Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фин у.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
495 Кб
Скачать
☆

Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай жағдайларда ғана:

- кандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;

- жалга берушініи рүксатымен;

- жалдауды кабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.

Жалды қабылдау күні - бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасасу күні немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау.

Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану мүмкіндігін іскс асыру құқығын алған күн болып есептеледі.

Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы кұқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез - келген өзге де кезеңдер.

Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің сонында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқылы болса. Жалдау мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет көрсету мерзімінің 80%-нен астам болса. Жал мерзімінің сонында жалданған активтің калдық құны жалдаудың бас кезіндегі оның ағымдағы құнының 20%-нан кем болмаса. Жалдау ақысының жалдық барлық кезеніндегі дисконтталған құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90% -нан асатын болса.

Жал мерзімі — көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен рәсімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.

Ағымдағы жалгерлік - қаржыландырылатын жалгерліктен басқа, кез келген жалгерліктің түрін айтады.

Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі күрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 "Негізгі құралдар" бөлімшесінің тиесілі субшоттарында, яғни негізгі қүралдардың құрамында көрініс табады.

Жалға алынған негізгі кұралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.

Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.

Қаржыландырылатын жал — мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Бұл кезде жалға алушы алынған мүліктерді өз балансында көрсетеді. Ал жалгерлік кезеңдегі құқықтың өзі берілуі немесе берілмеуі мүмкін.