- •Шымкент, 2012
- •Мазмұны
- •1 Жасанды жуғыш құралдарды сараптаудың мақсаты
- •2 Жуғыш баз туралы түсінік және оның түрлері
- •1 Жасанды жуғыш құралдарды сараптау
- •2 Жуғыш баз туралы түсінік және оның түрлері
- •1.Жасанды жуғыш құралдардың құрамы және қасиеті
- •2. Химиялық және оптикалық ағартқыштар
- •2. Химиялық және оптикалық ағартқыштар
- •3 Ерігіштік әсер ету қасиеті және беттік керілу
- •1 Құрама заттардың түрлері және оны сараптау
- •2 Қолдану саласы және аққыштық қасиеттері
- •1 Құрама заттардың түрлері және оны сараптау
- •Б) Хош иісті беретін заттар
- •1 Жжқ шикізаттарын дайында және сараптау
- •2 Ұнтақ шикізаттарға қойыыылатын талаптар және дайындау
- •1 Жжқ шикізаттарын дайындау процесстері
- •2 Ұнтақ шикізаттарға қойыыылатын талаптар және дайындау
- •1 Кептіру технологиясының ерекшелігі
- •2 Жуғыш заттарды шашыратып кептіру
- •1 Кептіру технологиясының ерекшелігі
- •2 Жуғыш заттарды шашыратып кептіру
- •1. Жинақты әдісті қолдану технологиясы
- •2. Жинақты әдістің ерекшелігі
- •1. Жинақты әдісті қолдану технологиясы
- •2. Жинақты әдістің ерекшелігі
- •1 Жасанды жуғыш құралдарды өндіру
- •2 Жжқ өңдеу технологиясы
- •1.Жжқ өңдеу технологиясы
- •2. Композицияларды дайындаудағы көрсеткіштердің әсері
- •1.Жжқ өңдеу технологиясы
- •2. Композицияларды дайындаудағы көрсеткіштердің әсері
- •1 Жасанды жуғыш құралдардың құрамын және сапасын талдау
- •2. Өнімдерді физика химиялық әдіспен зерттеу
- •1 Жасанды жуғыш құралдардың құрамын және сапасын талдау
- •2 Емдік және тазалық тіс пастасы
- •1 Тіс пастасына сипаттама
- •2 Кальций карбонаты және әк тасының құрамын сараптау
- •1 Тіс пастасына сипаттама
- •2 Кальций карбонаты және әк тасы
- •1 Натрий метафосфаты
- •2 Кальций карбонаты және әк тасының құрамын сараптау
- •1 Натрий метафосфаты
- •2 Кальций карбонаты және әк тасының құрамын сараптау
- •1. Тіс пастасын өңдеу жолдары және құрамаларды дайындау
- •2. Ағартқыш тіс пастасына қойылатын талаптар
- •1. Тіс пастасын өңдеу жолдары және құрамаларды дайындау
- •2. Ағартқыш тіс пастасына қойылатын талаптар
- •2.Іс жүзінде тазалау әдістерін сипаттау
- •3.Технологиялық процестің шығынын тазалау немесе
- •Сұйылту
- •Бейтараптау
- •Ерітінді кептіру
1 Жасанды жуғыш құралдарды сараптаудың мақсаты
2 Жуғыш баз туралы түсінік және оның түрлері
1 Жасанды жуғыш құралдарды сараптау
Жасанды жуғыш құралдардың сапасын бақылау үшін жуғыш өнімдермен
қолданылатын шикізаттар арнайы талдау және сараптаудан өткізіледі. Өңдеп алынған өнімнің сапасы шикізаттың тазалығына байланысты болады.
Ағартқыш жасанды жуғыш құралдарды шығаратын зауыттарға сусымалы шикізаттар негізінен темір жолмен резинке кордті контейнерлермен, сода таситын цистерналармен, қаптармен, бөшкелермен немесе жабық вагондарда үйілген күйінде алып келінеді. Өнеркәсіптің жұмысы тұрақты болу үшін олардың жанында қоймалар орналастыралады, ірітоналлы шикізаттар – пентанатрий фосфат, сода және натрий сульфаты – көлемі 175-500м3 темірбетонды сүлемеге тиеледі. Қаптар мен бөшекелерде алып келінетін сусымалы шикізаттар жабық қоймаларда сақталынады, олардың ауданы берілген тығыздыққа байланысты анықталады және олардың құрамындағы зиянды заттар мен механикалық қоспалар тазартылып отырылады.
Шикізаттарды контейнерлерден түсіру үшін келесі жабдықтар қолданылады; кран - балка, кесектерді елейтін қондырғысы бар қабылдау бункерлері, пневмокөлік (пневмокамералы және насос).
Сусымалы шикізатты контейнерлердің төменгі қақпағы арқылы бункерге түсіріледі, бұл жерде ірі кесектер електе бөлініп ұнтақтағышқа жіберіледі. Електен өткен шикізат емін еркін бункердің астында орналасқан және пневматикалық насосқа келіп түседі. Содан кейін тығыздалған ауамен қоймаға немесе композициялар дайындайтын бөлімінің бункерлеріне беріледі. Cулемелердің үстіне ауаны атмосфераға шығарудың алдында мақта тазарту үшін сүзгіштер және сорғыш вентиляторлар орналастырылады. Мұндай жабдықтар 1-2 сағат арасында вагондарды босатып, шикізаттарды силостарға жіберуге мүмкіндік береді.
Сусымалы шикізаттарды қоймадан тасымалдау үшін қырғыш транспортерлер, ыдысты элеваторлар немесе пневмокөлік қолданылады.
Бұл жерде қалқу аймағы қайнау қабатының жоғарғы шегі екені анық, ал одан жоғары пневмокөлік жұмысы басталады.
Қалқу жылдамдығы бірдей шарттарда еркін түсу жылдамдығына тең және таңбасы бойынша қарама- қарсы болады. Қатты бөлшектер кеңістікте ауырлық күшінің, ортаның кедергі күшінің және көтеру күшінің жерінде болады. Қарама – қарсы бағытталған күштер теңдескен кезде қапты бөлшектердің еркін түсу жылдамдықтары тұрақты болады.
Қалқымалы (псевдалы) жағдайда қатты және газ фазаларының арасында үздіксіз энергия алмасу жүреді. Газдың энергиясы бөлшектердің және газдың молекулаларының аппарттық қабырғасына және бөлшектердің үйлену күшін өтеуге, қабаттың кеңуіне, оның «қайнауына» және осы өзгерістер мен байланысты газдың кинетикалық энергиясына жұмсалады. Газдың үйкелу күшінің бөлшектердің бетіне өтуі үшін көп мөлшерде энергия жұмсалады.
Қайнау қабатында кептіру үшін қолданылатын аппараттың негізгі бөлшегі шеңбері 2 ден 5,6 мм дейін тесіктері бар үлестіру торы қолданылады.
2 Жуғыш баз туралы түсінік және оның түрлері
Жуғыш құрамдардың негізгі компоненті БАЗ – функционалды орыны ауыстырылған көмірсутектер. Оларды жіктеу көмірсутекті радикалдық және функционалды топтық табиғатына байланысты болады.
Полярсіз көмірсутекті радикалдан және полярлы функционалды топтан құрастырылған қосылыс дифилді деп аталады. Дифилдік БАЗ-ң ең негізгі фундаменталді сипаттамасы болып табылады. Дифилді молекуланың полярлы бөлігі гидрофилді, ал полярсіз бөлігі – гидрофобты болады. Барлық БАЗ олардың сулы ерітіндідегі ерігіштігі тәртібі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
суда шын ерітінділер түзуші;
коллоидты ерітінділер түзуші;
жоғары молекулалы.
Ерігіштік көмірсутекті тізбектің ұзындығына, гидрофилді топтардың сипатына және санына, олардың көмірсутекті тізбектегі орнына байланысты болады. Ерігіштігі бойынша БАЗ келесі түрлерге бөлінеді:
суда еритін
суда және майда еритін
майда еритін
Химиялық құрамы және ерітінділердегі тәртібі бойынша БАЗ:
анионактивті
катионактивті
амфолитті
ионогенсіз болып бөлінеді.
Бірінші үшеуі ионогенді БАЗ тобына кіреді.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Жасанды жуғыштардың қажеттілігі
2. ЖЖҚ сараптаудың мақсаты
3. БАЗ не үшін қолданады
4.БАЗдың түрлері
Лекция №2. БАЗ қассиеті және активті заттар
1 Жуғыш БАЗ қасиеті және оны сараптау
2 Жасанды жуғыш құралдардың талдау және сараптау
3 Ерігіштік әсер ету қасиеті және беттік керілу
1 Жуғыш БАЗ қасиеті және оны сараптау
БАЗ – функционалды орыны ауыстырылған көмірсутектерден тұрады. Оларды қасиеті құрамындағы көмірсутекті радикалдық және функционалды топтық табиғатына байланысты болады.
Полярсіз көмірсутекті радикалдан және полярлы функционалды топтан құрастырылған қосылыс дифилді деп аталады. Дифилдік БАЗ-ң ең негізгі фундаменталді сипаттамасы болып табылады. Дифилді молекуланың полярлы бөлігі гидрофилді, ал полярсіз бөлігі – гидрофобты болады. Барлық БАЗ олардың сулы ерітіндідегі ерігіштігі тәртібі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
суда шын ерітінділер түзуші; коллоидты ерітінділер түзуші; жоғары молекулалы.
Ерігіштік көмірсутекті тізбектің ұзындығына, гидрофилді топтардың сипатына және санына, олардың көмірсутекті тізбектегі орнына байланысты болады. Ерігіштігі бойынша БАЗ келесі түрлерге бөлінеді: суда еритін; суда және майда еритін; майда еритін.
Химиялық құрамы және ерітінділердегі тәртібі бойынша БАЗ: анионактивті, катионактивті, амфолитті, оногенсіз болып бөлінеді.
Анионактивті БАЗ
Бұл сулы ерітіндіде анион түзіп диссоциацияланатын (ыдырайтын) қосылыстар. Бұл заттарда беттік активтілікті аниондар – теріс заряд алған иондар сипаттайды.
Барлық өндірілетін БАЗ-ң 70% анионактивтілерге жатады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: Na алкилбензолсульфаонаты, Na алкилсульфаттары.
Алкилбензолсульфонаттар - хош иісті заттардың сульфоқышқылдардың тұздары.
Алкилсульфаттар – спирттердің сульфоэфирлерінің тұздары.
Алкилсульфонаттар – алкандардың сульфоқышқылдарының тұздары.
R SO3 R SO3- + Na+ -
алкилбензолсульфонат
R
R
– SO3Na
CH – SO3-
+ Na+
- екінші реттік алкилсульфонат
R’
R – OSO3Na R – OSO3- + Na+ - бірінші реттік алкилсульфат
R
R
CH – OSO3Na CH – OSO3- + Na+ - екінші реттік
алкил- сульфат
R’ R’
Бұл жерде R және R’ – ұзындығы 10-20 көміртегі атомынан тұратын тармақталмаған көмірсутекті радикалдар.
Катионактивті БАЗ
Бұл сулы ерітінділерде катион түзіп ыдырайтын заттар. Бұл катиондар, яғни оң зарядталған иондар, беттік активтілікті сипаттайды.
Оларға:
RNH2 – бірінші реттік амин
R2NH – екінші реттік амин
R3N – үшінші реттік амин жатады.
Мысалы,
алкиламмоний
хлорид
2) үшалкиламмонийбромид
Катионактивті БАЗ жуу процесінде көмекші үстеме ретінде қолданылады. Олар анионактивті және ионогенсіз БАЗ өңдегеннен кейін жұмсартқыш үстеме және антистатикалық құрал ретінде қолданылады. Катионактивті БАЗ-дың молекуласында міндетті түрде азот, фосфор немесе күркірт атомы болуы керек. Олар оң зарядты болады.
Катионактивті БАЗ-ға қышқылдардың тұздары және төртінші реттік негіздер жатады.
ЖЖҚ өндірісінде катионактивті және амфолитті БАЗ-дың үлесі 7% құрайды. Бірақ катионактивті БАЗ-ң мағанасы жоғарылауда, себебі қазіргі кезде бактерицидті қасиеттері бар БАЗ өндірісі жылдам дамуда.
Амфолитті БАЗ
Бұл сулы ерітінділерде иондалатын және ортаға байланысты (әсіресе ортаны рН-на) әрекет жасайтын қосылыстар. Яғни қышқыл ерітіндіде кампонактивті БАЗ-ң қасиеттерін көрсетеді.
-
Катиондық
қасиеттер
Ионогенсіз
қасиеттер
Аниондық қасиеттері
Амфолитті БАЗ көбікті жұғыш құралдар және шампундер өндірісінде қоданылады, себебі олар адамның терісіне жақсы әсер етеді.
Бұл атап өтілген үш БАЗ ионогенді БАЗ-ға жатады.
Ионогенсіз БАЗ
Бұл суда иондалмай еритін қосылыстар. Ионогенсіз БАЗ суда ерігіштігі олардың құрамындағы функционалды топтың болуымен негізделенеді. Олар сулы ерітінділерде гидраттар түзеді. Себебі су молекуласымен БАЗ молекуласының полиэтиленгиколь бөлігіндегі оттегі атомының арасында сутекті байланыс пайда болады.
Н-ОН
Ионогенсіз БАЗ-ға; Мысалы:
-
майлы спирттердың полигликолді эфирлері;
-
майлы қышқылдардың полигликолді
эфирлері;
-
майлы қышқылдардың амидтерінің
полигликолді эфирлері жатады.
¤ндіру көлемі және қолданылуы бойынша ионогенсіз БАЗ анионактивтілерден кейін екінші орын алады, (шамалап алғанда 30%). Олардың биологиялық ыдырауы 100% құрайды.
Олар көбікті өте жақсы тұрақтырандырады және маталарға, және терлерге өте жақсы әсер етеді. Ионогенсіз БАЗ сұйық және паста күйде болатындықтан, оларды сұйық және пастатәріздес жұғыш құралдар өндірісінде қолданылады. Ал сұйық жуғыш құралдарға үстемелер ретінде (26% масс) қосылады.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Жасанды жуғыш құралдардағы негізгі үстеме заттар
2. ЖЖҚ талдаудың мақсаты
3. БАЗ мақсаты
4. БАЗдардың ерекшеліктері
Лекция №3. Жасанды жуғыш құралдар және койылатын талаптар
