Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нпия Меруерт курсты жмыс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82 Кб
Скачать
☆

1.2 Құнды қағаздарды шығару және олардың эмитенттері

Құнды қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, есепшотқа енгізілген жазу түрі. Басқа адамға иемденуге берілген құнды қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атаймыз.

Шығару жөнінен құнды қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып екіге бөлінеді. Нарықтан тыс құнды қағаздар әлеуметтік – нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға зейнетақы қорларының облигациялары, жинақ облигацияларын, депозиттік облигациялары және с.с. жатады. Нарықтан тыс құнды қағаздар әртүрлі қорларға немес банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру) үшін шығарылуы кең өрістенген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс құнды қағаздарды шығаруды кеңейту және оладың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.

Ал айналымға түстін құнды қағаздарды нарықтық құнды қағаздар деп атайды. Құнды қағаздар айналысы деп оларды сатып алу – сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Құнды қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушілерді эмитенттер деп атайды.

Құнды қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденшілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және заңды тұлға болуы мүмкін):

Біріншіден, қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;

Екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде;

Үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.

Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті [3].

Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру-құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағ эмитенттің қысқаша жұымысы баяндалады. Үшінші тарауында құнды қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтер арасында:

1.кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылымды капиталының мөлшері;

2.шығарылатын құнды қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы;

3.акция сатуды бстау және аяқтау күндері;

4.бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акциялар саны;

5.құнды қағаздарды сату түрі (қолма-қол ақшаға немесе қолма-қол ақшасыз есеп арқылы сату);

6.кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;

7.эмитенттің адресі мен телефоны бар [4].

Эмиссия проспектісінің келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі қызмет орны, оның ішінде басқару органынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған эмитент пен оның шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады.

Ал қорытынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтаратын басқа да хабарлар орын алады.

Қорытындалап айтатын болсам, эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сайып келгенде, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

Эмитент пен инвестиция институттары, яғни акциялады алғашқы иемденушілерге сатушылар акцияның бағасын барлық сатып алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған акциялардың бағасы бідей болуы шарт.

Құнды қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.

Құнды қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар - ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10-жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында өтті. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай. Ал тәуелсіз мемлекеттер достығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.

Бұл елдерде құнды қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру құнды қағаздардың жаңа түрі – жекеменшіктендіру чектерін өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.

Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін емес. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу – өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі [5].