Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микро экзамен-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

12.Ұсыныс дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.

13.Ұсыныс қисығының сызбасын көрсетіңіз. 24.Ұсыныс дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз. 25.Ұсыныс қисығының артуы және азаюын сызбада көрсетіңіз. 26.Ұсынысқа әсер ететін факторлар нелер? Жазыңыз.

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді: 1Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі. 2Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі. 3Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы. 4Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту. 5Бәсекенің деңгейі 6.Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі. 7Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.

7.3. графигі. Ұсыныс қисығы

7.4. графигі.. Ұсыныс қисығының жылжуы

Р

S

Р1 A

B

Р2

Q2 Q1 Q

Р S1

S0

S2

Q

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы).