Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мнайды физикалы жне химиялы асиеттері курсты Ж.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.4 Ұлттық сараптау орталығы туралы жалпы мәлімет

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының тарихы 1928 жылдан басталады, сол жылы Орал қаласында қызмет саласы шектелген Саратов өлшемдер және таразылар палатысының бөлімшесі құрылды - өлшем құралдарының жағдайын қадағалау және салыстырып тексеру қызметін жүргізді. Сол уақыттан бастап филиал қарқынды дами отыра,келесі кезеңдерге бөлінді:

1966 жылы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік сараптау және өлшеу техникасының пайда болуы деп аталды.

1993 жылы - сынау зертхананың пайда болуы азықтық және ауыл шаруашылық иеліктерінің өнімінің сапасын игеру болды.

1995 жылы - жаралған сертификациялық сынақ орталық электромагнитті үйлесімділікке және оның аккредитациясының Қазақстан республикасының сертификаттауының мемлекеттік жүйесінде .

1996 жылы - Батыс Қазақстан мемлекеттік кәсіпорын "орталық стандарттау, метрология және сертификаттау" деп енгізілді.

1999 жылы - бұрынғы атауын сақтап қалды.

2000 жылы - «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы деп атала бастады.

Қазіргі таңда филиал метрология, сынаулар, өнімнің, қызметтердің және менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау, автокөлік құралдарының техникалық байқауын өткізу бойынша қызметтерді көрсететін Қазақстанның батысындағы жетекші кәсіпорын болып табылады. Еңбек жағдайлары бойынша өндіріс объектілеріне аттестаттау, ғимараттарды тепловизиялық бақылау және кәсіпорындардың қызметтерін ақпараттық қостау бойынша жұмыстарды орындайды.

Қазіргі уақытта филиалдың ұйымдастырушылық құрылымына төрт бөлім кіреді – метрология бөлімі, сынау бөлімі, өнім және қызметтер сәйкестігін растау бөлімі, менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау және маркетинг бөлімі, әкімшілік басқару аппараты, бухгалтерлік-экономикалық қызмет және қосымша қызметкерлер.

Ашық және адал қарым-қатынасқа негізделген, өзара тиімді серіктестік принциптерінде жұмыс жасайтын, тұрақты дамуға және үздіксіз жетілуге бейімделген, жаңаны қабылдағыш, дамушы ұйым.

Мекеме мүмкіндіктері:

Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау

Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау өнім мен қызметтердің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін замануи кәсіпорынның дамуының қажетті кезеңі болып табылады. Сапа, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік, еңбекті қорғау және жұмыс орнындағы қауіпсіздік – бұл адал менеджерлерді ойландыратын құндылықтар.

Филиал менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша жетекші орган болып табылады.

Жоғары білікті сарапшы-аудиторлар мыналарға бағалауды өткізеді:

  • Сапа менеджментінің жүйелері (ISO 9001);

  • Экологиялық менеджмент жүйелері (ISO 14001);

  • Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйелері (OHSAS 18001);

  • Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері (ISO 22000 (НАССР));

  • Әлеуметтік жауапкершілік менеджментінің жүйелері (SA 8000);

  • Қаржылық емес есептілік.

Менеджмент жүйелерін енгізу - компанияның тұрақтылығын басқарудың маңызды бағыты. 2008 жылдың қараша айынан бастап филиалда ISO 9001:2008 негізінде сапа менеджменті жүйесі, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007 негізінде экологиялық менеджмент және кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелері енгізілді.

Менеджмент жүйелерін енгізу мақсаттары:

- блоктар бойынша басқару жүйелерінің басты элементтерін стандарттау: қызметтердің сапасы, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті және кәсіби денсаулықты қорғау;

- табиғатты қорғауды жүзеге асыру шегінде қоршаған ортаға әсерді азайту;

- филиалдың және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерінің денсаулығына және қауіпсіздігіне жағымсыз әсер тәуекелділіктерін азайту.

Филиал еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестаттауды өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізіміне кіргізілген, және санитарлық-гигиеналық, санитарлық-химиялық зертханалық зерттеулерді, шуыл, діріл, электромагниттік өрістердің және басқа да физикалық факторлардың өлшемдерін жүзеге асырады, өндірістік ортаның факторларын бағалау және жұмыс орындарын аттестаттауды өткізеді.

Қажетті замануи жабдықпен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етілген, ол автомобильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасап, автокөліктің техникалық байқауын сапалы түрде және қысқа мерзімдерде өткізуге мүмкіндік береді. Техникалық байқау өтінімдер бойынша көліктің орналасқан жерінде өткізілуі мүмкін.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайының мониторингі шаруашылық жүргізіп жатқан субьектілердің әсерінің өлшемдерін бағалау және болжамдау үшін қоршаған ортаның жағдайын қадағалау мақсатында өткізіледі.

Мына параметрлердің өлшемдерін өткізу құқығына аккредиттелген:

- өнеркәсіптік шығарындылардың (газ қазандық қондырғыларындағы газ ағындарының параметрлерін анықтау және шығып жатқан газдардағы ластағыш заттардың концентрацияларын өлшеу);

- атмосфералық ауаның (санитарлық-қорғалған аумақтағы ластағыш заттардың концентрациясын анықтау);

- ағынды сулардың.