Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сын МЖ Физика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14 Мб
Скачать
☆

Бақылаушының бағалау парағы

№

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

2

Міндетін атқару

3

Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

1. Амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар және бір бөлік құнын есептеңдер.

2. Сұлба бойынша элетр тізбегін жинаңдар.

3. Тізбекті тұйықтаңдар.

4. Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз.

Құралдардың көрсетулерін кестеге жазыңдар.

№

I, A

U, B

R, Oм

5. Ом заңын пайдаланып, қыздыру шамының кедергісін есептеңдер.

6. Есептеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

7. Тәжірибе нәтижесін қорытындылаңдар.

Тапсырма. Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін салу.

Ү. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

18-ж. № 6

Кейінгі оқу

қайталау

Физика

Сабақ 37

Сабақтың аты

§40 Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік.

Жалпы мақсаты

Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік жайлы мағлұмат беру

Асқын өткізгіштік туралы түсінік беру, қолданылу мүмкіндіктері туралы әңгімелесу ұйымдастыру

Күтілетін нәтиже

Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік жайлы мағлұмат алады

Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштікті күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

1. Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін қорытындылау,бекіту,есептеу дағдыларын жетілдіру. 2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Топқа бөлу

Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз.

Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.

Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады

Үй тапсырмасын пысықтау

Үй тапсырмасын тексеру :

Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру:

Арнайы дайындалған сұрақтарға жауап.

І бөлімде I, U, R шамалардың белгіленуі мен өлшем бірліктері туралы сұрақтар

ІІ бөлімде I, U, R шамаларының формулалары туралы сұрақтар қойылады.

  • Электр кернеуі деген не? Ол қандай бірлікпен беріледі.

  • Кернеуді қалай өлшейді?

  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады?

  • Ом заңы қалай тағайындалды?

  • Кедергі деп нені атайды? Оның өлшем бірлігі қандай?

берілген суреттерге сипаттамалар беру керек.

Жаңа сабақ

Өткізгіштің кедергісі R оның өлшемдері мен материалына тәуелді екенін білеміз.

Өткізгіштің кедергісі оның температурасына тәуелді бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін мынадай тәжірибені жасайық.

Спираль сияқты иілген темір сымды ток көзі мен амперметрге қосылған тізбекке тізбектей қосамыз. Амперметрдің көрсетуін аныөқтап алып, спиральді шамның жалынына ұстап қыздырамыз. Спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетеді.

Демек, қызғанда темір сымның кедергісі артады. Темір спиральді басқа металдан жасалған өткізгішпен ауыстыра отырып, қыздырған кезде барлық металдардың кедергісінің артатынын байқаймыз.

Кейбір таза металдардың кедергісі әжептәуір, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура жоғарлағанда кедергісі өзгермейтін арнайы қорытпалар да бар. Оларға константан мен манганин жатады. Оларды эталондарды, реостаттар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады. Қыздырғанда кедергінің өсу себебі, өткізгіштің температурасы артқанда, кристалдық тордың түйіндеріндегі иондар тербелісі күшейеді. Нәтижесінде, электрондар иондармен жиірек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді.

Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады:

бұдан .

Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.

Асқын өткізгіштің үлкен практикалық мәні бар. Асқын өткізгіштік күйінде тұйықталған өткізгіштегі ток күші кедергінің болмауы салдарынан шексіз ұзақ уақыт бойы сақталады. 1925 жылы мыс сақинамен жасалған тәжірибеде, тіпті 2,5 жыл өтсе де, сақинадағы ток күшінің ешқандай кемімегені байқалған.

Қазіргі таңда Күннің магнит өрісінен он мың есе күшті магнит өрісін беретін өте қуатты асқын өткізгішті электр - магниттер жасалған.

Есептер шығару.

№1. Шартты белгілер бойынша схемадан құралдарды атау

№2. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм², ал ұзындығы 1 м күміс сымның кедергісі қандай болады? ρ=0,015 Ом·мм²/м. Егер осы сым арқылы 1,5 А ток өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай?

№3. Көлденең қимасының ауданы 2 мм², ұзындығы 5 м никель сымның кедергісі неге тең? Егер кернеу 3,2 В болса,онда оның бойымен қандай ток өтеді? ρ=0,4 Ом·мм²/м.

Сергіту сәті

«Қара жорға» биі

Оқушылар әуенге билеп,сергиді

Ой толғаныс

Жеке карточка бойынша өздік жұмыс

18. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2, ұзындығы 150 см күміс сымның кедергісі қандай? Егер осы сым арқылы 1,5 А ток өтсе, онда өткізгіш сымның ұштарындағы кернеу қандай? ρ к = 0,016 Ом*мм2/м.

19. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2, ұзындығы 8 м никель сымның кедергісі неге тең? Егер сымның ұштарындағы кернеу 3,2 В болса, онда оның бойымен қандай ток өтеді? ρи = 0,4 Ом*мм2/м.

20. 4 А ток күшіне және 220 В кернеуге арналған электр плитасының спиралінің көлденең қимасы 0,1 мм2 болса, осы никель сымның ұзындығы қандай? ρи = 0,04 Ом*мм2/м.

1 4. Тізбекке үш өткізгіш тізбектей жалғанған, олардың кедергілері: R1= 5 Ом; R2 = 6 Ом; R3= 12 Ом (3-сурет). Вольтметрдің көрсетуі 1,2 В болса, амперметр қандай ток күшін көрсетуі тиіс? А және В нүктелерінің арасындағы кернеу қандай?

3 Тізбекке екі өткізгіш R1 = 5 Ом мен R2 = 10 Ом тізбектей жалғанған (4-сурет). V1вольтметр 12 В кернеуді көрсетеді. V2вольтметр мен амперметрдің көрсетулерін аны0таңдар.

Шығармашылыққа тапсырма

Интерактивті тақтада тест тапсырмаларын жасау.

Үй тапсырмасы

Қайталау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Кері

Кері байланыс :«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау парақшасын толтырады

Сынып 8

Сабақ 38

Сабақтың аты

§41 Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

Жалпы мақсаты

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат беру

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Топта бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат алады

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

Сабақтың түрі

Сындарлы оқыту

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Оқулық, таратпа материалдар, тірек-сызбалар,интерактивті тақта,постер,маркер, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Жұптық, топтық жұмыс, диалог, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау

Сабақтың барысы

Ұйымдастырыу

Сәлемдесу;

Түгендеу;

Топқа бөлу;

Жағымды психологиялық ахуал туғызу;

Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу

Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою, сәйкестіру тест

Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Білу

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау

Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. (сыныпты үш топқа бөлу) Сөз шешу: І топқа - кот, ІІ топқа - декергі, ІІІ топқа - керуен (берілген сөздің дұрысын жазу) 1. Шаманың атауы 2. Белгіленуі 3. Формуласы 4. Өлшейтін құрал 5. Өлшем бірлігі 6. Өлшейтін құралдың шартты белгіленуі 7. Өлшейтін құралдың тізбекке жалғануы 8. Ашқан ғалым кім?

Түсіну

Эл оқулық демонстрация

І топ өткізгіштерді параллель жалғау оқу, түсіндіру

ІІ топ өткізгіштерді тізбектей жалғау оқу, түсіндіру

1.Тапсырмамен танысады

2.Жұбына түсіндіреді

3.Сұраққа жауап береді, өзі сұрақ қояды.

4.Тақырыпты түсіндіреді.

5.Өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, топтың тақырыпты

меңгергенін өзі сұрақ қойып тексереді.

6.Топтар бір-біріне сұрақ қояды

7.Жеке оқушымен жұмыс.

Қолдану

Тақтамен жұмыс.

. Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар:қыздыру шамдары,үтіктер,электр пештері,электрқозғалтқыштары және т.б.электр құралдарын пайдаланады.Бұлар түрліше жалғанады.Практикада қолданылатын электр тізбектерінің құрамында бірнеше электр энергиясын тұтынушы элементтер болуы мүмкін. Бұл элементтер бір-бірімен әрқалай қосылады, мысалы тізбектей немесе параллель.

Тізбектей жалғауда:

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

I = I1 = I2 = … = In;

U = U1 + U2 + … + Un ;

R = R 1 + R2 + … + Rn. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншініғң соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей қосу деп атайды.

Параллель жалғау:

Өткізгіштерді паралель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбәр өткізгіштің кедергісінен кем болады.

U = U 1 = U 2 = … = Un

I = I 1 + I 2 + … + In = + + … + Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғаса, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.

Сергіту сәті

Дене қимылдарын жасату арқылы сергіту жасату

Дене қимылдарын жасату арқылы сергіту жасады

Талдау

Тиімді жолмен шығару , қатемен жұмыс.

Физикалық диктант.

  1. Пайдаланған мені жұрт

Отын менен жарыққа

Қызмет етем әрқашан

Түсіне білген халыққа

Жауабы: (Электр тогы)

  1. Бойындағы зарядты

Ұзақ уақыт сақтайды

Реленің күшімен

Бүлдірместен баптайды.

Жауабы: (Аккумулятор)

  1. Ток бар жерде, біреу бар

Өлшемі вольт, киловольт

Ұмытып кетпе тағы да,

Гектавольт пен мегавольт

Жауабы: (Кернеу)

  1. Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланам күн сайын жарық үшін

Жауабы: (Электр шамдары)

  1. Мұз жарғыш жүзіп келеді

Бауыры қызып келеді

Абайла ойып түсер

Ондайлар бұзық келеді

Жауабы: (Үтік)

  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды

Ал, оның есептен – ақ басы айналды

Жауабы: (Электр есептегіш

Жинақтау

Тест алу

  1. Ток күшінің өлшем бірлігі не?

а) 1 А в) 1 В с) 1 Ом д) 1 Ом * м

2. Химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын элемент.

а) Вольта элементі в) Гальвани элементі с) Нейтрондар д) Иондар

3. Аккумулятор қай елдің сөзі?

а) Латын в) Грек с) Ағылшын д) Итальян

4. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі қайсысы?

а) 1В в) 1 Ом * м с) 1 А д) 1 Ом

5. Дененің электрленгенін анықтайтын құрал:

а) Реостат в) Амперметр с) Электроскоп д) Вольтметр

6. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы:

а) U = IR в) I = c) R = p д) R =

7. Кедергілері 4 Ом және 6 Ом болатын өткізгіштер параллель жалғанған. Жалпы кедергісін тап.

а) 2,4 Ом в) 3,7 Ом с) 4,2 Ом д) 5,8 Ом

Білімдерін жинақтап, қорытады.

Бағалау

Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек; Тренинг «Адам есімінің түстері»

Формативті бағалау , өзін- өзі бағалау

Мұғалімнің бақылауы

Бағалау критерийлері арқылы өздеріне баға береді.

Кері байланыс

Үміт ағашына стикер парағын жапсыру арқылы бағалау

Оқушылар өз пікірлерін жазады.

Үйге тапсырма

§ Теоремаларды жаттау № 284 , №283(ә)

Жан-жақты ізденеді

Сабақ 39

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты

№5 Зертханалық жұмыс

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат беру

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат алады

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткәізгіш тұйық электр тізбегін жасайды.

Электр құрылғыларын тізбектей қосу.

Ө ткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

U=U1+U2+U3+…

I1=I2=I3=…

R=R1+R2+R3+…

Электр құрылғыларын параллель қосу.

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

I=I1+I2+I3+… U1=U2=U3=… 1/R=1/R1+1/R2+1/R3+…

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Тізбек жайлы не білеміз?

  2. Тізбек түрлері жайлы не білеміз?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Өткен тақырыпқа шолу жасау?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тапсырманы оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.