Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы.алтынсарин дидактикага коскан лесі.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
175 Кб
Скачать
☆

1.3. А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі

А.Байтұрсынов туған халқының ғылым – білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. А. Б айтұрсынов “Қазақ”газетінің 1914 жылғы 62 – санында “Мектеп керектері” деген мақаласында:

Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім.

Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы болуы.

Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама.

А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауатты алдымен орыс тілінде ашатын. 1912 жылы А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы әліппені жазды.

А.Байтұрсынов 1926 жылы “Әліпбидің ” жаңа түрін осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабын жазды. 1912 жылы мектеп балаларына сауаттандыратын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1- ші бөлімі “Тіл құралы” деген атпен 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2 – ші бөлімі 1914 жылы, синтаксиске арналған 3 – ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді. “Тіл құралы” қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс.

Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттеу т.б. деп саралап тұңғыш ғылыми жол салуында болып отыр. А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Осы салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда “Баяншы” деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп “Оқу құралды” жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы “Тіл құралын” ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп “Тіл жұмсарын”, 4 – ші сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесі “Баяншыны” жаздs.

“Әдебиет танытқышының” өзінде ғана психологияға қатысты ой – пікірлер баршылық. Мұндағы “Көрнек өнері”, “Сөз толғау”, “Лұғат әуезділігі”, “Жан жақтау”, “Жан қоштау”, “Көріктеу”, “Ес ұғымы”, “Іс ұғымы”, “Зейіндеме”, атаулар мен ұғым – түсініктерде, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жарамазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиялық көзқарастары мол.

А.Байтұрсыновтың психология ғылымының төңірегінде ой қозғаған пікірлері “Әліппе – таңбалар жұмбағы” – дейтін еңбегінде елеулі орын алған.

А.Байтұрсынов адамда жазу дағдысының қалыптасу жолын да психологиялық тұрғыдан түсіндіреді.

Іі. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ретінде дидактикаға қосқан үлесі

2.1. Тіл біліміне қосқан үлесі

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.

Ахммет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы — ағартушылық идеясы болды.

Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл плдтформаны мықтап ұстауға итермелеген- оның туған халқының тағдырын ойлаған қам- қарекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын.Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, «наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты».

Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол «Қазақ» газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу- білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәллдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап- түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан мәселелерімізбен үндес келеді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі- үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік» деп жазды «Қазақ» газетінде. Надандық деп отырғаны — халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп — қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан ққтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін «алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе!» деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.

«Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша.

Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі — ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі бөлімнен тұратын екі кітапты «Тіл жұмсар» деген еңбегі белгілі.

Ол методика саласында 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жинаған. Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын «Әліп-би астары» атты методикалық еңбегінде тағы көрсетеді. 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі методикасына арналған бірнеше мақала жариялайды.

Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды:ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші-сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің граматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, бұл үшін «Тіл құралды» жазған.

Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі секілді орында оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды»-, деп жазды Сәбит Мұқанов, 1929 жылы 5 мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық, еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған.

Ғалым бұрын айтқан пікірін тағы келтіріп, үдетіп беру машығынан таймайды. Ахмет Байтұрсыновтың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен ХХ ғасырдың о жақ, бұ жағындағы қоғам дамуы мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы езгінің күшеюі, сол уақыттағы қазақ халқының тағдыры жөнінде ой қорытудан бастады.

Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады. Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. “Ахметтің октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет.

Өз қолымен жазған “Өмірбаянында” (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай дейді: “Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған “Қазақ” газеті арқылы іске асты”.

Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған. “Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман…”, – деп жазды ол.

Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады. Қазақ мектептеріндегі оқыту жайлы, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз:

“Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршек тіл, 2) жалғамалы тіл, 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен: түрік, финн тілдері. Қопармалы тіл сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі” Дәл бүгін айтылғандай әсер қалдыратын бұл пікіріне таңданбасқа шара жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын, өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады.

Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы деп есептеген.

«Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін»,-деп жоғары балады.

Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол – ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.

Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып, Ы.Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жылы) мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық» деген екі кітабын жазды. Бұл еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек кездесетін тамаша жаңалық болды.

Ы.Алтынсариннің шығармашылығына Н.Ф.Бунаков және Н.А.Корфтің жүйесімен Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тәжірибесінің жемісті ықпалы болды. Ы.Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын жасауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.

Ы.Алтынсарин өзінің оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы жағынан халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен жазушыларының шығармаларымен қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін енгізді.

«Қазақ хрестоматиясымен» жұмыс істеу барысында Ы.Алтынсаринге К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның «Балалар әлемі», сонымен қатар Л.Н.Толстойдың, И.И.Паульсонның, Н.А:Карфтің және басқалардың оқулықтар жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды.

Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен ашылды.

Ы.Алтынсариннің есімімен Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру ісінің дамуы байланысты. Торғайда кәсіптік-техникалық училище ашылды, содан кейін Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастырды. Ы.Алтынсарин өзі оқып, қызмет еткен жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург қалаларындағы сол кездегі Шығысты зерттеуші ғалымдар В.В.Катаринский, А.А.Мазахин, уездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, Плотников т.б.тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болады. Солар арқылы белгілі татар ағартушылары Ш.Маржани, Қ.Насыри, С.Кукляшев, әсіресе, Петербург университетінің оқытушысы, Ш.Уалихановтың досы, белгілі татар ағартушысы Хұсин Файызхановпен де танысып, достасады. Олармен хат алысып, хат жазысып тұрады. Оқу ағарту ісінде бұлардың қайсысының болса да, Ы.Алтынсаринге көп көмегі тиген.

Әрине, Ыбырай олармен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі пікірлес бола білмеген. Кейбір күрделі, көкейкесті мәселелер жөнінде Ы.Алтынсариннің өз достарымен келіспей қалатын кездері де аз болмаған. Мәселен, ол Н.И.Ильминский, А.Алектронов, А.Бессонов, т.б.миссионерлік әрекеттеріне қарсылық білдіріп отырған. Ы.Алтынсарин сол кездегі қазақ жазуын (яғни, араб әрпіне негізделген қазақ емлесін) орыс алфавитіне көшіруге мүлде қарсы болған. Бұл туралы жоғары орындарға бірнеше рет хат жазып, арыз айтып ұсыныстар жасаған. Мысалы, ол 1871 жылғы 31 тамызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Шапағатты төрем Николай Иванович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен, оның үстіне, елімізде тарап отырған татар жазуының әсерінен… Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара алу керек. Міне, менің шын пікірім осы».

Алайда, Ы.Алтынсариннің өз заманы үшін бұл орынды ұсынысын Н.И.Ильминский де, сол кездегі оқу министрі Толстовта қабылдамаған. Ы.Алтынсарин сонымен бірге кейбір миссионерлердің оқушы қазақ балаларын еріксіз шоқындыруға үзілді-кесілді қарсы шыққан. Бұл жөнінде тиісті орындарға шағым жазып, наразылық білдіріп отырған.

Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша өкіметі тарапынан кедергілерге ұшырайды. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ табысты боларына губернатордың күдігі бар… ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеме де болмайды ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін».

Көп ұзамай бұл араманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бұл қазақ халықының өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастаманың сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін

1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұхсат етілді.

Алайда, Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту ісінің алғашқы қадамдары деп біледі. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл өміріне, болыстық мектеп – болыстағы жағдайға сай құрылуы керек. Ауыл мектептері үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени-ағарту жұмысының орталығы «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс.

Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтардың бәрі де орыс тілін жақсы біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді.

Ыбырай мұғалімдер жөнінде өте жоғары пікірде болды. Ол ағартушылық жолына түскен күннен бастап, қазақ балаларын ана тіліндеоқыта алатын мұғалім кадрларын даярлау ісіне белсенді кірісті. Патша өкіметі Ыбырайдың бұл тілегін қабылдамады. Керісінше, Ыбырайды қудалай бастады. Ыбырай өзінің тағы бір хатында «оқушылар даярлайтын училище ашуға талпынамын деп басыма пәле іздеп алдым, өкімет орындары маған теріс қарай бастады, «жер» аударылуға аз-ақ қалдым» деп күйініп жазды.

Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселелердің бірі – белгілі педагогикалық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі Ыбырай ол мәселені екі жолмен шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арнаулы мұғалімдік оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсатты іске асырмақ болды.

Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде Қазан мүғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийге жаңадан ашылып жатқан екі сыныптық орыс-қазақ мектептері үшін мұғалім кадрларымен көмектесуді сұрап әлденеше рет хат жазған болатынды. Бұл кезде Қазан мұғалімдер семинариясы Қазан, Орынбор округтары ұлт мектептері үшін мұғалім кадрларын бірден бір оқу орны еді.

Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында әдейі қазақ жастары үшін педагогикалық оқу орындарын ұйымдастыру мәселесін жедел күн тәртібіне қойды.