Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aeshka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Кб
Скачать
☆

24. Ғылыми зерттеу нәтижелерінің жаңалығын атап көрсетіңіз. Қорғау құжатарының тақырыбын алу мүмкіндіктерін қарастырыңыз.

Дипломдық жұмыс тақырыбы: Кадмий сульфиді негізіндегі нанокомпозиттерді алу және олардың қатты фазадағы синтезі. Берілген жұмыста CdS негізіндегі нанокомпазиттердің механохимиялық синтезі және фотокаталитикалық белсенділігі зерттелген. Кадмий сульфиді негізіндегі нанокомпозиттер көптеген салаларда, соның ішінде: химиялық технологияда, медицинада және электроникада кең қолданылуда. Олардың нанобөлшектерін синтездеудің жаңа әдістерін табу және олардың өндірілуі өзекті мәселе болып отыр.

Келтірілген жұмыста механикалық активтендіру кезінде ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіру арқылы жүретін CdS/S гибридті нанокомпозитін синтездеудің жаңа әдісі ұсынамыз. Әдіс қатты фазада кадмий сульфиді мен күміс нитратының және т.б реагенттер арасында ион алмасу реакциясының жеңіл жүруіне және кадмий сульфидінің фотосезімталдық қасиетіне негізделген. Кадмий сульфиді ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай ыдырайды (241 нм-382 нм).Бұл жұмыста да Мак Кормик ұсынған механохимиялық әдісті одан әрі дамытып, жоғарғы дәрежелі өнімдер алу мүмкіншілігі қарастырылған.Фотокаталитикалық активтілігі жоғары CdS негізіндегі нанокомпазиттерді механохимиялық активация үдерісі арқылы синтездеу. Осы мақсатқы жету жолында келесі міндеттер қарастырылады:

1. CdS негізіндегі нанокомпазиттерді механохимиялық синтездеу жүйелерін таңдау

2. Жүйелерді механоактивтендіруге және алынған өнімдерді термоөңдеу үшін қолайлы болатын жағдайларды анықтау;

3. Алынған нанокомпозиттердің фазалық құрамын және морфологиясын физика-химиялық әдістермен сипаттау.

4. Синтезделген нанобөлшектер фотокаталитикалық активтілігін зерттеу

Ғылыми зерттеудің жаңашылдығы : фотокаталитикалық белсенділігі жоғары күміс хлориді негізіндегі нанокомпазиттерді механохимиялық әдіспен алынуында. 

25. Зерттеудің физика-химиялық әдістеріне талдау жасаңыз. Химиялық қосылыстардың құрамы, құрылымы туралы ақпарат алу мүмкіндігін қарастырыңыз.

26. Дипломдық жұмыс мысалында ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша реферат жазыңыз, кілт сөздерді көрсетіңіз.

Дипломдық жұмыс тақырыбы: Кадмий сульфиді негізіндегі нанокомпозиттерді алу және олардың қатты фазадағы синтезі.

Реферат

Дипломдық жұмыс 63 беттен, 2 кесте, 52 сурет және 100 әдеби көздерге сілтемеден тұрады.

Түйін сөздер: КАДМИЙ СУЛЬФИДІ, МЕХАНОХИМИЯ, МЕХАНОХИМИЯЛЫҚ АКТИВАЦИЯ, НАНОБӨЛШЕК, ТЕРМОӨҢДЕУ, НАНОКОМПОЗИТТЕР, ФОТОКАТАЛИЗ, ФОТОКАТАЛИТИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: берілген жұмыста CdS негізіндегі нанокомпозиттердің қатты фазадағы синтезі және олардың фотокаталитикалық белсенділігі зерттелген.

Қолданылған әдістер мен құрылғылар: CdS нанокомпозиттерін синтездеу үшін механохимиялық активация үдерісіне "Активатор - 2SL" планетарлы шарлы диірмені және фотокаталитикалық белсенділігін тексеру үшін СФ-56 (спектрофотометр) құрылғысы қолданылды. Синтезделген нанокомпозиттердің фазалық құрамын және морфологиясын анықтауға келесідей физика-химиялық әдістер қолданылды: жарықтың динамикалық шашырау талдауы (ДРС), рентген фазалық талдау (РФА), трансмиссионды электронды микроскоп (ТЭМ), сканерлеуші электронды микроскоп (СЭМ).

Жұмыс мақсаты: фотокаталитикалық активтілігі жоғары CdS негізіндегі нанокомпазиттерді механохимиялық активация үдерісі арқылы синтездеу. Осы мақсатқы жету жолында келесі міндеттер қарастырылады:

1. CdS негізіндегі нанокомпозиттерді механохимиялық синтездеу жүйелерін таңдау

2. Жүйелерді механоактивтендіруге және алынған өнімдерді термоөңдеу үшін қолайлы болатын жағдайларды анықтау;

3. Алынған нанокомпозиттердің фазалық құрамын және морфологиясын физика-химиялық әдістермен сипаттау.

4. Синтезделген нанобөлшектер фотокаталитикалық активтілігін зерттеу

Практикалық қолданылуы: механохимиялық синтезделген кадмий сульфиді нанобөлшектері наноұнтақтар өндірісі индустриясында қолданыс табады.

27. Ғылыми мақаланың құрылымын қарастырып, дипломдық жұмысынызға реферат жазыңыз.

28. Әдеби шолуға арналған тараудың құрылымын қарастырып, дипломдық жұмыстың мысалында қорытынды жасаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]