- •21. Ұйымдық коммуникация мәнін ашып және олардың жолындағы кедергілерді анықтаңыз.
- •22. Ұйымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз.
- •24. Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз.
- •27. Ұйымдастыруға басқару функциясы ретінде сипаттама беріңіз. Делегирлеу, өкілеттілік және жауапкершілік түсініктерінің мәнін ашып, өзара байланысын анықтаңыз
- •29. Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз
- •30. Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз
- •32. Дивизионалды құрылымның мәнін ашып және оның типтеріне сипаттама беріңіз
- •31. Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз
- •1. Мәжбүр етуге негізделген билік. Үрейлендіру арқылы ықпал ету.
- •3. Сараптау билігі. Салихалы сенім арқылы ықпал ету.
- •34. Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз
- •36. Болжау түсінігінің мәнін ашыңыз және болжаудың сандық әдістеріне түсініктеме бере отырып тізбектеңіз
- •37. Басқарудағы жүйелік тәсілдің мәнін ашыңыз
- •38. Басқарудағы жұмысшыларға сендіру және қатысу арқылы әсер етудің мәнін ашыңыз
- •39. Ұйымдастырушылық құрылым түсінігінің мәнін ашып түрлерін анықтаңыз
24. Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз.
шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау |
Проблемалар мәселесен қою |
жинақталған мәліметтер-ді талдау |
шешім мәселелері нің негізделуін бағалау |
мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау |
шешімнің орындалуын ұйымдастыру |
орындалу барысын бақылау және нәтижені бағалау |
Лидер- бұл психологиялық құбылыс, себебі көшбасшы топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді (бейресми). Көшбасшылық қасиеттері немесе «ұлы адамдар» теориясы 1930-1950 жж Р.Стогдилл, Р. Манн, О. Тид негізін қалаған. Теория мәні көшбасшылық кейбір адамның бойында туылғанда бірге пайда болады деп тұжырымдады. Тиімді көшбасшылардың қасиеттерін немесе жеке сипаттарын анықтауға бағытталған зерттеулер. Ұлы адамдардың теориясына сәйкес, көшбасшылардың ең жақсы тұлғалары барлық жеке қасиеттерге ортақ белгілі бір жиынға ие. «Адам өзіндік жеке қасиеттері бар болғандықтан ғана көшбасшы болмайды». Жеке қасиеттері - көшбасшының жеке ерекшеліктері, мысалы, ақыл-ой, адалдық, өзіне деген сенімділік, сыртқы келбеті. Ұлы адамдар теориясы оны өзге адамдардан ерекшеленетін көшбасшы қасиеттерін анықтайды. 25. Ұтымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз Шешімді жасау процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру.
26.Дау-жанжал түсінігі мен типтеріне сипаттама беріп, оның себептерін анықтаңыз
Дау-жанжал- бұл екі жақтың бір-біріне сыйыспайтын және басқа тараптың мүдделеріне қарама-қайшы келетін ұстанымды қабылдауға тырысатын жағдай. Дау-жанжал - бұл адамдардың үйлесімсіз көзқарастарынан, көзқарастары мен мүдделерінен туындайтын адамдардың, топтардың, қауымдастықтардың өзара әрекеттесуі. Жанжал — қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қордаланған өткір проблемалардың, халықаралық кикілжіңдердің дер кезінде реттелмей, әр түрлі қақтығыстарға алып келуі.
Қақтығыстардың келіп шығу себептері мен факторлары да түрліше болуы мүмкін. Қақтығыстардың келіп шығуы және дамуы әр-түрлі себептерге негізделеді.
Қақтығыстың объективтік себептер адамдардың тұрмыстық жағдайдағы өзара қимыл-әрекеттері, яғни олардың қызығу, көзқарас, пікір, ұстанымдардың қақтығысуы жатады.
Қақтығыстың ұйымдастыру – басқару себептері – ұжымдар, ұйымдар және топтар құрылуымен, дамуымен және қызметімен байланысты болған жағдайлар жатады. 4 түрлі себептерді көрсетуге болады. Олар:
Құрылымдық-ұйымдастыру – яғни ұйымның құрылымының сол еңбек түріне сай келмеуі.
Функциональдық-ұйымдастырушылық ұйымының сыртқы ортамен тиімді функциональдық байланыстары төмендегенде, ұйым ішіндегі бөлімдер мен жеке құрылымдар арасындағы байланыс бұзылғанда, жеке жұмысшылар арасындағы сыйластық, түсінушілік төмендегенде қақтығыстарға себеп болады.
Жеке тұлғалық-функциональдық – лауазымдағы қызметке, басшылардың өз мамандығына, адамдық, моральдық қасиеттерімен сай келмеу себебі
Ситуациялық-басқарушылық – ұйым басшысы, оған бағынушылар тарапынан қате шешім мен қаулылардың қабылдаыуына байланысты қақтығыстар себебі.
Тұлғааралық инновациялық қақтығыстар – бұл еңгізілген жаңалықтың қолдаушылары мен қарсыластары арасындағы қарсы әрекеттер, яғни қарсыластар мен қолдаушылар арасындағы ұнамсыз көңіл-күй, түсінісбеушілік.
