Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Араи жеке жмыс жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
232 Кб
Скачать
☆

Практика

Тәжірибе өту базасы

Кредиттер саны

Аттестация формалары

Өту мерзімдері

Жетекшінің қолы

1

Практика (педагогикалық)

Дәрілер технологиясы кафедрасы

5

дифф.сынақ

2 семестр

2

Практика (зерттеу)

Дәрілер технологиясы кафедрасы

3

дифф.сынақ

4 семестр

Магистрлік диссертацияны орындау жоспары

1. Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Сасық қурай тамырынан экстракт алу және оны технологиялық зерттеу»

2. Қысқаша аннотация:

Тақырыптың Өзектілігі: Фармацевтикалық өндірістің негізгі бағыты – өсімдік шикізаттарынан қауіпсіз және тиімді дәрілік препараттар алу және олардың ассортиментін кеңейту. Органикалық химияның жетістіктеріне қарамастан, ғылымның және денсаулық сақтау саласының өсімдік шикізаттарынан алынған дәрілік препараттарға деген қызығушылығы төмендеген жоқ. Өсімдік шикізаттары негізінде алынған дәрілік препараттар тонус көтеруші, ағзаның иммундық жүйесін жалпы нығайтқыш дәрілік құралдар ретінде кең қолданылады.

Дәріханалық сығындылар технологиясын жетілдіру, көп еңбекті қажет ететін операцияларды науқастар үшін жеңілдету фармацевтикалық технологияның басты міндеті болып есептеледі.

Дәріханалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлерді жетілдірудің жолдарының бірі – оларды зауыттық өндірісте өндірілетін дайын дәрілік препараттармен алмастыру.

Лиофильденген экстрактар алу осы проблемаларды шешудің бірден бір жолы болып табылады.

Лиофильді кептіру тәсілі фармацевтикалық препараттар өндіру саласында болашағы үлкен тәсіл болып табылады.

Лиофильді кептіру кезінде ақуыздар іс жүзінде денатурацияға ұшырамайды, фармакологиялық құндылығы толығымен сақталады, сақтау мерзімі ұзарады, ылғалдау кезінде кептірілген материал тез қалпына келеді.

Сығындыларды кептіруде лиофильдеу әдісін қолдану арқылы биологиялық активті заттары толығымен сақталған құрғақ экстракт алуға болады, яғни, сапалы, қауіпсіз және фармакологиялық әсері өте жоғарғы дәрілік препарат алуға мүмкіндік туады. Бұл тәсілдің өндіріске кең ендірілуіне осы бағыттағы ғылыми ізденістердің жеткіліксіздігі кедергі болып отыр.

Әртүрлі биологиялық белсенді заттар тобының болуы итмұрын жемістерінің фармакологиялық белсенділігінің кең спектріне себепші болып отыр.

Итмұрын жемістері полидәрумендік құрал ретінде қайнатпа түрінде ресми қолданылады. Итмұрын жемістерінің қайнатпасы асқынған қан кетулерде, асқазан жарасы ауруларында қолданылады.

Сондықтан да, итмұрын жемістерінен лиофильді экстракт алу және оның дәрілік түрлерін жасау фармацевтикалық ғылым мен практика үшін актуальді проблема болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Сасық қурай тамырынан экстракт алу және оны технологиялық зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • сасық қурай тамырының медицинада қолданылуын оқып-үйрену;

  • сасық қурай тамырынан перколяция әдісі арқылы экстракт алу;

  • сасық қурай тамыры экстрактысының физико-химиялық, технологиялық көрсеткіштерін анықтау;

  • алынған өнімді микробиологиялық зерттеу.

3. Магистранттың диссертацияны кафедра мәжілісінде талқылауға тапсыру мерзімі : наурыз- сәуір 2018 ж

4. Мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру мерзімі: мамыр-маусым 2018ж

5. МАК-қа тапсыру мерзімі: маусым-шілде 2018ж