Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детСтом эталончик.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376 Кб
Скачать
☆

II. Жұқпалы аурулар:

1. вирустық аурулар (ауыздың герпесті қабынуы, белдеме теміреткі, аусыл, вирустық сүйелдер, тұмау, адамның иммунитет тапшылық вирусы-инфекциясы;

)

2. Ауыздың өліеттеніп-жаралана қабынуы – Венсан стоматиті;

3. Бактериалдық инфекциялар (аурулар): ауыздың стрептококктық қабынуы, пиогенді гранулема, берішке ұқсас пиодермия, туберкулез немесе құрт ауруы және т.б.

4. Жыныс жолы арқылы берілетін аурулар (мерез, соз);

5. Саңырауқұлақтар туындататын аурулар (кандидоз, актиномикоз және б.)

III. Аллергиялық аурулар:

Квинке домбықпасы, ауыздың, еріннің және тілдің аллергиялық қабынулары, ауыздың, еріннің, тілдің дәріден қабынулары, көптүрлі жалқықтана қызару, ауыздың қайталанбалы афталы қабынуы және б.;

IV. Экзогендік уыттану кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер.

V. Кейбір жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылысынан туындаған аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер (витаминдер жетіспеушілігі мен тапшылығы, эндокриндік, асқазан-ішек жолы, жүрек-қантамыр жүйесі, қан құру жүйесі, жүйке жүйесі аурулары, ревматикалық аурулар немесе коллагеноздар).

VI. Тері аурулары (дерматоздар) кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер (күлбіреуікше, герпеске ұқсас Дюринг дерматиті, қызыл жалпақ теміреткі, қызыл жегі).

VII. Тілдің аномалиялары мен дербес аурулары (қатпарлы тіл; қара «түкті» тіл, тілдің ромбыға ұқсас қабынуы, тілдің түлей қабынуы.)

VIII. Еріннің дербес қабынулары (еріннің гландулярлы қабынуы, еріннің жапырақтана қабынуы, актиндік, метеорологиялық, атопиялық, экземалы, жанаспалы аллергиялық қабынулары, еріннің ұлғая қабынуы).

IX. Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің обыралды аурулары (шартсыз және шартты түрде ауысатын) және ісіктер.

12.Балалардағы сілемейлі қабығының тексеру ерекшеліктері. Ауыз қуысы кілегей қабығын қарау. Қалыпты жағдайда ауыз қуысының кілегей қабығы ақшыл-қызыл түсті, таза, біркелкі ылғалды. Кейбір аурулар кезінде кілегей қабықтың зақымдалу элементтерінің пайда болуы, оның ылғалдылығының және иілгіштігінің төмендеуі мүмкін.

Сілекей бездері шығару жолдарын қарағанда құлақмаңы аймағының массажы көмегімен сілекей бөлінуінің жоғарлауын жүргізеді. Сілекей таза, сұйық болуы қажет. Сілекей бездерінің кейбір аурулары, сонымен қатар соматикалық аурулар кезінде ол жеткіліксіз, тұтқыр, бұлдыр болады. Тілді қарағанда оның түсіне, емізікшелердің айқындылығына, мүйізделу дәрежесіне, қақтың болуына және оның қасиетіне көңіл аударады. Қалыпты жағдайда тілдің арқасында емізікшелердің барлық түрлері болады, мүйізделу біркелкі, қақ жоқ. Әр түрлі аурулар кезінде тілдің түсі, оның мүйізделу дәрежесі өзгеруі, қақ жиналуы мүмкін. Ауыз қуысы кіреберісінің архитектоникасын зерттеу Тексеруді бекіген қызылиектің биіктігін анықтаудан бастайды: ол үшін төменгі ерінді горизонтальды жағдайға дейін тартады және қызылиек емізікшесі негізінен бекіген қызылиектің қозғалмалы кілегей қабыққа өту сызығына дейінгі арақашықтықты өлшейді. Бұл арақашықтық 0,5 см-ден төмен болмауы қажет. төменгі фронтальды тістердің периодонты үшін қаупі болады, оны пластикалық операция көмегімен жоюға болады.

Еріннің үзбелерін ерінді горизонтальды жағдайға дейін тарта отырып қарайды. альвеолярлы өсіндіні жауып тұратын тінге үзбенің (қалыпты жағдайда – тісаралық емізікшеден тыс) қосылу орнын, үзбенің ұзындығы мен қалыңдығын (қалыпты жағдайда – жіңішке, ұзын) анықтайды. Ерінді тартқан кезде қызылиектің орналасуы мен түсі өзгермеуі қажет. Тісаралық емізікшелерге қосылатын қысқа үзбелер тағам қабылдау және сөйлеу кезінде созылады, қызылиектің қанмен қамтамасыз етілуін өзгертеді және оны жарақаттайды, бұл периодонттың патологиялық қайтымсыз өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Сүйектысына қосылатын еріннің қалың үзбесі орталық күрек тістер арасында саңылаудың болуын қамтамасыз етеді. Ерін үзбесінің патологиясын анықтаған кезде үзбенің пластикасы немесе тілу туралы сұрақты шешу үшін науқасты стоматолог-хирургқа консультацияға жібереді.

13.Балалардағы пародонт ауруларының дамуының жергілікті себептерін атаңыз. Жергілікті ықпалдар тобын құраушы және пародонт тіндеріне, соның ішінде қызылиекке тікелей әсер етуші факторлар: ауыз іші гигиенасын дұрыс сақтамау нәтижесінде микроорганизмнің көбейіп, патогендік қасиеттерінің жоғарылауы, тіс қақтары (микробты қақ) мен шөгінділерінің құрылуы, тіс-жақ сүйек жүйесінің ауытқулары, дұрыс қойылмаған пломбылар, емделмеген тісжегі қуыстары, қозғалмалы сүт тістер, ортопедиялық және ортондонтиялық құрылғылар, химиялық препараттар, иондаушы радиация.

14.Балалардағы пародонт ауруларының дамуының жалпы себептерін атаңызЖалпылай әсер етуші ықпалдар қатарына организмнің реактивтілігін төмендететін әртүрлі жүйелер мен жеке ағзалардың (эндокриндік, жүрек-тамыр, ас қорыту, бөлу жолдары, қан құру, жүйке жүйелері) қызметтерінің бұзылуын, витаминдер жетіспеушілігін, аллергиялық және жұқпалы ауруларды, жүктілік токсикозын жатқызуға болады

15.Қызылиек қабынуын тексерудің негізгі әдістерін айтыңыз. Негізгі тексеру әдістері немесе клиникалық әдістер – пародонты сырқат науқастың шағымын, ауруының даму тарихын, өмір тарихын сұрап тексеру арқылы мәлімет жинаудан және қарап тексеру арқылы пародонт тіндеріндегі өзгерістерді анықтап сараптаудан тұрады.

16.Қызылиек қабынуын тексерудің қосымша әдістері мен сынамалар жайында айтып беріңіз. Қызылиектегі қабыну үрдісінің қарқындылығын гликогеннің жиналу деңгейін анықтау арқылы немесе Шиллер-Писарев сынамасының көмегімен анықтауға болады. Ол үшін жоғарыда келтірілген сұйыққа суланған мақта анжымен қызылиекті сүртеді. Қалыпты жағдайда қызылиек боялмайды, ал қабыну кезінде гликогеннің жиналу деңгейіне байланысты сары түске (жеңіл дәрежелі қабыну) ашық-қоңыр түске (орта дәрежелі қабыну), қоңыр немесе қара-қоңыр түске (ауыр дәрежелі қабыну) дейін боялады. Бұл сынаманы қабынуға қарсы жүргізілген жергілікті емдеу шараларының нәтижелілігін бағалау үшін де қолдануға болады.

Қызылиек қабынуы кезінде қабынудың ауырлық дәрежесін папиллярлы-маргинальды-альвеолалық индексті (РМА) анықтау арқылы бағалауға болады және ол гингивальдық индекс (қызылиек қабынуыны индексі – ҚҚИ) деп аталады. Бұл индексті Pаrma (1960) ұсынған.

Әрбір тістер тұсындағы қызылиектің қабыну аймақтарын сандық көрсеткіштермен белгілейді. Қызылиек бүртігінің қабынуы (Р) 1 баллмен, жиегінің қабынуы (М) 2 баллмен, альвеолалық бөлігінің қабынуы (А) 3 баллмен бағаланады.

Қызылиек қабынуының индексі немесе РМА = барлық баллдар қосындысы ×100 барлық тістер саны х3

Әрбір тіс төңірегіндегі қызылиек қабынуының ең жоғарғы сандық көрсеткіштерін қосқан кезде баллдар қосындысы шығады; ал тістер санын 6 жастан 11 жасқа дейін 24; 12 жастан 14 жасқа дейін 28; 15 жастан жоғары 30 деп қабылдайды немесе тексеру кезіндегі ауыздағы тістер санын алады.

17.Пародонт ауруларын тексерудің қосымша әдістері мен сынамалар жайында айтып беріңіз.. Пародонт қабынуы кезіндегі пародонт тіндерінің жағдайын Russel (1956) ұсынған пародондальдық индексті (ПИ) анықтау арқылы бағалайды.

  1. кесте