Кəсіби машық алуға арналған оқу тәжірибесі
Өртке байланысты қауіпсіздік шаралары.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрт профилактика
сы болып өртті болдырмау немесе оның салдарларын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
- өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.
Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттың және құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанғадейінгішыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланыстыөрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, ауа салқындатқыш т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер параметірлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
1. ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
2. ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
3. ыстық жанғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:
- қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);
- өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).
Қонақ үйде нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.
Қонақ үйдің мейрамхана және барларын басқару
Соңғы уақытта келушілер талабының өсуіне байланысты, тамақ дайындау сапасының деңгейін көтеру және өнегелі қызмет көрсетуді мақсат етуде. Сонымен қатар, мейрамханалардың жоғарғы талаптарының бірі, өте тәжірибелі мамандарды топтастыру.Басқа мейрамхана типтері тәрізді, қонақ үй мейрамханаларын менеджерлер басқарады.
Мейрамхана менеджерінің міндеттері: - келушілерге жоғары сапалы қызмет түрлерін көрсету; - қызметкерлерді жалдау, оқыту және оларды ұтымды пайдалану; - бөлмелерде, мини-барларда, коктейль-барларда қызмет көрсетуді ұйымдастыру; - маркетингтік зерттеу жүргізу; - тамақтану кешенінің келесі аптаның, айдың, жылдың бизнес бағдарламасын бюджеттік есепке алуына ұсыныс жасау. Тұрғындардың санына қарай, әрбір нақты таңертеңгілік, түскі және кешкі асқа, қана тағам және сусындарды дайындау мүмкіндігін есептеу. Қонақ үйдің тамақтану кешенінің қызметін тұтынушы қонақтарды, әдетте қамту деңгейі деп атайды. Сонымен бірге, банкет ұйымдастырушылар, әртүрлі мерекелерді атап өтушілерде тамақтану кешенінің негізгі табыс көзі бола алады.
Супервайзердің міндеттері.
Суперайзердін міндеттемелері:
Қол астындағы қызметкерлерді міндеттерімен таныстыру, қызметкерлердің берілген талаптарды орындауға әзірлігін тексеру, қызметкерлерге жұмыс істейтін орындарды бөліп беру;
Белгісіз бір ескертілмеген жағдайлар барысында қызметкерлерге арнайы жеке тапсырмаларды бөліп беру;
Керек жағдайда қызметкерлердің ауысымын қадағалайды;
Жұмыстын дұрыс орындалуын қадағалап, тексереді;
Ұжым арасындағы өзара келіспеушіліктер мен даулардың алдын ала білуі тиіс;
Қызметкерлердін жұмыс атқаруын бағалау және бар мүмкіндіктерін барынша қадағалау;
Қызметкерлерге берілген жұмыстары бойынша арнайы бұйрықтар мен тапсырмалар беру керек;
Қызметкерлерді бағалай отырып олардын сенімі мен жұмысқа деген жауапкершілігін анықтайды;
Берілген жұмысына үйрену үшін қызметкерлерге арнай дайындық тапсырмаларын береді;
Қызметкерлермен арнайы қонақ үйдегі стандарттар мен қызметтері бойынша арнаый жаттығулық трейнингтер өткізеді;
Қызметкерлермен жиналыстар жасап, ұнайтын немесе қыйналатын тұстарын сұрап, қолынан келгенше көмектесуге тырысады;
Супервайзер өзіне берілген міндеттерді тиянақты, әрі жауапкершілікпен орындауы керек;
Жұмысқа қабылдау барысында қызметкерлерді берілген санаттар бойынша бөліп, деңгейлеріне байланысты жұмыстар ұсынуы тиіс;
Жұмыстын қаншалықты жақсы және дұрыс орындалғаны жөнінде, жеткен жетістіктерімен, қызметкерлердің машықтық деңгейлері жөнінде есеп береді;
Қызметке қабылданған жаңа қызметкерлерді берілген талаптары мен ұстанатын ережелерімен таныстырады.
