- •1.Термодинамиканың екінші заңы –екінші текті мәңгі двигательдің мүмкін еместігі жайында тұжырымның мәнін түсіндіріңіз
- •2 Радиоактивтілік құбылысын түсіндіріңіз. Ядролық реакциялар түрлерін атап, оларға сипаттама беріңіз.
- •3 Дүниенің кванттық-өрістік көрінісі: негізгі теориялар, материя қасиеті, принциптерді атаңыз. Кванттық механикада микробөлшектің күйі қалай анықталады?
- •1. Фотоэлектрондардың ең үлкен бастапқы жылдамдығы түскен жарықтың тербеліс жиілігімен анықталады, жарықтың интенсивтілігіне тәуелді болмайды.
- •2. Барлық заттар үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы болады. Сыртқы фотоэффект байқалатын ең үлкен толқын ұзындығын (ең кіші тербеліс жиілігін) фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.
- •3. Катодтан бірлік уақытта ұшып шығатын фотоэлектрондардың саны жарықтың интенсивтілігіне тура пропорционал.
- •5 Жарықтың толқындық қасиеті: интерференция, дифракция, дисперсия, поляризация құбылыстарының анықтамасын беріңіз.
- •4. Əлсіз əсерлесулердіңинтенсивтігі күшті əсерлесулердің интенсивтігінен он реттілікке аз (оның он жəрежесі есе əлсіз). Əлсіз əсерлесудің əсер радиусы күшті əсерлесудің əсер радиусынан көш төмен.
- •7) Де Бройль болжамының мəнін түсіндіріңіз. Микробөлшектердің корпускула- толқындық дуализмінің мəнін сипаттаңыз.
- •8 )Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы жəне себептілік принципіне түсінік беріңіз.
- •9.Симметрия ұғымы.Кеңістік пен уақыттың симметрия қасиеттері.Оның сақталу заңдарының байланысын сипаттаңыз.
- •10.Максвелдің электрмагниттік өріс теориясы:теңдеулер жүйесі,олардың физикалық мағыналары жіне одан шығатын қорытынды.
- •11.Дүниенің электрмагниттік көрінісіне сипаттама беріңіз: оны құрайтын негізгі теориялар, принциптер, кеңістік пен уақыт, қозғалыс концепциялары. Жақыннан əсер ету принципіне түсінік беріңіз.
- •12.Ішкі энергияның анықтамасы жəне оны өзгерту тəсілдерін атаңыз. Термодинамиканың 1 заңы жəне оның физикалық мағынасын беріңіз.
- •15. Галилейдің инерция заңын жəне Ньютон заңдарын тұжырымдаңыз. Масса ұғымына анықтама беріңіз.
- •1. Егер массалары әр түрлі денелерге бірдей күшпен әсер етсе, онда денелер алатын үдеу массаларға кері пропорционал болады:
- •2. Егер бір денеге әр түрлі күшпен әсер етсе, онда дененің үдеуі салынған күштерге тура пропорционал болады:
- •16.Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын жазып,оның мәнін түсіндіріңіз
- •17 Сұрақ Абсолют уақыт пен кеңістік жөнінде Ньютон концепциясын тұжырымдаңыз.
- •18 Сұрақ Дүниенің механикалық көрінісіне сипаттама беріңіз. Осы кезеңдегі жаратылыстанудағы детерменизм дегеніміз не?
- •1. Қатаң детерминизм;
- •1. Жұмсақ немесе бірлескен детерминизм.
- •19 Сұрақ Механикадағы энергияның сақталу заңы және оның симметрия қасиеттерімен байланысын сипаттаңыз
- •20 Сұрақ Физиканың дамуындағы негізгі тарихи кезеңдер және ғылыми-техникалық төңкерістерге түсінік беріңіз
- •21Сұрақ Материя құрылымын сипаттаңыз. Материя және қозғалыстың өзара байланысын сипаттаңыз.
- •22 Сұрақ Жақыннан әсер ету және алыстан әсер ету теорияларын салыстырыңыз.
- •23 Cұрақ Макродүние –микродуние-мегадүниенің өзара байланысын ашып көрсетіңіз және ондағы заңдардың қолдану шектерін атаңыз.
- •26 Дыбыс толқынына анықтама беріп, сипаттамаларын атаңыз. Дыбыс толқынының ортада таралуын қарастырыңыз.
- •30 Магнит өрісі, оны сипаттайтын шамаларды атаңыз. Жердің магнит өрісіне сипаттама беріңіз.
- •31 Зат жəне өріс концепциялары, олардың ерекшеліктері.
- •32 Электрмагниттік толқындарға анықтама беріп, оның қасиеттерін атаңыз. Электрмагниттік толқын шкаласының құрылымын атаңыз.
21Сұрақ Материя құрылымын сипаттаңыз. Материя және қозғалыстың өзара байланысын сипаттаңыз.
Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі.Ежелгі қытай, үнді, грек философиясында М. дүниедегі барлық заттардың негізі, дүниенің алғашқы тегі деп түсіндірілді.Антик. философтар М-ны жеке заттарға: Фалес — суға, Анаксимен — ауаға балады. Гераклит дүниенің алғашқы тегі және оны үздіксіз өзгеріске түсіріп, ұдайы жаңартып тұратын күш лаулаған от, алғашқы зат пен қозғаушы күштің тегі бір деп, диалект. натурфилософияның негізін қалады.
М. мен қозғалыстың бірлігі жөніндегі мәселені Демокрит өзінің атомистік жүйесі арқылы шешеді. Ол біртекті элементтер атомдарының әр түрлі қосылысынан дүниедегі алуан түрлі заттар пайда болады деп түсіндіреді.Аристотель М-ны алуан түрлі заттық дүниенің болу мүмкіндігі ғана деп қарайды. Аристотельдің М-ны бастапқы ырықсыз зат, ал рухты белсенді жасампаз құдіретті күш деп дуалистік тұрғыда анықтауы кейінгі философия тарихында маңызды орын алды.Жаңа заман философтарынан Декартсубстанция жөніндегі теориясында М-ны оның көлемімен барабар деп қарады. Бруно мен Спинозасубстанция ретінде бүкіл дүние, әлем табиғатпен барабар деп санады. Спиноза жеке заттар сыртқы себептің нәтижесінде ғана қозғалысқа түседі, ал табиғат болса өздігінен қозғалып өзгереді дейді. Дидро мен Гольбах “материя — табиғат”, “материя мех. қасиеттердің жиынтығы” деген тұжырымдамаларды ұштастыруға тырысты және М. ұғымының сыңаржақтылығын аңғарып, М. дегеніміз — біздің түйсіктерімізде бейнеленетін және осы түйсіктерді тудырушы себеп деп, оған танымдық тұрғыдан анықтама берді. М. анықтамасын оған қарама-қарсы тұрған материалды дүниемен емес, идеалды дүниемен қатысы арқылы да ашуға болады. М-дан өзге мұндай бейматериалдылыққа тек сана ғана жатады.
Зат өзінің санада бейнеленуіне байланысты, біріншіден, ойдың нысаны болса, екіншіден, сол зат жөніндегі ойдың нәтижесі, ұғым. Сөйтіп, ол қосмәнділікке ие болады. Бұл екі ұғым — М. мен сана диалектиканың бір-біріне қарама-қарсы жалпы категориялары. М. ұғымында объективті дүниені тану кезінде айқындалған оның ең жалпы қасиеттерін сипаттайтын белгілері анықталады.Осы заманғы ғыл. түсінік бойынша М-ның маңызды қасиеттері:сақталу мен өзгеру (қозғалыс),үздіктілік пен үздіксіздік,кеңістік пен уақыт.
Бұл қасиеттер объективті дүниеде бірімен-бірі ажырамас диалект. бірлікте болады. Материалдық дүниедегі объектілердің ішкі құрылымы тәртіпке келіп реттелген элементтерден түзілген жүйелер болып келді. М-ның біртұтастығы оның әмбебап қасиеттерінен айқын көрінеді. Ол қасиеттерге жататындар: М-ның жаңадан пайда болмайтындығы мен жойылмайтындығы, уақыт өлшемінде мәңгі өмір сүретіндігі, кеңістіктегі шексіздігі, құрылымының алуан түрлілігі.Жалпы алғанда, қозғалыс табиғаттағы кез келген өзгерісті білдіреді. Біз кинематикада осындай өзгерістердің ең қарапайым әрі кең тараған түрі — денелердің орын ауыстыруына байланысты туындайтын механикалық қозғалысты қарастырамыз. Расында да айналамызға көз жүгіртсек, бізді қоршаған ортадағының бәрі де үздіксіз козғалыста болатынын байқаймыз. Қала мен ауыл көшелеріндегі адамдар, дала мен орман-таулардағы жан-жануарлар, теңіздер мен көлдердегі балықтар — осылардың бәрі де козғалыста болады. Сондай-ақ өсімдік бойындағы органикалық заттар, адамның қан тамырларындағы қан үнемі козғалыста болады. Заттарды құрайтын молекулалар мен атомдар да үздіксіз қозғалыста болатыны өздеріңе мәлім.Алайда бізді қоршаған ортада қозғалмайтын денелерді де көреміз. Мысалы, бөлмедегі үстел, оның үстінде жатқан кітап, аялдамаға келіп тоқтаған автобус, құрылыстағы кран, әуежайдағы ұшақтар жерге қатысты қозғалмай тұрады.Дегенмен бұл мысалдар "дүниедегі барлық нәрселер қозғалыста болады деген пікірді жоққа шығара алмайды. Өйткені жер бетіне қатысты қозғалмай тұрған дене Жермен қоса оның осін айналады әрі онымен бірге Күнді де айнала қозғалады.Бұдан шығатын қорытынды: дене кейбір денеге қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы да салыстырмалы болып табылады. Демек, табиғатта абсолют қозғалмайтын дененің болуы мүмкін емес, болмайды да.Бізді қоршаған ортадағы үйлер, машиналар, жан-жануарлар, өсімдіктер, су, ауа, дыбыс, жарық, атомдар мен молекулалар, радиотолқындар, т.б. ғылым тілінде материя деп аталады. Материяның негізгі касиеттерінің бірі — қозғалыс. Материясыз козғалыс, қозғалыссыз материя болмайды. Қозғалыс — материялық дүниенің айғағы. Табиғат немесе әлем — қозғалыстағы материя болып табылады.Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамалардың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.
