Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Формативтік баалауды 70 трі.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

23.Дұрыс емес пікір

Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз.

Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық» фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз.

Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру болмайтын атмосфера орнатады.

«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап көрейік...».

24.Сұрақ құрастыру

Мынадай:

  • Жалпыға түсінікті қате ұғамдарға қарсы шығатын;

  • Талқылауды талап ететін дайу тудыратын;

  • Екіұштылықты зерттейтін және талқылау мен айқындылық енгізуге көмектесетін сұрақтар құрыңдар

25.Оқу күнделігі

Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы және ол бойынша шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл сыныпқа арналған тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі мүмкін

26.Қайтадан құрастыру

Сабақ уақытын жұмысты қайта өзгерту үшін қолданыңыз.

Бұл оқушыларға жақсартуға бағытталған кері байланысқа назар аударуға мүмкіндік береді.

Бұл үдеріс сонымен бірге кері байланыстың құнды екендігін қуаттайды және оқушыларға қолайлы атмосферада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

27.Түйінді сәттер

Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын.

28.Жақсарту жөніндегі нұсқаулық

Оқушылардың жұмысына түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті оқушыларға жақсарту жөнінде нұсқаулық беру үшін қолданыңыз.

Оқушылардан сыныптастарының жұмыстарын бағалаған кезде түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, үдерісті дамытыңыз.

Нұсқаулық ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін талқылаңыз (мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.).

29.Түсініктемелермен жұмыс

Оқушыларға мына түсініктемелермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз -

  • -  сабақта оқушымен жеке әңгіме жүргізу үшін уақыт бөліңіз.

  • -  оқушыларға арналған жинақта жазбаша түрде диалогтарыңыз болсын.

  • -  диалогты анағұрлым формалды ету үшін түсініктемелерді немесе мақсаттарды қадағалау парағын қолданыңыз.

30.Топтық кері байланыс

Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады.

Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).

31.Сыныптастарды бағалау

Оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бір біріне жұмысы үшін баға қояды.

Бұл оқу туралы ойлануға және түсінуге көмектеседі, бұл оқушыларға үздік жұмысты көруге және орын алған түсінбеушілікті шешуге мүмкіндік береді.

Аталған құрал жеке сабақтарда және жұмыс схемаларында қолданылуы мүмкін.

32.Бас бармақ

Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.

33.Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру

Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Әрине, ОүБ-нің өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет.

Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге және осындай сабақты сабақтың көзге көрінетін бөлшегі етуге болады.

34.Қайталау Бағдаршам

Тақырыпты немесе пәнді қайталағанда, оқушылардан бағдаршамның тиісті түсін көрсету арқылы түсінгендіктерін көрсетуді сұрап, түрлі салалармен жұмыс істеуге болады.

Соңынан оқушылар қайталауды байыппен пайдалана отырып, не істелгенін жай ғана қарап, немесе жазбаларды оқып қана қоймай, оған белсенді қатыса алады.

35.Құрастыр және жауап бер

Емтиханға дайындалғанда оқушылар өз сұрақтарын құрастырады да, сосын соларға жауап беріп жаттығады.

Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді. Нысан және функция!

36.Оқушылардың бағалау сызбасы

Оқушылардан топпен немесе жекелеп баға қою сызбасын жасауды сұраңыз. Кейін олар осы сызбаға сәйкес өзінің немесе сыныптасының жұмысын бағалай алады.

Оқушыларға бағалау сызбасының мақсаты пайымдау, шолу, стандарттау, т.б. екенін түсіндіріңіз.

37.Топтық жауаптар

Оқушылар жауаптарды келісу үшін шағын топтарда жұмыс істейді – тестілер қайталырған жағдайда немесе кез келген басқа жағдайда.

Келісу үдерісі жауаптың дұрыстығын талқылауды, сондай-ақ түсініспеушіліктер мен қате жауаптарды теріске шығаруды қамтиды.

38.Сөйлеу арқылы ойлану

Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі.

Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды ынталандырыңыз:

  • -  талқылауға арналған жаттығу;

  • -  құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс;

  • -  мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын арттырады).

39.Сұрақты төңкеріңіз

Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз.

Мысалы, «Франция – демократиялық ел ме?» деген сұрақ

«Демократиялық ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады.

40.X және Y

Оқушылардан неліктен X Y-тің үлгісі болатынын сұраңыз, мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен түлкі сүт қоректілердің үлгісі болып табылады?

Осылай құрылған сауал фактілердің қайталануын болдырмай, нақты ойлануға жетелейді.

41.Білетініңіздің барлығы

Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады.

Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.

42.Түзетулер

Сіз бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударыңыз (бұған уақыт бөліңіз).

43.Үлдірленген критерийлер

Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.

44.Прогресс білдіру

Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз.

  • Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз;

  • Оқу журналын пайдаланыңыз;

  • Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы мақсаттарға сілтеме жасаңыз;

  • Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы болсын;

  • Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.