Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мадениет тану.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Кб
Скачать
☆

Музыка тарихына шолу

Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп- тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.

Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В.В.Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты аспап кем дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы.

Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX—X ғасырдарда), ибн-Синаның (X ғасыр), ұлы жыршы Кетбұғаның (XIII ғасырда), Сыпыра жыраудың (XIV ғасырда), Асан қайғының (XV ғасырда), Қазтуғанның (XV ғасырда), Әбу әл-Қадырдың (XV ғасырда), Әбдірахман Жәмидің (XV ғасырда), Бұқардың (XVIII ғасырда), Нысан абыздың (XVIII ғасырда) аттарымен байланысты. Олар күйші-сазгер, жыршылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушы ғалымдар.

Музыка тарихының кезеңдері

Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, "Қос мүйізді Ескендір", "Көк төбет", "Көк бөрі", "Шыңырау", "Аққу", "Сарын", "Өгіз өлген", "Тарғыл бұқа", "Боз іңген", "Боз айғыр" сияқты күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.

Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың күйлері — "Қорқыт", "Тарғыл тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың сары өзені", "Айрауықтың ащы зары", т. б. күйлер жатады.

Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Едіге", "Қырымның қырық батыры", "Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені "Қазақ" атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —"ноғайлы елі" деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына "Ақсақ құлан", "Жошы ханның жортуылы", "Шора батыр", "Әмір ақсақ", "Қамбар күйі", Асан қайғының "Ел айырылған", Қазтуғанның "Сағыныш" сияқты күйлері жатады.

Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғасырларда). Оған: "Елім-ай" әні, "Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.

Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек сияқты күйшілер күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен Әзірбаев, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.