- •2. Әкімшілік құқықтың түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері, субъектілеріне талдау жасаңыз. Әкімшілік құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
- •3. Әкімшілік теріс қылық түсінігін беріңіз. Әкімшілік жауапкершіліктің туындау негіздері және түрлері қандай? Әкімшілік жаза дегеніміз қандай шара және оның түрлері қандай?
- •4. Мемлекеттік билік жүйесі және оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы – сот билігіне тоқталыңыз.
- •5. Неке және отбасы құқығының түсінігі, міндеттері, қайнар көздері мен қағидаларын талдаңыз. Қр неке және отбасы кодексіне жалпы сипаттаа беріңіз.
- •6.Неке шарты дегеніміз не? Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары қалай реттеледі?
- •7. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.Қр-ның неке және отбасы туралы заңына сипаттама беріңіз.
- •8.Алименттік қатынастар негізін ашып көрсетіңіз. Алимент төлеуді қамтамасыз етудің заңдық негіздері қандай ? Алимент өндіріп алу тәртібі қандай?
- •9. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •11. Еңбек құқығының түсінігі,пәні,әдістері, қағидалары,қайнар көздері мен жүйесі. Қр еңбек кодексіне сипаттама беріңіз.
- •12.Еңбек шарты түсінігі мен жасалу тәртібін талдап беріңіз. Еңбек шарты түрлері қандай?Еңбек шартының тоқтату және бұзу тәртібі қандай?
- •13.Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының түсінігін берііз және заңдық негізін ашып көрсетіңіз.
- •14. Қылмыстың белгілірі мен құрамын ашып талдаңыз. Қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар?
- •15.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, құағидалары. Талап арыз ұғымы және мазмұны? Азаматтық істегі тараптар дегеніміз кімдер?
- •16. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігі,олардың түрлері. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар?
- •17.Мемлекет ұғымы, мәні,белгілері,нысаны қандай?Мемлекеттің атқаратын қызметтері?Құқықтық мемлекет ұғымы?қр Конститутциясының 1 бабын талқылаңыз. Азаматтық қоғамның сипаттамасы?
- •18.Құқық түсінігі,белгілері. Құқықтың қайнар көздері мен нормаларына талдау. Құқықтың қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актілерге тоқталу. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндерме.
- •19.Мемлекет нысаны(басқару нысаны,мемлекеттік құрылым,саяси режим). Авторитарлық және тоталитарлық режимге салыстыру.
- •20. Мемлекеттік билік жүйесі, түрлері. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді. Сот билигіне тоқталу.
- •21. Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері. Құқықтық қатынас субъектілері мен объектілері.
- •22. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •24. Қр Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қр Президентінің мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады?
- •25. Қр Парламентінің түсінігін беріңіз.Жоғары Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз.
- •26.Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •27. Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады?
- •29. Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың кайнар коздері
- •30. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi және түрлері.Әкімшілік жаза түсінігі және оның түрі.
- •31. Азаматтық құқық негіздеріне жалпы сипаттама беріңіз , түсінігі,пәні, әдістері мен қайнар көздерін ашып талдаңыз Азаматтық құқықтық қатынастардың белгілері қандай?
- •32.Азаматтық құқықтық қатынастарың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?
- •33. Мәмілер ұғымын беріңіз.
- •34.Меншік құқығының мазмұнын ашыңыз. Мұрагерлік құқық түсінігін ашып жазыңыз.
- •35.Мемлекет пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз жəне түрлерін талдау жасаңыз.
- •36. Құқықтың түсінігі мен белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы мазмұнын ашып беріңіз.
- •37. Құқықтық тәртіп түсінігі мен құқықбұзушылықтың түсінігі, құрамы, түрлерін ашып беріңіз.
- •38. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздерін көрсетіңіз.
- •39. Құқықтық норма және құқықтың қайнар көзі дегеніміз не? Құқықтың қайнар көзі ретінде – нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке түсіндеріме беріңіз
- •2. Туынды. Оған жатады:
- •40. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Алименттік қатынастарға сипаттама.
- •5. Әлеуметтік салық
- •43. Азаматтық іс жүргізу құқығы ұғымын ашып, қайнар көздерін атаңыз. Талап-арыз ұғымы және мазмұнын ашыңыз.
- •9.Дауылбаев с. Қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А жүзу білмеген еді.Бұл туралы Дауылбаев білмеді. Және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?
- •14.Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жшс құрды. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
3. Әкімшілік теріс қылық түсінігін беріңіз. Әкімшілік жауапкершіліктің туындау негіздері және түрлері қандай? Әкімшілік жаза дегеніміз қандай шара және оның түрлері қандай?
Теріс қылық - тәртіптік не әкімшілік жауапкершілікке апарып соғатын құқық бұзушылықты білдіретін жалпылама термин. Қоғамға қауіпті болып табылатын қылмыстардан айырмашылығы, теріс қылық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық құқық бұзушылыктар қоғам үшін принципті түрде қауіпті болып табылмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды. Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Әкімшілік жауаптылық - құқық бұзушыға белгілі бір айырулар, зиян, айып, мұқтаждық, еркінен айыру сияқты құқықтық шығынға ұшырататын әкімшілік құқық бұзушылыққа деген мемлекеттің қатынасы, жауабы. Әкімшілік кодекстің Ерекше бөлімінде кезделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік жауаптылыққа ақыл-есі дұрыс, 16 жасқа толған жеке адам және занды тұлғалар тартылады.Әкімшілік кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есі кем жағдайда болған, яғни өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) нақты сипаты мен қауіптілігін түсіне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, психиканың өзге де сырқатты жай-күйінің салдарынан ақыл-есі кем жағдайда болған жеке адам әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы бірнеше әкімшілік жазалар қолданылады. Әкімшілік жаза дегеніміз Әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған субъектіге мемлекетгік арнайы лауазымды адамдар мен органдар (соттар) тағайындайтын мемлекеттің мәжбүрлік шарасы.
Әкімшілік жазалар қүқық бұзушылардың атына, ар-намысына нұқсан келтіру, тән ауыртпалығын шектіру емес, зандылықты сақтау, құқыктық тәртіпті сыйлау, әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру, құқық бұзушыны тәрбиелеу және басқа адамдардың құқық бұзушылығына жол бермеу және алдын алу мақсатында қолданылады.Әкімшілік жазалардың турлеріне: 1. Әкімшілік құкық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін: 1) ескерту жасау; 2) әкімшілік айыппұл салу; 3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік кұқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу; 5) арнаулы құқықтан айыру; 6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әре-кеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру; 7) жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; 8) өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; 9) әкімшілік қамауға алу; 10) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру жатады. Негізгі және қосымша әкімшілік жазалау шаралары. Әкімшілік қамауға алу — он бес тәулікке дейінгі, жеке адамға қарсы құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ сыбайлас жемкорлықпен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны және (немесе) төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамауға алуды судья қолданады. Әкімшілік қамауға алу тек әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін айрықша жағдайларда ғана белгіленеді. Жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйел-дерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкімшілік қамауға алуды қолдануға болмайды. Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамауға алу мерзіміне қосылады.Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты әкімшілік жазалау шарасы ретінде қолданылады. Әкімшілік жолмен кетіруді судья тағайындайды.
