Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15doc.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86 Кб
Скачать
☆

Платформаларды вертикал жүктемеге тексеру есебі.

Платформаның есептік сұлбасы 169 ([3], стр.260) суретте көрсетілген, симетрияны ескеріп бойлық өстер 172 және 173 суреттерде ([3], стр.264) көрсетілген түрлерге жатуы мүмкін. Осының өзінде 172 суретте ([3], стр.264) көрсетілген есептік сұлба бұрылыс платформасының есептік сұлбасына сай болуы мүмкін, оларда тебуші моментті орталық цапфа қабылдайды (тіреніш В). Сұлба 173 суретте ([3], стр.264) көрсетілген, ол тебуші моментті аумақты ұстағыштар немесе тіреніш шеңберінің құйрықшалы роликтері қабылдайтын бұрылыс платформасының есептік сұлбасына сай келеді. 172 және 173 суретте ([3], стр.264) келтірілген сұлба бір рет статикалық анықталмайтын жүйені көрсетеді. Табылған жүктемемен майысушы моменттердің нәтижелік эпюрачы құралады. Зерттелген платформа балкісінің қимасындағы майысушы моментті біле отырып осы қимадаға вертикал жүктемелерді табуға болады.

Платформаны горизонтал жүктемеге тексеру есебі.

Горизонтал жүктемелер орнықпаған режимде яғни крандармен экскаваторлардың бұрылмалы платформасы шапшаңдата қозғалғанда және тежелу кезінде пайда болады. Платформада және онда орналасқан механизмдер, күштік қондырғылар және жұмыстық жұмыстық жабдықтарға инерциялық жүктемелер әсер етеді. Күрекшелермен жабдықталған экскаватордың есептік жағдайына горизонтал тетіктің максималды қозғалысында жүктелген ковштың жағдайы; драглайн және кран жабдығымен – жүктелген ковштың максималды қозғалысында. Инерциялық жүктемелерді келтіру нүктесі (әдетте оларды тетіктердің орталығына жатқызады) көптеген жағдайда бұрылыс платформасының жазықтығымен сәйкеспейді, яғни одан айтарлықтай жоғары болады (сурет.174, [3], парақ.266). осыған байланысты платформа өз жазықтығында майысуға және қысуға жұмыс істеиді деуге болады оның айналдырушы моменті Мкр. 175, а Суретте ([3], стр.267) крандармен экскаваторлардың оның жазықтығындағы аз қуатты бұрылмалы платформасының есептік сұлбасы келтірілген. Көріп отырғанымыздай суреттен платформаларды қарастырылған жүктемеге платформаны есептеу кезінде раманың жазықтығы жүктемеге есептелуі мүмкін. Мұндай раманы есептеу үшін күштер әдісін пайдаланған дұрыс. Бұл жағдайда есептік сұлба қарапайым, 175 суретте ([3], стр.267) келтірілген.

Автогрейдерлердің металқұрылымын есептеу.

Автогрейдердің металқұрылымы негізігі тасмалдаушы элемент болып табылады, онда барлық күштік агрегаттар, жұмыстық және жүрістік жабдықтар бекітіліеді. Раманы өзара дәнекерленген қырлы прокаттан немесе жеке жапырақшалардан дайындайды. 178 Суретте ([3], парақ.269) автогрейдер рамаларының негізгі құрылымдық сұлбалары көрсетілген. Автогрейдерлер орындайтын харакеттердің көп түрлілігі негізгі рамаға әсер ететін жүктемелердің көп түрлілігімен сәйкеседі. Сондықтан осы жүктемелерді анықтау кезінде бірнеше есептік қатар орнатады. Жалпы жағдайда тарту есебінен табатын жатқызу нүктесіндегі кедергі күші үш құрастырушыны түрінде болады. Ары қарай келтірілген құрастырушы кедергі күштер белгілі. Автогрейдерге әсер ететін күштер жүйесін талдай отырып (сурет.179, [3], парақ.271), келесіні белгілеуге болады. Рх Ру Рz құрастырушы күштері белгілі жүктеме болып табылады, сондай-ақ осы күштің келтірілген нүктесі белгілі. Сонымен қатар автогрейдердің салмағы G және оның келтірілген нүктесімен автогрейдердің ауырлық центріне келтірілген Рj, инерция күші белгілі. Белгісіз болатындар автогрейдердің барлық доңғалақтарындағы реакциялар, т.б. 18 жүктеме белгіміз. Қарастырылған жүйе кеңістіктік екенін ескере отырп статиканың 6 теңдеуін жазуға болады. Көрсетілген статика теңдеулерінен басқа құрылымддық және технологиялық шарттарды ескере отырып тағыда бірнеше теңдеулер жазуға болады. Автогрейдердің доңғалақтарындағы бүйірлік, горизонталды реакцияларды анықтау көптеген қиындықтар тудырады. Ол үшін горизоньал жазықтықтағы күштердің әсерін анықтау қажет. Автогрейдердің металқұрылымының есептік сұлбасы 183 суретте ([3], парақ.277) келтірілген. Раманы тізбектей санау ыңғайлы: алдымен вертикалды, одан кейін горизонтал жазықтықта есептеу ыңғайлы. 184 Суретте ([3], парақ. 278) нақты жүктемелердің және вертикал және горизонтал жазықтықта майысушы моменттердің эпюрлерінің сипаты көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]