Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
na_ruki_1_variant_Araly_1179_ba_1179_ylau_testileri.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆

22.Қандай диагноз болуы мүмкін?

16 жастағы науқас мұрын тынысының оң жақтан нашарлауына шағымданады. Ауырғанына 2 жыл. Мұрынның бітелуі біртіндеп үдей түскен, алдымен оң жақтан дем алу, сосын дем шығару қиындаған.Риноскопияда: мұрын кілегейі аздап ісінген, мұрын пердесі сүйекті-шеміршекті бөлімде оңға, қырлы түрде қисайған, оң жақта іріңді бөлініс байқалады. Рентгенограммада оң жақ гаймор және торлы қуыстардыңқараюы анықталады. Артқы риноскопияда: мұрынжұтқыншақта оң жақ хоананы бекіне орналасқан сұр түсті өсінді байқалады.

А. полипозды-іріңді гемисинусит;

В. созылмалы іріңді гайморит, хоаналды полип;

С. созылмалы іріңді фронтит;

D. созылмалы іріңді этмоидит;

Е. созылмалы іріңді гайморит, этмоидит, хоаналды полип.

23. Қандай диагноз болуы мүмкін?

13 жастағы науқас айнадан сол жақ мұрын қанатында пайда болып келе жатқан шиқанда көріп, сыққан. 4 сағат өткеннен кейін дене қызуы 38,6 градусқа көтеріліп, қатты қалтырау, құсу, басы ауырған. Мұрын қанатында орналасқан шиқан айналасындағы жұмсақ тіндер ісініп инфильтрацияланған, ол ерін мен беттің сол жағына таралған. Бір тәуліктен соң интоксикация арта түскен, және оның фонында қарама қарсы көзде яғни оң көздің экзофтальмі пайда болған. Қарау барысында көз алмасының қозғалмайтындығы, көрудің сақталғаны анықталған.

А. мұрын шиқаны;

В. мұрын шиқаны, кавернозды синустыңтромбозы, риногенді сепсис;

С. мұрын шиқаны, риногенді сепсис;

D. мұрын шиқаны, риногенді орбита флегмонасы;

Е. мұрын шиқаны, кавернозды синустың тромбозы.

24. Қандай диагноз болуы мүмкін?

Анасы сегіз айлық баласының мазасыздығына шағымданады: баласы айқайлап жылайды, ұйқысы бұзылған, тамақтан бас тартқан, мұрын тынысы қиындаған, төрт тәулік бойынан дене қызуы көтерілген. Ауру тарихынан: бір апта бұрын жедел респираторлы инфекциямен ауырған, мұрнынан су ағып, жөтелген. Баланың жағдайы күннен күнге нашарлай түскен. Мазасыздық пен әлсіздік пайда болған. Сосын барып дене қызуы жоғарлап, мұрын тынысы нашарлаған. Объективті: баланың жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 38, терісінің түсі бозғылт.Тынысы қорылдап шығады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Фарингоскопияда:жұтқыншақтың артқы қабырғасының кілегейі қызарғаноң жақ бөлігі томпайған.

А. абсцесс жұтқыншақ арты;

В. катаралды баспа;

С. моноцитарлы баспа;

D. жұтқыншақ кандидозы;

Е. агранулоцитарлы баспа.

25. Қандай диагноз болуы мүмкін?

Науқас жұтқыншағының оң жағы жұлып жатқандай ауратынына, аурсынудың оң құлағына берілетініне, басының ауырып, қалтырауға, тынысының нашарлауына шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Салқын тигізіп алғаннан кейін тамағы ауырған, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Үйде антибиотиктер мен сульфаниламидтер қабылдаған. 3 күн ішінде дене температурасы қалпына келген. Емін тоқтатқан. 5 тәулікте дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген, оң жақтан жұтынған кезде ауырсыну пайда болған, қалтырау болған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 38. Аузын еркін аша алмайды, дауысы бәсең, міңгірлеп шығады. Фарингоскопияда: оң жақ алдыңғы доға мен жұмсақ таңдай қызарып, алға қатты шығыңқы. Тілшік ісінген солға ығысқан.

А. паратонзиллярлы абсцесс;

В. жұтқыншақ арты абсцессі;

С. тіл баспасы;

D. мойын флегмонасы;

Е. агранулоцитарлы баспа.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]