- •37. Мембрананың құрылысын зерттеуде қолданылатын электрондық микроскоптың ажырату шегі анықталады
- •80. Тежеулік рентген сәулесінің спектрі
- •81. Сипаттамалық рентген сәулесінің спектрі
- •97. Радиоактивті заттың белсенділігі дегеніміз
- •104. Жүректің өкпе өзегі мен аортаға бір минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері
- •5. Электрлік биопотенциалдары
- •1 Дарсонвализация
- •4. Токтың ұлпалар арқылы өтуі кезінде бөлінген энергия капиллярлық қан кетуді болдырмай ұлпаларды кесу үшін қолданылады
- •1 Дененің ашық бөлігіне лампалы генератордың терапевтік контурымен қосылған екі қорғасын пластинка орнатылады
80. Тежеулік рентген сәулесінің спектрі
1 жолақ
2 тұтас
3 үздіксіз
4 сызықты
5 біртекті
81. Сипаттамалық рентген сәулесінің спектрі
1 жолақ
2 тұтас
3 үздіксіз
4 сызықты
5 біртекті
82. Толқын ұзындығына байланысты рентген сәулеі бөлінеді
1 резонанстық, сипаттамалық
2 қатты және жұмсақ
3 жұмсақ және лазерлік
4 қатты, резонаннстық
5 жұмсақ және тежеулік
83. Рентген сәулесінің түрлері
1 резонансты, тежеулік
2 тежеулік, сипаттамалық
3 еріксіз, көрінетін
4 сипаттамалық, резонансты
5 өшетін, өтімді
84. Рентген түтікшесі
1 газоразрядты вакуумды шам
2 үш электродты электронды шам
3 бір жағы кеңейтілген шыны вакуумды колба, бір ұшы флюоросцентті затпен қапталған
4 анод пен катодтан тұратын жоғары вакуумды шыны колба
5 катод шамы
85. Рентген сәулесінің когерентті шашырау құбылысы кезінде
1 затпен, рентген сәулесі фотонымен ешқандай өзгеріс болмайды
2 затта өзгеріс болмайды, ал рентген сәулесі өзінің таралу бағытын өзгертеді
3 зат оң ионға айналады, рентген фотоны жойылып кетеді
4 зат оң ионға айналады, ал фотон энергиясы кемиді
5 зат теріс ионға айналады, ал фотон энергиясы кемиді
86. Рентген сәулесінің фотоэффект құбылысы кезінде
1 затпен, рентген сәулесі фотонымен ешқандай өзгеріс болмайды
2 затта өзгеріс болмайды, ал рентген сәулесі өзінің таралу бағытын өзгертеді
3 зат оң ионға айналады, рентген фотоны жойылып кетеді
4 зат оң ионға айналады, ал фотон энергиясы кемиді
5 зат теріс ионға айналады, ал фотон энергиясы кемиді
87. Элемент нөмірі екі бірлікке, атомдық салмағы төрт бірлікке кемісе радиоактивті элементтің ядросынан ыршып шығтын бөлшек
1 альфа- бөлшек
2 нейтрино
3 электрон
4 квант
5 позитрон
88. Егер элементтің нөмірі бір бірлікке артып, оның атомдық салмағы өзгермесе, онда радиоактивті элементтің ядросынан ыршып шығатын бөлшек
1 альфа
2 нейтрино
3 электрон
4 квант
5 позитрон
89. Радиоактивті сәуленің экспозициялық дозасы сәуленің .... иондау әсерімен анықталады
1 заттағы
2 ағзадағы
3 судағы
4 вакуумдегі
5 ауаны
90. Атом ядроларының ыдырау түрі
1 альфа- ыдырау, гамма- сәуле
2 бета- электронды, бета- позитронды ыдырау
3 альфа- және бета- ыдырау
4 бета- позитронды, альфа- ыдырау
5 бета-электронды, бета- позитронды, альфа- ыдырау
91. Егер элементтің нөмірі бір бірлікке кеміп, оның атомдық салмағы өзгермесе, онда радиоактивті элементтің ядросынан ыршып шығатын бөлшек
1 альфа
2 нейтрино
3 электрон
4 квант
5 позитрон
92. Гелий ядросы болып табылатын кинетикалық энергиясы жоғары бөлшектер ағыны аталады
1 бета–сәулесі
2 гамма– сәулесі
3 позитрондар
4 альфа сәулесі
5 рентген сәулесі
93. Радиоактивті заттың белсенділігі дегеніміз
1.бірлік уақытта ыдыраған жалпы ядролар саны
2. ядролардың берілген санының жартысы ыдырайтын уақыт
3. бір ядроның белгілі бір уақыт бірлігінде ыдырау ықтималдығы
4.жартылай ыдырау периодына байланысты шама
5. бірлік уақытта ыдырамаған жалпы ядролар саны
94. Радиоактивті заттың шығаратын қай сәулесінің өтімділік қабілеті жоғары?
1 альфа бөлшек
2 нейтрино
3 электрон
4 гамма сәулесі
5 позитрон
95. Белгілі бір элементтердің орнықсыз ядроларының өздігінен ерекше бір сәулелер шығарып, басқа элементтердің ядроларына айналу қасиеті
1 радиоактивтілік
2 фотоэффект
3 Комптон эффект
4 электролиттік диссоциация
5 эмиссия
96. Радиоактивті элементтің атомынан бір электрон ыршып шықса, элементтің нөмірі мен атомдық салмағы қалай өзгереді?
1 Z бір бірлікке кемиді, А бір бірлікке кемиді
2 Z өзгермейді, А екі бірлікке кемиді
3 Z бір бірлікке кемиді, А өзгермейді
4 Z бір бірлікке артады, А өзгермейді
5 Z екі бірлікке кемиді, А төрт бірлікке кемиді
