Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK-TOE.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1 Бөлім тұрақты токтың электрлік тізбектері Электр өрісі туралы бастапқы мәліметтер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Электр өрісі ұғымы жайында толығырақ танысады. Электр өрісі кернеулігі және электр өрісі күш сызықтары туралы білімдерін дамытады.

2. Дамытушылық: Оқушылардың электр өрісінің күштік сипаттамасы туралы түсініктерін дамыту, теориялық білімдерін есептер шығаруда, практикалық тапсырмаларды орындауда қолдана білу қабілеттерін шыңдау.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды бір-біріне көмек беруге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, бірігіп шешім қабылдауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың өту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, есептер шығару.

Сабақтың көрнектіліктері: слайд, видеороликтер, оқулық, эксперименттік тапсырмаға қажетті құралдар

Пәнаралық байланыс: КМ-01., КМ-03

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

А) Амандасу. Студенттерді түгендеу

В) Аудитория тазалығын тексеру

С) Журнал толтыру

ІІ.Мектеп бағдарламасы аясында өтілетін тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмаларға шолу жасау (35 минут)

1-дәріс Ұлы ағылшын ғалымы Майкл Фарадей, электр зарядтары бiр-бiрiне тiкелей әсер етпейдi деп жорамал жасайды. Олардың әрқайсысы қоршаған ортада электр өрiсiн туғызады. Бiр зарядтың өрiсi екiншi зарядқа әсер етедi, және керiсiнше. Зарядтан алыстаған сайын өрiс төмендейдi.  1 видеоролик

Басқа бiр ғалым – Джемс Клерк Максвелл – электромагниттiк әсерлесу кеңiстiкте ақырлы жылдамдықпен таралатынын теориялық дәлелдедi. Максвелл электромагниттiк әсердiң таралуы бостықтағы жарық жылдамдығына тең, яғни 300000 км/с.

Электромагниттiк өрiстiң негiзгi қасиетi – оның әлектр зарядтарына қандайда бiр күшпен әсер етуi.

Қозғалмайтын зарядтардың электр өрiсiн электростатикалық деп атайды. Ол тек электр зарядтарынан пайда болады және уақыт бойынша өзгермейдi. Электр өрiсi осы зарядтармен қоршаған кеңiстiкте бар болады және онымен үздiксiз байланыста болады.

Электр өрiсiнiң кернеулiгi  – берiлген нүктедегi электр өрiсiн сипаттайтын векторлық шама, және ол өрiстiң берiлген нүктесiнде орналасқан нүктелiк зарядқа әсер ететiн  күштiң заряд шамасына q қатынасына тең:  

2 видеоролик

1-сурет

  векторының бағыты оң зарядқа әсер ететiн күшке бағыттас  және терiс зарядқа әсер ететiн күш бағытына керi бағыттас.

Кернеулiк - электр өрiсiнiң күштiк сипаттамасы болып табылады. Электр өрiсi тарапынан әсер ететiн күш мынаған тең:

Егер электр өрiсi барлық нүктелерде кернеулiгi бiрдей болса, онда ол бiртектi деп аталады.

Кернеулiк сызықтары немесе электр өрiсiнiң күш сызықтары деп ол сызықтардың әрбiр нүктесiндегi жанама өрiс кернеулiгi векторының бағытымен сәйкес келетiн (беттесетiн) сызықтарды айтады.

Электр өрiсiнiң күш сызықтары тұйықталмаған, олар оң зарядтардан басталып терiс зарядтардан аяқталады  Күш сызықтары үздiксiзжәне қиылыспайды. Олар зарядталған денелерден басталады немесе аяқталады, содан кейiн жан-жаққа шашырайды. Сондықтан күш сызықтарының тығыздығы зарядталған дене маңайында жоғары, яғни өрiс кернеулiгi жоғары болған жерде. 3 видеоролик

2-сурет

Бiртектi электр өрiсiнiң күш сызықтары параллель және олардың тығыздығы тұрақты.

Өрiстердiң суперпозиция принципi: кеңiстiктiң берiлген нүктесiнде әртүрлi зарядталған бөлшектер электр өрiсiн тудырады (жасайды), олардың кернеулiгi   және басқалар, онда бұл нүктеде өрiстiң қорытқы кернеулiгi мынаған тең:

3-сурет

Біртекті электр өрісінде орналасқан электр заряды бірқалыпты үдемелі қозғалыспен қозғалады және оның үдеуі төменгі формуламен  өрнектеледі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]