Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жАПОНИЯ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
223 Кб
Скачать
☆

1 Жапония мемлекетінің салық жүйесінің мәні мен мазмұны

1.1 Жапония мемлекетінің салық жүйесіне жалпы сипаттама

Мемлекеттік және жергілікті органдар тиісті аумақ шеңберінде халыққа қызмет жасау саласында қоғамның жан-жақты саласын қамтиды.Осы қызмет құрамына мыналарды жатқызуға болады: қорғаныс саласы,аймақты ішкі шабуылдан сақтандыру,полиыцияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі,қоғамдық инфрастуктураны көтермелеу,автокөлік жолдарын жасау,балаларды оқыту қызметтері жатады.Жоғарыда аталған қызметтерді атқару кезінде жұмсалған қаржының орнын салықтан түскен қаржымен толтырады.

Жапония мемлекетнің эканомикасы нарықтық принципке негізделе отырып эканомикада еркін бәсекелестік орнаған.Мемлекеттің барынша өз функцияларын толық атқару үшін осы аймақтың тұрақты азаматтары заңда белгіленген негіздер бойынша салық ауыртпашылығын өздерінің мойындарына алады және оны төлеуге міндетті болады.Жапонияның Конституциясының 30-бабында « Заңда белгіленген негіздер бойынша хадық салық төлеу міндетін алады және оны төлеуге міндетті деп белгіленеді».Жапония мемлекетінің азаматтарына міндетті салықтық ауыртпашылық өндірістік тәртіппен емес тек заң нормалары арқылы ғана жүктелетін болады.Яғни салық төлеу ауыртпашылығы заңдабелгіленген нормалар арқылы ғана туындайды деген сөз.Егер азаматар заңда белгіленген салықты төлемеген жағдайда онда заң шеңберінде мәжбүрлеу элемнттері бар іс-әрекеттер қолданылады.Сондықтан салық ауыртпашылығы мемлекеттік биліктің салық салу құзыреті арқылы сипаталады.

Салықтың ерекшелігін келесі негіздер бойынша сипаттауға болады.Мемлекет өзінің алдында тұрған функциясын атқару мақсатында қаражат көзін қалыптастыру үшін халыққа заң бойынша салық ауыртпашылығын жктеп салық салу саясатын жүргізеді.Қаражат көзі мемлекеттің өзінің функциясын қажетті дәрежеде атқарып халықтың сұраныстарын қалыптастыру үшін жиналады.Салықтар және басқада қаржылық ресурстар заң бойынша бірнеше кретерийлермен қамтамасыз етілген.Салық салумен салықты жинау заң талаптарына сай әділетті принциптермен қамтылған.(салық заңының басымдығы принципі).

Жапония мемлекетінің Конституциясының 84-бабында «Аңымдағы алықтартардың өзгеруімен жаңа салық түрі мен ставкасын енгізу арнайы заң бойынша немесе жалпы заң нормаларына сай енгізіледі»--деп атап көрсеткен.

Халыққа міндеттелген салық тиісті органға ақшалай ныснда қолма-қол түрінде төленетін болады.Бұрынғы өткен кезеңдерде салықты натуралды материял түрінде төледе қолданылған болатын.Қазіргі жағдайда салықтар мемлекетке тек қолма-қол ақша түрінде төлейді.Бұл тәсіл біркелкілікпен әділеттілікті қамтамасыз етеді

1.2 Салықтың атқаратын рөлі мен функциясы

  1. Салықтың қоғамдық қажетілікті қамтамасыз ету функциясы.

Мемлекет заң бойынша қоғамның кез-келге талабын және оларды белгілі бір қызмет түрлерімен қамтамасыз етуі тиіс.Ол үшін мемлекет осы функцияларын атқару үшін өзінің материялдық резервін қалыптастыруы тиіс.Бұл салада әрине заңды түрде халықтан салық жинау арқылы ғана аталған материялдық қаржылық қажеттілігін қамтамасыз етіп отырады.Мемелекет халықтан қаржылық қорын қалыптастыру үшін салық алады,ал сол алынған қаржы міндетті түрде халыққа қайтарылатын болады.Бұл жерде әрине мемлекет халыққа көрсететін қызметін көлемі мен дәрежесіне және халықтың төлейтін салығының арасындағы мөлшер мәселесін шешу міндеттілігі туындауы анық.Бұл мәселені мемлекет әділетті тең түрде шешеді.

Салық ауырпашылығының коэффициенті =(мемлекеттік салық+жергілікті салық):ұлттық табыс.

Әлеуметтік қамтамасыз ету ауыртпашылығының коэффициенті=(зейнетақы төлемі+медициналық сақтандыру):ұлттық табыс.

Халыққа суммарлық ауырпашылықтың коэффициенті-(салық ауртпашылығының коэфффициенті+әлеуметтік қамтамасыз ету ауыртпашылығыны коэффициенті):ұлттық табыс.

Салық ауртпашылығының халықаралық коэффициенттерінің салыстырмалары.

Жапония

АҚШ

Ұлыбритания

Германия

Франция

Швеция

Салық ауыртпашылығының коэффициенті

22,9

26,2

40,0

31,0

40,6

55,8

Әлеуметтік қамтамасыз ету ауыртпашылығының коэффициенті

15,5

9,8

1,0

25,7

25,5

19,7

Халықтың суммарлық ауыртпашылығының коэффициенті

38,4

36,0

50,0

56,7

66,1

75,5

Салық ауыртпашылығының коэффициенті дамушы мемлекеттер соның ішінде АҚШ пен салыстырғанда Жапониның коэффициенттік ставкасы бірнеше мөлшерде төменгі деңгейде екендігін атап көрсеткен жөн.Соған қарамастан Жапонияда жалпы ұлттық масштапта осы салық ауыртпашылығының көрсетілген коэффициентін төменгі ставкада белгілеу туралы билікке қарсы пікірлер әліде бар.

  1. Табысты бөлу функциясы.

Салық міндеттілігінің көлемі мен дәрежесіне қарай азаматтар бір-біріне бірнеше белгілер бойынша ажыратылады.Мұндай жағдайда,салық ауыртпашылығының коэффициенті салық төлеушілердің дәрежесі бойынша белгіленетін болады.Яғни табыс мөлшері аз болғанына байланысты төменгі ставкадағы салық ауртпашылығы жүктеледі,ал табыс мөлшері жоғары мөлшердегі салық төлеуші жоғары мөлшерде салық ауыртпашылығын көтеріп салық төлейді.(вертикалды типтегі әділеттілік).Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда жоғарыда көрсетілген идея эканомиканың даму сатысында үлкен қолдауға ие болды.Бұл салықтың басты міндеті халықтың табысымен меншігін тең түрде бөлемен үлестіруді неғұрлым тең әрі әділетті жолда пайдалану болып табылады.

  1. Эканомикалық жағдайды реттеуші функциясы

Мемлекеттік бюджет эканомикалық жағдайды реттеуші ресурс ретінде көрініс табады.Эканомкалық құлдырау кезінде барлық қаржы қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады,бұл жерде керісінше мемлекет кірісі азаяды.Салықтан тағыда мынадай функциялар күтіледі: Эканомикалық құлдырау кезінде салық ставкасы барынша төмендетіледі,ал эканомика қарқынды дамыған кезде салық ставкасының мөлшері жоғарланады.Табыс салығы да ставканы жоғарылатумен төмендетуге бағытталған арнайы тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындамайды,эканомика қарқынды дамыған кезде табыс көбейеді,ал эканомика құлдыраған кезде табыста төмендейді сол аралықта табыс салығына салынатын салық ставкасы төмендеп жоғарылап тұрады.Бұл жерде автоматты түрде реттеліп отырылады.