- •1. Жалпы ережелер
- •2. Зерттеу нысандары
- •3. Зерттеу үшін бас және іріктемелі жиынтықты қалыптастыру
- •4. Түсімділікті зерттеудің статистикалық құралы
- •5. Түсімділікке зерттеу жүргізудің кезеңдері
- •6. Түсімділікті есептеу
- •7. Іріктеменің стандартты қатесін есептеу
- •8. Түсімділікке іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша
6. Түсімділікті есептеу
34. Зертханалық зерттеулер нәтижесін алғаннан соң орта түсімділікті есептеу жүзеге асырылады. Барлық алдағы есептеулер интервьюердің қатысуынсыз Комитеттің және аумақтық статистика органдарының мамандарымен жүзеге асырылады.
Шаруашылықтардың іріктеме жиынтығында өткізілген зерттеулер нәтижесінде жетіліп-піскен деректер, яғни таратуды қажет етпейтін деректер алынады.
35. Бірінші кезеңде таңдауға түскен әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісіне негізгі сынама және ысырап сынамасы арқылы орташа түсімділік келесі формула арқылы анықталады,:
Gi
=
*
*
*
(1)
мұнда:
Wi – сынамалардың жалпы салмағы, граммда;
N – сынамалар саны;
mi – сынамадағы бидайдың ылғалдылығы, %-бен өлшенеді;
0,865 – Қазақстан үшін стандартты ылғалдылық.
Анықтама үшін: 1 гектар = 10000 м2
1 центнер = 100000 грамм
Жоғарыды көрсетілген формула бойынша есептеу нәтижесінде түсімділік формулада берілген аударма коэффициенті есебінен гектарынан центнермен алынады. Осыған ұқсас формуламен ысырап бойынша шығымдылық есептеледі (Li).
Бидайдың шығымдылығын есептеу мысалы.
Мысалы, ауылшаруашылығы өндірушісінде жеткілікті көп бидай егістігі бар делік, және екінші іріктемеде бес учаскеден сынама алу белгіленген. Осы учаскелерден (N=5) жалпы салмағы Wi=690 грамм ылғалдылығы mi= 10,76% бидай жиналды. Формуланы (1) пайдалана отырып, осы шаруашылықтағы негізгі сынама бойынша гектарынан центнермен Gᵢ = 14,24 шығымдылықты анықтаймыз. Осы шаруашылықта бидайдың ысырап сынамасының жалпы салмағы WI=105 грамм, ылғалдылығы mi=11.68%. Сондай-ақ формуланы (1) пайдалана отырып, осы шаруашылықтағы ысырап бойынша шығымдылықты анықтаймыз, гектарынан Li=2,14 центнер. Күріштің түсімділігін осыған ұқсас есептеуге болады.
36. Әр аудан үшін негізгі және ысырап сынамалары бойынша орташа түсімділік және аудан бойынша таза орташа түсімділік есептеледі.
Аудан бойынша негізгі сынама бойынша орташа түсімділік мына формуламен есептеледі:
=
(2)
мұнда:
Gi – i-ауыл ауыл шаруашылығы өндірушінің негізгі сынама бойынша түсімділігі;
NG – іріктемеге түскен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің саны.
Аудан бойынша ысырап бойынша орташа түсімділік мына формуламен есептеледі:
=
(3)
мұнда:
Li – i-ауыл шаруашылығы өндірушінің ысырап бойынша түсімділігі;
NL – іріктемеге түскен ауыл шаруашылығы өндірушілер саны.
Аудан бойынша таза орташа түсімділік мына формула бойынша анықталады:
Y = – (4)
- негізгі сынама бойынша орташа түсімділік;
- ысырап бойынша орташа түсімділік;
7. Іріктеменің стандартты қатесін есептеу
37. Түсімділікті іріктемелі зерттеу нәтижесі бойынша алынған деректердің сапасын анықтау үшін іріктеменің стандартты қатесі және өзгермелілік коэффициенті есептеледі.
38. Тұтастай зерттеу бойынша іріктеменің стандартты қателерін есептеу үшін негізгі сынама және ысыраптар бойынша іріктеменің стандартты қатесі жеке есептеледі. Есептеу әрбір аудан, ауылшаруашылығы кәсіпорындары және шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша бөлек жүргізіледі.
Негізгі сынама бойынша іріктеменің стандартты қатесі мына формула бойынша есептеледі:
SG
=
(5)
мұнда:
Gi – i-ауыл шаруашылығы өндірушісінің негізгі сынамасы бойынша түсімділік;
– аудан бойынша негізгі сынама бойынша орташа түсімділік;
NG – аудандағы іріктеме саны.
Ысырап бойынша іріктеменің стандартты қатесі мына формуламен есептеледі:
SL
=
(6)
Li – i-ауыл шаруашылығы өндірушісінің ысырап бойынша түсімділігі;
– аудан бойынша ысырап бойынша орташа түсімділік;
NL – аудандағы іріктеме саны.
Тұтастай зертеу бойынша іріктеменің стандартты қатесі әр аудан және әр ауылшаруашылығы өндірушісі үшін мына формула бойынша анықталады:
SY
=
(7)
39. Осыдан кейін төменде көрсетілген формула арқылы әр ауданда, әр ауыл шаруашылығы өндірушісінің санаты бойынша, түсімділіктің орташа мәнінен іріктеменің стандартты қатесі қандай үлесті құрайтынын көрсететін өзгермелік коэффициенті анықталады:
CV=(SY/Y)*100 (8)
Жол берілген өзгермелік коэффициенті (CV) аудан деңгейінде 15% мөлшерінде қабылданған. Жол берілген өзгермелік коэффициентінен вариация асқан жағдайда, зерттеу нәтижелері бойынша алынған барлық деректер қайта тексеріледі және қажет болған жағдайда орташа түсімділік есебінен экстремалды мәндері бар шаруашылықтар алып тасталады.
