Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СессияПитжауап.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆

54.:Жармаларға қойылатын гигиеналық талаптар

Ұн тарту, жарма және крахмал-сiрне өнiмдерiн өндiру (шығару) үшiн азық-түлiкке арналған астық тұқымдастар мен бұршақты дақылдардың дәндерi, сондай-ақ қосымша крахмал-сiрне өнiмдерiн өндiруге (шығаруға) тағам және жем-шөп үшiн өсiрiлетiн картоп пайдаланылады.

      11. Ұн тарту, жарма және крахмал-сiрне өнiмдерiн өндiруге (шығаруға) арналған дәндi және бұршақты дақылдар дәндерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар "Астық қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.

      12. Крахмал-сiрне өнiмдерiн өндiруге (шығаруға) арналған картоп қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар "Жемiстер, көкөнiстер, түйнекжемiстiлер мен оларды қайта өңдеу өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес болуға тиiс.

      13. Астық қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарға жауап беретiн дән қоспасы жем-шөптiк мақсатта пайдаланылады.

      14. Астық қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарға жауап бермейтiн дән мен дән қоспасы техникалық мақсаттағы өнiмдердi қайта өңдеу үшiн пайдаланылады.

      15. Техникалық мақсатқа қайта өңдеуге жарамсыз дән, қалдықтар және зиянды қоспа Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен экологиялық қауiпсiздiк жөнiндегi заңнамасында белгiленген тәртiппен жойылады.

      16. Мынадай шикiзатты пайдалануға жол берiлмейдi:

      1) қауiпсiздiгi мен сапасын куәландыратын iлеспе құжаттарды (сәйкестiк сертификаты, сапа паспорты) жоқ

      2) "Астық қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" және "Жемiстер, көкөнiстер, түйнекжемiстiлер мен оларды қайта өңдеу өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламенттерiнде келтiрiлген рұқсат етiлген нормалардан тыс мөлшерде ластану тән немесе құрамында органолептикалық көрсеткiштерiн нашарлататын заттары бар;

      3) бұзылып-бүлiну белгiлерi бар және (немесе) пайдалану мерзiмi өткен шикiзат (картоп үшiн).

5. Ұн тарту, жарма және крахмал-сiрне өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

      17. Өткiзуге арналған ұн тарту-жарма өнеркәсiбi өнiмдерiндегi, крахмалдар мен крахмал өнiмдерiндегi улы элементтердiң, микотоксиндердiң, пестицидтердiң, радионуклидтердiң, металл магниттi қоспалар мен микробиологиялық көрсеткiштердiң рұқсат етiлген шектi деңгейлерi осы Техникалық регламенттiң 2-қосымшасында белгiленген нормалардан аспауға тиiс.

      18. Өндiрiсте (дайындауда) пайдаланылатын су "Халыққа арналған ауыз су қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң нормалары мен талаптарының қауiпсiздiгiне сәйкес болуға тиiс.

      19. Ұн тарту-жарма өнеркәсiбi өнiмдерiмен, крахмалдар мен крахмал өнiмдерiмен жанасатын материалдар мен олардың жиынтықтары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген материалдардан жасалуы қажет және олардың Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган берген қауiпсiздiктi куәландыратын құжаты болуға тиiс.

      20. Ұн тарту, жарма және крахмал-сiрне өнiмдерiнде тағамдық қоспаларды қолдану осы Техникалық регламенттiң 3-қосымшасына сәйкес рұқсат етiледi.       Тағамдық қоспалардың құрамы осы Техникалық регламенттiң 3-қосымшасында белгiленген нормалардан аспауы тиiс.