3. Қан топтары, қан құю
Адамға алғаш рет қан құю жұымысын 1667 жылы Жан Батист Денл жүргізген. Ол 20 рет қан алудан кейін әлсіреген ауру адамға қозы қанының бірнеше грамын құйған. Басында біраз қиналған адам уақыт өте келе сауығып кеткен. Бірақ жануар қанын адамға құю жөніндегі бұдан былайғы әрекеттер адам өлімімен аяқталып отырған. Сондықтан мұндай емдеу әдістеріне заң тиым салды. 1900 жылғы Ланштейнер мен Янскийдің зерттеулері бойынша қанның құрамында агглютиногендер, ал плазмасында агглютининдер деп аталатын заттар болатыны анықталды. Агглютиногендердің латын алфивитінің алғашқы А және В әріптерімен белгіленген екі түрі табылған. Ал, агглютининдерді грек қарпінің α және β әріптерімен белгілеген.
Құрамындағы белок агглютиноген мен агглютининнің болуына қарап, қанды 4 топқа бөледі.
Эритроциттегі агглютиноген мен плазмадағы
агглютининге байланысты қан топтары
Қанның топтары |
Эритроциттегі агглютиноген |
Плазмадағы агглютининдер |
О (І) |
- |
αβ |
А (ІІ) |
А |
β |
В (ІІІ) |
В |
α |
АВ (ІV) |
АВ |
- |
Қаны 1-топқа жататындар адамдар универсал донорлар деп аталады және олар саны жағынан көп таралғандар (49%), 2-топқа жататын адамдар 30%, 3-ші топтағылар 15% құраса, ІV-топқа жататындар адамдар аз кездеседі (6%).
4.1. Иммунитет және оның түрлері
Иммунитет дегеніміз – ағзаның жұқпалы аурулар кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қабілеті. Адамның әрбір жасушаларында микробтар мен вирустарды жоятын немесе олардың дамуын тежейтін бактерицидтік заттар болады. Лизоцим осындай бактерицидтік заттарды бірі болып табылады, ол микробтарды тежеп қана қоймай оларды ерітіп жібереді («лизиз» - «еріту» деген сөз). Фагоциттер ағзаның қорғаныщ қызметін атқарады. Ағзадағы микробтарды, дененің бұзылатын жасушаларын амеба секілді қамтып алып қорытады да, қанды арылтады. Мұндай жою процесі фагоцитоз деп аталады.
Табиғат иммунитет іштен туа пайда болған және кейін пайда болған иммунитеттер деп бөлінеді. Іштен туа пайда болған иммунитеттерге мысал ретінде адам жануарларға тән бірқатар аурулармен ауырмайтынын және жануарларда да адамның көптеген инфекцияларын қабылдамайтынын айтуға болады. Табиғи иммунитет адамның денсаулығына байланысты және жүйке қасиеті болатын түрге тән.
Жасанды иммунитет. Егер адамға алдын ала вакцина егілсе, оны аурудан сақтандыруға болады. Кейде ауру таралғанда дәрі егу кеш болады. Бұл жағдайда ағза құрамына инфекциялық ауруға қарсы даяр ем сарысуын енгізеді. Мұндай емдеу әдісі жасанды пасиив иммунитет деп аталады. Ағзаның тіршілігі үшін аурулардың дамуына жол бермейтін антиденелер алады. Ол эмпизия жұққан соң ағзаны аурудан сақтандыру немесе аурудың жеңіл өтуін қамтамасыз етуга ат салысады.
4.2. Житс (спид) ауруы туралы түсінік
ХХ ғасыр адамзатқа көптеген қауіп-қатер әкелді десек, соның бірі – ЖИТС, яғни СПИД.
Ғасыр обасы аталған бұл ЖИТС ауруын туғызатын вирусты адамның иммунитет таршылығы вирусы (қысқаша айтқанда АИТВ, орысша ВИЧ) деп атайды.
Бұл ауру жайында сөз қозғағанда, АИТВ жұқпасы мен ЖИТС-тің айырмашылығына тоқталған жөн. АИТВ жұққан адам (ВИЧ-инфицированый) – ағзасына вирус енген, алайла сырт қарағанда «дені сау» вирс тасушы, яғни аурудың әлі ешбір клиникалық белгілері жоқ, жұмыста, күнделікті өмірде қабілетті, жыныстық өмірде әлі де белсенді адамды айтады. Алайда, ол жыныстық қатынаста болған адамдарға, нашақор сыбайластарына вирусты жұқтырудың қайнар көзі болып табылады.
ЖИТС-пен ауырған адамның ағзасында ЖИТС-тің барлық клиникалық белгілері айқындалған, яғни оппортунистік жұқпалар өріс алған, жұмыс қабілеті күрт төмендеген, уақытының көбін төсек тартумен өткізетін адамды айтады.
Ал АИТВ жұқпасы деп вирус жұқтырғаннан бастап ЖИТС жалғасқанға дейінгі жұқпаның барлық клиникалық барлық кезеңін айтады.
ЖИТС деген терминдермен аурудың соңғы сатысын белгілейді, яғни аурудың барлық клиникалық белгілері бас көтергеннен өлімге дейінгі кезеңін айтады.
АИТВ жұқпасы және ЖИТС бір дерт, оны бір медальдің екі беті сияқты ұғуға болады. Олай дейтін себебіміз, АИТВ жұқпасы ЖИТС-тің алғашқы кезеңі, яғни АИТВ жұқпасы түбінде ЖИТС-ке әкеліп соқтырады. АИТВ жұққандар түптің түбінде ЖИТС ауруынан өледі деген сөз. Сол себепті медицинада бұл дертті АИТВ/ЖИТС, яғни ВИЧ/СПИД деп белгілейді.
ЖИТС пандемияны шын мәнісінде тарихтағы 1-ші әлемдік індет. Олай дейтін себебіміз, адамзатқа ертеден таныс оба және тырысқақ сияқты жұқпалы аурулар індеті ЖИТС-тей ғаламшарлық сипат алған емес. Оба жүздеген мың адам өмірін қиды, бірақ оның таралуы ғаламшардың кейбір (жеке) аймақтарын аспады және ауырғандардың кейбіреулері тірі қалды. Ал ЖПБИТБ-ны әзірге тек 100% өлімге әкеліп соқтыратын дерт ретінде ғана білеміз.
Бүгінгі таңда ЖИТС дерті дүниежүзілік ауқымдағы күрделі денсаулық мәселесіне айналып отыр. Бұл бір мемлекет проблемасы ауқымынан шығып, дүниежүзілік сипат алғанына да біраз уақыт болды. Сөйтіп, ғасыр проблемасына айналып отыр. Өйткені бұл жұқпалы ауру жекелеген адамдарға ғана емес, тұтас ұлттың денсаулығына, бүкіл адамзат тіршілігіне қатер төндіруде және қоғамның әлеуметтік, экономикалық және демографиялық дамуында кері әсер етуде. ЖИТС – үмітсіз болашақ деген сөз.
ЖИТС – әйелдер мен ерлердің көбіне күш кемеліне толған, ұрпақ жалғастыратын, жұмысқа қабілетті жасында өмірлерін кесетін кесел. Яғни, жетім жасөспірімдер санының өсуіне соқтырады. Бұл дерт адамның жынысына, жасына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына қарап талғамайды, сондықтан кез келген адамның бұл ауруды жұқтыру қаупі бар.
Бұл дертке шалдыққандар саны қарқынды өсуде. Қатерлі дерт алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та анықталып, сол жылдың аяғында бүкіл дүниежүзі бойынша олардың саны 300-ге жуық болса, 10 жылдан соң (1991) бұл дертке шалдыққандар саны әлемнің 160 елінде тіркеліп, саны 300000-нан асты. Ал бүгінде ЖИТС індеті бүкіл әлемге таралды және бұл ауру тіркелмеген бір де бір құрлық, аймақ, не мемлекет қалған жоқ десек те болады.
Мамандардың дерегі бойынша, АИТВ/ЖИТС-тің нақты саны оның ресми тіркелген санынан 10-25 есе көп, ол әр елде жүргізілетін эпидемиологиялық қадағалаудың дәрежесіне, әр елдегі аурудың таралу ерекшеліктеріне және саяхат бизнесі сияқты тағы да басқа саясаттармен нақты санның бүркемелеуіне байланысты.
АИТВ/ЖИТС бойынша сандық мәліметтерді айстергпен теңестіруге болады. Яғни, мұздың су беті қабаты – тіркелгендер саны болса, айсбергтің бірнеше есе үлкен су асты қабаты – тіркелмегендер саны.
Елімізде де ЖИТС-пен ауырғандар саны күрт өсуде. 1987 жылы алғаш рет ВИЧ жұқтырған шетел азаматы (Африка, Азия елдерінің студенттері) тіркелсе, 1997 жылдан бастап олардың саны жергілікті азаматтар арасында кең етек алды. Олардың басым бөлігі – нашақорлар (84,7%).
