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақталған. Жалпы көмір қоры үш миллиард тоннадай болатын басқа да тоғыз кен орнын болашақта өндіруге болады. Барлық кен орындарының ерекшелігі көмірдің тереңде жатпағандығы, ал кей жерлерде тікелей жер бетіне шығып жатқандығы болып табылады. Сондықтан ол ашық үнемді әдіспен өндіріледі. Екібастұз бассейнінің көмірін өндірудің бірінші жарты ғасырында 2 миллиард тонна көмір өндірілді. Барлау жүргізілген қалған көлемдері бірнеше жүзжылдыққа жетеді. “Бозшакөл” мыс-порфироидтық ірі кен орны өндіруге дайын. Мұнда руда жер бетіне жақын орналасқан және өндірістік шоғырлануында тек қана мыс емес, молибден, күміс, басқа да құнды металдар бар. Барлық кен орындарындағы мыстың жалпы қоры үш жарым миллион тоннаны құрайды.

Алтын кен орнының болжалды қоры шамамен 150 тоннаға бағалануда, онда осы бағалы металдан басқа күміс, мыс, мырыш, барит бар. Кобальт кен орындары 14 мың тоннаға, никельдікі – 251 мың тоннаға, марганецтікі – 70 мың тоннаға бағаланады. Аймақтық рудалық қорлардың маңызды ерекшелігі – олардың құрамының көп құрамдас болуы: негізгі аталған металдардан басқа онда молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және тағы басқалары бар. Облыста малахит пен ферузаның кен орындары табылды. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмаздарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп есептейді. Ертістің Павлодар өңірінде әзірше мұнай мен газдың ашылған кен орындары жоқ. Бұл болашақтың еншісінде. Облыстың жарты аумағын Ертіс өңірі ойпаты алып жатыр, геологтар көмірсутегі шикізатының мол қоры жағынан оның болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың болжалды ресурстары - 315 миллион тоннаға, ал газдікі – 148 миллиард текше метрге бағаланады. Облыста кең тараған деп аталатын пайдалы қазбалардың 89 кен орны бар деп есептеледі: бұл – әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтарына және басқа да мақсаттарға арналған шикізат. Мысалы, қорама құмының Қарасор кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. Каолин (ақ күйдірілген) отқа төзімді саздың Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна құнды шикізат сақталған.

Павлодар облысының жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Ертістің шығыс жағының жер қыртысы негізінен құм, құмдауыт және саздақ топырақтан, ал сол жағалық аңғары плейстоцен кезеңінің сортаңданған бозғылт топырағы мен ауыр саздақ топырақтан түзілген. Сарыарқа шоқыларында көбінесе тастақты-қиыршықтасты қоңыр топырақ, ал шоқыаралық жазықтарда сортаң, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солтүстігін қайың мен теректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44,0 мың га жерді қамтиды. Оңтүстікке қарай даланың сұр, қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңтүстік-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өзенінің жайылмасында шалғындар мен тоғайлар тараған.

Облыстың кең даласында қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, құндыз сияқты жануарлар тараған. Оңтүстік-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста ақ және сары шымшық, бозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркіті, кезқұйрық, күйкентай, қырғи, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, саңырау құр, тоқылдақ мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, т.б. құстарды кездестіруге болады. Ертіс өзенінде ақбалық, бекіре, нәлім, шортан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]