Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБАИТАНУ 11 СЫНЫП СЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318 Кб
Скачать
☆

V Үйге тапсырма:

  1. Жүсіп Баласағұн «Жуанмәртлік», Иассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

VI Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Тексерілді:

Күні: 22.02.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Толық адам» философиясы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Толық адам» философиясы жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру;

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жүсіп Баласағұн «Жуанмәртлік», Иассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ахмет Иассауи кім? Өмірі туралы не білесіңдер?

  2. Иассауидің ұстазы Арыстанбаб кесенесі қай жерде?

  3. Иассауидің өмірлік мақсат-мұраты қандай?

  4. Иассауи нені жырлады? Нені насихаттады?

  5. Ақынның имандылық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме?

  6. Баласағұнидің «Құтты білік» кітабы не туралы?

  7. Кітаптың кейіпкерлері кімдер?

  8. Баласағұнидің ойынша шын дос кім?

  9. Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

  10. Абай өлеңдерімен салыстыру.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

Абайдың «Толық адам» философиясы

Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады. Білім мен тәрбиені тұлғаға қарай бағыттай беру мәселесі алдыда тұрған кезеңде Абайға бұрыласың. «Толық Адам қандай болу керек?» деген сұрақ ақынға маза бермейді. Мысалы, «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды.

Ары қарай ақын: Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Ұлы

гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» деп ақыл айта отырып, «Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді.

Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» - деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты қасиеті-адамгершілік екенін баса жырлайды. Адамшылықтың алды – «махаббат, ғаделет, сезім» дейді. Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді.

ІV Ой шақыру:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Мына шумақтың қай тармағына ерекше назар аударар едіңдер?

Мен бір жұмбақ адаммын.

Ендеше, бүгінгі сабақтың мақсаты осы Абай жұмбағын шеше отырып, шығармаларына талдау жасау.

1-топқа: Абай өлеңдеріндегі Адам проблемасы жайында ой тастау.

2-топқа: Өз пікірлеріңше Адамды адам етіп тұратын  қандай қасиеттері?

- Кейде халық біреулерді «Адам емес» деп жатады, оларға кімдерді жатқызар едіңдер?

- Қалай ойлайсыңдар, «Адам» деген кім?

«Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті...»

(Абай және Толық Адам мәселесі)

  Ақын тағылым еткен адам қасиеттерін негізге ала отырып, Толық  Адам туралы көзқарастарын, пікірлерін толықтыру. Өз-өзін тануға, «Мен» менталитетін қалыптастыруға түрткі жасау. Абай айтқан, армандағы Толық Адам қасиеттерінің Елбасымыз Н. Назарбаев бойынан табылатынын ғибрат ету.

Абай тағылымы негізінде Толық Адамның басты қаситтерінің бірі - өнер білімге ұмытылу екенін басты ұстаным ете отырып, оқушылардың өнер – білімге деген,  ынтасының дамуына түрткі жасау.

Егеменді еліміздің өнер – білім, ғылымға ерекше назар аударып отырғанын әңгімелеу.

«Толық адам» анықтамасы жасалады.

ІV Cабақты бекіту:

Сұрақтарға жауап алу

- Ақыл деген не? Абай айтқан «нұрлы ақылдың» басты белгілерін қалай түсіндірер едіңдер?

- Қайрат пен «ыстық қайраттың» негізгі ерекшеліктері қандай?

- «Жылы жүрек» туралы не айтуға болады?

- Ұлы ақын осы үшеуіне неге көңіл бөлген, неге осы үшеуін бірлікте ұста деген?

-Өзіңше, Толық Адамның тағы да қандай қасиеттері бар? Ұлы баба мұрагерлері ретінде оның айтқандарына не қосар едіңдер?    

- Абайдың өнер-білім туралы жазған қай өлеңі  жүрегіңе жақын? Себебі?

- Ақынның «Бір ғылымнан басқаның кеселі көп асқанға» деген ұлағатын қалай түсіндірер едіңдер?

- Қалай ойлайсыңдар бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу мақсаты алдыда тұрғанда Абайдың ғылым-білім туралы өлеңдерінің маңызы бар ма?