Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_11_17.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

I. Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (жфсж)

NYHA (Кардиологтардың Нью-Йорктік Ассоциациясы) бойынша ЖФСЖ жіктемесі:

Класс 1. Физикалық жүктемелерге жəне өмір спасына əсер етуге шектеу жоқ.

Класс 2. Физикалық шектеулерге əлсіз шектеулер жəне демалу уақытында ыңғайсыздықтардың толық болмауы.

Класс 3. Жұмысқа қабілеттіліктің сезімді төмендеуі, симптомдар демалу кезінде жоғалады.

Класс 4. Жұмысқа қабілеттіліктің толық немесе жартылай жоғалуы, жүрек функциясының жеткіліксіздік симптомы жəне көкіректегі ауырсыну жүріс кезінде де білінеді.

Қауіп-қатерлі факторлар

Қауіп-қетерлі факторлар: - спецификалық емес этиологиясы белгісіз кардиомиопатияларда спецификалық қауіп-қатерлі факторлар жоқ; - екіншілік кардиомиопатияларда – негізгі аурулардың даму қаупі, мысалы, ишемиялық кардомиопатияларда – ЖИА қауіп-қатер факторы; - алкогольді кардиомиопатияларда – алкогольді көп пайдалану.

Диагностика

Диагностикалық критерийлер – жүректі ультрадыбыстық зерттеу кезінде анықталатын, миокард дисфункциясының болуы (систолалық жəне/немесе диастолалық).

Кардиомиопатияның клиникалық көріністері анықталады:

1. Жүрек функциясы жеткіліксіздігінің симптомокоплексімен.

2. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігі бұзылуларының болуымен.

3. Тромбоэмболиялық асқынулармен.

4. Спецификалық кардиомиопатия кезінде негізгі аурулардың болуымен.  I.   Жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (ЖФСЖ)  Шағымдар мен анамнез  

Систолалық жəне диастолалық ЖФЖ, аралас форма.   Систолалық ЖФЖ - ЖФЖ симптомдарының пайда болуы жүректің жиырылғыштық қабілетінің төқмендеуімен бірге жүреді.

Диастолалық ЖФЖ - ЖФЖ симптомокомплексі жүректің диастолалық дисфункциясы жəне нормосистолалық функциясымен бірге жүреді.

Жүрек дисфункциясы - қайтымды – тек жүктеме кезінде пайда болады, тыныштықта жоқ, мысалы коронарлық жеткіліксіздік белгісі ретінде.

Асимптомды ЖФЖ - тыныштықта жүректің дисфункциясы бар, жоғары өлімшілдікпен көрініс табады.  

Диастолалық дисфункция жəне сақталған систолалық функция:

1. Диастолалық жүрек жеткіліксіздігі жүрек функциясының жеткіліксіздігі симптомдары кезінде жəне тыныштықтағы сақталған систолалық функциялар кезінде (ФВ ЛЖ≥45-50%).

2. Диастолалық дисфункция жас науқсатарда сирек кездеседі, бірақ егде жастағыларда жиілейді, əсіресе систолалық гипертония жəне фиброз қосылған миокард гипертрофиясы бар əйелдерде жүрек дисфункциясының себебі болып табылады.

 

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі диагнозының критерилері:

1. Жүрек функциясы жеткіліксіздігінің симптомдары жəне/немесе клиникалық белгілері (тыныштықта немесе жүктеме кезінде).

2. Жүрек (тыныштықта) дисфункциясының (систолалық жəне/немесе диастолалық) объективті (инструменталдық деректер, мейлінше эхокардиография) белгілерінің болуы.

3. ЖФСЖ терапияға оң жауап.  

1 ЖƏНЕ 2 КРИТЕРИЛЕРДІҢ БОЛУЫ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА МІНДЕТТІ.  

Физикалдық тексерулер

Сол жəне оң қарыншалар дилатациясының белгілері:

Перкуссия кезінде жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жəне оң шекаралары кеңейеді, аускультация кезінде – үстінде жəне қылыш тəрізді өсіндінің астында систолалық, систоладиастолалық шу (митральді жəне трикуспидальді клапан проэкциясының облысында, салыстырмалы жеткіліксіздіктің даму есебінен), галоп ритмі, тахикардия (>90-100 соққы/мин).  Кіші қанайналым шеңбері бойынша жеткіліксіздік белгілері (өкпелік гипертензия белгілері): төстің оң жағында 2 тонға акцент, екі жақта да өкпенің төменгі бөлігінде дымқыл ұсақ көпіршікті сырылдар.

Үлкен қанайналым шеңбері бойынша жеткіліксіздік белгілері: ісінген жармалық веналар, бауырдың ұлғаюы - пальпация жəне перкуссия кезінде төменгі шеті қабырға доғасынан шығып тұрады; асцит белгілері; пастоздық немесе аяқтағы ісінулер.  

Инструменталдық зерттеулер  Жүрек зақымдануының объективті деректері:

- ЭКГ; - рентген;

- эхокардиография; - доплер - ЭхоКГ.  Эхокардиография: жүрек дисфункциясын құжаттау үшін əдіс болып табылады, басты диагностикалық міндетті шешуге жол береді – дисфункция жəне оның мінезін анықтау, сонымен қатар жүрек жəне гемодинамиканың жағдайына динамикалық баға беруді жүргізу. Диастолалық дисфункция: сол қарынша патологиялық релаксациясын кəландыру, диастолалық созылу мен диастолалық қаттылық.  Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі  ЖФСЖ негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

- милық натрийуреттік пептид – қан анализі;

- ЭКГ;

- түсті доплерографиямен эхокардиография;

- кеуде клеткалары ағзаларын рентгенологиялық зерттеу;

- 6 минут бойы жүру тесті;

- спирометрия;

- ЭКГ тəуліктік (холтерлік) мониторингі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]