Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМО 2.Ввс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207 Кб
Скачать
☆

67.Роторлық бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш жер бетіне орналасады да, қашау бұрғылау тізбегі арқылы айналдырылады.

Түптік қозғалтқыштармен (гидравликалық турбобұрғы немесе электробұрғы) бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш тікелей қашаудан жоғары орналастырылады.

Енді мұнай және газ ұңғыларын айналмалы бұрғылау тәсіліндегі жұмысына тоқталық.

Роторлық бұрғылау тәсілінде (2- сурет) 9-қозғалтқыштың қуатымен шығыр-8 арқылы ұңғының сағасында қондырылған мұнараның ортасында орналасқан арнайы айналмалы 16-механизм-роторға беріледі. Ол қашау-1 жалғанған бұрғыдау тізбегін айналдырады. Бұрғылау тізбегі жетек құбырдан-15 және оған арнайы аударғыш-6 арқылы бұралған бұрғылау құбырларынан-5 тұрады. Түптік қозғалтқышпен бұрғылау тәсілінде қашау-1 түптік қозғалтқыштың ішіндегі білгіне бұралады, ал бұрғылау тізбегі қозғалтқыштың тұрқысына-2 жалғанған. Қозғалтқышты жұмысқа қосқанда оның білігі оған жалғанған қашаумен бірге айналады. Бірақ, бұрғылау тізбегі ротормен бірге айналмайды, ол тек қана түптік қозғалтқыштың қуатымен айналады.

Яғни, роторлы бұрғылау тәсіленде қашаудың жыныс ішіне енуі ұңғының өс бойымен бұрғылау тізбегінің айналып қозғалуынан болады, ал түптік қозғалтқышпен бұрғыланғанда – бұрғылау тізбегі айналмайды. Айналмалы бұрғылаудың роторлы немесе турбобұрғы өзіндік ерекшілігінің бірі, скважина сумен немесе арнайы дайындалған сұйықпен қашау тесігі арқылы түпте барлық жұмыс жасаған уақытында үзілмей үнемі жуумен болады.

Бұл қозғалтқыш-21 арқылы жұмысқа қосылатын екі (кейде бір немесе үш) бұрғылау сорабы-20-дан, құбыр-19-бен бағана құбыр-17-ге жуу сұйықтарын айдайды. Бағана мұнараның оң бұрышында жапсырылған. Әрі иілмелі шланг-14 арқылы ұршық (вертлюг)-10-ға түсіп, бұрғылау тізбегі арқылы түптегі қашауға қарай бағытталады. Жуу сұйығы қашауға жетіп, ондағы тесіктер арқылы қысыммен ұңғы оқпаны мен бұрғылау тізбегі арасындағы кеңістікпен, қазылған жыныстарды бірге алып сағаға көтеріледі. Мұнда науа жүйесі-18 және тазарту механизмдерінде (суретте көрсетілмеген) жуу сұйықтары қазылған жыныстардан тазартылып, одан кейін бұрғылау сораптарының қабылдау ыдыстарына-22 барып, қайтадан ұңғыға айдалады.

2- сурет. Мұнай және газ ұңғыларын айналмалы тәсілде бұрғылау қондырғысының

Ұңғыны тереңдеткен сайын, бұрғылау тізбегі, кронблоктан, (суретте көрсетілмеген) тәл блогынан-12, ілмектен-10, және тәл арқанынан-11, тұратын полистпас жүйесіне іліп қойған түрінде ұңғыға түсіріледі. Жетек құбыр-15, ротор-16 ішіне түгел өне бойымен кіргенде, шығы-8-ді жұмысқа қосып бұрғылау тізбегін жетек құбырдың-15 ұзындығындай қылып көтеріп, элеватор мен ұстауыш сына арқылы оны роторға отырғызып қояды. Одан кейін жетек құбырды-15 ұршықпен-10 қоса бұрап алып, ротордың жанынан, мұнараның оң жағында алдын ала көлбей қазып дайындап қойған шурфқа (оның тереңдігі жетек құбырдың ұзындығымен бірдей) отырғызады. Осыдан кейін бұрғылау құбырын екеуден немесе үш қосақтап қосқан бұрғылау құбырларын свеча дейді. (Бір бұрғылау құбырының ұзындығы 12,5 м.). Свечаның ұзындығы 25 немесе 37,5 м. болады. ол бұрғылау мұнарасының биіктігіне байланысты (мұнара биіктігі 41 м, болса,свеча ұзындығы 25 м., биіктік 53 м. болса, свеча -37,5 м.). Өйткені, ұңғыны бұрғылаған кезде бұрғылау тізбектерін түсіріп-көтеріп тұру керек. Көтерген бұрғылау тізбектерін секциялап (свечалап) ротор столының үстіне текшелеп орналастыру керек. Сондықтан секцияның (свечаның) төменгі жағын столға тіресек, ал жағарғы басын мұнараның столдан жоғары қарай 25 және 37,5 м. Жерде (жоғарыда айтылғандай, мұнараның биіктігіне байланысты деп) «верховой» деп аталатын алаң бар. Соған тіреп қоямыз. 37,5 м. Свечаны пайдаланып бұрғылайтын ұңғының тереңдігі 3000 м.-ден асқанда қолданылады. Үйткені 25 м. свечаның орнына 37,5 м. Свечаны қолдансақ, онда бұрғыланған кезде түсіру-көтеру уақытын үнемдейміз.

68.Бұрғылау қашаулары

Тау жыныстарын бұзушы аспаптар негізгі атқаратын міндеттеріне қарай үш топқа бөлінеді:

1) ұңғы түбін тұтастай бұрғылауға арналған қашаулар;

2) ұңғы түбін айналдыра бұрғылап, тау жыныстары үлгісін керн алу үшін қолданылатын бұрғы ұштары, коронкалар;

3) қосалқы аспаптар, найза тәрізді қашаулар, фрезерлер, калибраторлар, кеңейткіштер.

Бірінші және екінші топ аспаптарын жасақтарының тау жыныстарына әсер ету өзгешеліктеріне қарай төрт шағын топқа бөледі: кесіпуатушы (РС), қажап-кесуші (ИР), үгіп-уатушы және үгу арқылы әсер етуші.

Кесіп-уатушы, қажап-кесуші аспаптар түрлерінің құрал-жабдықтары берік материалдардан кескіш немесе секторлар түрінде жасалады. Үгіп-уату арқылы әсер етуші аспаптардың құрал-жабдықтары шарошкаларға индикатор түрінде орналастырылған.

Бірінші, екінші және үшінші топ аспаптары мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда кеңінен қолданылады.

Ұнғыны бұрғылау және оны пайдалануға өткізу аралығында бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Олар:

1) өнімді қабатты бұрғылау;

2) өнімді қабатты зерттеу;

3) ұңғы түбіндегі бөлігінің конструкциясын таңдап алу;

4) ұңғы сағасын жабдықтау;

5) пайдалану тізбегін өнімді қабатпен қатынастыру (перфорация);

6) өнімді қабаттан мұнай немесе газды шақыру және ұңғыны пайдалануға өткізу.

Бұл аталған жұмыстардың дұрыс орындалуына ұңғы шығымы, оның тиімділігін, сонымен қатар пайдалану барысындағы жөндеу аралық кезеңмен тікелей байланысты

70.Ұңғы түбінің конструкцияcын тандап алу – қабаттың литологиялық физикалық қасиеттеріне, орналасу орнына, өніміді қабаттан жоғары немесе төмен сулы қабаттардың орналасуына басқада көптеген факторларға байланысты іске асырылады. Бұрғылау практикасында ұңғы түбінің төмендегідей конструкциялары қолданылады.

1) Ұңғыны өнімді қабат жабынына дейін бұрғылап пайдалану тізбегін түсіріп цементтейді.

1- сурет. Ұңғы түбінің конструкциясы

1 - пайдалану тізбегі; 2 – цемент ерітіндісі; 3 – сүзгі-хвостовик;

4 – сүзгі пайдалану тізбегінің жалғасы; 5 – манжет отырғызу орны;

6 – сальник.

Содан кейін цементтеу тығынын тірек сақинасы бұрғыланады да, ұңғы өнімді қабат табанына дейін тереңдетіледі. Егер қабат тұрақты тау жыныстарынан тұратын болса, ұңғы оқпанын ашық қалдырған жөн (1, а сурет). Егер қабат борпылдақ тау жыныстарынан құралса, пайдалану тізбегіне құм кірмес үшін өнімді қабатқа қарсы сүзгі қойылады, 1, б суретте пайдалану тізбегінің төменгі шетіне ұсынылатын сүзгі-хвостовикті пайдалану көрсетілген. Кейде сүзгінің басқа түрі қолданылады (1, в сурет).

2 сурет. Пайдалану тізбегі цементтелінген ұңғы түбінің конструкциясы.

1 – мұнайлы қабат; 2 – газды қабат; 3 – сулы қабат;

4 – пайдалану тізбегі; 5 – сүзгі – хвостовик; 6 – пакер;

7 – перфорацияланған тесіктер.

Бұл жақпайда онімді қабат, одан жоғары аралықта бұрғыланған қашау диаметрімен бұрғыланадыда, пайдалану тізбегі сүзгімен түсіріліп, қабат жабынынан жоғары манжеттік тәсілмен цементтелінеді. Екі жағдайда (1, б, в сурет) метал-керамика, құм-пластмасса немесе іріқұмдақ сүзгілер қолданылуы мүмкін.

Бұл аталған ұңғы түбінің конструкциялары өнімді қабаттан жоғары және төмен сулы қабаттар кездесетін жағдайларда қолданылады.

2) Ұңғы өнімді қабат табанынан біраз төмен бұрғыланып, пайдалану тізбегін түсіреді де, бір немесе екі сатылы тәсілмен цементтейді. Цемент ерітіндісі қатқаннан кейін өнімді қабат тұсынан перфорациялап, қабат пен пайдалану тізбегін жалғастырады (2, а сурет). Кейде пайдалану тізбегіне құм түспейтіндей етіп сүзгі орнатады (2, сурет). Бұл келтірілген ұңғы түбінің конструкциясы мұнайлы құмдар саз балшықтармен және сулы қабаттармен қабаттасып орналасқан, әр өнімді қабаттан жоғары не төмен сулы қабаттар кездескен жағдайларда қолданылады.

Ұңғы сағасын жабдықтау. Пайдалану тізбегінің сыртындағы цемент ерітіндісінің көтерілу биіктігін анықтағаннан кейін, шеген құбырды ұңғы сағасына іліп, құбыр аралық кеңестігін бекітуші тізбек басымен байластырады.

1 суретте бір тізбекті ұңғы сағасын жабдықтау схемасы көрсетілген. Тізбек басы кондукторға бұралып жалғанған фланецтан-2 және пайдалану тізбегінің жоғарғы шетіне жалғанатын педьесталдан-1 тұрады. Бұралаушы бұрма ысырмасын-5, құбыр сыртындағы газды шығару үшін қолданылады.

71.Пайдалану тізбегін қабатпен қатынастыру. Пайдалану тізбегі цементтелінген ұңғы түбінің конструкциясын қолданған жағдайда, пайдалану тізбегінің қабатпен қатынасын тізбекте цемент сақинасында қабаттағы тау жыныстарында арнайы перфоратор аппараты мен тесік тесу арқылы іске асырады.

Мұнай мен газ осы тесіктер арқылы пайдалану тізбегіне түседі. Тесіктердің диаметрі 1-бір метрдегі саны (перфорация тығыздығы) қабаттан мұнай мен газ мақсималды келіп түсетіндей етіліп алынады.

Перфораторлардың бірнеше түрлері бар. Олар: кумулятивтік, торпедалық және оқты. Ең кең тараған кумулятивтік перфораторлар. Олардың көмегімен шегендеу құбырларында, цемент тасы және ұңғы қабырғасындағы тау жыныстарын тесіп арна жасауға болады.

Кумулятивтік арын зарядтың жарылу кезінде, зарядтты мыс қаптамасының күш толқыны әсерінен жан-жақты сығылуы салдарынан түзіледі.

Күш толқынның әсерінен мыстың ішкі беті балқып тығыздығы жоғары метал ағынына айналады да, жарылыс барысындағы базтәріздес заттармен, 8000-10000 м/с жылдамдықпен қаптама ортасынан шегендеу тізбегіне радиалды атқыланады. Мұнай жылдамдықпен атқылаған метал сұйық ағыны шегендеу тізбегіне 30 МПа-дай қысым түсіреді де, оны тесіп өтеді және тау жыныстарында 300 мм, оданда терең арна жасайды.

Кумулятивтік перфоратор, спирал бойымен ағып өтетін тесік тесілген, тығыз жабылған қабырғасын қалың құбырдан тұрады. Кумулятивтік зарядтар перфоратор тұрқыны тесіктерге қарсы қойылады. Зарядтар электркабелге қосылған қопару патронындағы пілте бауы арқылы жарылады.

Айдау ұңғыларында шегендеу тізбегін, цемент сақинасын және тұрақты тау жыныстарынан тұратын қабатты атқылау үшін торпедалық перфораторлар қолданылады. Ату диаметрі 22-32 мм. айырғыш снарядтармен жүргізіледі. Снаряд атылғаннан кейін тау жыныстарына 200-250 мм. еніп сонда жарылады. Жарылу нәтижесінде тау жыныстарында диаметрі 300 мм. дейін қуыстар пайда болады.

Соңғы кезде гидроқұмағынды перфорация кең қолданылып жүр. Бұл тәсіл бойынша пайдалану тізбегінің ішіне түсірілген сораптық-компрессорлық құбырға жоғары қысыммен құм аралас сұйық айдайды. Құбырдың төменгі шетіне ағын апараты қойылады, оның тесігінен құм аралас сұйық өте жоғары жылдамдықпен атқыланады.

Осы қоспа шегендеу тізбегін, цемент сақинасын, тау жыныстарын қажап тез бүлдіреді. Гидроқұмағынды перфорацияда шегендеу тізбегі шытынап бүлінбейді, әр тес3ктердің диаметрімен терендігін реттеуге мүмкіндік береді.

72.Қабаттан мұнай және газдың құйылуын қалыптастыру. Пайдалану тізбегімен қабат арасын жалғастыру жұмыстарын аяқтағаннан кейін, қабаттан мұнайдың құйылуын шақыруға кіріседі. Қабаттағы мұнай мен газды ұңғы ішіне шақыру үшін, ұңғы ішіндегі қысым қабат қысымынан төмен болуы керек.

Ұңғы ішіндегі қысымды түп қысымы деп айтуға болады. Фонтандық құбырлар мен пайдалану тізбегі арасындағы кеңістікке су айдап фонтандық құбыр арқылы жуу сұйығын ығыстырып шығарады. Қабат қысымы жоғары қабаттарда жуу сұйығын толық алмастырмайақ ұңғы атқылап бастайды. Егер жуу сұйығын сумен алмастыру тиімсіз болса онда, суды мұнаймен ауыстырады. Ал бұл шаралар көмектеспеген жағдайларда құбыр сыртындағы кеңістікке мұнайды газбен немесе суды ауамен араластырып айдайды. Қоспаны айдау барысында біртіндеп газ немесе ауаның көлемін өсіріп, толық газ (ауа) айдауға көшеді. Сөйтіп ұңғыға түсірілетін қысымды бірқалыпты төмендетіп, қабаттан ұңғыға мұнай мен газдың құйылуын біртіндеп өсіреді.

Өнімді қабаттар қатты тау жыныстарынан құралған жағдайда ұңғыны компрессорлық тәсілмен игереді. Бұл тәсіл бойынша құбыр сыртындағы кеңістікке жуу сұйығын фонтандық құбырға ығыстыру үшін газ (немесе ауа) айдайды. Ұңғыдағы қысым күрт төмендейді, бұл қатты тау жыныстары үшін қауіпсіз.

Қабат қысымы төмен ұңғыларда мұнай ағынын шегендеу тізбегі ішіндегі жуу сұйығының деңгейін төмендету арқылы қалыптастырады. Ол үшін фонтандық құбыр ішіне арқанмен жоғары жағына ұзын келте құбыр жалғанған поршен түсіріледі. Поршен келтірілген кезде клапан жабылып сұйық фонтандық құбырдан ығыстырылып шығарылады. Поршенді әрлі берлі көтеріп түсіру арқылы пайдалану тізбегі ішіндегі сұйық деңгейін төмендетуге болады, нәтижесінде өнімді қабатқа түсірілетін қысым азаяды.

Қабаттан мұнай немесе газдың ағын шақырғаннан кейін ұңғыны ағынға тексеріп, өнім беру нормасын анықтап, пайдалануға өткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]