Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЦС 1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

21.6-сурет – модуляцияланатын және ФМн сигналдардың уақыттық диаграммасы.

ФМн сигналды екі АМн сигнал қосындысы ретінде қарастыруға болады, оларды алу үшін біріншісіне , ал екіншісіне - қолданылады . ФМн сигналдың амплитудаларының спетрі АМн сигналдың спектрін құраушылардан тұрады, тек тасушы жиілігі өзгеше. Шектік құраушылар амплитудалары екі есе көп болады. Реалды кодалық сөздерді тасымалдағанда құраушы амплитудасы нөлге тең емес, алайда біршама аз болады.

21.6-сурет – ФМн сигнал спектрі.

СФМн кезінде 0 символы сигналдың алдыңғы элементіне сәйкес гармоникалық тербеліс кесіндісінің бастапқы фазасымен беріледі, ал 1 символы – алдыңғы элементінен 180°-қа айырмашылық жасайтын, немесе керісінше.

21.7-сурет –модуляциялайтын және СФМн сигналдың уақыттық диаграммасы.

СФМн сигнал спектрі АМн сигнал спектріне ұқсас.

ФМн сигналдың жиіліктер жолағы АМн сигналға ұқсас:

.

ФМн алыс космос зерттеулері программасы дамуының басында пайда болған және коммерциялық және әскери байланыс жүйелерінде қолданылады.

24.Дискретті сигналдың оптималды қабылдағышы

Потенциалды бөгеттерге тұрақтылық деп берілген сигнал мен бөгеттер кезіндегі барынша қолжетімді бөгеттерге тұрақтылықты айтады.

Қабылдаудың максималды (потенциалды) бөгеттерге тұрақтылығын қамтамасыз ететін қабылдағышты оптималды деп атайлы.

Дискретті сигналдарды қабылдаудың бөгеттерге тұрақтылығын бағалау берілген сигналдарды қабылдау кезіндегі қате ықтималдығымен атқарылады. Ол модуляция және оны қабылдау түріне байланысты. Цифровых сигналдарды беру кезінде цифрлық амплитудалы (ЦАМ), жиілікті (ЦЧМ), фазалы (ЦФМ), салыстырмалы фазалы (ЦСФМ) модуляция қолданылады. Барынша жоғары потенциалды бөгеттерге тұрақтылықты (қате ықтималдығының минималды мүмкіндігін) ЦФМ бар жүйе береді, одан кейін ЦСФМ, ЦЧМ, ЦАМ кетеді.

26.

фильтр +(matcheol filter) – берілетін сигнал мәліметтері үшін шығысында максималды табылған сызықтық құрылғы (сигнал/шу). Инвариантты, сызықтық кірісінде фильтр уақытында (қабылдайтын) дискретизация құрылымына (8.1. сурет) белгілі сигнал S(t) қосу шум АWGN n(t) беріледі. t=T уақыт моментерінде дискретизация құрылымы Z(T) шығысында сигнал сигнал компонентінен ai және шу компонентінен no тұрады. Шу дисперсиясы шығысында/шудың орташа қуаты/ bo 2 сияқты жазылады. Шудың лездік қуатының шудың орташа қуатына қатынасы (S/N t) t=T моментінде дискретизация құрылымынан тыс І сатысында келесідей:

(8.1)

Бізге (S/N)t масималды қатынаспен фильтрдың берілетін функциясын Ho(f) (оптимизацияға дейін) және кірісінде Фурье ретінде көрсетуге болады.

(8.2)

мұндағы S () – Фурье – кірісіндегі сигнал образы S(t). Егер Шудың екі жақты спектралды қуаты кірісінде No/2 Bт (Гц) – ға тең, онда (4.6) және (4.7) теңдеулері көмегімен шығардағы шу қуаты келесідей түрде жазылады:

(8.3)

(8.1) және (8.2) теңдеулерін біріктіріп, (S/N)t үшін келесі өрнекті аламыз:

8.1 сурет

28.

. Бір элементтеп

синхрондау құрылғыларына төмендегідей

талаптар қойылады:

1. С и н х р о н д ауды ң жо ғ а р ғы

дəлдігі. Синхроимпульстердің (тактілік

импульстердің) мүлтіксіз синхрондауға

сəйкес келетін сəттерден рұқсат етілетін

салыстырмалы ауытқуы εрұқ= ± 3%.

2. Баст апқы қ о суме н қат а р

байланыс үзілісінен кейін де синхронизмге

кіруге аз уақыт кетуі.

3. Кедергілер жəне өткінші

байланыс үзілісі болғанда синхронизмнің

сақталуы.

4 . С и н х р о н д а у д ə л д і г і н і ң

таратылатын хабардың статикалық

құрылымынан тəуелсіздігі.

Көрсетілген талаптар бір-біріне

қарама-қайшы. Дегенмен, сигналдардың

рационалды құрылымын таңдау жəне

синхрондау құрылғыларының тиімді

п а р а м е т р л е р і н т а ң д а у ж о л ы м е н

синхрондаудың қажетті дəлдігін қамтамасыз

е туге болады.

6.5 сурет – Бір элементтеп синхрондаудың

резонанстық құрылғысының құрылымдық сұлбасы

29.

Дискретті басқарулы синхрондау

құрылғысының құрылымдық сұлбасы 6.7

суретінде келтірілген, ал оның уақыттық

диаграммасы – 6.8 суретінде келтірілген.

Құрамында шептер қалыптастырғышы ШҚ,

инвертор жəне логикалық сызбалар И1, И2 бар

фазалық дискриминаторға бір мезгілде екі

сигнал: МС түрінде ақпараттық сигналдар жəне

тактілік импульстер түседі. Беруші генератор

генератор шығысындағы гармоникалық сигналды

тікбұрышты сигналға түрлендіретін сигнал

түрлендіргіші көмегімен тактілік импульстер

тобын өндіреді (6.8,в сурет). Дискриминатор

инверторының көмегімен b тобымен

салыстырғанда 180°-қа ығысқан басқа бір топ

(6.8,г сурет) қалыптасады. И1 жəне И2 сызбалары

көмегімен МС-пен, қабылданатын сигналмен

салыстырғандағы ТИ орны анықталады. Егер

беруші (тактілік) генераторының тербелістері

фаза бойынша қабылданатын сигналдан қалып

қойған болса (6.8, г сурет), онда ТИ И1 сəйкестік

сұлбасының шығысына өтеді. Егер тербелістер

фаза бойынша озып кеткен болса, онда ТИ И2

сəйке стік сұлбасының шығысына өтеді.

Басқарушы құрылғы БҚ ФД шығысындағы

сигналдармен əсерлеседі де реленің көмегімен

синхрогенератордың жиілігін басқаруды жүзеге

асы ра ды. Тактілік гене рато рдың «о зып

ке тке ні н е» н ем е с е «қ алы п қ о й ғ а ны н а»

байланысты, реленің түйіспелері көмегімен

генератордың тербелісті контурына конденсатор

С1 немесе индуктивтік L1 қосылады. Осымен

қатар генератор жиілігі номиналды тактілік

жиілігінен fH аз (f2) немесе көп (f 1) болады. Бұл

жағдайда жиілікті басқару тікелей жəне сатылы

болады.

30.

Синхронизация дегеніміз екі немесе көптеген процестер арасындағы белгілі уақыт қатынастарын құру және ұстау процесі. Элементтік, топтық және циклдық синхронизация түрлері бар. Элементтік, топтық және циклдық синхронизация – мәліметтердің таратылған және қабылданған цифрлық сигнал синхрони­зациясы. Элементтік синхронизация қабылдағышта бірлік элементті басқасынан дұрыс бөліп алуға мүмкіндік береді және оның тіркелуі үшін жақсы жағдайлар жасайды. Топтық синхронизация қабылданған тізбектерді кодтық комбинацияларына дұрыс бөлуді қамтамасыз етеді, ал циклдік синхронизация — қабылдауда элементтердің уақытша бірігу циклдарын дұрыс бөлуді қамтамасыз етеді.

Синхронды жүйелердегі синхронизация. Синхронды әдісте таратушы бірлік интервалға тең болатын сигнал элементтерін түрлендіреді.

Қабылдағыш және таратқыш бөлгішінің синхронды жұмысы автоматты түрде жасалады. Ол үшін шығарылу мүмкіндігіне қарай қабылдағышта берілген генератор (БГ) жиілігін құру сигналдары жасалады. Бұл генератор жиілігі мүмкіндігінше тарату генераторы жиілігіне сәйкес келу керек.

Таратудың стартстоптық әдісіндегі синхронизация. Стартстоптық жұмыста әр кодтық комбинация старттық элементтен басталады. Әр кодтық комбинация стоппен аяқталады.

Қабылдағыш таратқыш старттық элементпен басталады және стоптық команда келгенде тоқтайды.

31. Когорентті және когорентсіз қабылдағыш

Сигнал шудың əсерінен бұрмаланады. Қабылданған сигналды таратылған жəне кездейсоқ

шулардың қосындысы ретінде болады. М ұ н д а й с и г н а л қабылданған кезде сигналды табу процесінен тұрады.қабылданған сигнал 1-ші кездейсоқ айнымалыға дейін тексеріленеді. Жалпы сигнал модулятор жəне детектор арқылы тексеріледі.

Детектор- кез келген циф-қ сигналды детекторлайды. Детектор сонд- ақ когерентті жəне когерентті емес детект рлеуді де жүзеге асырады . Мұндай корреляциялық детектор максималды шындық критериесімен жұмыс істейтін детектор деп аталады. Корреляциялау деген – сəйкес келу деген мағынаны білдіреді.

32.Бөгеуілге тұрақты кодтардың жіктелуі

. Байланыс арналарында қосымша элементтерді пайдалану арқылы берілетін ақпараттың дәлдігін жоғарылату үшін қолданылатын коданы богеуілге орнықты кодалар немесе түзетуші кодалар деп атайды.

Екі топқа бөлінеді:

Жүйеленген түзетуші кодалық топта кез келген екі кодалық комбинацияны "екілік модульмен" қосса, сол коданың үшіпші комбинациясы шығады. Жүйеленген топта ақпараттық орындарға ақпараттық символдар орналасады да, олардың белгілі бір комбинациясын "екілік модульмен" қоскан тексеруші символдар тексеруші орындарға орналасады.

Жүйеленген кодалар циклденген жөне циклденбеген хэмминг кодаларына бөлінеді. Циклденген кодада символдарды белгілі бір циклмен ауыстыру арқылы келесі комбинация алынады.

Жүйеленбеген топта "екілік модульмен" қосқанда үшінші комбинация шығатын қасиет болмайды. Жүйеленбеген топта символдардың тексеру қосындылары пайдаланылады. Яғни, тексеруші символ белгілі бір ақпараттық символдардың қосындысы болады.

Жүйеленбеген үзіліссіз тізбекті кодалар

Үзіліссіз немесе тізбекті кодалау кезінде кодалау және кодадан шығару үзіліссіз жүргізіледі. Мұнда түзетуші элементтер ақпараттық элементтерге тәуелді болып, сол ақпараттық элементтердің араларында орналасады.

топталған немесе блокталған кодалар

Топталған немесе блокталған кодалау кезінде ақпараттық тізбек кодалык комбинацияларға (блоктарға немесе топтарға) бөлініп, сол топтар бөлек-бөлек кодаланып, кабылдау орнында бөлек-бөлек кодадан шығарылады.

Топталған кода екі түрде кездеседі:

бөлінетін (ақпараттық және текесеруші символдардың әрқайсысының бөлек орындары болады)

бөлінбейтін. (аралас орналасады)

33. Қатені тауып түзететін кодтардың негізгі параметрлері

Т ү з е т у ш і код т а р д е п код т ы қ комбинациялардағы қателерді табу жəне жөндеуге мүмкіндік беретін кодтарды айтады. Олар екі топқа бөлінеді 1) қателерді табу кодтары; 2) қателерді табу жəне жөндеу кодтары

Қ а т ел е рд і т а бу ж ə н е ж ө н д е у кодтарының ерекшелігі олар табуға ғана емес, жөндеуге де мүмкіндік беретін түзетуші код құрады. Түзетуші кодтарды құрауды келесі ереже бойынша жүргізеді. Əуелі ақпараттық символдардан тұратын берілген кодтық комбинацияға қосу керек бақылау символдарының санын анықтайды. Əрі қарай осы бақылау символдарды орналасуы тиіс орынды жəне олардың құрамын белгілейді. Əдетте қабылдауда разрядтардың анықталған бөлігін жұптыққа тексереді.

Негізгі параметрлерін мына формуладан көруге болады:

d=r+s+1

d-кодалардың минимал аракашықтығы

r-табатын қателер саны

s-түзетілетін қателер саны

34. Қатені табатын кодтарды құру әдістері

Қателерді табу кодтарының ерекшелігі олардың құрамына кіретін кодтық комбинациялардың бір-бірінен өзгешелігі d=2 -ден кем болмайтығында. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: А) Қолданылатын комбинациялар санын азайту жолымен құрылған кодтар. Комбинацияларында бірліктер мен нөлдердің тұрақты саны бар код (тұрақты салмағы бар код).

(7.7)

Мұндағы l –ұзындығы n-ге тең сөздегі бірліктер саны

үлестіру коды.

Бұл да бірлікке тең тұрақты салмағы бар кодтың бір түрі. Кодтық комбинацияның кез-келгенінің құрамында бір ғана бірлік болады. Үлестіру кодынағы кодтық комбинациялар саны(7.8) =n

n=6 болғандағы кодтық комбинацияларды м ы н а т ү р д е ж а з у ғ а б о л а д ы :

000001,000010,000100,001000,010000,100000. Екі комбинацияны модуль 2 бойынша қосу олардың бір-бірінен d=2 кодтық арақашықтыққа өзгеше екендігін көрсетеді.

Б) Барлық комбинациялары қолданылатын, бірақ олардың əрқайсысына белгілі бір ереже

бойынша бақылау символдары – m-символдар қосылатын кодтар. Жұптыққа тексеру коды. Мұндай код артылусыз кодтың k ақпараттық символдарынан тұратын таратылатын комбинацияға ондағы бірліктердің жалпы саны жұп болатындай етіп m бақылау символдарының біреуін (0 немесе 1) қосу жолымен құрылады. Жалпы алғанда n=k+m(7.9).

Комбинацияларының жалпы саны N=2n-1 Бірліктер саны үшке бөлінетін код. Бұл код

k ақпараттық символдарға мəндері кодтық комбинациялар жолын жіберілетін бірліктер

қосындысын үшке бөлінетін ететіндей екі қосымша бақылау символдарын (m=2) қосу арқылы құрылады.

37.Бхч кодын тұрғызу әдістері.

Боуза-Чоудхури-Хоквенгем кодтары (Bose-Chadhuri-Hocquenghem — ВСН, БХЧ) біршама қателіктерді түзейтін Хэмминг кодтарының бірігу қорытындысы болып табылады. Олар блок ұзындығы, кодтау дәрежесі, алфаит өлшемі және қате жөндеу мүмкіндігін таңдауға әсер ететін циклдық кодтың қуатты класынан тұрады. g{x) коэффициенттері сегіздік сандармен беріледі. Циклдық кодтың қасиеті — полиномиалдық ге­нератор п – к тәртіпте болады. БХЧ кодтары өте маңызды, ұзындықтары бірнеше жүздеген болатын блоктарда БХЧ кодтары сол ұзындықтағы басқа блоктық кодтардан өз сапасымен асып түседі. БХЧ көбірек қолданылатын кодтарында екілік алфавит қолданылады және кодтық сөз блогы , где т = 3,4, ... ұзындықта болады.

БЧХ әдісімен кодтаған кезде кез-келген n сөз ұзындығын таңдауға болмайды. Бірнші шектеу болып сөз ұзындығы тек тақ сан болу керек деп саналады, барлық тақ сандар сөз ұзындығын құрай бермейді. Алайда, екі жағдай болу мүмкін: 1) берілген бойынша теңдігін қанағатандыратындай санын табады. Мысалы, егер егер егер, егер т.б.; 2)

теңдігі қанағаттандырылатындай санын анықтайды .

мұнда бүтін сан , ал -тақ оң сан, оған бөлгенде -оң тақ сан болады,

ді көбейткіштерге жіктей отырып, келесі және сандарын алмыз:

осындағы төртінші жолға қарасақ, болғанда сөз үзындығы 63-ке (бірінші жағдай) ғана тең болмайды, болуы мүмкін.

2. Код аралығын анықтау. Код аралығын (3.7) сәйкес анықталады,яғни

3. жасаушы көпмүшелігін анықтау. Жасаушы көпмүшелік ол екі ең кіші ортақ көп мүшелігі минималды көпмүшеліктерден -ге дейінгі қатардың жасаушы көпмүшелік белгілі бір минималды көпмүшеліттердің көбейтіндісінен құралады :

Минималды көпмүшеліктер санын анықтау тәсілдері [26] көрсетілген, қарапайым келтірілген көрсеткіштер болады .

4. Минималды көпмүшеліктер санын анықтау. (13.2) теңдігінен минималды көпмүшеліктер реті 2s-1 түрінде анықталатын түрде болады. Егер жасаушы көпмүшелік тек тақ минималды көп мүшеліктерден түратынын ескерсек, онда олардың саны оңай анықталады .

Мысалы егер s=3, 2s-1=5 болса, онда (3.27) теңдеуіне , и ең кіші көпмүшеліктері жазылады, яғни L=3. Егер s=8 болса, онда 2s-1=15 және теңдеуде , , , , , , , ең кіші көп мүшеліктері қолданылады, яғни L=8. Сонымен, ең кіші көп мүшеліктердің саны түзетілетін қателердің санына тең:

L=s

5. Минимал көпмүшеліктің l жоғарғы дәрежесін анықтау. l дәрежесі дегеніміз - саны n немесе ng-ға бүтіндей бөлінетін бүтін сан, яғни немесе . Осыдан

l=h

6. Минимал көпмүшеліктерді таңдау. L минимал көпмүшеліктер саны және l көпмүшеліктің жоғарғы дәрежесі анықталғаннан кейін көпмүшеліктерді 3.16. кестесінен жазамыз.Сонымен бірге ЕКОЕ тек қана l жоғарғы дәрежелі көпмүшелігінентұрмауы мүмкін. Бұл негізінен төртінші және алтыншы дәрежелі көпмүшеліктерге қатысты жағдай.

7. жасаушы көпмүшелігінің дәрежесін анықтау. Жасаушы көпмүшеліктің дәрежесі ЕКОЕ-ге тәуелді және ls пен lL-ден аспайды, өйткені L=s. Барлық минимал көпмүшеліктерді тапқаннан кейін жасаушы көпмүшелікті (3.27.) теңдеуі бойынша табамыз.

8. Бақылау символдарының санын анықтау. m бақылау символдарының саны жасаушы көпмүшеліктің дәрежесіне тең болғандықтан, n ұзындықтағы кодта былай болады:

9. Ақпараттар символдары санын анықтау. Оны k=n-m теңдігінен қарапайым ретпен жасай-

ды. Кодтаудың келесі айналымдары қарастырылған d=4 айналмалы кодтарындағы сияқты, яғни қосымша матрицаны тауып, сол арқылы барлық кодтық комбинацияларды есептейді.

БЧХ кодын құру [26,18] кестесінің көмегімен іске асырылады, ол мұнда қысқартылған түрде (3.17-кесте) берілген. Жоғарыда келтірілген әдістеме бойынша кестеде берілген n кодтық комбинация ұзындығына және s түзетілетін қателер санына k ақпараттар символының саны мен P(X) жасаушы көпмүшелігі сәйкес есептелінген. m бақылау символдарының саны (3.10) теңдеуінен анықталады, ал жасаушы көпмүшелікті ондық сан түрінде жазу әр ондық санды екілік санға келтіру жолымен түрлендіріледі. Мысалы, таблицаның бірінші жолында . 1 санына 001 екілік саны сәйкес, ал 3 санына – 011 саны. Сонда 001011 санын аламыз және ол көпмүшелігі түрінде жазылады. Сонымен екілік эквивалентке бүкіл ондық сан емес, тек ондық санның жеке әр саны аударылады. Шынында да, 13 санына көпмүшелігі сәйкес келеді. 3.17 таблицасына сәйкес, егер n=15, k=7 және s=2 жасаушы көпмүшелік . Бұл 3.5-ші мысалда дәлелденденген көпмүшелігіне сәйкес келеді.

Қателерді табуға арналған БЧХ кодтары. Оларды келесідей құрады. Егер қателердің жұп санын анықтайтын кодтарды құру керек болса, онда (3.6) сәйкес берілген r саны бойынша d және s мәндерін табады. Келесі кодтау процесі алдында айтылғандайжүргізіледі. Егер қателердің тақ санын анықтау керек болса, онда s ең жақын аз санын табады және (3.27)-ге сәйкес табылған Жасаушы көпмүшелікті қосымша көпмүшелігіне көбейеді. Ал қалған кодтау процесі алдағыдай жүргізіледі. Мысалы, n=15 кезінде, жеті қатені анықтайтын кодты құру керек болсын. d=8 екенін табамыз, ал ең жақын мән s=3. Келесі 3.5 мысалында көрсетілгендей көпмүшелігін анықтаймыз және оны екімүшелігіне көбейтеміз, яғни аламыз. Сонымен БЧХ (15.4) коды құрылды.

38.Файр кодын тұрғызу әдістері.

Қателер пакетін табатын және түзететін айналмалы котар (Файр коды). b ұзындықты қателер пакеті деп – бөгеуілмен бұзылған шеткі разрядтар арасында разряды бар болатын бөгеуіл комбинациясының түрін айтады. Мысалы, болғанда бөгеуіл комбинациясы, яғни қателер пакеті келесі түрде болуы мүмкін: 10001 (тек шеткі екі символ бұзылған), 11111 (барлық символдар бұзылған) 10111, 11101, 11011 (тек бір символ ғана бұзылмаған), 10011, 11001, 10101 (үш символ бұзылған). Кез келген жағдайда берілген ұзындықты пакеттің міндетті шарты болып шеткі екі символдың бұзылуы табылады.

Файр коды ұзындықты қателер пакетін түзете және ұзындықты қателер пакетін таба алады [айта кетсек, Файр кодтарында d код аралығы, соған байланысты (3.5) теңдеуі де қолданылмайды].

Файр Жасаушы көпмүшелігі келесі көбейтіндіден анықталады:

мұндағы: - 1 дәрежелі келтірілмейтін көпмүшелік.

Кодты құру принципімен

Сонымен с е-ге қалдықсыз бөлінбеу керек, мұнда е:

келтірілмейтін көпмүшелікті (12.4) шартты қанағаттандыратындай және (12.2) теңдеуіне сәйкес 3.15 кестесінен таңдайды. n сөз ұзындығы, с және е сандарының ең кіші ортақ көбейтіндісіне тең болады. Себебі, тек сонда ғана -қа қалдықсыз бөлінеді [ болғанда еш көпмүшелігі бөлінбейді]:

n=НОК(е,c)

Бақылау символдарының саны:

Бірдей ұзындықты, бірдей қателер санын анықтауда бірақ пакетке жинақталмаған кодтың артықшылығын салыстыруға болады, яғни сөз ұзындығы бойымен шашырап орналасқан. Егер бұл мақсат үшін БЧХ түзбелерін қолдансақ және жуық мәнін қолдансақ, онда болғанда, аталған тәсіл бойынша, бақылау символдары екендігін санап алуымызға болады, яғни алынған код (127, 99). Бұл кодтың артықшылығы И=28/127=0.22, яғни Файр кодымен салыстырғанда аса жоғары. Бұл анық: себебі бір жерде орналасқан төрт қатені түзету комбинациясының бойымен шашырап орналасқан қателерді түзетуге қарағанда жеңілірек.

Келесі заңдылықты ескерейік: егер айналмалы код дербес қателерді анықтауға арналған болса, онда ол m ұзындықты қателер пакетін де анықтай алады.

39.Циклдік кодтарды декодалау әдістері.

40.Үйірткілі кодтарды декодалау әдістері.

Егер хабарлардың барлық кіріс тізбектері тең ықтималды болса, қатенің минимальді ықтималдығы шартты ықтималдықты салыстырып, максимальдісін таңдайтын декодерді қолданғанда болады. Шартты ықтималдықты тағы да Р(Z| ) шындыққа жанасу функциялары деп те атайды, мұндағы Z – бұл қабылданған тізбек, aл – таратылуы мүмкін тізбектердің бірі. Егер барлық бойынша Р(Z| ) = max Р(Z| ) болса, декодер ді таңдайды. (7.36)

(7.36) теңдеуімен анықталатын максимальді шындыққа жанасу принципі шешім қабылдау теориясының іргелі жетістігі болып табылады; бұл ықтималдықтар туралы статистикалық мəліметтер болған кездегі "дұрыс мағынаға" негізделген шешім қабылдау тəсілінің формальдануы. Екілік демодуляцияны қарастырғандатек екі ықтималды (t) жəне (t) символдарының таратылуы жорамалданған. Демек, берілген қабылданған сигналға қатысты максимальді шындыққа жанасу принципі негізінде екілік шешімді қабылдау егер төмендегі шарт орындалса, таратылған сигнал ретінде (t) таңдалады дегенді білдіреді.

p(z| p(z| (7.37)

(7.37) Олай болмаған жағдайда (t) сигналы таратылды деп есептеледі. z параметрі z(T) шамасын көрсетеді, символды таратудың əрбір периоды соңындағы детекторлауға дейінгі қабылданған сигналдың мəні t = T. Алайда үйірткілі декодалауда максимальді шындыққа жанасу принципін қолдану кезінде үйірткілі кодта жады барлығы анықталады (алынған тізбек ағымдағы жəне оның алдындағы екілік разрядтардың суперпозициясы болып табылады). Осылайша, үйірткілі кодпен кодаланған мəліметтер битін декодалау кезінде максимальді шындыққа жанасу принципін пайдалану (7.36) теңдеуінде көрсетілгендей, ең ықтимал тізбекті таңдау контекстінде жүзеге асырылады. Əдетте кодтық сөздердің көптеген таратылуы мүмкін тізбектері болады. Екілік кодқа келетін болсақ, онда L тармақталған сөздерінің тізбегі мүмкін болатын тізбектер жиынтығының мүшесі болып табылады. Демек максимальді шындыққа жанасу контекстінде егер Р(Z| ) ықтималдығы барлық қалған таратылуы мүмкін тізбектердің ықтималдығынан көбірек болса,декодер таратылған тізбек ретінде -ді таңдайды деп айтуға болады. Мұндай қателердің ықтималдығын азайтатын (барлық таратылған тізбектер тең ықтималды болғанда) ең тиімді декодер максимальді шындыққа жанасу принципі бойынша жұмыс істейтін декодер (maximum likelihood detector) деген атпен белгілі. Шындыққа жанасу функциясы арнаның спецификациясына сүйене отырып беріледі немесе есептеп шығарылады.

Біз жадысыз арнадағы нөлдік орташалы, яғни шу кодтың əрбір символына басқа символдарға тəуелсіз əсер ететін аддитивті ақ гаустық шумен əрекеттескелі отырмыз делік. Үйірткілі кодтың 1/n-ге тең дəрежесінде шындыққа жанасуды былайша өрнектеуге болады.

Р(Z| ) - - (7.38)

Мұндағы – бұл алынған Z тізбегінің iші тармағы, – бұл кодтық сөздерінің бөлек тізбегінің тармағы ,– бұл -нің j-ші кодтық символы, – бұл -нің j-ші кодтық символы, ал əрбір тармақ n кодтық символдардан тұрады. Декодалаудың міндеті төмендегі көбейтілу максимальді болатындай, 7.6 суретінде көрсетілген тор арқылы өту жолын таңдау болып түйінделеді (əрбір мүмкін болатын жол кодтық сөздер тізбегін анықтайды)

Есептеулер кезінде шындыққа жанасу функциясының логарифмін пайдаланған ыңғайлырақ, себебі бұл көбейтілуді қосындылаумен ауыстыруға мүмкіндік береді. Логарифм бір сарынды (монотонды) өсетін функция болғандықтан, демек, ақырғы кодтық сөзді таңдауға өзгеріс енгізбейтіндіктен, біз осы түрлендіруді пайдалана аламыз. Шындыққа жанасудың логарифмдік функциясын былайша анықтауға болады.

= = = (7.40)

Енді декодалаудың міндеті максимальді болатындай 7.7 суретінде көрсетілген тор немесе ағашты жағалай өту жолын таңдау болып түйінделеді. Үйірткілі кодтарды декодалау кезінде ағаш тəріздес құрылыммен қатар, торлы құрылымды да қолдануға болады. Кодтың ағаш тəріздес суреттелуінде жолдардың қайта бірігуі ескерілмейді. Екілік код үшін L тармақталған сөздерден тұратын мүмкін болатын тізбектер саны -ге тең. Сол себепті, ағаш тəріздес диаграманы қолданатын максимальді шындыққа жанасу принципіне негізделген алынған тізбектерді декодалау "өктем күш" немесе мүмкін болатын кодтық сөздер тізбектерінің барлық нұсқаларын сипаттайтын шындыққа жанасудың жинақталған логарифмдік метрикаларын жан-жақты салыстыру əдісін талап етеді. Сондықтан, максимальді шындыққа жанасу принципі негізіндегі декодалауды ағаш тəрізді құрылым көмегімен қарастыру іс жүзінде мүмкін емес. Осының алдындағы тарауда кодтың торлы суреттелуінде декодерді максимальді шындыққа жанасатын тізбектің рөліне кандидат бола алмайтын жолдардан бас тарта алатындай етіп құруға болатыны көрсетілді. Декодалау жолы аман қалған жолдардың əлдебір ықшамдалған жиынтығынан таңдап алынады. Мұндай декодер дегенмен де тиімді болып саналады.

Сурет – Кодердің торлы диаграммасы (кодалау дəрежесі ½, К=3)

41.Кодтаушы және декодтаушы құрылғылардың схемасын құру.

42.Цифрлік тарату жүйесіндегі синхронизация түрлері.

Синхронизация дегеніміз - екі немесе көптеген процестер арасындағы белгілі уақыт қатынастарын құру және ұстау процесі. Элементтік, топтық және циклдық синхронизация түрлері бар. Элементтік, топтық және циклдық синхронизация – мәліметтердің таратылған және қабылданған цифрлық сигнал синхрони­зациясы. Элементтік синхронизация қабылдағышта бірлік элементті басқасынан дұрыс бөліп алуға мүмкіндік береді және оның тіркелуі үшін жақсы жағдайлар жасайды. Топтық синхронизация - қабылданған тізбектерді кодтық комбинацияларына дұрыс бөлуді қамтамасыз етеді, ал циклдік синхронизация — қабылдауда элементтердің уақытша бірігу циклдарын дұрыс бөлуді қамтамасыз етеді.

43.Синхронизация құрылғыларының параметрлері

Синхронизация дегеніміз екі немесе көптеген процестер арасындағы белгілі уақыт қатынастарын құру және ұстау процесі. Элементтік, топтық және циклдық синхронизация түрлері бар. Элементтік, топтық және циклдық синхронизация – мәліметтердің таратылған және қабылданған цифрлық сигнал синхрони­зациясы. Элементтік синхронизация қабылдағышта бірлік элементті басқасынан дұрыс бөліп алуға мүмкіндік береді және оның тіркелуі үшін жақсы жағдайлар жасайды. Топтық синхронизация қабылданған тізбектерді кодтық комбинацияларына дұрыс бөлуді қамтамасыз етеді, ал циклдік синхронизация — қабылдауда элементтердің уақытша бірігу циклдарын дұрыс бөлуді қамтамасыз етеді.

Синхронды жүйелердегі синхронизация. Синхронды әдісте таратушы бірлік интервалға тең болатын сигнал элементтерін түрлендіреді.

Қабылдағыш және таратқыш бөлгішінің синхронды жұмысы автоматты түрде жасалады. Ол үшін шығарылу мүмкіндігіне қарай қабылдағышта берілген генератор (БГ) жиілігін құру сигналдары жасалады. Бұл генератор жиілігі мүмкіндігінше тарату генераторы жиілігіне сәйкес келу керек.

Таратудың стартстоптық әдісіндегі синхронизация. Стартстоптық жұмыста әр кодтық комбинация старттық элементтен басталады. Әр кодтық комбинация стоппен аяқталады.

Қабылдағыш таратқыш старттық элементпен басталады және стоптық команда келгенде тоқтайды.

Стартстоптық таратуда тек стартстоптық цикл интервалында талап етілген фазалық қатынасты ұстау үшін синхронды таратуға қарағанда тактылық импульс генераторы тұрақтылығына қойылатын талаптар біршама төмен. Қабылдауда синхронды таратуда барлық байланыс сеансында тактылық импульс генераторын құру талап етіледі.

Стартстоптық әдістің басқа артықшылықтары синхронизм жағдайына тез өту және таратқыш аритмитикалық жұмысына өту мүмкіндігі бар. Бірақ стартстоптық әдісте тұтынушыға ақпарат жеткізетін «Старт» және «Стоп» элементтері кодтық комбинацияларын құрамына қосу есебінен арнаның өткізу қабілеттілігі онша қолданылмайды. Бұдан басқа стартстоп­тық әдісте қабылдағыштың бөгеттұрақтылығы бірнеше төмен.

44.Кері байланысы бар арналардың жіктелуі

Тағайындалуы бойынша:

1.Ақпаратты кері байланыс

2.Шешуші кері байланыс

3.Қиыстырылған кері байланыс

Қамтуы бойынша:

1.Байланыс арнасы

2.Дискретті арна

3. Берілгендерді тарату арна

Ұйымдастыру бойынша:

1.Арнайы кері арна

2.Жиілікті бөлінген кері арна

3.Уақытты бөлінген кері арна

4.Құрылымдық бөлінген кері арна

Дискретті арна типі бойынша:

1.Думплексті

2.Жартылай думплексті

Жұмыс істеу алгоритмі бойынша:

1.Күту арқылы

2.Тізбектей(үздіксіз) берілу арқылы

3.Комбинацияларды жинақтау арқылы

4.Адресті сұраныс жасау арқылы

Сұраныс санына сәйкес:

1.Шектелген

2.Шектелмеген

45.Кері байланысы бар жүйелердің сипаттамалары және олардың ерекшеліктері

ИОС-ОЖ жүйесі.

ИОС-ОЖ ең көп қарастылатын жүйелер төменде көрсетілген. Суретте ИОС-ОЖ жүйесінің структуралық сұлбасы бейнеленген.

Жүйенің жұмыс жасауы келесідей. Құрылымның дайындығына байланысты А станциясындағы тасымалдау басқармасының хаттар көзі k зарядтардан қүралған комбинацияны тікелей канал арқылы тасымалдайды. Бүл комбинация біруақытта Н1 тасымалындағы ақпаратты жадына сақтайды. Қабылдауда қабылданған комбинация H2 жинау қорына жазылады және сол уақытта r разрядты қабылдау болады. r тексеру разрядынан жасалған УУ2 қабылдағыш басқару құрылғысы сигналы бойынша комбинация кері арна бойынша беріледі.

А станциясындағы кері арна бойынша r-разрядты комби­нация УС салыстыру құрылғысының бір кірісіне келіп түседі. УС екінші кірісіне тарату кодерінен сәйкес Н1-де сақталатын r-разрядты комбинация түседі. УС разрядты түрде бұл комбинацияларды салыстырады. Егер қате табылмаса, УУ1 СС қызмет сигналын шифраторға команда береді. Осыдан кейін УУ1 ИС-қа кезекті комбинацияны тіке арнаға беруге рұқсат етеді және алдыңғы Н1 өшіреді.

Сурет 14.1

СС дешифраторы шығысынан бекітілгеннен кейін, УУ2 ақпараттық комбинация беруге команда береді.

Егер УС салыстыруда қате табылсағ онда УУ1 СС шифраторына команда береді. Хабар көзіне келесі комбинацияны жіберуге рұқсат етілмейді. Өшіру сигналын алғаннан кейін УУ2 көмегімен қабылдағыш ПС-қа ақпарат түспейтіндей етіп блоктайды.

РОС-ОЖ жүйесі

РОС-ОЖ құрылымдық схемасы мына суретте көрсетілген

РОС-НП жүйесі

РОС-НП жүйесінің құрылымдық сызбасы алдыңғы суреттегі жүйеге ұқсас.

Қайта сұрау сигналы болмаса УУ1-ден КС-ке аппаратурадынң таратуға дайын екені сигналы келіп түседі және ИС сәйкесінше ақпараттық комбинациялар береді. Олар кодерге түседі және біруақытта Н1 жинақтағышында сақталады.

Қабылдауда кезекті комбинацияның кезекті бөлігі Н2-ге жазылады, кодер РОС-ОЖ жүйесіндегі сияқты біруақытта осы комбинациядағы қате бар екенін анықтайды. Есептеу құрылғысы ПК2 УУ2-ге сәйкес сигналды береді. Егер қате табылмаса, онда УУ2 «Бекіту» командасын береді. Бекіту сигналын ала салысымен А станциясының таратқышы ақпаратты үздіксіз беріп отырады. Егер қате табылса, онда УУ2 «Сұраныс» сигналын жібереді.

46.Кері байланысы бар жүйелердің тағайындалуы бойынша түрлері:

Кері байланыс жүйесі кодтық комбинацияны қабылдап,оның қатесіне анализ жасап, сонан соң ақпарат қажет етушіге ақпарат тасымалдайды,ал егер комбинация қате болса, онда оны өшіріп,оның қайтадан кері байланыс канал сигналы «Сұраныс» арқылы сол комбинациямен ақпаратты тасымалдайды.

Тағайындалуы бойынша:

1.Ақпаратты кері байланыс

2.Шешуші кері байланыс

3.Қиыстырылған кері байланыс

Ақпараттық кері байланыс жүйесінде кері байланыс каналы арқылы кодтық комбинация қайта тексерілгенше және соңғы шешім қабылданғанша қабылдағышқа келіп түскен кодтық комбинация жайлы мәлімет беріледі (немесе комбинация элементтері).

Шешуші кері байланыс - кері байланыс каналы арқылы қабылданған тасымлдаушы арқылы анализделініп, сонан кейін анализдің дүрыстығына қарай тасымалдаушы келесі кодтық комбинацияны тасымалдауға шешім қабылдайды немесе алдыңғы ақпараттты қайталайды.

Аралас кері байланыс(қиыстырылған) жүйесінде кодтық комбинация ақпаратын тасымалдау немесе қайта тасымалдау шешімі қабылдағышта да, ПДС жүйесінің тасымалдаушысында да қабылдана береді.

47 Сигнал шешімін күту шешуші кері байланыс жүйесінің функционалдық сызбасы

Сигнал шешімін күту – кері байланыс сигналын күту жүйесі.Бұл жүйеде таратқыш кодалық комбинацияны жібергеннен кейін кері арнадан сигнал күтеді.Кері арна сигналына байланысты таратқыш алдында берген кодалық комбинацияны қайталайды немесе келесі кодалық комбинацияны жібереді.

48 Үздіксіз таратуы бар шешуші кері байланыс жүйесінің функционалдық сызбасы.

Үздіксіз тарату – таратқыш үздіксіз комбинация тізбектерін таратады.Бұл тарату қате болғанша орындалады.Қате комбинация түскенде , қабылдағыш қате түскен комбинация мен оның алдында түскен бірнеше комбинацияны блоктайды.

49. Қысқартылған ақпаратты кері байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы

АКБ жүйесінде кері арна арқылы қабылдағышқа түсетін кодалық комбинациялар туралы мəліметтер таралады. Телефон арқылы сөйлесуде үлкен бөгеуілдер мезетіндегі əңгімелесушіні берілген хабарды қайталауын талап еткен кезде көбіне ретрансляциялық АКБ қолданылады. Дұрыс қайталау кезінде беруші растайды, ал қате қайталау кезінде хабар кері қайталанады. Жеке жағдайда, АКБ кодалық комбинацияның немесе олардың элементтерінің қабылдаушы жағына түсетін толық ретрансляциясы болып табылады. Сəйкес жүйелер ретрансляциялық деп аталады. Жалпы жағдайда қабылдағыш пайдалы ақпаратқа қарағанда аз көлемді, бірақ КБ арнасымен таратқышқа бағытталған оның қабылдау қасиетін сипаттайтын арнайы сигналдарды жасайды. Егер КБ арнасы арқылы таралатын ақпарат саны тура арна арқылы таралатын хабардың ақпарат санына тең болса, онда АКБ толық деп аталады. Егер квитанция құрамындағы ақпарат хабардың тек ке й бі р бел гіл е рі н к ө р с е т с е , о н д а АКБ қысқартылған деп аталады. Соған орай, КБ арнасы арқылы не барлық пайдалы ақпарат, не оның ерекше белгілері туралы ақпарат таралады, сондықтан мұндай КБ информациялық деп аталады.

Жүйенің жұмыс жасауы келесідей. Құрылымның дайындығына байланысты А станциясындағы тасымалдау басқармасының хаттар көзі k зарядтардан қүралған комбинацияны тікелей канал арқылы тасымалдайды. Бүл комбинация біруақытта Н1 тасымалындағы ақпаратты жадына сақтайды.

Қабылдауда қабылданған комбинация H2 жинау қорына жазылады және сол уақытта r разрядты қабылдау болады. r тексеру разрядынан жасалған УУ2 қабылдағыш басқару құрылғысы сигналы бойынша комбинация кері арна бойынша беріледі.

А станциясындағы кері арна бойынша r-разрядты комби­нация УС салыстыру құрылғысының бір кірісіне келіп түседі. УС екінші кірісіне тарату кодерінен сәйкес Н1-де сақталатын r-разрядты комбинация түседі. УС разрядты түрде бұл комбинацияларды салыстырады. Егер қате табылмаса, УУ1 СС қызмет сигналын шифраторға команда береді. Осыдан кейін УУ1 ИС-қа кезекті комбинацияны тіке арнаға беруге рұқсат етеді және алдыңғы Н1 өшіреді.

СС дешифраторы шығысынан бекітілгеннен кейін, УУ2 ақпараттық комбинация беруге команда береді.

Егер УС салыстыруда қате табылсағ онда УУ1 СС шифраторына команда береді. Хабар көзіне келесі комбинацияны жіберуге рұқсат етілмейді. Өшіру сигналын алғаннан кейін УУ2 көмегімен қабылдағыш ПС-қа ақпарат түспейтіндей етіп блоктайды.

50. Цифрлық байланыс жүйелерінде ақпарат тығыздау

Деректерді қысу - бұл олардың алатын көлемін азайту үшін орындалатын алгоритмдік деректерді түрлендіру. Ол сақтау құрылғылары мен ақпаратты беруді ұтымды пайдалану үшін қолданылады. Синонимдер - деректер қысу, қысу, сығымдау кодтау, бастапқы кодтау. Кері реті деректерді қалпына келтіру деп аталады (декомпрессион, декомпрессион)

Сығымдау түпнұсқа деректерде қамтылған резервтеуді жоюға негізделген. Босатудың ең қарапайым мысалы - үзінділер мәтінінде қайталану (мысалы, табиғи немесе компьютерлік тілдердің сөздері). Мұндай резервтеу, әдетте, ұзындығын көрсететін кодталған фрагментке сілтеме жасай отырып қайталанатын тізбекті ауыстыру арқылы жойылады. Қайталанудың тағы бір түрі, қысылған деректердегі кейбір мәндердің басқаларға қарағанда жиі кездесетініне байланысты. Деректердің қысқаруына жиі кездесетін деректерді қысқаша кодтық сөздермен және сирек кездесетін ұзындықпен (энтропияның кодтауымен) ауыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Қайталанбалы сипаты жоқ деректерді қысу (мысалы, кездейсоқ сигнал немесе ақ шу, шифрланған хабарлар) жоғалтпай негізінен мүмкін емес.

51. Шығынсыз тығыздау алгоритмі. Хаффман коды

Деректерді шығынсыз тығыздау - деректерді тығыздау әдісінің бір түрі (бейне, аудио, графика, цифрлық формада ұсынылған құжаттар), кодталған деректер біраз уақыт ішінде бірден қалпына келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда бастапқы деректер қысылған күйден толығымен қалпына келтіріледі. Бұл қысудың түрі деректерді шығынмен қысудан түбегейлі ерекшеленеді. Сандық ақпараттың әрбір түрі үшін, әдетте, өзінің оңтайлы шығынсыз қысу алгоритмдері бар.Деректерді шығынсыз қысу көптеген қосымшаларда қолданылады. Мысалы, ол барлық файлдық мұрағатшыларда қолданылады. Ол сондай-ақ шығынды қысу кезінде компонент ретінде пайдаланылады.Кейбір басқа (TIFF, MNG немесе GIF) екеуі де шығындармен және шығындармен қысуды қолдана алады, ал кейбір графикалық файл пішімдері (мысалы PNG) тек шығынды қысуды қолданады.

Код Хаффмана– бұл код профискадан тəуелсіз, ол берілген кіріс алфавитіне ең қысқа коданың орташа ұзындығын береді. Нақты алфавит үшін ең қысқа кодтың орташа ұзындығы энтропия алфавит көзінен əлде қайда үлкен болады, сонда берілген сығудың орындалмауы алфавитпен байланысты, кодтау тəсіліне қатысы жоқ. Алф-ң жарты бөлігі кеңейту кодын алу үшін модифицрланады, осы тəсіл жақсы сығылу үшін қайта қайталанады. Сығу эффектілігі сығу коэф-н анықталады. Бұл өлшем таңдауға дейінгі жəне таңдаудан кейінгі битттің орташа санымен анықталады. Хаффман коддалау процедурасы кез келген екі алф-т арасында түрлендіру үшін қолд. Процесс алф-ң кіріс символ ықтмалдығымен сналады. əр бұтаққа (ветви) өзінің коэф-ті, бұтақ ықтималдығына байланысты.

52. Ақпаратты тығыздау форматы

Тығыздау бағдарламасы деректерді қарапайым пішімнен оңтайландырылған ықшамға түрлендіру үшін пайдаланылады. Бұл бөлімде деректерді қысудың алты әдісі қарастырылады. Алғашқы үшеуі қарапайым кодтау әдісі болып табылады: олардың ұзақтығы туралы ақпарат беру арқылы серия ұзындығын кодтау; Хаффмен кодтау және Дельта кодтау. Соңғы үш әдіс салалық стандартқа айналдырылған күрделі деректерді қысу рәсімдері болып табылады: LZW, JPEG және MPEG форматтары.

RLE-кодирование

Деректер файлдары бір жолда бірнеше рет қайталанатын символдарды қамтиды. Мысалы, мәтіндік файлдар сөйлемдерді, шегіністерді, кестелерді және т.б. бөлу үшін бос орындарды пайдаланады. Сандық сигналдар да сигнал өзгермейтіндігін көрсететін бірдей мәндерді қамтиды. Мысалы, түнгі аспандағы бейненің қараңғы фоны бар кейіпкерлердің ұзын сериясы болуы мүмкін, ал цифрлық музыканың әндер арасында нөлдер көп болуы мүмкін. RLE-кодтау (Run-length encoding) - бұл файл түрлерін қысу әдісі.

Хафманды кодтау

Бұл әдіс Хафмана 1950 жылдары жасалды. Әдіс жеке элементтердің пайда болуының салыстырмалы жиілігін қолдануға негізделген. Ортақ элементтер қысқа биттік ретімен реттеледі.

Егер бастапқы файлдың мәндері біркелкі өзгерсе, яғни қатарынан шамалы айырмашылық аз болса деректерді қысу үшін Delta кодтау қолданылады. Бұл шарт ASCII мәтіні мен орындалатын код үшін орындалмады, бірақ ақпараттың сигнал түрінде пайда болатын жалпы жағдайы болып табылады.

LZW-қысу - деректерді қысудың ең әмбебап әдісі, ол қарапайымдылығы мен икемділігі арқасында танымал болды. Бұл алгоритм оны құрушылар (- деректер қысу Lempel-Зив-Уэлч әдісімен Lempel-Зив-Уэлч кодтау) аталады. Бұл әдісі ұқсас деректер файлдарын жартысына жуығы болып табылатын мәтіндерді қысуға мүмкіндік береді. LZW сондай-ақ кестелік нөмірлер, компьютердің бастапқы коды және қабылданған сигналдар сияқты артық деректермен жақсы жұмыс істейді. Мұндай жағдайларда қысу коэффициентінің типтік мәндері 5: 1 құрайды. LZW қысу әрқашан кескіндерді GIF форматында өңдейді және TIFF және PostScript пішімдеріне арналған опция ретінде ұсынылады.

53. Шекті бұрмаланулар мен ұсақтау

Шекті бұрмалануы - элементтердің өздерінің мінсіз орналасуына қатысты шеттерінің жылжуы.

Арнадағы кедергі келтіретін әсерден туындаған шекті бұрмалану және ұсақтау өз кезегінде, алынған ақпаратдағы қателердің себептері болып табылады. қабылдағыштағы деректің кодтық ретін біріктірілген бірлік элементінің маңызды жағдайын дұрыс анықтамау қате болып табылады.

Шекті бұрмаланулар мен ұсақтаулар алдын ала анықталған жағдайларда ғана қателікке алып келеді.

Алынған элементтердегі шектік бұрмалануына әкелетін негізгі факторлардың бірі - байланыс арнасындағы пайдалы сигналға қосылған бөгеуіл. Егер бөгеуіл деңгейі пайдалы сигнал деңгейінен әлдеқайда төмен болса, онда элементті қабылдау кезінде қате болмайды.

Шекті бұрмалануы үш түрге бөлінеді: басымдық, характеристикалық және кездейсоқ . Жалпы жағдайда, дискретті сигналдарды КК-ға жібергенде, шеткі бұрмаланулардың барлық үш түрі бір-бірден орын алады.

54. Скрембрлеу және дескрембрлеу

Scrambler (scrambler) - кездейсоқ реттіліктің

қасиеттерін алу үшін тарату жылдамдығын өзгертпестен, сығылуды - сандық ағынның кері түрленуін орындайтын бағдарламалық жасақтама немесе аппараттық құрал (алгоритм).

Скрембрлеу - бұл кері үрдіс, яғни бастапқы хабарды кері алгоритм қолдану арқылы қалпына келтіруге болады. Телекоммуникациялық жүйелерге қатысты скрембрлеу байланыс желісіне қосылған құрылғыларды синхрондау сенімділігін арттырады және көптұрғынды кабельдің көрші желілеріне шығарылатын бөгеуіл деңгейін төмендетеді. Скремблерді қолданудың тағы бір саласы - берілген ақпаратты рұқсатсыз кіруден қорғау.

Скрембрлер қоғамдық телефон желілерінде, спутниктік және микротолқынды байланыстарда, сандық теледидарда, сондай-ақ лазерлік дискілерді көшіруден қорғау үшін қолданылады.Әдетте, скрембрлеу модуляцияға дейін цифрлық өңдеудің соңғы сатысында орын алады.

Скрембрлеуді 0 мен 1 ден тұратын биттік тізбектің ұзақтығын қысқарту үшін таратқыщ бөлікте хор операциясын орындау арқылы екілік символдарды модуль бойынша қосады.

Bi=Ai+Bi-3 + Bi-5

Ai=бастапқы кодалық комбинация реті

Bi=скрембреу операциясынан кейін кода

ДЕСКРЕМБРЛЕУ

Bi= Bi +Bi-3 +Bi-5