- •1.Фотометриялық ұғымдар мен шамалар, олардың өлшем бірліктері
- •3. Геометрилық оптиканың негізгі заңдары
- •4. Толық ішкі шағылу құбылысы
- •7. Линзаның бас фокус аралығы және оптикалық күші. Жұқа линза теңдеуі
- •8. Жарық толқынының интерференциясы
- •9. Тербелістер мен толқындардың когеренттігі және интерференцияcы
- •10. Интерференциялық жолақтардың ені
- •11. Интерференциялық аспаптар. Ньютон сақиналары.
- •13.Дифракция құбылысы. Гюйгенс-Френель принципі.
- •12.Жарық толқынының дифракциясы.
- •14.Френель және Фраунгофер дифракциясы
- •16.Жарық толқынының дисперсиясы
- •17.Электромагнит толқындардың поляризациялануы
- •22.Поляризацияланған толқындардың интерференциясы
- •23.Жарықтың заттағы қалыпты және аномаль дисперсиясы.
- •24.Жарықтың жұтылуы және шашырауы. Бугер заңы.
- •25.Жылулық сәуле шығару және оның негізгі заңдары.
- •26.Малюс жане Брюстер заны
- •27.Квантты-оптикалық құбылыстар.Фотоэлектрлік эффект.Комптон эффекті.
- •28.Фотондар.Фотон массасы және импульсі.
- •29.Бугер формуласын қорыту
- •30.Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі.
12.Жарық толқынының дифракциясы.
Жарықтың дифракциясы деп жарық
толқындарының
жолында кездесетін бөгеттерді айналып
өтуін айтады. Жарықтың дифракциясы
байқалуы үшін жарық жолындағы бөгеттердің
өлшемдері жарықтың толқын ұзындығымен
шамалас болуы (
)
керек. Жарық
дифракциясының бiр мысалы оның тар жолақ
саңлау арқылы өткен кездегi дифракциясы.
Дифракцияның
екі түрі кездеседі:1.Тоғысатын немесе
шашырайтын сәулелер дифракциясы, яғни
Френель
дифракциясы; 2.Параллель
сәулелер дифракциясы, яғни Фраунгофер
дифракциясы.
Дифракциялық тордың суреті (a - күңгiрт жолақтың енi, b – саңлаудың енi)
Айталық
торға жарық перпендикуляр бағытта
түсірілген болсын. Саңылаудың артында
дифракция нәтижесінде сәулелер торға
түскен сәулелерге қандай да бір бұрыш
жасай отырып, таралатын болады. Егер
осы сәулелердің жолына жинағыш линзаны
орналастыратын болсақ, осы линзаның
фокальдық жазықтығында бір нүктеде
бірдей бұрышпен ауытқыған сәулелер
жинақталады. Бір- біріне сәйкес сәулелердің
арасындағы оптикалық жол айырымы
тең болады, мұнда
– саңылауға түсетін сәуле мен ауытқыған
сәуле арасындағы бұрыш, немесе
,
мұнда d =a+b – дифракциялық тордың периоды,
осы жол айырымына сәйкес келетін фазалар
;
Егер
болса,
онда
, демек сәулелер бір фазада жетеді және
бірін-бірі күшейтеді. Осы жағдай үшін
максимумдардың болу шарты:
мұнда
m = 0;
. Осы максимумдар негізгі деп аталады.
Максимумдар шартынан m=0 болса,
және
экранда нөлінші ретті максимум алынады.
m=
болса,
нөлінші реттің екі жағында да екі бірінші
ретті максимумдар пайда болады және
т.с.с.
Дифракциялық
торды ақ жарықпен жарықтандырса, ақ
жарықтың нөлінші ретті жолағы пайда
болады, өйткені
үшін
максимум шарты кез келген толқын
ұзындықтары үшін орындалады. m
ретті
әр жолақ спектр болады, сонымен бірге
қызыл шетіне дифракцияның үлкен бұрышы
сәйкес келеді.
Максимумдар
екпінділігі біртіндеп азая бастайды,
дифракциялық спектрдің саны шектеулі
және ол мына шарт бойынша анықталады.
13.Дифракция құбылысы. Гюйгенс-Френель принципі.
Жарық толқындары оптикалық біртексіз ортада таралғанда байқалатын және геометриялық оптиканың заңдылықтарынан ауытқумен жүретін құбылыстардың жиынтығын дифракция деп атайды. Жеке жағдайда жарықтың дифракциясы деп жарық толқындарының жолында кездесетін бөгеттерді айналып өтуін айтады. Жарықтың дифракциясы байқалуы үшін жарық жолындағы бөгеттердің өлшемдері жарықтың толқын ұзындығымен шамалас болуы ( ) керек. Дифракция құбылысы жарықтың толқындық қасиетiнiң айқын дәлелi болып табылады. Бұл құбылыс геометриялық оптика заңдылықтарының қай кезде бұзылатындығына нұсқайды. Дифракцияның екі түрі кездеседі:1.Тоғысатын немесе шашырайтын сәулелер дифракциясы, яғни Френель дифракциясы; 2.Параллель сәулелер дифракциясы, яғни Фраунгофер дифракциясы.
Дифракциялық тордың суреті (a - күңгiрт жолақтың енi, b – саңлаудың енi).
Жарықтың жолында кездескен бөгеттерді айналып өтуін Гюйгенс принципімен түсіндіруге болады. Гюйгенс принципі бойынша кеңістіктің толқын жеткен кез-келген нүктесін екінші реттік толқын көзі деп қарастыруға болады. Француз ғалымы Френель Гюйгенс принципін екінші реттік толқынның амплитудасын және интенсивтілігін ескеріп, толықтырды.Френель-Гюйгенс принципі:Кеңістіктің толқын жеткен нүктелері тек қана екінші реттік толқын көздері болып табылмай және олардың интерференциясының нәтижесі болып табылады.
1. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi өз кезегiнде жаңа толқын көздерi болып табылады. 2. Бұл жаңа толқын көздерi бiр-бiрiне когеренттi. Ал кеңiстiктiң кез-келген нүктесiндегi жарықтың интенсивтiлiгi осы когеренттi жаңа көздерден тараған толқындардың интерференциясының салдары болып табылады.
Гюйгенс-Френель принципi дифракциялық бейнелермен қатар жарықтың түзу сызық бойымен таралу себебiн де түсiндiредi.
