- •Бауырсақ
- •Мысық, әтеш және түлкі
- •Күшік пен мысық
- •Көкөністер туралы ертегі
- •Маша мен аю
- •Мысық пен тышқан
- •Төлдер айтысы
- •Аққу- қаздар
- •Әтеш пен тоты.
- •Екі сараң қонжық.
- •Ақылды лақ
- •Адасқан құмырсқа
- •«Ат пен есек»
- •Мақтаншақ қоян
- •«Түлкі мен тырна»
- •Айлакер түлкі.
- •Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
- •Алтын балта
- •Ең қымбат байлық
- •Жеті өнерпаз
- •Алтын балық
- •Күн, ай және қораз
- •Жалаң аяқ бақташы
- •Ақылсыз өгіз
- •Түйені көрсе, жылқы неге қалтырайды?
- •Пайданылған әдебиеттер
Ақылды лақ
Бір бұзау,бір тоқты,бір лақ ел көшкенде ойнап жүріп байқаусызда жұрттан қалыпты.Үшеуі түрнектеп жүріп,қос тұрғызып алыпты.Қосы бір бұлақтын қасында екен.Оның қасында зәулім бәйтерек өсіп тұрыпты.
Бұлар айдалада ең қалғанын естіп бір тойып алайын -деген ниетпен аю іздеп келіпті.
Лақ арбаңдап келе жатқан аюды көреді де ,алдынан жүгіріп шығып,қарсы алыпты.Содан қосқа естіріп келіп есік ашып төрге шығарады.Бұлар үйге кірген кезде «аю ағамыз келіп қалыпты»- екен не тамақ береміз? -деп сұрайды тоқты лақтан.
Сонда ақ лақ даусын көтереңкіреп «Басқа аюдың басын ас, соңғы аюдын төсін ас, дым болмаса осы аюдың өзін сойып,барлық етін түгел ас»-депті.
Оны естіп отырған аю- «бұлар аюдың етін жейді екен ғой»-деп ойлапорнынан атып тұрыпай-жайға қарамай тұра қашыпты.Зытып келе жатса қарсы алдынан қасқыр кездеседі. Аюдың қылығына танданған қасқыр
-Ооо аю жан неден қашып келесін сонша-деп сұрайды.
Бұған аю айтады: мына белдің арға жағындағы бұлақтың жағасында бұзау,тоқты,лақ үшеуі тұрады. Соларды байқап көрейін деп барып ем өзімді жеймін- деген соң ,сорға қашып құтылдым.
Қой ,ары -дейді қасқыр әлгі аюдың сөзіне күліп «бір аюдың басын,бір аюдың төсін жейміз»- деп дауласып жатқанда мен қаша жөнелдім.
Ендеше жүр екеуміз бірге барайық.Үшеуін де қоршап алып ,тең бөлісіп желік-дейді қасқыр.
Оған аю көнбей , жүрексініп -жоқ мен бармаймын өзін-ақ бара бер –дейді.Сол арада қасқыр жіп тауып алады да ,бір ұшын аюдың мойынан ,бір ұшын өзінің мойнын байлайды да,сөйтіп аюды зорлықпен ала жүреді.
Аюды жетелеген қасқыр тартса, тартса қосқа жақындағанда лақ жүгіріп сыртқа шығып :
-Ооо қасеке біз үшеуміз ол аюға тоймаймыз- деп айқайлайды.
Бұл сөзін естіген аю бұрынғыдан да шошып,кері қарай қаша жөнеледі.Қасқыр жіпке буынып қылқынып қалады.Бір жерге келгенде аю жіпті үзіп тастап кетеді.Ес -түсінен айырылып,әлсіреп жатқан қасқырға дала кезіп жүрген тағы бір қасқыр.
-Ооо досым неғып зұлап жатырсын? –деп сұрайды.Бірден, уақытта есін жиған қасқыр «Неғып жатушы ем ,аюдың ақмақтығынан өлгелі жатырмын, мені аю сүйретіп шығып кетті»-деп басынан кешкен оқиғаны айтып береді.
Онда өзіміз-ақ барайық- деп айтады қалсыраған қасқыр.Сонымен екі қасқыр қосқа қайта барады.Бұларға қолдана шарасы таусылған бұзау,тоқты,лақ бәйтерекке шығып алады. Лақ бас жағына,тоқты орта тұсына ,бұзау олардан төменірек орналасады. Бәйтеректің түбіне келген соң әлгі жолда қосылған қасқыр:
-кел екеуміз мына ағашты ырғайық. Аналар алма құсап жерге төгіліп түседі-деп ағаш астына келіп дайындалып тұрғанда ,бұзау отырған бұтақ сынып кетеді де жерге топ ете түседі., содан сескеніп тұрған қасқырдың бел омыртқасы үзіліп кетіпті.Бұдан кейін аю қылқындырып кеткен қасқыр қорқып өз бетімен қаша жөнеледі.Сөйтіп бұзау,тоқты.лақ ажалдан аман қалыпты.Күзде ескі жұртына қайта көшіп келген иесі аман есен жайылып жүрген малын тауып алыпты.
Арыстан күшігін асыраған мысық Бір мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да, оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді. Бір күні ашыққан арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда арыстан тұрып: - О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? - дейді. Сонда мысық: - О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! - дейді.
Ек қаз,бір бақа.
Ертеде бiр бақа болыпты. Ол батпақта тұрыпты. Бiр күнi ол өзен жағасында отырды. Бiр кезде жағаға үйректер қонды.
– Жол алыс, – дедi бiр үйрек. – Тез тамақ жеңдер, сосын ұшамыз. Бұны бақа естiдi.. – Кешiрiңiз, қайда ұшасыздар? – дедi бақа. – Оңтүстiкке ұшамыз, – дедi бiр үйрек. – Оңтүстiк жылы ма? – Иә, жылы. – Онда маса, шiркей көп пе? – Иә, көп, – дедi үйрек. – Онда менi ала кетiңдер. – Сенiң қанатың жоқ, қалай ұшасың? – Бiлмеймiн, бiрақ тұра тұрыңдар, мен ойланайын, – дедi бақа.. Бақа бiраз ойланды, сосын:: – Таптым, таптым, – деп айқайлады. – Екi үйрек таяқтың екi ұшынан тiстейдi, мен ортасынан тiстеймiн. Бiрақ сендер қаңқылдамаңдар, мен бақылдамаймын. – Жарайды, – дедi үйрек. Сөйтiп олар ұшты. Екi жақта екi үйрек, ортасында бақа. Бұл қызық көрiнiс болды. Бұны балалар көрдi. – Бақаны қараңдар, бақаны қараңдар! – деп айқайлады балалар. – Қызық-ай, бақа ұшып бара жатыр. Бақа мақтанып кеттi. – Бұны мен ойлап таптым, мен, – дегенде бақа шалшыққа құлап түстi.
