- •«Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалар пакеті» есеп
- •Мазмұны
- •Арнайы бөлім .......................................................................................... 8
- •VirtualBox бағдарламасын орнату ................................................ 8
- •Linux ож-ін VirtualBox-қа орнату .............................................. 11
- •2. Арнайы бөлім
- •2.1 VirtualBox бағдарламасын орнату
- •2.2 Linux ож-ін VirtualBox-қа орнату
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қорытынды
2. Арнайы бөлім
Жаңа операциялық жүйелер немесе белгілі бір ОЖ-нің дистрибутивін тексеру үшін шынайы компьютерді қолдану әрдайым ыңғайлы емес. Егер сіз осы немесе басқа дистрибутивте не өзгергенін білгіңіз келе немесе сіздің ОЖ-ге сәйкес келмейтін бағдарламаларды іске қосқыңыз келсе, қажетті ОЖ-ні виртуалды машинаға орната аласыз.
Linux ОЖ-ін VirtualBox-қа орнату соншалықты қиын емес және көм білімді қажет етпейді. Бар болғаны қажетті параметрлерді таңдап, қатқыл дискіні дайындап және ОЖ-ні орнату процессінен өту қажет.
2.1 VirtualBox бағдарламасын орнату
1. VirtualBox бағдарламасын жүктеу үшін www.virtualbox.org ресми сайтына өтіңіз:
1-сурет.VirtualBox-тың ресми сайты
2.Windows ОЖ-сіне арналған VirtualBox орнатушысын әкімші ретінде іске қосу керек. Бағдарламалық жасақтаманы орнату басталады. «Next» батырмасын басамыз:
2-сурет.VirtualBox орнатушысының алғашқы беті
3. Осыдан кейін бағдарламаның келесі терезесі іске қосылады. Ондағы ештеңені өзгертпеңіз. «Next» батырмасын басыңыз:
3-сурет.VirtualBox орнатушысының екінші беті
4
.
Әдепкі
бойынша құсбелгілерді қалдырыңыз.
«Next» батырмасын басыңыз:
4-сурет. VirtualBox орнатушысының үшінші беті
5. Осыдан кейін келесі терезе пайда болады. Virtualbox орнатушысы бағдарламаны орнату кезінде жаңа желі қосылымы жасалатыны туралы хабарлайды. Бұл сіздің бастапқы байланысыңыз уақытша өшірулі дегенді білдіреді. «Yes» дегенді нұқыңыз, содан кейін келесі терезеде «Install» басыңыз:
5-сурет. VirtualBox орнатушысының төртінші беті
6. Бағдарлама орнатылғанша күтіңіз. Орнату аяқталғаннан кейін, Virtualbox орнату процесінің сәтті аяқталуы туралы хабарландыру көрсетіледі. «Finish» түймесін басыңыз:
6-сурет. VirtualBox орнатушысының орнатудың аяқталуы туралы хабарламасы
2.2 Linux ож-ін VirtualBox-қа орнату
1. Linux-ты VirtualBox-қа орнату үшін бірнеше нәрсе қажет:
Linux ОЖ диск бейнесі - қандай дистрибутивті орнататыныңызды біліп алу қажет және сол дистрибутивтің диск бейнесін ресми сайтынан жүктеңіз, мысалы, Ubuntu немесе Mint. Сондай-ақ, диск бейнесінің архитектурасына назар аудару керек, егер сіздің негізгі ОЖ-із 64-биттік болса, онда 64 биттік диск бейнесін жүктей керек.
Орнатылған виртуалды машина – VirtualBox, бұл Linux-та ғана емес сонымен қатар Windows және MacOs ОЖ-лерінде жұмыс істей алатын кроссплотформалық бағдарлама. Сондықтан Linux-ты кез-келген ОЖ-да іске қоса аласыз. VirtualBox-тың орнату бағдарламасын, бағдарламаның ресми сайтынан жүктеуге болады.
Аппараттық вируталандыруды қолдайтын компьютер – әрине, виртуалды машинаны аппараттық виртуализациясыз-ақ іске қосуға болады, бірақ ол бірнеше есе ақырын жұмыс істейді. Көптеген заманауи процессорлар AMD-V немесе Intel-VT-X-ті қолдайды. BIOS-те осы мүмкіндікті қосу мүмкіндігін қарастырыңыз.
2.
Егер
сізде осылардың барлығы қолдаса, онда
біз виртуалды машинаны жасауды
бастай аламыз. VirtualBox-ты іске қосып,
«Создать» батырмасын басыңыз:
7-сурет VirtualBox-тың басты беті
3.
Бірінші
терезде жаңа виртуалды машинаңыздың
атын енгізіңіз, түрін (Linux) және дитрибутивті
таңдаңыз, мысалы, Ubuntu:
8-сурет. Жаңа виртуалды машинаны жасау беті
4.
Келесі
қадам – сіздің құрылғыңызға арналған
RAM
мөлшерін таңдау керек, бірақ VirtualBox сіз
пайдаланылатын құрылғыға байланысты
жады көлемін ұсынады. Қазіргі таңдағы
дистрибутивтер үшін 1024 Мб немесе одан
да аз жады жетеді.
9-сурет.RAM мөлшерін таңдау
Одан кейін, жүйені орнату үшін қатқыл диск жасау керек, дисктің көлемі операциялық жүйеге байланысты, бірақ сіз динамикалық дискті таңдайтындықтан 10 Гб жады жеткілікті.
Алдымен
«Создать новый виртуальный жесткий
диск» тармағын таңдаңыз.
10-сурет. Қатқыл диск жасау
Сосын
дисктің түрін таңдаңыз, Виртуалды
машиналар үшін ең көп таралған VDI
түріндегі диск болып табылады:
11-сурет. Диск түрін таңдау
6. Содан кейін диктің жадысын және соған арналған файлдың атын енгізіңіз:
12-сурет.Диск аты мен жадысын белгілеу
7.
Виртуалды
машина дайын болып қалды, бірақ әлі
кейбір нәрселерін конфигурациялау
қажет. Әдепкі бойынша, VirtualBox машиналарға
арналған 16 мегабайт видеожады бөледі,
бірақ бұл қазіргі бізге қажет дистрибуив
үшін өте аз,сондықтан «Настройки»
түймесін басып, «Дисплей» қойындысында
бейнежадыны 128 мегабайтқа орнатыңыз.
Сонымен қатар 3D үдеткішін іске қосыңыз:
13-сурет.Виртуалды машинаның параметрлерін жөндеу
8
.
«Жүйе»
бөлімндегі «Материнкая плата» қойындысында
сіз «ICH9» чипсетін таңдауыңыз керек,
Linux онымен жақсы жұмыс істейді,сондай-ақ,
UTC белгісін белгілеңіз:
14-сурет. Виртуалды машина параметрлерін жөндеу
«Процессор» қойындысында «PAE / NX» белгісін белгілеп, көп процессор таңдамаңыз, бір ядро жеткілікті болады. «Ускорение» бөлімінде барлық құсбелгілерді белгілеңіз жіне сіздің гипервизорыңызды таңдаңыз, Linux-та KVM-ді қолданған жөн:
15-сурет. Виртуалды машина параметрлерін жөндеу
9.
Содан
кейін виртуалды машинаны іске қосыңыз:
16-сурет. Виртуалды машинаны іске қосу
10.
Алғашқы
қосу кезінде орнату орындалатын орнату
медиасын таңдау ұсынылады, ол нақты
CD-диск немесе жай файлдық жүйеде бейнесі
болуы мүмкін:
17-сурет. Диск бейнесін таңдау
11. Содан кейін виртуалды машина мен таңдалған ОЖ іске қосылады:
18-сурет. Linux Mint ОЖ-нің жұмыс үстелі
