Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет пед практики.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
355 Кб
Скачать
☆

1999 Жылдың 7 маусымындағы №389-1 қрз «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен;

Жоғары ғылыми-педагогикалық білім беру ережесімен (магистратура). ҚР БҒМ 2000 жылғы 1 қарашадағы №1035 бұйрығы;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық (магистратура) білім беру. Негізгі ережелер. ҚР 3.005-2001 МЕМСТ. ҚР БҒМ 2001 жылғы 18 шілдедегі №581 бұйрығы;

ҚР БҒМ 2002 жылғы 15 тамыздағы «Кредиттік технология негізінде магистратурада білім беру үрдісін ұйымдастыру бойынша» нұсқаулары;

Магистратурадағы педагогикалық тәжірибенің негізгі мақсаты - жоғары мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың заманауи технологияларын игерген және білім беру аясында инноваңиялық қызметке дайын, гуманитарлық мәдениеті жоғары деңгейлі педагог-зерттеуші тұлғасын қалыптастыру.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі оқу процесі

1.1М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті туралы қысқаша мәлімет

ТарМУ-нің басты қызметі аймақтың білім жүйесін реформалаудағы белсенді позициясынан және оның аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына тигізетінәсер – ықпалынан көрінеді. Бұның негізгі – орта, жоғарғы және оқу орнының кейінгі қосымша кәсіби білім беру институттарының, сондай – ақ ғылыми зерттеу құрылымдарының жұмыла әрекет етуі. Осыдан барып төмендегі міндеттер туындайды:

Аймақта үздіксіз, көпқырлы кәсіби білім беру негізінде бірлескен кәсіби білім беру кеңістігін қалыптастыру

Аймақтың болашақтағы және қазіргі сұраныстарына жауап бере алатындай, жоғарғы және қосымша кәсіби білімді мамандықтар және кәсіптің аймақтық болжауын сатылы түрде жасау

Барлық деңгейлерде үзіліссіз кәсіби білім берудің жаңа сапасын жетілдіру.

Қазіргі ТарМУ мәдениет және әлеуметтік сала, білім беру, халық шаруашылығы, құқық, экономика салаларын қамтитын мамандықтар ауқымы бойынша жоғарғы білікті, кәсіби мамандар дайындайды. Университетте 17000 – нан астам студент,оның ішінде Түркия, Қытай, Монголия, Өзбекстан, Қырғыстан, Түркменстан және Ресей мен Әзірбайжан мемлекеттерінен келген 100 – ге тартастудент білім алады.

Жас мамандарды оқыту, тәрбиелеу және ғылымға бейімдеу барлық саны 1100 жоғарғы білікті оқытушы – профессорлар құрамы арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде 50 – ге жуық ғылыми докторлар мен профессорлар,400 – ден астам ғылыми кандидаттары мен доценттер еңбек етеді. Университеттің бірнеше ғылымдары ҚР ҰҒА – нын корреспондент мүшелері. Олар тек Қазақстанда ғана емес, одан да сырт жерлерде ұлттық еуропалық және халықаралық ғылыми ассоциациялар мен қоғамдардың мүшелері болып табылады.

Университетте XVI ұлы ғылым – тарихшысы М.Х.Дулатидың ғылыми - тарихи мұрасын зерттеу бағытында жұмыс жүргізетін Қазақстан – Үндістан орталығы құрылды. Университет есімін иеленіп отырған ұлы тұлға М.Х.Дулатидың өмірі мен рухани мұраларын зерттеу ғылымиландыру мақсатындағы Халықаралық Дулати оқулары жыл сайын өткізіліп тұрады.

Біздің халқымыздың тарихи, әдиби, мәдени тарихы шығыс халықтарымен тікелей байланыста. Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің жанындағы мәдени орталықтың бастамасымен әлем тілдері факультеті, Қазақ тілі кафедрасының жанынан парсы тілі кабинеті ашылды. Кабинет қазіргі заманғы жаңа ақпараттық техникалармен жабдықталған. Он мыңға тарта тарих, әдебиет, тіл және мәдениет салалары бойынша парсы тіліндегі шығармалармен қамтамассыз етілген.

Университет шетел фирмаларымен көпшілік қолданыстағы тауарлар мен өнімдер өндіру технологиясы, жер суландыруды механизациялау салаларындағы бірлескен қызметінде Тар МУ – дың тәжірбиелік – өндірістік учаскелерін пайдалану туралы бірқатар келісім – шарттар жасады.

Университетте кандидаттық диссертациялар қорғау үшін үш Диссертациялық Кеңес «Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» мамандығы бойынша Докторлық диссертациялық Кеңес жұмыс істейді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қазіргі заманға сай материалдық – техникалық базасы бар, оның құрамына 32 оқу зертханасынан тұратын жалпы көлемі 146560 шаршы метр болатын 6 оқу кешені, студенттер жатақханалары, футбол алағы, теннис кордтары, 11 спорт залынан тұратын спорт кешені өз емханасы, студенттер асханасы, кафе, буфеттер бар.

Ғылыми – зерттеу және оқу зертханалары, кабинеттер мен арнайы дәрісханалар қазіргі заманға сай қондырғылармен, құрал – жабдықтармен, телевизиялық аппаратурамен, бейне және компьютерлік техникамен жабдықталған.

Оқу үрдісі мен ғылыми зерттеулерді жалпы университеттік деңгейдегі оқу – әдістемелік бөлімі, жана – аппараттық технологиялар орталығы, Тест орталығы, ғылыми зерттеу бөлімі, ғылыми кітапхана, редакциялық – баспа бөлімі, спорт клубы және басқа бөлімдер қамтамассыз етеді.

Университет, қала, облыс мектептерінен бірлесе жұмыс жүргізу арқылы бірнеше іс – шараларды жүзеге асыруда. Облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінен Кіші Ғылым Академиясының ашылуы осының көрінісі Университетінің алдыңғы қатарлы ғалымдары осы Акедемия аясында ғылымға бейім балалармен бірлікте жұмыс істейтін болады.Олардың ғылыми ізденістаріне, шығармашылық дарындарын арттыруға жетекшілік етеді. Кіші Ғылым Академиясының білім жетекшілері гуманитарлық, жаратылыстану және фундаментальдық ғылым салалары бойынша оқушылармен бірлесе жүргізілетін зерттеу жумыстарының кешенді бағдарламасын жасады.Осы аталған мектептің оқушылары университетінің ғылыми кітапханасын, компьютерлік кластарды, лабараторияларды,ғылыми – өндірістік учаскелері пайдалана алады.Сондай – ақ университетте өтетін ғылыми конференцияларға, түрлі басылымдар мен жинақтарға өз ғылыми жобаларын ұсына алады.

Тараз Мемлекеттік университеті АҚШ, Алмания, Ұлыбритания, Түркия, Үндістан, Египет, Қытай, Ресей, Украина, Өзбекстан және Қырғыстан жоғарғы оқу орындары мен және ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста.