- •« Шығыс елдеріндегі қарігі тарихи процестер» пәні бойынша Дәрістер
- •Дәріс. Үндістанның қоғамдық дамуы және халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі
- •9. Иран Ислам Республикасының тарихи даму процесі және аймақтық ықпалы
- •XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман имеприясының жағдайы.
- •Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты[өңдеу]
- •Еңбектері[өңдеу]
- •Содержание
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Содержание
- •История[править код]
- •Мазмұны
- •75. Н.Мандела саяси талғалық портреті.
- •76. Отарсызданудан кейінгі Шығыс:колонизация (отарлау) мұрасы және тарихи ролі
- •77. Ауғаныстанға ксро әскері кіруі.
- •78. Саддам Хусейн тұсындағы Ирак.
- •79. Ирак-Кувейт соғысы. «Шөлдегі дауыл».
- •80. Ислам фундаментализмі.
- •81. Діни экстремизм және терроризм
- •82. Үндістан-Пәкістан қарым-қатнас мәселелері
- •83. Солтүстік Корея: ядролық қару мәселесі
- •84. Ауғанстандағы талибан қозғалысы.
- •85. Усама бен Ладен: шындық пен аңыз.
- •86. Араб көктемі: алғышарттары, барысы және салдары.
- •87. Даиш және Сирия мәселесі.
- •88. «Азия жолбарыстары» феномені.
- •89. Қытай мен Жапония арасындағы саяси-экономикалық бәсекелестік.
- •90. Жаһандағы миграциялық үдерістер: қауіпті салдары.
- •99. Демографиялық мәселелер.
- •100. Азия және Африканың жаңа және қазірге заман тарихы пәнінің мақсаты, нысаны.
Дәріс. Үндістанның қоғамдық дамуы және халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі
Үндістан Ұлыбританияның классикалық отары болған мемлеет...
І дүнйежүзілік соғыстан кейінгі Үндістанның әлеуметтік саяси-экономикалық жағдайы...
М.К.Ганди басшылығындағы қақтығыссыз қарсылық көрсету қозғалысының даму кезеңдері...
Үндістанда ұлттық капилатизмінің дамуы. Ұлттық Конгрестің ұлт-азаттық қозғалысында атқарған қызметі...
ІІ дүнйежүзілік соғыстан кейінгі Үндістанда ұлтазаттық қозғалысы шарықтап дамыды. Үдістандағы Англия әскерлері Мазлайзия, Индонегия елдерінедегі қарсылық көзғалыстарын жаныштауға жіберген. Үндістандағы порт жұмысшылары әркери заттарды тасымалдауға қарсылық көрсетіп жүік тиеуден бас тартты...
1946 жылдың соңы мен 1947 жылдың басында Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысы жалғасты түрде өрлей түсті.
«Мауинбеттон заң жобасының» негізгі мазмұыны мынадай:
Мыңбатонның Заң жобасының сипаты «Бөліп ал да билей бер» - жоспары. Бірақ Халық Конгерес партиясы мен Мұсылман лигасы бұл Заң жобасын қабылдады...
1947 жылы 15 тамызда Англия үкіметі Үндістанның билігін Үндістандықтар мен Пакістандықтарға тапсырып берді. Үндістанда екі мемлекет қалыптасты, бірақ екеуі де Ұлыбитанияның доминоны сипатында қалды. Жавахарил Неру Үндістанның бірінші премьер министрі болды.
1950 жылы 26 ақпанда Үндістан Республикасы болып құрылғандығын жариялады.
1948 жылдың 14 тамызында Пакістан доминонды үкіметі құрылды (Осы күні Пакістанның мемлекет күні). Оның бірінші Джына деген пакістанның бас губернаторы және Конституция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.1956 жылы 23 науырызда Пакістан өзінің тұңғыш Конституциясын жариялады, сондай-ақ Пкістан Ислам Республикасының құрылғандығын мәлімдеді. Бірақ ол және де Ұлыбритания федерациясының құрамында болды...
Үндістан мен Пакістанның бөлінуі барысында Үндизмшілдер мен исламизмшілдер арасында қақтығас орын алды. Махатма Ганди Үндістанды аралап, дінни қақтығысқа қарсы үгіт насиқат жүргізді. 1948 жылы 30 қаңтар күні үндизмнің экстремизмшілдері оны қастықпен өлтірді. Оны өлтіруші сотта берген жауабында: Ганди Үндістанның «атасы» борышын өтеген жақ, Ол Пакістанның «атасы» болып кетті. Ол өзінің беделімен Пакістанның Үндістаннан бөлініп кетуіне жол қоймауы керек еді- депті...
Үндістан мен Пакістан бөлінгенде Кашмирдің кімге қарайтыны шешілмеген. Халқы 5 миллион, оның 78 пайызы мұсылмандықтар, 20 пайызы үнді дініндегілер, діни және экономикалық жақтан Кашмир Пакістанға жақындығы көп, бірақ шстат парламетінде үндістандықтар көп болғандықтан дауыс бергенде нәтиже Нндістан құрамында болып шығады... Соның салдарынан 1947 жылы қазан айында Үндістан мен Пакістан арасында бірінші реткі соғыс орын алды. БҰҰ араласуы мен 1949 жылы қаңтар айында соғыс тоқтады, шілде айында соғыс тоқтап лениясы анықталды: Сол бойынша Кашмир жерінің 2/3 бөлігі, халқының ¾ бөлігі Үндістанға тиселі болды, Қалғаны Пакітан құрамында қалды. 1965 жылы қыркүйек айында екі ел арасында екінші рет Каширге таласқан соғыс болды. БҰҰ араласуымен соғыс тоқтады. Бірақ Кашмир мәселесі түбегейлі шешілген жоқ...
Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін Неру социалистік типтегі қоғам құрамын деді. 5 жылдық даму жүйесін енгізді. Ол Үндістан экономикасын негізінен мемлекеттк және жеке меншік кәсіп орындар қатар өмір сүретін « аралас экономика» жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік кәсіп орындар – мемлекеттік капиталмен, мемлекет монополиялаған капиал сипатында болды. 1971 жылға келгенде мемлекеттік кәсіп орындар жалпы ішкі өнімнің 20 пайызын ұстады. Олар негізінен ауыр өнеркәсіптер.
Тәуелсіздіктен кейін Үндістанда жеке адамдардың монополиясы айтарлықтай дамыдған. Мысалы,Тата корпаратциясы соның ұшар басында тұрады, оның капиталы 7 млрд, 800 милн (1968 ж.) Бирла тобының капиталы екінші орында 7 милрд 600 милн. Патиталы 500 милннан асатын компаниялар75 –ке жетеді екен.
Аграрлық экономика саласында Үністан 1952 жылы «Жер реформасын» жүргізді. Әдісі мемлекет шекті көлемде өздеріне қалтырған жеден басқа жерлерді ақшамен қайта сатып алған. Ол жерлерді шаруалардың егін егуіне берген. Шаруалар оны 8, 10, 12 жылдық аренда ақысын төлейді. Үндістан тәуелсіздіктен кейінгі 30 жылда аргаралық өнімдері бір есеге өскен. 1977 жылдан кейін Үндістан астықпен өзіні өзі қамдайтын болды...
Жалпы Үндістан экономикасы ХХ ғасырдың 70 жылдары айтарлықтай дамыды. 70 жылдан 80 жылға дейін Үндістанның кәсіпорындарға салған қаржысы 90 милрд рупер болған жалданбалы жұмысшыларының саны 14 милн болған. 1980 жылға келгенде Үндістанның өнеркәсібі тәуелсіздіктің алғашқы жылынан 4 есеге көбейген, аграрлық экономикасы1,4 есеге артқан.
ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап үндістан экономиканы либралдандыу саясатын қолданды. Жеке кәсіпорындарының дамуына амаша жағдай жасалды...
Үндстанның сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастары. Үндістан бейбітшілікті сүйетін ел деуге болады. Үндістан республикасы бейтарап тұру саясатын ұстанды... қытай мен бірге «Бейбт қатар өмір сүру» принциптерін қалыптастырды...
Бірақ Үндістан мен Қытай арасындағы шекара таласы және Далайлама мәселесі көлеңкесі әлі сейілген жоқ... 1980 жылдан кейін екі ел қатынастары біршама қалыпқа түсе бастады, сауда қатынастары дамыды...
Үндістанның сырқы саясаытнда КСРО-ныңы алатн орны маңзды... КСРО Үндістанға әскери қару-жарақ шығарушы мемлекет...
1997 жылы Үндістанның атом бомбысын сәтті түрде сынақтан өткізуі олардың халықаралық қатынастардағы орын мен рөлін өсіріп жіберді...
7-дәріс. Ауғанстан жағдайы және Орталық Азия қауіпсіздігі
Ауғанстан әлемдегі кішкене мемлекет болуына қарамастан, оның аймақтық6 Тіпті әлемдік аренадағы ықпалы орасан зор болып отыр.
І дүнйежүзілік соғыстан кейінгі Ауғанстанның әлеуметтік саяси-эконмикалық жағдайы.
Ауғанстандағы антиимпериялистік қозғалыстың дамуы. Жасауғандықтар революциясы және Ауғанстанның тәуелсіздік алуы. 1919 жылы 20 ақпан күні Аманнула хан (шах) мемлекет басшысы болыд. КСРО оларды мойындады. 1921 жылы Ауған – КСРО достық келісіміне қол қойды.
Амаулла құлдықты ескі жүйені өзгерту заңдарын қабылдады...
1923 жылы 10 сәуірде Ауғанның Конституциясын қабылдады...
1929 ж. мемлекеттік төңкеріс арқылы Нәдір шах Ауғанстан билігін қолына алды. 1933 жылы ол қайтыс болып оның баласы Мохаммед Захир шақ ел билігін қолына алды. Екніші дүниежүзілік соғыста Ауған бейтарып қалды...
ІІ д.Со кейін Ауғанстан экономикасы қиын жағдайда болды. 1947 жылдан бастап оппациялық жастар қозғалысы өріс алды. Түрі саяси топтар мен ұйымдар құрылып қимыл жасай бастады...
1964 ж. Конституциялық – монархиялық мемлекет болып құрылуы. 1973 ж. Ауғанстан Республикасының құрылуы...
1973 жылы17 шілдеде Надир әуелті билктен тайдырылып, оның орына Мухаммед Дауд келді... Ауғанстан Республикасы жарияланды..
1978 ж. Сәуір төңкерісі - Мемлекеттік төңкеріс орын алып, Н.М. Тарахи жаңа үкімет жасақтады...
Ауғанстан Демократиялық Республика болып қайта құрылуы. Ауғанстандағы саяси дағдарысқа ұшырады.
1979 ж. Х. Амин Н. Тарахиды өлтіріп, барлық билікті өз қолына алды.
1979 жылы желтоқсан айында КСРО әскерлерінің Ауғанстанға басып кірді... Ауғанстанның 26 провинциясы антикеңестік соғысқа ұйысты...
және 1989 ж. 15 ақпанда Женева келісімі бойынша КСРО әскерлері Ауғанстаннан шегініп шықты.
Ауғанстандағы ішкі саяси қақтығыстар өрбіді 1980-90 жылдары 1 милн адам соғыстан өлді...
1992 жылы М.Наджибулла үкіметі құлады... Азаматтық соғыс үдей түсті. Кабуллда Б.Раббани (ұлты тәжік! Бастаған уақытша үкімет құрылды, Солтүстік ауғанстанда А.Дустум (ұлты өзбек) «Ислам ұлттық қозғалысы» ұйымын құрды, Солтүстік шығыста Ахмадшах Масуд (ұлты тәжік) билік құрды..
Пәкістанда дайындалған жас ауғандықтар – Талибандар 1996 жылы қыркүйекте Кабулды басып алды, М.Наджибулланы тұтқындап дараға асып өлтірді...
Усама бен Ладен Ауғанстанда әл-Қаида ұйымын басқарып лаңкестік әрекеттермен шұғылданды...
2011 қыркүйек оқиғасынан кейін Ауғанстандағы жағдай бүкілдей өзгерді...
Ауғанстандағы ТМД елдерін алаңдата бастады. 1992 жылы ташкент қаласында Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, тәжікстан елдері арасында Ұжымдық келісімшартқа қол қойып Ауғанстаннан келетін қауіптің алдын алуды қарастырды...
Наркобинезтің қайнары Ауғанстанда екендігі белгілі. Ауғанстан 1986 жылы 500 тонна апийын өндірген. 1992 жылы 2300 тоннна өндірген. 1997 жылы 2800 тоннна, 1999 жылы 4500 тонна апйын өндірген екен. Ауғанстанда өндірілетін апйын бүкіл әлемде өндірілетін апиынның 79% құрайды екен. Демек, Ауғанстан әлемдегі ең ірі есірткі өндіруші мемлекет болып табылады. Өйткені бұл елдің негізгі кіріскөзі осы апйыннан келеді. Кейбір деректерде 1999 жылы талибандардың накобинестен тапқан кірісі 95 млн доллар болған көрінеді. БҰҰ-ның мәліметінде Ауғанстандағы Усама Бін Ладіннің қолында 2800 тонна апйын болған. Одан 280 тонна кікайын жасауға болады. Оның Пакістандағы апйын бағасы140 млн доллар.
Талибан билігі құлатылған соң да Ауғанстандағы апйын саудасы бір мезетте тоқтаған жоқ...
БҰҰ-ның мәліметінде, апйын сатушылар Пакістандағы дихандардан апйынның әр келеграмын 90 доллардан сатып алады екен, ал оның көтерме саудадағы бағасы 300 доллар, оның қайта сатылу бағасы (Еуропада) 90 мың доллар болады екен.
Ауғанстанда өндірілген апиын Пакістанған, Түркияға, ТМД елдеріне, одан Еуропаға сатылады екен...
Ресейдің Ресми мәліметтеріне жүгінсек, Ресейде Орталық Азиядан тәркілеп алынған апйындардың мөлшері 1994 жылы 260 кг. 1995 жылы 1950 кг. 1996 жылы 2000 кг. 1997-1998 жылдары 40 мың кг. болған. Бұлар тек ұсталғандары ғана. Бұдан Ауғанстаннан Орталық Азияға еніп жатқан пайынның көлемі жыл сайын артып отырғанын көруге болады...
Орталық Азия мемлекеттерді тәуелсіздік алған 1991 жылы Орталық Азиядағы есірткі тартатын адамның саны 3900 адам екен, 1998 жылға келгенде бұл сан 300 мың адамға жеткен. Оның ішінде Қазақстанда апйын тартатындардың саны 200 мың адамнан асады ейді. Ортақ есеппен әр 12,3 адамның біреуі апйын шегеді деген сөз. Орталық Азия - әлемде есірткі тартатын мемлекеттердің ішінде саны ең жоғары болып санадады дейді. Әсіресе, жастардың арасында есірткі тартушылар көп.
Ал қылмыстық іс көбінесе есірткі тартандар арасында орын алады дейді. Апйынкештер арасында қырғын қылмыстық істер болып тұрады..
1991-1993 жылдары Орталық Азияда заңсыз апйын егу үш есеге көбейген. Соған сайкес есірткіге қатысты қылмыстық істер 65% артқан. 1994 жылы Қазақстанда әрбір миллион адамның ішінде есірткіге қатысты қылмыстық істер 564 болған, Қырғызстанда 553 болған, 1996 жылдан бастап бұл сандар көтеріле бастаған -1193, 1997 жылы 14800, 1998 жылдың алғашқы 9 айында 17368 –ге жеткен. Тәжікстанда 1993 жылдағыдан 2.5 есе көбейген, оның ішінде заңсыз қару-жарақ тасу қылмысы 6.5% болған. 2000 жылы Тәжікстанда 2500 қылыстық іс орын алған. 2001 жылдың науырыз айына дейін 9 рет адамды байлап ұрлап әкету оқиғасы орын алған.
8-дәріс.Орталық Ази елдері тәуелсіздігі мен қоғамдық дамуы
Орталық Азиядағы мемлекеттердің тәулсіздікке қол жеткізу күрестері. КСРО-ның ыдрауы және Орталық Азия мемлекеттердіғңі тәуелсіздік алуы.
Қазақастан Республикасының тәуелсіздіктен кейінгі әлеуметтік дамуы...
2. Өзбекстанның экономикалық жағдайы
Геоэкономикалық және геосаяси жағдайынан алып қарағанда, ОА мемлекеттерінің қатынас транспорттар торабы оларды бір-бірімен тығыз байланыстырып тастаған. ОА мемлекеттерін көбінесе биік таулар мен кең-байтақ құмды шөлейіт жерлер бөліп тұады. Олардың сыртпен қатынасы басқа бір ел арқылы өтеді...
Өзбекстанның экономикалық, геосаяси жағдайында өзіндік ерекшеліктер бар.
1991 жылдан бастап Орталық Азия елдерінің ықпалдастығын негізге алған бірнеше келіссөздер өткізіліп, одақтар құрылды. Алайда бұлардың көбісі өміршеңдік таныта алмады...
1994 жылы 30 сәуірде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында Н. Назарбаев, И. Каримов және А. Ақаев «Біртұтас экономикалық кеңістік» (БЭК) құруға келіскен болатын. 1998 жылы бұл «үштікке» Тәжікістан да қосылған еді. Осы жылдан бастап Қазақстанның аталмыш елдермен тауар айналымы 70 пайызға ұлғайды. Құрылуы басталып соңы нәтижеге жете алмаған Орталық Азия одағы (1994-1998 жж), Орталық Азиялық Экономикалық қауымдастық (1998-2002 жж.) және Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы (2002-2005 жж.) секілді ұйымдар өмірге келтірген болатын. Алайда, бұл бастама сиырқұйымшақтанып, соңына дейін нәтижеге жете алмады.
Орталық Азия елдерінің ықпалдастығының негізгі бастамшысы Н.Назарбаев үстіміздегі жылы Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен жиынында терроризм, экстремизм секілді қауіп-қатерлердің Орталық Азия елдерінің бәріне ортақ қатер екендігіне назар аударған болатын. Қазақстан басшысының бұл мәлімдемесі шындыққа жанасады дей аламыз. Өйткені Орталық Азияға келетін сыртқы қауіп-қатерлер көбінесе өзге көршілерінің территориясы арқылы өтеді. Сондай-ақ, аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де бұл елдердің өзара тәуелділігі байқалады.
Орталық Азия елдері мәдени-тарихи құндылықтарға бай. Алайда бұл аймақтағы тарихи жәдігерлердің тек онбірі ғана ЮНЕСКО-нің қорғауындағы мәдени нысандар қатарына жатады.
Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдастығына АҚШ, Қытай, Ресей мемлекеттердің ешбірі мүдделі емес... Сондықтан Орталық Азия елдерінің өз келешектерін ойлап өзара ықпалдасу үдерісіне көшкені абзал. Қазіргі таңда Қазақстанның Ресеймен кедендік одаққа кіруі де Орталық Азия ықпалдастығына кері ықпал етуі мүмкін. Алайда кедендік одақтың белгілі-бір мерзімге арналып құрылғаны белгілі.
3. Қырғызстанның геоэкономикалыө стратегиясы
Қырғызстанның экономикалық жақстан Ресейге иекарту басым. Олар да Қазақстан сияқты алғашқы Ресеймен экономикалық біртұтастықты қарастырған еді...
Қырғызстан Республикасының экономикалық стратегиясы негізінен ірі мемлекеттерді өздеріне ұтымды пайдалану деп түсінемін. Оның нақтылы мысалдарын Қызғыз жерлерін АҚШ пен Ресейге жалға беруінен көруге болады...
Сондай-ақ Қырғыз азаматтеры ТМД елдерінен еңбек тауып істеу және олардың экономикалық табысын пайдалану деуге де болады...
Қырғыстанда басқадай тәбиғи ресурстар аз болғанымен су және су электр ресурстары жеткілікті, оны да өздеріне тиімді пайдаланып отыр...
Қырғыстан Респубикасы Әлемдік сау ұйымына енген мемлекет, бұның да өзіндік пайдасын көріп отыр деуге болады...
Қырғыстан жеңіл өнеркәсіпті дамтуға көп көңіл бөліп отыр. Қазір олардың киім-кешек өнімдері азақстан базарларында сатылуда..
Дегенмен Қызғыстанда өте үлкен басымдылыққа ие өндіріс саласы әлі қалыптаса қойған жоқ...
4.Тәжікстан мен Түркіменстанның қоғамдық дамуы жағдайы.
