Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник по ЭССЕ (итог семинара).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз

Рамазанова Ж.Н.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим қазақ орта мектебі

11-сынып оқушысы Төрегелді Аружан

Қашаған Күржіманұлы ХVІІІ ғасырдың аяғында өмір сүрген халықтың басындағы ауыр жағдайларды, елдегі ауыртпалықты қарапайым халықтың көзіне құм шашып, әділетсіздік орнатқан сараң байларды, надан молдаларды өзінің отты қызыл тілімен кекетіп, мұқатып, өлтіре сынап айтқан ақын-айтыскер.

Қашаған жастайынан әке-шешесінен айырылып, тағдыр тауқыметін көп тартқан. Әлсіз халықты байлардың езгіге салғанын өз көзімен көрген және өзі де сол байлардың қанауының құрбаны болған жан. Ол туралы зерттеуші ғалым Қабидолла Салықұлы: «Қашаған ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның батыс аймағында өзінен бұрынғы Абыл мен Махамбет қалыптастырған ақындық-жыраулық дәстүрден өнеге алып, оны ілгері дамытқан әйгілі ақындарының бірі», - деп дөп басып айтқан. Қашағанның суырып салмалығы сонша – ойындағы барлық ойлар домбырасынан жыр болып төгілген. Қашағанның қазақ тарихы мен әдебиетінен алатын орны бөлек.

Ақын әлсіздерге үстемдік ететін шық бермес байларды кекетіп, мұқатқанды жақсы көреді. Олар қанша жерден бай болғанымен, Қашағанның қылыштан өткір отты сөздеріне қарсы келе алмаған. Мен мұны, әсіресе, «Оразалыға», «Байларға» сынды тағы да басқа көптеген өлеңдерінен байқадым. «Оразалы» өлеңінде Оразалы байдың көрсеқызар, дүниеге тоймайтын адам екенін шенеп көрсеткен, оны мына жолдардан айқын байқаймыз:

Шыбын жанын пида етіп,

Шаруаға жанын жүдетіп,

Жүргенде кетпесе игі еді,

Біздің арыстанға тіл қатып, - деп жұрттың берекесін алған бай-пысықтардың болымсыз, жарамсыз қылықтарын ұнатпаған ақын көпшілікке арнайды.

Ал байларға деген шығармасында жалпы байлардың кемшіліктерін жеке-жеке көрсетіп, өткір тілмен айта білген.

Менің ойымша, сол заманғы байлар мен қазіргі біз өмір сүріп жатқан байлардың заманында онша айырмашылық жоқ сияқты. Бұрынғы кезде ақша орнына мал жүрген. Осы кездегі және бұрынғы кездегі байлар да шалқасынан шалқайып, бұйрық беріп, шіреніп жатқан, сондықтан оларды жырға қосқан. Бірақ қазіргі біздің байекелерімізді ақындар кекетіп көрсін!.. Өйткені байлар туралы жазуға жүрексінеді. Дегенмен, көпке топырақ шашпайын. Олардың арасында да халыққа көмектесетіндер бар, ондай адамдарды «Меценаттар» деп атайды. Олар ғылым мен өнердің дамуына, балалар үйіне, мүгедек балаларға, жетім-жесірлерге ерікті түрде қаражат беріп тұрады. Алайда мұндай ауқатты адамдардың саны сирек кездеседі.

Мен қорытындылай келе,ауқатты адам бола тұра, ол адамның жан дүниесі де бай болуы қажет. Басқаға көмек көрсетіп, қол ұшын бере алатын дардың қатары көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді. Менің де алдыма қойған мақсатым – болашақта қолымнан келгенше басқаларға көмек беру.

Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз

СҚО Аққайың ауданы Аралағаш орта мектебінің

11-сынып оқушысы Сарбасова Нұргүл

Қашаған Күржіманұлы ХVІІІ ғасырдың аяқ шенінде өмір сүрген халықтың басындағы ауыр-жағдайларды, елдегі ауыртпалықты қарапайым халықтың көзіне құм шашып, әділетсіздік орнатқан сараң байларды, надан молдаларды өзінің отты қызыл тілімен кекетіп, мұқатып өлтіре сынап айтқан ақын - айтыскер.

Қашаған жастайынан әке-шешесінен айырылып, тағдыр тауқыметін көп тартқан. Халықты байлардың езгіге салғанын өз көзімен көрген және өзі де сол байлардың қанауының құрбаны болған жан. Ол туралы зерттеуші ғалым Қабидолла Салиықұлы: «Қашаған ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ бас кезінде Қазақстанның батыс аймағында өзінен бұрынғы Абыл мен Махамбет қалыптастырған ақындық-жыраулық дәстүрден өнеге алып, оны ілгері дамытқан әйгілі ақындарының бірі», - деп дөп басып айтқан. Қашағанның суырып салмалығы сонша- ой-толғанысы домбырасынан жыр болып төгілген. Қашағанның қазақ тарихы мен әдебиетінен алатын орны бөлек.

Ақын әлсіздерге үстемдік ететін «шық бермес шығайбайларды» кекетіп, жеріне жете әшкерелегенді, олардың халыққа жасаған әділетсіздігін беттеріне басып, жұрт алдында масқаралағанды мақсат қылған, осы тәсіл арқылы қарапайым халқын қиындықтан алып шықпақ болған. Үстем тап өкілдері қанша жерден бай болғанымен, Қашағанның қылыштан өткір отты сөздеріне қарсы келе алмаған. Мен бұны, әсіресе, «Оразалыға», «Байларға» сынды өлеңдерінен байқадым. «Оразалы» өлеңінде Оразалы байдың көрсеқызар, дүниеге тоймайтын адам екенін шенеп көрсеткен, оны мына өлең жолдарынан :

Шыбын жанын пида етіп,

Шаруаға жанын жүдетіп,

Жүргенде кетпесе игі еді,

Біздің арыстанға тіл қатып, - деп жұрттың берекесін алған бай-пысықтардың болымсыз, жарамсыз қылықтарын ұнатпаған ақынның ішкі жан айқайынан байқаймыз.Ал, «Байларға» деген шығармасында жалпы байлардың кемшіліктерін жеке-жеке көрсетіп, олардың зорлық-зомбылықтарын ашық айтады. Халыққа пайдасы жоқ сол байлықтарын өздерінше олар мақтан тұтып, шамалары келгенше зорлық-зомбылықтарын кедей-кепшікке жасап-ақ баққаны өлең жолдарынан айқын көрінеді. «Бұл сол бір өткен заманның өмір белестерін көз алдыңа елестететін кейіпкерлердің жиынтық образдары болса, қазіргі меценанттарымыздың олардан айырмашылығы бар ма екен?»- деген ой өлеңдерді оқыған сәтте мені қатты толғандырды.

Әрине, адам болған соң өмір сүру керек, бірақ қалай !? Байлық жинап, өле-өлгенше қойын-қонышыңа тыққыштап, «шық бермес шығайбайша»жеке өзің оқшау өмір сүресің бе, әлде халқыңа қол үшін беріп, қайырымдылығыңмен ерекшеленесің бе?.. Бүгінгі меценаттар осының қайсысын қалар екен , қазіролар қандай жолды қалапты ?

Менің ойымша, қазіргі заманның дәулетті адамдары әр түрлі: бірі –«шық бермес шығайбайша»жеке өзі оқшау өмір сүріп, болған үстіне болғанды қалауда, ал екіншісі- халқына қол үшін беріп, қайырымдылығымен ерекшеленуде.

Бұрынғы байлар өздерінің пасық әрекеттерімен ашық көрінсе, қазіргі «мырзалар» бет перде жамылғандай әрекет етеді. Баюдың оңай жолын тапқан бизнесмендерден қайырымдылық, меніңше, жоқтың қасы, ал маңдай терімен,күні-түні еңбектеніп, өз бастамасын сәтті жалғастырып келе жатқандары- қайырымдылықтан қашпайтын, халқының қамын ойлайтын жандар,меценаттар.Теледидардан нағыз ерге балауға болатын дәулетті жандардың көпбалалы жанұяларға, түрлі апаттарға ұшыраған елді-мекендерге, ауыр науқастарға , ғылым мен өнердің дамуына, балалар үйіне, мүгедек балаларға, жетім-жесірлерге ерікті түрде қаражат бергендерін көргенде, шын ризашылығыңды білдіресің, ұлы Абайдың :

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз,-деген өлең жолдары еріксіз ойыңа оралады,бірақ мұндай жандар өте сирек. Ал қара басының қамын ойлап, туған әке-шешесіне де қайырымдылық жасамай, қайырсыз байлықтың соңында дүниеқоңыздыққа салынғандардың әрекетіне ыза боласың, олар көрсеқызарлық ауруына шалдығып, ұрлық-қарлықпен қазынасын толтырып, ақыры өз елін тастап қашуға дейін барғанына дәлелдер көп-ақ. Олардан не қайыр, не үміт?! Сол ақшаларын елінің игілігі үшін жұмсаса, халқына көмек берсе, сөйтіп алтын ұясы –туған елінде бақытты ғұмыр кешсе қайтер еді, шіркін?!

Мен әлі оқушымын, өмірге сын көзбен қарай отырып, ақшасы көп бай адамдардың көздері әлі де ашылар, елінің гүлденгенін қалар ,жақсыдан шарапат алар деп үміттенемін. Неғұрлым байлыққа кенелген сайын, соғұрлым бойларындағы адами қасиеттерін біртіндеп жоғалтатындығын ұмытпаса екен.