Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_5190654129688543435.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27 Кб
Скачать
☆

«Қонақжайлық» ойыны

Мақсаты. Мәдени мінез – құлықтарды меңгертіп, үй шаруашылығына байланысты кейбір білімдерді (бөлме тазалау, үстелді жабдықтау) үйрету.

Ойын материалы. Қуыршақ ыдыс – аяқтары, ойдағы азық – түліктер, алмастырушы заттар; дастарған жайылған үстел, шай құралдары, вазалар, шай, бәліштер. Ойынға дайындық. Әдептік (этикалық) әңгімелесулер: «Қонаққа күтеміз» және «Қонаққа барамыз». «Бізге қонақтар келді» әнін үйрену. Ойын жоспарын құру.

Ойынға қатысушы рөлдер. Үй иелері және қонақтар. Ойын барысы. Тәрбиеші ойынды әр түрлі нұсқаларда өткізе алады. Балалар ойдағы жағдай бойынша өз топтарында ойнай алады, я басқа топтан қонақ шақыра алады. Ойынға дайындықты тәрбиеші ойын тәртібі үй иелерінің қонақтармен сыпайы болуды, алдын ала «рақым етіңіз», «өтінемін», «рахмет», «ас болсын» және т.с.с. әдеп сөздерін қолдануды талап ететіні туралы әңгімелесуден бастайды. Мұнан соң барлық ойын әрекеттері қонақтарды күту мен олардың жағдайын жасауға дайындық төңірегінде өрбиді. Тәрбиеші балаларға қонақтар келер алдында үй иелері пәтерді жиыстырып, гүлдермен безендіріп, үстел үстін даярлап, аспаптарды дұрыс орналастыру қажет екендерін айтады. Содан кейін тәрбиеші балалардың қонақтарды қалай қарсы алып, қалай күтетіндері туралы келісіп алуларын ұсынады. Содан соң тәрбиеші балаларға ойынды нені, қалай жасау керектігі жөніндегі ойын жоспарын өздері құруларына тапсырма береді. Ол сюжеттің анағұрлым қызықты дамуы үшін кейбір пікірлерін білдіре алады, бірақ негізгі мазмұнын балалардың өздері ойлап табуы қажет. Ойынның бір нұсқасы мынадай болуы мүмкін. «Қонақтар» келгенде «үй иелері» оларды жайғастырып; ең қолайлы орындарды ұсынады. Шай үстінде қонақтарға қызықты әңгімелер айтып, оларға ілтипатпен тамақ ұсынады: «Астан алыңыздар», «Мына бәліштің дәмін көріңіздер», «Тағы шай немесе сок ішкілеріңіз келе ме?». Шай ішіп болған соң «үй иелері» тәрбиешінің көмегімен топ болып ән айтып, жұмбақтар жасырып, қимылды не ауызша ойындар ойнатып, қонақтардың көңілдерін көтереді.Ойын соңында тәрбиешіге міндетті түрде топ болып үй иелері мен қонақтардан кеткен қателіктерді талқылаулары қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]