- •Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар.
- •Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
- •Ведомстволы қатыстығы бойынша жағдайлар:
- •3) Аумақтылық бойынша төтенше жағдайлар:
- •Шаруашылық объектiсi азаматтық қорғанысының ұйымдық құрлымы
- •Ақ құрамаларын, оның мақсаты мен құрылу тәртiбi
- •Оқылатын сұрақтар:
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
а) табиғи; б) техногендiк; в) жанжалды болып бөлiнедi.
Табиғи төтенше жағдайлар
геофизикалық қауiптi құбылыстар (жерсiлкiнiс,вулкан);
геологиялық қауiптi құбылыстар (көшкiндер,сел, сырғыма, тастың құлауы);
метеорлогиялық және агрометеорологиялық қауiптi құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақтық, аяз және т.б.);
теңiздегi гидрологиялық қаiптi құбылыстар (теңiз деңгейiнiң қаттықұбылуы, мұздар арыны және т.б.);
гидрологияылық қауiптi құбылыстар (су басу, тасқындар, грунт сулар деңгеiнiң көтерiлуi);
табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектiк);
адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар);
ауылшаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар);
ауылшаруашылық өсiмдiктердiң ауруға және зиянкестерге шалдығу (эпифитотиялар) жатады.
Техногендi төтенше жағдайлар
өндiрiстiк;
транспорттық авариялар (темiр жол поездар, теңiз және өзен қайықтарапаттары, әуе апаттары, автомабильдi авариялар, магистральдi өткiзу құбырларындағы авариялар);
өрттер (жарылыстар);
ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
БҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
ғимараттардың кенеттен құлауы;
электро-энергиялық жүйелердегi авариялар;
коммуналдық тiрлiктi қамтамасыздандыру желiлердегi авариялар;
тазартқыш құрылыстарындағы авариялар;
гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердiң бұзылуы)жатады.
Жанжалды төтенше жағдайлар
қарулы шабуыл;
кейбiр аймақтардағы толқулар;
соғыс уақытындағы әскери әрекеттерде қазiргi зақымдау тәсiлдердi қолдану жатады.
Ведомстволы қатыстығы бойынша жағдайлар:
құрылыста;
өндiрiсте;
халыққа үй-жайлылық және комуналды-тұрмыстық қызметкөрсету саласында;
көлiкте;
ауылшаруашылықта;
орман шаруашылығында;
көлiктiк байланысты (газөткiзгiштер, мұнайөткiзгiштер).
3) Аумақтылық бойынша төтенше жағдайлар:
- Обьектiлiк(зардаптардың таралуы қондырғыда цехта обьектiде
шектеледi).
Жергiлiктi (итаралуы елдi мекендерде,аймақта, обылыста шектеледi .
Аймақтың (итаралуы бiрнеше обылысқа шектеледi).
Кең ауқымды(зардаптардың Қазақстан республикасының және шектес мемлекеттер аумағына таралады).
Қазақстан Республикасына табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, циналшдан, тайфуннан және табиғи шымтезектiк өрттерден басқа барлық түрлерi тән.
2.сұрақ. Табиғат апаттарын, өндiрiстiк апаттарды зiлзалаларды талдау.
Зiлзала- соның салдарынан табиғи сипаттағ төтенше жағдай туындайтын апат.
Зiлзаланың қысқыша сипаттамасы.
Зiлзал- бұл кенеттен пайда болатын халықтың айтарлықтай бөлiгiнiң қалыпты тiрлiгiн күрт бұзатын, материалдық құндылықтарының үлкен шығынын алып келетiн, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттарды өлiм-жетiмге ұшырататын табиғат құбылысы.
Әрбiр зiлзаланың өзiне тән физикалық қасиетi, пайда болу себебi, қозғаушы күшi, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзiндiк ықпал ету ерекшелiгi бар.
Зiлзаланың пайда болу себебi мен сипаттамасын бiлу дер кезiнде шаралар қабылдауға, олардың кейбiреуiнiң қиратқыш күшiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
ҚР аймағында мынандай зiлзалалар болуы мүмкiн: жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, сырғыма, дауыл су тасқыны, буырқасын, өрт.
Каспий теңiзi деңгейiнiң өзгеруiне, Арал теңiзiнiң құруына, Балхаш өзенiнiң таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Жер сiлкiнiсi
Жер сiлкiнiсi кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтедi.
Жер сiлкiнiсi- бұл жер қыртысында немесе мантияның үстiнгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер дүмпуi мен жер астының қозғалысы.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сiлкiнiсi өте жойқын болып келедi.
Жер сiлкiнiсiнiң барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпiрлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инжинерлiк ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесi қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкiнi, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарды үрей билейдi. Су асты және су жағалауындағы жер сiлкiнiсi кезiнде теңiз түбiнiң қозғалыс нәтижесiнде теңiздiң гравитайиялық толқындарынан-цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүлiнушiлiк жасайды.
Жер сiлкiнiсiнiң жойқын күшi оның әсерiнен болатын алаптар көпшiлiкке мәлiм. Өйткенi Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сiлкiну қауiпi бар. Бұл аумақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елдi мекендер бар. Елiмiздiң 40 %-ке жуық өндiрiстiк потенциялы осы аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмоқауiп аймақта орналасқан.
3.сұрақ. Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезiндегi халықтың тiршiлiгiн қамтамассыз етудегi орны мен мiндеттерi
ҚР Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларын, сондай-ақ зiлзаладан, iрi авария мен апаттан қорғау мақсатында жалпы мемлекеттiк шараларын құрамдас бөлiгi болып табылады.
Азаматтық қорғаныстың рөлi мен орнын елдiң геосаяси жағдайы, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым қатынасының даму деңгейi, әскери iс саласындағы мемлекет саясат анықтайды.
Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тiршiлiгiн ұйымдастыру үшiн бiрiншi кезектегi мiндет жүктеледi.
Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудегi негiзгi мiндеттерi Азаматтық қорғаныс туралы ҚР заңында анықталған.
Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсiпорындар, мекемелер, меншiктiң барлық нысандағы объектiлер орындауға мiндеттi. Оған барлық халық, оның iшiнде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.
