Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Биоресурс 2016.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆

16.Қр өсімдіктер жамылғысында антропогендік өзгерістердің байқалуын қарастырыңыз

Академик В.Н.Сукачев (1935) фитоценозды бір-бірімен және ортамен (организмді қоршаған топырақ, ауа, жарық, температура, т.с.с.) әрекеттесетін өсімдіктер жиынтығы деп түсіндіреді. Демек, В.Н.Сукачевтің түсінігі бойынша фитоценоздың негізгі белгілері: 1) өсімдіктердің бір-бірімен әрекеттесуі және 2) өсімдіктермен орта арасындағы әрекеттесудің болуы.

Биосфера ресурстарын қорғап, тиімді пайдалану жердің биологиялық өнімділігін арттыру және өндірістің дамуына байланысты кең масштабты антропогендік өзгеріс болып жатқанда қолайлы экологиялық ортаны сақтау шараларын жетілдіру тек кең биогеоценологиялық негізде жүйелі келісте (системных подход) ғана мүмкін.

«Система» деген термин грек тілінен «целое», яғни «бүтін, тұтас» деген мағына береді, ол жеке бөліктерден құралады. Қазіргі ғылым мен техниканың даму кезеңінде система-жүйе дегеніміз – бір - бірімен тығыз байланыстағы белгілі бір бүтін жүйені құрайтын көптеген элементтер жүйеліліктің негізгі принциптері.

1. Тұтастық немесе бүтіндік жүйенің қасиеттері оның құрамындағы элементтердің жиынтығы емес, өйткені элементтердің жиынтығынан бүтіннің қасиеттері шықпайды, әрбір элементтің қасиеті және жүйеге қатысы оның тұтастық ішіндегі орнына, қызметіне бағынышты.

2. Құрылымдықтар – байланыстардың тармағы және жүйелердің қарым-қатынасы.

3. Жүйелер және ортаның өзара тәуелділігі жүйе ортамен әрекеттестік процесінде өзінің қасиеттерін қалыптастырып көрсетеді. Екі жақтың өзара қатынасында жүйе оның жетекші белсенді компоненті болып қалады.

4. Тұтастықтың (бүтіннің) элементтерін жоғарыдан төмен қарай орналастыруда жүйенің әрбір компоненті өз кезегінде жүйе ретінде қаралады.

5. Әрбір жүйені көп рет сипаттау.

Биологиялық алуантүрлілікті тепе-теңдікте сақтап пайдаланудың ұлттық стратегиясы басқару жүйесіне жатады және жүйе жиынтығын, басқарудың жеке жақтарын көрсетуі керек, мақсатын, тәсілдерін, орындарын, кадрларын техниканы және технологиясын және т.б. Ұлттық стратегияның бағыты, ниеті – биологиялық алуантүрлілікті тепе-теңдікті сақтап пайдалануды қоғам талабына және планетамыздағы тіршіліктің дамуының объективтік заңдылықтарына сәйкестендіру.

Басқару жүйесінің тиімділігі оның басқарған объектісінің тіршілікке қабілеттілігімен және қызмет көрсеткіштермен бағаланады (Бронинков, 1976).

Жүйелі келіс ғылыми біліктіліктің методологиясы бағытын көрсетеді, оның негізіне объектілерде, құбылыстарды, процестерді зерттеу, объектілердің байланыстарының әртүрлілігін айқындау және олардың барлығын бүтін бірлестікке алып келу жатады.

Биогеоценоз компоненттері кеңістікте бір-бірімен бәсекелестігі нашар болатындай болып таралады. Бұлай орналасуды биогеоценозда жер бетіндегі және жер астындағы ярустылығынан көруге болады, әрбір түр өзінің тіршілігін қамтамасыз ететін кеңістікте, яғни өзінің экологиялық таушасында орналасады.

Экологиялық тауша (экологическая ниша) деген түсінікті қауымдар структурасындағы түрдің орнын көрсету үшін Америка орнитологы Ж.Д.Гранвел (1917) енгізген (Байтулин, 1996). Адамдар тіршілігіне байланысты экожүйелердің бөліктері өзгерістерге (трансформацияға) ұшырады, антропогендік ландшафтар пайда болды, ал олардың жағдайына аймақтың көптеген түрлері бейімделмеген.

17. Галлофитті өсімдіктердің фитомелиоративтік маңызын көрсетіңіз. Фитомелиорация - топырақтағы ерітінді тұздарды сыртқа өсімдік арқылы шығарудың биологиялық әдісі. Бұл биологиялық әдісті көбінесе өсімдіктің жабайы түрлерін пайдалану арқылы іске асырады.

Қазақстанда бұл тұқымдастыратын 47 туысқа біріккен, 218 түрі кездеседі. Солардың ішінде кең тарағыны Ақсора туысы оының 17 түрі Қазақстанда кездеседі. Бұл тұқымдастың ішінде сортаң жерде кездесетін галофитті өсімдіктер. Алабұталар – Маревые - (Chehopodiaceae ) туысы, Көкбек - Лебеда - (Atriplex) туысы, Ебелек – Рогач – (Certacarpus), Қараматау – Камфоросма – (Camphorosma) туысы, Cарқаңқабақ – Поташник – (Kaildim) туысы, Cортан шөп – Соровник – (Halocnemum ) туысы, Бұзаубас сораң -(Salicornia) туысы, Ақ сора – Сведа – (Snaeda), Бұйырғын – Ежовник – (Anadasis) туыстары жатады.

Тұз жинақтаушы галофиттер (эфгалофиттер).

Бұл топқа тұзға төзімділігі өте жоғары сораң өсімдіктері, мысалы, шөптесін, бұзаубас сораң жатады. Бұл өсімдіктердің плазмалары тұзды оңай өткізеді. Ұлпаларындағы тұздың мөлшері өте көп болады. Мысалы бұзаубас сораң ұлпаларынад суын есептегенде 10% тұз болатындығы анықталады. Осыған байланысты осы өсімдіктердің клетка сөлінің осмос қысымы бірнеше ондаған атмосфералық деңгейге дейін көтеріңкі болады да, тұздылығы өте жоғары топырақтардан суды қиындықсыз сіңіре алады.

Тұзды бөліп шығаратын галофитті (криногалофиттер). Күшті және шамалы тұзды топырақтарда өніп өседі. ( кермек) бұлардың органдардағы тұздар арнайы бөлгіш клеткалар безшелер арқылы бөлінеді. Олардың саны топырақтың тұздылығы жоғарланған сайын көбейе береді. Сонымен қатар, бұл өсімдіктердің жапырақтар тұзға толғаннан кейін өзіннен өзі түсіп қалады. Бұл өсімдіктердің тамыры арқылы да тұздар сыртқа бөлінеді.

3. Тұзды сіңірмейтін галофиттер (гликогалофиттер)Тұздылығы төмендеу топырақта өніп өседі. Олардың клекткасындағы осмостық күші, негізінен фотосинтез өнімдеріне – көмірсуларға байланысты болады. Клеткалар арқылы тұздар сіңбейді. Олардың нағыз өкілдеріне жусан, изен турлері жатады. Топырақтың тұздылығы әр түрлі жағдайда қалыптасады. Біріншісі – топырақ бастамасы болып есептелінетін тауды жыныстардың минералдың құрылымына байланысты болса, екіншіден – тұзды топырақтар қуаңшылық, шөлді аймақтарда көп орын алады. Осыған байланысты құрамында 1%, немесе одан көп оңай еритін топырақтар сор топырақтар деп аталады, мұнда тек галофитті өсімдіктер ғана өседіГалофит өсімдіктердің ішінде көп тарағаны Алабұталар – Маревые - (Chehopodiaceae ) туысы, Көкбек - Лебеда - (Atriplex) туысы, Ебелек – Рогач – (Certacarpus), Қараматау – Камфоросма – (Camphorosma) туысы, Cарқаңқабақ – Поташник – (Kaildim) туысы, Cортан шөп – Соровник – (Halocnemum ) туысы, Бұзаубас сораң -(Salicornia) туысы, Ақ сора – Сведа – (Snaeda),Изен –Кохия – (Kochia). Аксирис – Аксирис – ( Axyris), Бұйырғын – Ежовник – (Anadasis) сияқты түрлерін кездестірдік. Алабұталылар тұқымдасы сортаң тұзды жерлерде бейімделіп өсетін өсімдіктер. ҚОРЫТЫНДЫ Галофит өсімдіктер тұзды сортаң жерлерге бейімделген өсімдіктер. Олардың бейімделу ерекшеліктеріне ағзадан тұзды шығарып тастау немесе тұзды клеткада жинақталуы және тұзды сіңірмеуі жатады. Семей өңірінде жүргізілген дала аймақтары мен сортаң жерлерде өсетін галофит өсімдіктері қарстырылды.Өсімдіктердің формация түрлерін, экологиялық және биологиялық зерттеу жұмыстары жүгізілген аймақтң жалпы көлемі 600-700 гектар. 15 тұқымдасқа жататын галофит өсімдік түрлерімен танысып анықтадық. Экологиялық тұрғыда 3 топты құрайды. Олар эфгалофиттер, криногалофиттер, гликогалофиттер. Табиғи климаттық жағдайда гүлдеу уақыты көктемене жазғы дейін аралықты қамтиды. Олар ерте көктемде гүлдейтін эфирмайды және жазда гулдейтін топ құрайды. Галофиттердің халық шаруашылығында маңызы өте зор. Олар мол азықты, дәрлік өсімдік және әсемдік немесе өндірістікте маңызы зор.