- •12 Тақырып. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы
- •Кесте – 1. Отбасы тәрбиесінің негізгі күші
- •Кесте- 2. Отбасы типтері
- •Кесте- 3. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары
- •Сурет-1. Отбасы мен мектептің бірлігінің құрылымы
- •Сурет-2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс бағыты
Кесте- 2. Отбасы типтері
Жоғары деңгейдегі адамгершілікті қарым-қатынастағы отбасылар.
Оларда моралдық тұрғыда жақсы қалыптасқан ахуал, балалар өздерінің қабілеттерін дамыту үшін мүмкіндіктер алады. Олардың жұмысына сынып жетекшісінің жиі араласуы талап етілмейді, тек белгілі бір жас аралығында тәрбиелеудің ерекшеліктеріне байланысты жекелеген кеңестер беруі мүмкін.
Ата-аналардың арасындағы жақсы қарым-қатынаспен
сипатталатын отбасылар. Олар бала тәрбиелеудің жағымды жақтарымен қамтамасыз етпейді.
Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін, соған байланысты балада сынып жетекшісінің мән беруін талап ететін өзімшілдік пайда болуы мүмкін.
Қарама-қайшылықты отбасылар. Мұндай жағдайда ата-аналарға өз
балалары емес өздерінің арасындағы қарым-қатынасқа көңіл бөлулеріне тура келеді. Бұл жерде отбасындағы психологиялық ахуалды өзгертуге, онда өсіп келе жатқан баланы жоғалтып алмауға қатысты белсенді түрде педагогикалық көмек керек.
Рухани тұрғыда әлсіреген, нағыз адамгершілікті құндылықтар сақталмаған, ұрпақтарының арасында эмоционалдық байланыс бұзылған сырттай ғана сәтті отбасылар. Кейбір балалар сырттай сәтті саналатын отбасылардың
психологиясын жақсы меңгеріп алған. Сондықтан ондай отбасылармен тәрбие жұмыстарын жүргізу өте қиын.
Дөрекілік, жан-жал шығарушылық, жағымсыз мінез-құлық тән сәтсіз отбасылар. Ондай отбасылар сынып жетекшісінің, көпшілік қауымның тұрақты назарын, кейде балалар мүддесін қорғау үшін белсенді түрде араласуды талап етеді.
Осы көрсетілген отбасылардың типтерін және олардың ерекшеліктері ата-аналармен жұмыс істеу барысында ескерілуі тиіс.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстары:
ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру;
ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне тарту,
ата-аналарды мектепті басқаруға қатыстыру.
Мектеп практикасында ата-аналармен жұмыс істеудің жаппай, топтық және жеке формалары мен әдістері пайдаланылады. Олардың барлығы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігін нығайту, отбасының тәрбиелеу әлеуетін күшейту, сондай-ақ ата-аналарды бала тәрбиесіне тартуға бағытталады.
Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің мәні мен атқаратын қызметтері
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қоғамды құратын азамат атаулы отбасында өсіп өрбиді, тұлға болып қалыптасады.
Осыған орай, отбасы белгілі қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру: тек жалғастыру тума əрекеті, перзентті болу, оларды өсіру жəне тəрбиелеу қажеттігі;
- шаруашылық-экономикалық: ортақ шаруашылық жəне қаржы пайдалану, еңбекке, жарамсыздарға қамқорлық жəне оларды материалды қамсыздандыру;
- тəрбиелеу: отбасы, оның əрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тəжірибе, инабаттылық тəртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу;
- қарым-қатынас құру (коммуникативті): – отбасы ішіндегі қатынасты түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, əлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру;
- қайта қалыпқа келу (рекреативті): – бос уақыттарындағы демалыс іс-əрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын күту шараларын қамтамасыз ету.
Отбасы тəрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, əлеуметтік-мəдени салт-дəстүрлеріне жəне қауымдастыққа тəн талап-тəртіп ұстанымдарына байланысты төмендегідей қызметтерді атқарады:
Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін де шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және тәрбиеленушілердің үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата-аналарды таныстырады.
Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, тәрбиеленушілерді әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателік болмауына сенімдерін орнықтырады.
Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, бала тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді.
Оқушыларды тәрбилеуде ата-аналармен жұмыс жасау формалары:
Оның мектеп тәжірибесінде әртүрлі формалары қолданылады:
сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар және т.с.с.
жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру;
оқушылардың сабақтарын, олимпиада, кештер, апталықтар, ата-аналардың ашық есік күніне және т.б. шақыру;
мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу: еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары;
өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
балалардың аула клубтарын құру;
мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына қатыстыру;
мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайту, көрмелер ұйымдастыру;
мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау және т.б.
Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.
Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл кеңес беру.
Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Сынып жетекшінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналар комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы: баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапты болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге сынып жетекші бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдармен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді.
Мектеп пен сыныптың оқушы отбасымен өзара әрекеттестігі бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық, дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары: (3-кесте)
