Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістеме_Курстык.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆
  1. Жалпы ережелер

1.1 Бұл курстық жобаны орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтардың мақсаты Кентау көпсалалы колледжінің «Информатика және есептеу техникасы» пәндер бірлестігі комиссиясының Курстық жобаларға қойылатын жалпы талаптарды бекіту болып табылады.

1.2 Курстық жоба мамандықтың оқу жоспарына сәйкес оқудың қорытынды кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.

1.3 Курстық жобаны орындаудың мақсаты:

- оқушылардың оқу барысында алған теориялық және тәжірибелік, кәсіби білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту;

- дербес ғылыми зерттеу және нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлеу және зерттеу кезінде тәжірибе жасау әдістемесін игеру;

- оқушының дайындық, оның заманауи экономика, ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында өз бетінше жұмыс істеуіне көмектесетін тәжірибелік дағдыларды, кәсіби құзырлықты меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.

1.4 Курстық жоба келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:

- ғалымдар, сарапшылар, тәжірибелік мамандар, инженерлер, экономистер, инженер-құрастырушылар жүргізген зерттеулер мен жобалық шешімдердің нәтижелерін зерттеу және жинақтау;

- зерттелетін нысан бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындылар мен ұсыныстардың болуы;

- нақты міндеттерді, сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-негізделген нәтижелер болуы керек.

1.5 Курстық жобада жүргізілген барлық мәліметтердің нақтылығы мен әділдігіне, қабылданған шешімдерге Курстық жобаның авторы ретінде оқушы жауап береді.

  1. Курстық жобаны орындау кезеңдері

2.1 Курстық жобаның тақырыбына қойылатын талаптар

2.1.1 Курстық жобалардың тақырыбын мамандарды даярлаудың бейініне, мамандыққа сәйкес шығарушы пәндер бірлестігі әзірлейді, тақырыптар Кентау көпсалалы колледжінің «Информатика және есептеу техникасы» пәндер бірлестігі комиссиясының отырысында қарастырылады және директордың бұйрығымен бекітіледі.

2.1.2 Курстық жобалардың тақырыбы экономика, ғылым, техника мен мәдениет дамуының жағдайы мен келешегіне сәйкес келуі керек және бүгінгі күнгі өндірістің, білім, ғылымның және мәдениеттің шынайы міндеттері мен мәселелері ескерлуі қажет.

2.1.4. Оқушы зерттеу үшін бекітілген тақырыптар арасында жоқ өз тақырыбын ұсына алады. Бұл үшін ол өзінің ғылыми және тәжірибелік мүдделеріне сүйене отырып, өз шешімін жазбаша түрде негіздеуі қажет.

    1. Курстық жұмыстың тақырыптары

2.2.1 Курстық жобаға тапсырмада бастапқы материалдар мен дерек көздерін сипаттау, оқушы әзірлейтін сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материал (таблицалар, диаграммалар, сызбалар, суреттер және т.б.) тізімі, курстық жобаны жазудың толық күнтізбелік кестесі болады. Курстық жобаға тапсырманың үлгісі 2 қосымшада көрсетілген.

2.2.2 Курстық жобаға тапсырманы жобаның аяқталу мерзімін көрсетіп, пәндер бірлестігі меңгерушісі бекітеді және ол бірінші беттен кейін нөмірленбей курстық жобаға қоса тігіледі, бірақ беттердің жалпы санына кіреді.

    1. Курстық жобаның құрылымы

2.3.1. Курстық жоба оқушының нақты мамандық бойынша өз бетінше машиналық жазба мәтінінде 26 беттен кем болмауы тиіс. Қосымшалар көрсетілген Курстық жоба көлеміне енгізілмейді.

2.3.2. Курстық жобаның құрылымдық элементтері:

«Алгоритмдеу негізгі және бағдарламалау тілі» пәнін теоретикалық оқытуды біту кезеңі курстық жобалау болып есептеледі. Негізгі пәндер бойынша студенттер білімін бекіту және жүйелеуге мүмкіндік береді, қойылған мақсаты комплексті шешуге. Курстық жобалаумен жұмыс пәннің өткен тақырыптарымен өз бетімен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, компьютерде есептерді дайындау және шешу кезеңдерін орындау, бағдарламалаудың құрылым әдісін меңгеру, курстық жобалауға дайындау. Есепті шешу келесі кезеңдерден тұруға тиіс:

- есептің қойылуы;

- есептің шешу әдісін таңдау;

- алгоритмді құру;

- бағдарлама жазу;

- бақылау мысалында бағдарламаны жөндеу.

Курстық жобалау түсініктемесі мына негізгі бөлімдерден тұруға тиіс:

1 Мұқабасы

2 Титул парағы

3 Курстық жобалау техникалық тапсырмасы

4 Кіріспе

5 Техникалық қауіпсіздік ережесі

6 Негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсынымдық бөлімдер)

7 Арнайы бөлім

7.1 Есептің қойылымы

7.2 Идентификатор комплексінің кестесі

7.3 Есептің шешу әдістері

7.3.1 Есептің талаптары

7.3.2 Модульдер жұмысын сипаты

7.3.3 Модульдің орындалу кезеңдері

7.3.4 Бағдарламалық өнім

7.3.5 Ақпараттық модульдер мен бағдарлама отладкасы

7.4 Қолданушы нұсқауы

7.5 Бағдарламашы нұсқауы

8 Қорытынды

9 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі