Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TARIKh_BILET_osnov.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385 Кб
Скачать
☆

57) Қазақстан 2030

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.[1]

58) Әлеуметтік-экономикалық дамуы Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы Соңғы 20 жылда Қазақстандағы демографиялық ахуал түбегейлі өзгерді. 1992 жылы басталған халық санының төмендеу үрдісі 2002 жылы аяқталды. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында халық саны 1,6 миллион адамға төмендеді, бұл ең бірінші халықтың кейбір бөлігінің өздерінің тарихи отандарына оралуына, өтпелі кезеңде өлім-жітімнің көп болуы және туудың төмен деңгейіне байланысты болды. 2002 жылдан бастап халық саны өсімнің тұрақты үрдісіне ие болды, ең бірінші табиғи өсім есебінен, 2004 жылдан бастап көші-қон өсіміне байланысты қалыптасты. Қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдарында еліміздің халық саны жалпы 427 мың адамға немесе 2,6%-ға артты.Тәуелсіздік жылдарында елімізде 6 миллионнан астам адам дүниеге келді және табиғи өсім 3 миллионға жуық болды. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы 8 жылында, 1999 жылы 1000 адамға 14,6 адамға дейін тууы төмендеді, одан кейін оның бірте-бірте артуы байқалды. 2012 жылғы 10 айда туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,1-ді құрды. 1995-1996 жылдары өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға 10,7 деген ең жоғарғы шегіне жетті. 1997 жылдан бастап өлім-жітім бірте-бірте төмендеп, ағымдағы жылдың 10 айында өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,6 болып төмендеді. 1992-2012 жылдардағы халықтың күтілетін өмір ұзақтығы (КӨҰ) 67,4-ден 69,6-ға артты. 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін КӨҰ 67,4-тен 63,5-ке дейін төмендеді, бұдан кейін оның арту үрдісі байқалды, 2012 жылы ол алдын ала бағалау бойынша 69,6 жасты құрады, оның ішінде ерлерде – 64,8 жас, әйелдерде – 74,3 жас. 1995 жылмен салыстырғанда өмірдің орташа күтілетін ұзақтығы көрсеткіші едәуір ұлғайғаны байқалды, ерлерде – 6,8 жасқа, әйелдерде – 4,9 жасқа, бұл кезде осы көрсеткіштің гендерлік белгісі бойынша айырмасы 1995 жылдағы 11,4 жастан 2012 жылдағы 9,5 жасқа дейін қысқарды. Кедейлік деңгейі 1996 жылдан бастап 9 есе төмендеді және 2012 жылғы 3 тоқсанда 4% құрады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 199 жылдағы 128 теңгеден (24 АҚШ доллары) 2012 жылғы қаңтар-қазандағы 99118 теңгеге дейін (666 АҚШ доллары) өсті. Еліміздің 15 жас және одан үлкен экономикалық белсенді халықтың саны 1,1 млн. адамға артып, 2012 жылғы қарашада бағалау бойынша 8,9 млн. адамды құрды. Жұмыссыздық деңгейі 2 есе дерлік төмендеді және 2012 жылғы қарашада бағалау бойынша экономикалық белсенді халықтың санынан 5,3%-ды құрды. 2012 жылғы қаңтар-қарашада ЖІӨ болжамалы бағалау бойынша нақты көріністе 5% артты. 2012 жылғы ЖІӨ деңгейі нақты көріністе 1991 жылғы ЖІӨ деңгейінен 2 есе дерлік артық, немесе 95%. Болжамалы бағалау бойынша 2012 жылғы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 мың АҚШ долларынан асып түседі. Тәуелсіздік жылдарындағы инвестициялық қызметте оң серпін байқалады. ҚР Ұлттық Банкі деректері бойынша тікелей шетел инвестицияларының жалпы ағымы 1993 жылдан бастап 2012 жылғы жартыжылдықтағы кезеңге дейін 159 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. 1991 жылдан бастап 2012 жылғы қаңтар-қарашаға дейін негізгі капиталға салынған инвестицияларға қаражат салымдары 38,7 трлн. теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестициялардың ағылуы қолайлы инвестициялық климаттың құрылуымен байланысты және экономикалық өсімнің негізі болып табылады. Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты өсуін қамтамасыз етті. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар соңғы он жылда 10 есеге дерлік ұлғайды. Жалпы құрылыста орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпіні байқалады, ол 2011 жылы 2 трлн. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2011 жылы 1991 жылғы деңгейге қарағанда 17,5% жоғары, ал 2012 жылдың соңғы 11 айында ол нақты көріністе тағы 2,5% артты. Тәуелсіздік жылдарында республикада (2012 жылғы 11 айдың есебімен) 82,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 40,5 млн. шаршы метрі жеке салушылармен, 801,3 мың пәтер тұрғызылды. 2011 жылы 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 1991 жылмен салыстырғанда 6,5% артық, оның ішінде халықпен – 3,6 млн. шаршы метр, бұл 1991 жылғы көрсеткіштен 3 есе артық, 2012 жылғы 11 айда 5,7 млн. шаршы метр іске қосылды, халықпен – 3 млн. шаршы метрге жуық. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасындағы жыл сайынғы өнеркәсіп өнімінің өндірісі нақты көріністе 24% артты. Отандық машина шығаруда өндіріс 2,2 есе артты, мысалы, 2012 жылғы қаңтар-қарашада 58 дизелді локомотив, 16280 жеңіл автомобиль және 521 астық жинайтын комбайн шығарылды. Химия өнеркәсібінде 2012 жылғы қаңтар-қарашада 30,3 мың тонна пропилен полимерлері, 147,9 мың тонна азотты және калийлі тыңайтқыштар, 78,9 мың тонна фосфор, 1539 мың тонна күкірт қышқылы, 53,1 мың тонна натрий үшфосфаты, 8,1 тонна фторид сутегі өндірілді. Қазақстан 20 жылдың ішінде әлемдік экономикаға терең интеграцияланды. Қазіргі уақытта республика іс жүзінде әлемнің барлық елдерімен сауда-саттық жүргізеді, барлық континенттердегі 212 мемлекет және аумақтар Қазақстанның сауда серіктесі болып табылады. Сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 1995 жылғы 9,1 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылы 125,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 2012 жылғы қаңтар-қазандағы сыртқы сауда тауар айналымы 113,6 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылғы сәйкес кезеңнен 11,6% артық.

59) Қаз-да компартиялық жүйенің қалыптасуы. XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен Қазакстанның 5 облысының “делегаттар съезі” шакырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, уақытша үкімет болсын 1917 жыддың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа “Алаш” партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы “Қазақ” газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.

Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттықавтономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды. 1917 жылы 21 қазанда “Қазақ” газетінде “Алаш” партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халыктың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен казы жергілікті халыктың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар. 1917 жылы желтоқсан айыныңбас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметгің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қара-шада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, “Алаш” партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

“Алаш” партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны “буржуазиялық-ұлтшыл” партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозы-баев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялықпартия деп санайды. Шынында да, алаштыктар капитализмді құру немесе тек таза үлттық мемлекетгі орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары кслді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.

“Алаш” теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда “Үш жүз” деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, “Алаш” партиясының басты оппоненті болды. 1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды. Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қал-дырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып “орталықтың” отаршыл саясаты мен әкімшіл-әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттык жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің қазак халкын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыккан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген “Желтоқсан” қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990 ж. мамырда) соның негізінде осы аттас партия құрылды.

Республиканың саяси өмірінде “Қазақ ССР-індегі қоғамдык бірлестіктер туралы” заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.

Республикадағы алғашқы коғамдық-саяси құрылымдар Қоммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды. Егер Республика аумағында белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламаларына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар:

Ұлттық-демократиялық “Желтоқсан” партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылғы мамырда “Әділет”, “Азамат”, “Жерұйық”, “Кәусар бұлақ”, “Форум” сияқты қоғамдық ұйымдардың бастамасымен құрылтай съезі шақырылды. Соңда “Желтоқсан” қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация қабылданды.

Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары құрбаңдарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркендеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген.

Қазакстанның республикалық “Азат” партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық “Азат” қозғалысының құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйекте “Азат” қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық “Азат” партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.

Logotip_partii_AdiletЖалпы алғанда ұлттық-демократиялық “Желтоқсан” партиясы, Қазақстанның республикалық “Азат” партиясы, “ Алаш” ұлт-бостандық партиялары ұлттық және ұлттық-демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс-әрекеттеріне қай-мықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.

Қазақстанның социал-демократиялык партиясы. 1990 жылғы 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметгік реформаларды жүзеге асыру және т.б. мақсатгарды көздейді.

Logo_NDPKazahҚазакстанның социалистік партиясы. 1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезек-тен тыс (төтенше) съезі өтіп, оның мүшелері өзін-өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізівде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялық мақсатгарды қояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетгі, билікгің белінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардыңтевдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында — қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада — халықтың осал жігін — аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. Өздерін Коммунистік партияның мирасқорымыз деп санайды.

“Қазақстанның Халық конгресі” партиясы 1991 жылғы 5 қазан-да өткен құрылтай съезінде құрылды. Өзін центристік либералдық-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және 2 Палаталық Парламентгі түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарықтық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті қамтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.

“Қазақстанның Халық бірлігі” одағы 1993 жылғы 6 ақпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары “номенклатуралық партия”, “ үкімет партиясы” деп атады. Бұл пOsdpартия Президент Н. Ә. Назарбаевтың көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктесгік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қаңтарында болған съезінде одақты партия деп атауға шешім қабыдцанған. 1999 жылы наурыз айында бұл партия “Отан” партиясының құрамына кірді.

2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал-демократиялык “ Ауыл” партиясы, Республиканың саяси “Отан” партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның демократиялық “Ақжол” партиясы, “Асар” республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматгык партиясы, Қазақстанның Демократиялық партиясы, “Руханият” партиясы жәнет.б. жатады.

Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ак жол» партиясы. Оның басшылары — кезінде билік басында қызмет істеген, саяси тәжірибелері бар, кырықтың қыркасына шыккан белгілі азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе саяси-экономикалық реформаларға байланысты өздерінің көзқарастары, тұжырымдамалары бар. Үкіметтің басқан ізін бағып, көбіне сыни пікір айтып отырады. “Акжол Қазақстан”, “Эпоха” сиякты басылымдары бар.

Қазіргі электораты (сайлаушылары) көп, 170 мыңнан астам мүшесі бар Республикалық саяси “Отан” партиясы. Оның дүниеге келіп, қалыптасуына Н. Назарбаев көп күш жұмсады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған болатын. Бірақ Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент ешқандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бүл партиядағы мүшелігін тоқтатты. Бұл партиядағылардың басым көпшілігі -мемлекеттік қьгзметкерлер мен билік басына жақын адамдар. Сондыктан оны билік партиясы деп те атайды. Оның іс-әрекетін жұртшылыққа жеткізіп, үгіт-насихат жүргізетін бұқаралық ақпарат кұралдары, әр түрлі басылымдар мен телеарналар жетіп артылады. Бұл партия кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті дамытуға, елде әлеуметтік-экономикалык жаңғыртуға басты назар аударады.

“Отан” партиясына жақын тұрған — Қазақстанның Азаматтык партиясы. Ол негізінен ірі өндіріс орындарының кызметкерлері мен жұмысшыларына сүйенеді. Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай-ақ оларды шетелдік инвесторлар катты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентте тікелей шетелдік капиталдың мүддесін көздеп, мейлінше, ‘соларға тиімді зандарды кабылдауға ұмтылады.

“ Асар” партиясының бағдарламасына қарағанда ол “оңшыл-дар” (“Отан”, Аграрлық, Азаматтық партиялар) мен “солшыл-дардың” (“Ақ жол”, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның патриоттық партиясы) арасындағы центристік бағытты ұстанбақ. Елімізде болашақта күшті саяси-әлеуметтенген мемлекет орнатпак. Республикамызда өндіріс орындарын ашып, оны шикізат өндіру көзінен құтқармақ. Жерді жекеменшікке беруді дұрыс деп санайды.

Қазақстан Коммунистік партиясын негізінен бұрынғы коммунистер құрайды. Басым көпшілігі — зейнеткерлер. Бұл партия үкіметтің істеген ісін әрдайым сынға алып, оппозициялық сынай білдіреді. Қалған партияларды көпшілік жұрт жөнді біле бермейді. Ғани Қасымов болмаса, олардың бағыт-бағдармаларын оқып, байыбына бара бермейді.

Қазіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма?

Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.

Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол — көптеген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық туралы айту әлі ерте сияқты. Оның себептері қандай? Ең алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттің төмендігі, құқықтық негіздің әлсіздігі. Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, “жоғарғы” жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда өз кандидатурасын ұсыну үшін құрады. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді.

Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уакыттары жоқ. Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы бар.

Қазақстанның Конституциясы елдегі конституциялық кұрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдастыруға тыйым салады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақта-рының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халықаралық ұйымдарының қаржыландыруына рұқсат етілмейді.

Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүдцесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

Билет №60 Қазақстан халықтарының ұлттық және діни құрамы

Халықтың және діни құрамы Қазақстанның халқы — көптеген ұлттардың бірлестігі. Халық сезі көп мағынаны білдіреді (көп халық келді, халық айтады, қазақ халқы, біз Қазақстан халкымыз...).

Сондықтан, ғалымдар этнос, жеке халық (ұлт) түсінігін қолданады. Ал онымен байланыстының бәрін этникалық (ұлттық) деген терминмен атайды (мысалы, этникалық (ұлттық) аумақ). Әрбір ұлттың өз тарихы, тілі, мәдениеті, тарихи отаны болады. Ұлттың бір бөлігі өз елінен басқа жерде тұруы да мүмкін. Оны - диаспора (гр. - «шашылған») деп атайды.

Халықтардың шығу тегін, әркелкі орналасуын, мөдениеті мен тұрмыс жағдайын жеке ғылым - этнография немесе этнология зерттейді.

Халықтың ұлттық (этникалық) құрамы. Өңдеу

1. Халықтың ұлттық (этникалық) құрамы. Қазақстан әлемдегі

көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.

Олар:

1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;

2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы

(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);

3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, корейлер, гректер).

Қазақтар - елдің байырғы тұрғындары және мемлекетті қалыптастырушы этнос, ал қалған халықтардың өкілдері Қазақстанға әр түрлі себептермен жәнө белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіп келгендер. Осыған байланысты, республика халқының көп ұлтты (полиэтностық) құрамы - жаппай көші-қонның нәтижесі.

Мемлекетіміздің негізін қалаушы этнос - қазақтар. Екінші орында орыстар. Халқы 100 мыңнан асатын 6 этнос бар. Осы 8 ұлт бірігіп Қазақстан халқының 96%-ын құрайды.

Халықтардың арғы тегін анықтау үшін ғалымдар әр түрлі классификациялар жасайды. Қазақстанда халықтарды тілдік ұқсастықтарына байланысты классификациялау қабылданған. Этнологтар ондай ұқсастықтың олардың шығу тегінің ортақтығын көрсететінін айтады. Сондықтан тілдік классификация (лингвистикалық) этникалық та болып табылады.

Бұл классификация 3 сатыдан тұрады. Алғашқы (теменгі) сатысы - жеке халықтар. Екінші (орташа) сатыны тіл бойынша жақын туыстас халықтар тобы құрайды. Үшінші (жоғарғы) саты - әулет — тілдері бойынша туыстас халықтар тобын біріктіреді.

Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің - алтай (халықтың 69%), үндіеуропа (30%), Солтүстік Кавказ (0,4%), синотибет (0,3%) жөне орал-юкагир (0,2%) әулеттер құрамына кіреді. Алтай тіл әулетіндегі ең ірісі - түркі тобы, ал қазақтар - елдегі түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі болып есептеледі. Үндіеуропа әулетіндегі саны бойынша біріншісі - славян тобы, ал ең ірі славян халқы — орыстар.

Дүние жүзіндегі қазақ этносының саны 13,5 млн адам, оның 9,2 млн-нан астам адамы Қазақстанда тұрады. Тағы да 4,3 млн адам қазақ этносы (диаспора), шет елдерде 44 мемлекетте тұрады.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелдегі қандастарды тарихи отанына қайтару туралы бағдарлама жүргізілуде. Соңғы 20 жылда дәл осындай кең көлемді репатрияцияны 3 мемлекет жүргізеді. Репатрияция Қазақстаннан көшіп кеткен халықтардың орнын толтыруға және қазақтардың үлес салмағын кебейту үшін өте қажет үрдіс. Соңғы сайлау бойынша мемлекетіміздің 2/3 бөлігін солар құрайды. Еліміздегі қазақтардың 1/2 бөлігіне жуығы Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұрады.

Басқа ұлттардың арасында облыстар бойынша біркелкі таралғаны - татарлар. Барлық аймактарда орыстар, украиндар, немістер және белорустар тұрады. Дегенмен олардың тұратын негізгі аудандары - солтүстік, орталық және шығыс. Өзбектер мен ұйғырлар, керісінше, жинақы түрде қоныстанған. Ұйғырлардың 95%-ы Алматы облысы мен Алматыда орналасса, ал өзбектердің 9/10 бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған.

Қазақстанда барлық халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық құндылығын қалпына келтіруге және дамытуға жағдай жасалған. Елдің конституциясы оларды тең құқыққа үндеп, ешқандай қысымшылық түрін жасауға тыйым салады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы - мемлекет саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Мұнда ел Президенті басқаратын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мен ұлттық мәдени орталықтар маңызды рөл атқарады.

Біздің еліміздегі барлық халықтар өздерінің ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін сақтайды. Бірақ оларды мәдени-саяси және әлеуметтік-экономикалық біртұтастық байланыстырады.

Қазіргі кезде Қазақстан халқында өзіндік қазақстандық рух, қазақстандық мінез, жалпы қазақстандық мәдениет қалыптасуда. Оның негізгі сипаттары - ұлттар арасындағы достық пен діндер арасындағы келісім болып табылады.

Халықтың діни құрамы.

2. Халықтың діни құрамы. Халықтың ұлттық құрамы мен

діни сенімі тығыз байланысты. Олар саяси және әлеуметтік өмірге, тұрмысқа, адамдардың мәдениеті мен әдет-ғұрпына, демографиялық және этнографиялық процестерге әсерін тигізеді.

Әлемдік, яғни Жер бетінде таралған үш дін бар, олар - ислам, христиан және будда діндері.

Ежелгі Қазақстан тұрғындарының арасында Кек тәңірге табынатындары болды.

Біздің дәуіріміздің VIII ғасыр оңтүстік аудандарға болашақ әлемдік діндер кіре бастады. Бірақ Араб халифатының діні - ислам берік орнап қалды. 960 жылы ол мемлекеттік дін болып жарияланып, Қараханидтар мемлекеті Қазақстан жеріндегі алғашқы мұсылман мемлекеті болды.

Көшпенді халықты ислам дініне енгізуде Қожа Ахмет Йасауидің рөлі аса зор. Түрік халықтары оны Мұхаммед пайғамбардан кейінгі қасиетті адам ретінде санайды. XIV ғасыр Өмір Темірдің бұйрығымен Йасауидің кабіріне сәулетті кесене тұрғызылған. Ол Қазақстанда бірінші болып Дүниежүзілік «ЮНЕСКО» мәдени мұралар тізіміне алынды.

Ресейге қосылғаннан кейін православиялық христиан діні пайда болды. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанға ондаған басқа халық өкілдері келіп коныстанды. Дәстүрлі түрде олар әр түрлі діндерді ұстанды.

Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Конституция ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар.

Қазіргі уақытта елімізде рухани өмір қайта жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде. Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуда.

Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік ислам (70%) сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады.

Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Көрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен — солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.

Жалпы, елдегі дін географиясы ұлттардың әркелкі орналасуымен сәйкес келеді.

Сонымен, Қазақстанда халықтың полиэтникалық және көп конфессиялық құрылымы қалыптасты. Осындай ерекше мәдени бірлестіктер бейбітшілікте, келісімде және өзара сыйластықта өмір сүруге жағдай жасайды.[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]