Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нургул.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

3 Бала агрессиясының өзгелерге әсері және оның жойылуы

3.1 Бала агрессиясының алдын . Алу және оны жою 3.2 Агрессияның өзгеге бағытталуы

Ең алдымен балалар агрессиясының себептеріне талдау жасап көрелік. Мұның үш негізгі көзі болуы мүмкін.  біріншіден, бала өсіп келе жатқан отбасының өзі агрессивті мінез-құлыққа бейім болуы және осындай көріністі бала санасында берік орнықтыруы мүмкін. Кейбір ата-аналар екіжүзділікке бейім болады, сөз жүзінде олар балаларында агрессияның байқалуына қарсы, оларды қайырымды әрі тыныш етіп тәрбиелегісі келеді, сонымен бірге олар баласының төбелеске қорықпай кірісіп кету немесе басқа да жымысқы жолдармен мәжбүрлеу арқылы құрдастарымен арасындағы проблемасын өзі шешуге тырысқан балаларына сүйсініс танытады. Екіншіден, балалар агрессияшыл мінез-құлыққа құрдастарымен қарым-қатынасы барысында үйренуі мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы балалардың көпшілігі үшін күш басымдығына табыну үлкен орын алады, әсіресе ұлдар балалар қоғамдастығында демократиялық деп атауға келмейтін қасиетке ие болуды армандайды. Демек, кім күшті болса, ол бәрін де жасай алады – балабақша сәбилерін бақылағанда көруге болатын принцип осындай. Үшіншіден, агрессиялылыққа үйрететін үлгі шынайы адамдар емес, шығармашылық туындылары да болуы мүмкін. Теледидар, монитор экрандары мен кітап беттеріндегі агрессия мен зорлық-зомбылық кішкентай көрермендерде кез келген уақытта құрылымсыз, қатал, бірақ жанжалды шешудің өте тиімді тәсіліне бой ұруға жетелейтіні күмәнсіз нәрсе. Сондықтан да балаңыздың не көріп, не оқып, қалай ойнайтынына назар аударған артық болмайды.

«Кактус» жобалық тесті Тест агрессияның бар-жоғын және баланың типологиясын: экстраверт немесе интровер екенін анықтайды. Балаға кактус суретін салуға ұсыныс жасалады, жұмысын аяқтаған балаға педагог төмендегідей сұрақтар қояды: –   Бұл үйде өсетін кактус па, әлде жабайы ма? –   Оның тікенектері қатты қадала ма? Оған қол тигізуге бола ма? –   Кактуске күтім жасаған: су құйып, тыңайтып отырған ұнай ма? –   Ол жалғыз өсіп тұр ма, әлде қасында көршілері бар ма? –   Кактус өскен кезде қалай өзгереді? Тест түсіндірмесі Суреттің орналасуы Сипаттама Парақтың жоғарғы жағында  Өзін-өзі бағалауы жоғары. Парақтың ортасында Эгоцентризм, лидер болуға ұмтылыс. Парақтың төменгі жағында, сурет өте кішкентай, сызықтары бәсең, үзік-үзік Өзін-өзі бағалауы төмен. Өзіне көңілі толмайды. Сенімсіздік, ынжықтық, алға ұмтылыс байқалмайды. Оң жақта Келешекке үміт арту. Әрекетке даярлық, бірнәрсені жоспарлайды, оны жүзеге асырады; мінез-құлқын бақылай алады. Сол жақ жоғары бөлікте Артқа жалтақтауы немесе қиялға бой ұруы басым. Сызықтар үзік-үзік, қарындашты қатты басу Импульсивтілік Зигзаги внутри Кактустың ішін ирек сызықпен толтыру, формасы құрылымды  Сақтық Қара түстер, өшіргішті жиі қолдану  Мазасыздану Жарқын түстері мол, көңілді кактус Оптимизм Бөлектер көптігі  Жігерлілік Инелерін салу Агрессиялылық. Инелер неғұрлым үшкір болған сайын, оның деңгейі жоғары. Гүл ыдысын салу Отбасынан қорғаныс іздеу, отбасылық ынтымақтастық сезімі бар. Жабайы, шөлде өсіп тұрған кактус Жалғыздық сезінуі. Сызықтары оңнан солға қарай жүргізілген бір кактус Интроверт – « ішкі әлеміне бағытталған». Өзінің ішкі уайымына берілгіш, жұғысқыш емес, үндемес, сабырлы, ұялшақ, өзін-өзі сынауға бейім. Ұстамды, жақын достарынан басқалардан аулақ жүреді. Өз әрекеттерін алдын ала ойластырып алады, асығыс әсерге сенбейді, шешім қабылдауға мұқият қарайды, қай жерде де тәртіп болуын жақтайды. Жұртпен араласқаннан гөрі кітап оқығанды, құрал-жабдықтарымен, жинақтамаларымен айналысқанды ұнатады, қуанышы мен қайғысын өзгелермен бөліспейді, өз іштей ғана уайымдайды. Сезіміне бақылау жасайды, адамгершілік нормаларын жоғарыф бағалайды, өз сенімін өзгертуге құлықсыз, онымен дауласу мүмкін емес, тәуекелге барғысы келмейді. Алаңы көп. Темперамент типі: флегматик, меланхолик. Суретте басқа да кактустердің немесе гүлдердің болуы. Сызықтары өзінен ары қарай Экстраверт – «ашық-жарқын адам». Адамның санасы мен зейіні айналасында болып жатқандарға бағытталған. Жұртпен оңай тіл табысады, таныстары өте көп. Сөйлесетін адам болмаса, іші пысып, зеріге бастайды. Ол әуесқой, айналасындағыларға көп көңіл аударады, жұрттың көзіне түскенді жақсы көреді. Ойын ірікпей айтады, соңғы сәнді іліп әкетеді, өзіне көңіл аудару үшін тіпті қолайсыз қылықтарға баруға да даяр. Бір сәттің ықпалында кетуге даяр, шырт етпе. Уайымсыз, оптимист, қайырымды әрі көңілді: қозғалысты тәуір көреді, предпочитает движение, имеет тенденцию к агрессияға бейім, тәуекелді қылықтарға барады, лидер болуға ұмтылады. Сезімдері мен эмоцияларына бақылау жасай бермейді.

Агрессия деңгейін қалай азайтуға немесе жоюға болады? Спорт секциялары. Қызығушылықтары бойынша үйірмелер. Жеке басының тұрақтылығына арналған тренингтер. Жанжал сауаттылығына арналған тренингтер.  Релаксацияға және тыныс алу жаттығуларын орындауға арналған тренингтер. Терең тыныс алу және тыныс шығару – ашу, уайым, қорқыныш жағдайын реттеуге өте тиімді нәрсе. Алдын алуға арналған сұхбаттар. Сұхбаттың мақсаты – қажетсіз оқиғаның орын алуына жол бермеу. Агрессивті мінез-құлықтың салдары қандай болатынын нақты мысал арқылы көрсету. Мысалы, балалар үйінде тәрбиеленуші қыз мектепте бір ұл баланы жекпе-жекке шақырып, ақыры көзінен айырылып тынған.  Әдептілік тәртібі үлгісіне баулу. Жағымсыз энергиядан арылу әдістер мен тәсілдеріне үйрету. Сынып жетекшісі бойға жиналған агрессиядан арылу әдістерін көрсетуі тиіс. Мысалы, табиғат аясына шығып, бар дауыспен айғайлауға болады. Жапон компанияларында адамдар жансыз заттарға ұрысу, ұру арқылы ашуын сыртқа шығарып алатын арнайы бөлмелер болады. Педагогтің мінез-құлқы. Агрессивті баламен сөйлескен кезде сынып жетекшісі сабырлы, салмақты, жұмсақ, төзімді болып, сыртқы түрімен қамқоршысының жан дүниесін түсінетінін байқатуы тиіс. Баланың тек жақсы жақтарын ғана көріп, оған сенім білдіру. Бала егер өзін осы тұрған бойында жақсы көріп, қадірлейтінін білсе, өзін ұстамды, қолға ала білетін жан ретінде көргісі келетінін түсінсе, мінез-құлқын өзгертеді. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер баланың егер педагог оны жақсы адам ретінде бағалайтынын түсінген жағдайда өзгеретінін көрсетеді, мұндай кезде ол дамуының жоғары сатысына ұмтылатын болады. Жауапкершілік жүктеу. Өзіне тапсырылған жауапты істі орындай жүре, бала шығармашылықпен айналысады, ал бұл кезде жаман ойлар мен істерден аулақ жүретін болады. Ерік-жігерін қалыптастыру. Ақырында, агрессивтіліктің жағымсыз көріністерімен күресте негізгі фактор болып табылатын нәрсе: сынып жетекшісі, ата-ана мен бала арасында үйлесімді қарым-қатынас орнату – баланың салауатты эмоциялық дамуының басты шарты.