Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
К-4 казахскии.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3 Тапсырманы орындау нұсқаулары

Кинематикалық сипаттамалары анықталатын, қозғалысы зерттелетін механизмнің берілген орнын суретке түсіру керек. Көп үзбелі жазық механизмнің есептерін шығару үшін төмендегі ретпен орындауды ұсынамыз.

1. Берілген механизмге кіретін денелердің (үзбелердің) санын анықтап, олардың әрқайсысының қозғалыс түрлерін көрсетіңіз.

2. Қозғалысы берілген денені (қозғаушы үзбе) қарастырып, оның есептің шартында көрсетілген барлық шамаларын анықтау керек, сосын осы дененің келесі денемен байланысқан нүктесінің жылдамдығын анықтау керек.

3. Бірінші денемен ортақ нүктесі бар келесі дененің лездік жылдамдық центрінің (ЛЖЦ) орнын, дененің лездік бұрыштық жылдамдығын және1 – кестеде көрсетілген нүктенің жылдамдығын анықтау керек.

4. Берілген механизмнің біртіндеп барлық денелерін қарастырып, еңалдымен лездік бұрыштық жылдамдықтарды және кестеде көрсетілген денелердің нүктелерінің жылдамдықтарын анықтау керек.

5. Осы ретке сәйкес 1-ші кестеде көрсетілген денелердің лездік бұрыштық үдеулерін және нүктелердің үдеулерін анықтау керек.

4 Қажетті теориялық мағлұмат

Егер қатты дененің барлық нүктелері қозғалмайтын жазықтыққа параллель орналасқан жазықтықтарда қозғалса, мұндай қозғалысты қатты дененің жазық (жазық-параллель) қозғалысы деп атайды. Қатты дененің жазық-параллель қозғалысын зерттеу үшін, денені қозғалмайтын жазықтыққа параллель жазықтықпен қиып өткенде пайда болатын қимасының яғни жазық фигураның қозғалысын қарастырған жеткілікті.

Жазық фигураның кез-келген қозғалысын екі қозғалысқа жіктеуге болады: полюс деп аталатын нүктемен бірге қозғалатын ілгерілемелі және осы полюс арқылы өтетін қозғалыс жазықтығына перпендикуляр орналасқан өске қатысты айналмалы қозғалыстарға. Ілгерілемелі қозғалыстың сипаттамалары таңдалынатын полюстің орнына тәуелді, ал айналмалы қозғалыс оған тәуелсіз болады. Қозғалмайтын координата жүйесіндегі жазық фигураның қозғалыс заңдары төмендегідей жазылады

,

мұндағы - полюстің координаталары, - қозғалатын өстердің қозғалмайтын өстерге қатысты айналу бұрышы.

Жазық фигураның кез-келген нүктесінің жылдамдығы полюстің жылдамдығы мен осы нүктенің полюс арқылы өтетін өске қатысты айналмалы қозғалыстағы жылдамдығының векторлық қосындысына тең (31- сурет)

,

мұндағы - О полюсының жылдамдығы, ал - А нүктесінің полюске қатысты айналмалы қозғалысындағы жылдамдығы

а .

Екі нүктенің жылдамдықтарының проекциялары туралы теорема: екі нүкте жылдамдықтарының осы нүктелерді қосатын түзуге проекциялары өзара тең, яғни (31 - сурет) немесе

.

Жазық фигураның ілгерілемелі емес қозғалысында әрбір уақыт кезеңінде дененің, немесе денемен бірге байланысқан, жылдамдығы нөлге тең нүктесі болады. Осы нүктені лездік жылдамдық центрі (ЛЖЦ) деп атайды. Оны Р – мен белгілеп, полюс деп аламыз:

,

жәнеде .

Жазық фигураның кез-келген екі А және В нүктелерінің үдеулерінің арасындағы байланыс төмендегі қатынаспен беріледі (32 - сурет).

,

мұндағы

,

-ның векторы АВ түзуінің бойымен В-дан А-ға қарай бағытталады

,

- ның векторы АВ-ға перпендикуляр жазық фигураның бұрыштық үдеуімен бағыттас болады.