Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анара тарих шпоры.doc
Скачиваний:
166
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
329 Кб
Скачать
☆

42, 1863-1869 Жж. Орал торгай обл. Жане 1870 ж. Мангыстау казактар котерлиси.

1867—1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына — Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды.

Жалпы, әскери билік пен азаматтық билік бір адамның қолына жинақталды. Сот жүйесінде әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс → уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.

Қазақстандағы әкімшілік-сот реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына сәйкес, Қазақстандағы өздерінің өктемдігін баянды ету үшін ел басқарудың жүйесін түбірінен қайта құруға кірісті. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы жылына әрбір шаңыраққа салынатын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом мөлшерінде көбейді. Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі қоғамдық қажеттіліктер мен «игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге құқық берілді, халық бұл салықты «қарашығын» деп атады, өйткені мұны жинағанда болыстар мен ауыл старшындары халықты әбден тонайтын. Халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық-болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жол, пошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.

Кіші жүз қазақтары 1868—1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.

Қатал қанау көшпелілер мен жартылай көшпелілерді жоқшылыққа ұшыратты. Қазақ кедейлері жұмыс іздеп казак шептеріне шұбырды. 40—50-жылдары Орал, Орынбор шептерінде, орыс-казак билеушілері топтарында, саудагерлерде, балық және тұз кәсіпшіліктерінде жалданып жұмыс істейтін қазақ жұмысшыларының саны 40 мыңнан асты. Бірақ 1868 жылғы «Уақытша Ережені» енгізу қарсаңында шептің ішкі жағындағы жерде еңбек етуге ерік беретін билет ақылы (10—12 сом) етіліп, оларға егіншілікпен айналысуға, тұрақты мекендеп қалуға шектеу қойды.

43.Патшалық Ресейдің Қазақстандағы хіХғ.Екінші жартысы мен хХғ.Басындағы қоныс аудару саясаты.

Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудартудағы көздеген мақсаты:ішкі губерниялардағы революциялық толқуларды әлсірету;жер тапшылығын шешу;ұлттық аймақтарда тірек жасау.

Ресейден қоныс аударған шаруалар салықтан,әскерден босатылды.Оларға алғашында ақшалай жәрдем берді.Бұл Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары Ресей империясының Қазақстанды отарлауының тірегі болды.Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару,әсіресе Столыпинның аграрлық саясаты кезінде кең өрістеді.Бір ғана 1906жылдан 1907жылға дейінгі аралықта қазақтардан 17миллион десятина жер тартып алынды.Қазақтарды құмды,шөлейт жерлерге ығыстырып тастады.Бұл қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келді.

ХІХғ.ІІ-жартысында патша үкіметі шаруалар толқуын әлсіретіп,жер мәселесін шешу мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан,Орта Азия сияқты ұлттық аймақтарға қоныс аудартау мәселесін қоға ала бастады.1868ж.«Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» ереже қадылданды.1870жылдан бастап Ресей мен Украинадан Жетісу,Семей,Орал,Сырдария,Ақмола облыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті.1862-1877жылы Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды.Көтеріліс нәтижесінде Ұйғыр мемлекеті құрылды.Кейін Цинь империясы Ұйғыр мемлекетін құлатты,Цинь империясының қыспаққа алуы,ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды.1883жылы«Жетісу облысына орыс,ұйғыр,дүнгендерді орналастыру туралы» ереже қабылданды.Қоныс аударған ұйғырлар саны 45000,дүнгендер саны 5000 болды.Жаркент,Ақсу,Ақкент,Малыбай,Қарасу,Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалады.1897жылы Жетісудағы ұйғырлар саны 55999адамға,дүнгендер саны 14136 адамға жетті.

ХХғ. Бас кезінде Ресейден,Украинадан Қазақстанға 1,5миллионға жуық адам келді.

1897жылы Бүкіл Ресейлік халық санағы бойынша қазақтар өз жеріндегі халықтың 81% құраса,1914жылы олардың саны 65%-ке төмендеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]