tursynova_memlekettik_umk_kz_2011
.pdf164-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Түйіндеме сөзі қандай мағына береді? 2. Түйіндеме іс қағазының қай түріне жатады? 3. Түйіндемеде қандай мəліметтер қамтылады? 4. Бұл құжатқа
кім |
қол қояды? 5. Сіздің түйіндемені оқыған адам |
қандай мəлімет ала алуы |
|||
керек? 6. Түйіндеменің құрылымына не кіреді? 7. Қосымша мəліметтерде не |
|||||
айтылуы керек? |
8. Түйіндемемен бірге беру керек болған жағдайда кепілдемені |
||||
кім |
беруі |
керек? 9. Түйіндемені |
жазғанда |
қандай |
грамматикалық |
ерекшеліктерге сүйену керек?
165-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Жұмыс тəжірибесі, азаматтығы туралы мəлімет, жұмысқа орналасу, ұйымдастырушылық қабілеті, компьютерлік сауаттылығы, спортқа қатысы, жауапкершілік қасиеті, ғылыми дəрежесі, мамандығы туралы мəлімет, əскери атағы, кəсіби біліктілігі.
166-тапсырма. Төмендегі хабарландырулармен танысып, өзіңіз таңдаған қызмет орнына түйіндеме жазыңыздар.
1.Фирма «Физтех» ЖШС-нің Атырау филиалы техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер қызметіне үміткер қабылдауды жариялайды.
Талап:
а) Мұнай саласындағы техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер қызметіндегі жұмыс тəжірибесі 5 жылдан кем болмауы керек.
ə) Шет тілдерін (ағылшын, неміс, француз) жетік білу; б) Мұнай саласына қатысты жоғары білімі туралы құжат;
в) Компьютерлік технологияны білу, интернет бағдарламаларымен жұмыс істеу деңгейі жеткілікті дəрежеде болуы керек.
Түйіндемені мына факске жіберуге болады: 8 (3272) 57-08-41.
2.«Визор Капитал» ААҚ-ға директор мен талдаушы қызметтеріне мамандарды конкурстық негізде қабылдайды.
Қойылатын басты талаптар:
а) Батыстық қаржы-экономикалық жоғары білімі; ə) Ағылшын, жапон тілдерінде еркін сөйлеу;
б) Дамушы елдердің қаржы нарығындағы жұмыс тəжірибесі; в) Басшылық қызметіндегі жұмыс тəжірибесі кемінде 5 жыл болуы керек. Түйіндемені мына факске жіберіңіздер: 8 (3272) 28-86-39.
167-тапсырма. Бос қызмет орнына жарияланған конкурсқа əр студент өз атынан түйіндеме жазыңыздар. Үміткерлердің қайсысы сəйкес келеді? Оны мекеме басшысының төрағалығымен комиссия мүшелері шешеді.
168-тапсырма. Түйіндеменің үлгілерімен танысыңыздар.
Ү л г і: |
Т Ү Й І Н Д Е М Е |
(Резюме) |
|
|
|
|
|
Жеке басы туралы мəліметтер: |
|
||
Аты-жөні, тегі: |
Асқарова Айжан Мырзабекқызы |
||
Туған жылы: |
|
1950 ж., |
шілденің 19-ы |
Отбасы жайлы: |
Тұрмыста |
||
Азаматтығы: |
|
Қазақстан Республикасы |
|
Мекен-жайы: |
|
Тастақ-3 ықшамауданы, |
|
Білімі: |
|
20 үй, 65 пəтер, тел.: 348-50-17 |
|
|
|
|
|
1966 ж. |
Орта |
Алматы облысы, Жамбыл ауданының |
|
|
|
«Алатау» шұға фирмасындағы |
|
1967-1972 ж. |
Жоғары |
орта мектепті бітірді. |
|
«Қазақ тілі мен əдебиеті» |
|||
|
|
мамандығы бойынша қазіргі |
|
|
|
əл-Фараби (ол кездегі С.М.Киров) |
|
|
|
атындағы Қазақ ұлттық |
|
|
|
университетінің филология |
|
Жұмыс істеген орындары: |
факультетін бітірді. |
||
|
|
||
1966-1967 ж. |
|
«Алатау» шұға фирмасы; |
|
1967-1972 ж. |
|
С.М. Киров атындағы КазМУ-дің |
|
1972-1976 ж. |
|
студенті ; |
|
|
«Жетісу» облыстық газетінің |
||
1976 ж. |
|
редакциясы; |
|
|
ҚазССР (ол кездегі) Ғылым |
||
1977-1983 ж. |
|
Академиясына қабылданды. |
|
|
Монғол Халық |
||
|
|
Республикасындағы Тау-кен |
|
|
|
өндірісі комбинатына отбасымен |
|
1983-2001 ж. |
|
жұмысқа жіберілді. |
|
|
Монғол Халық |
||
|
|
Республикасынан оралғаннан |
|
|
|
кейін, ҚазССР ҒА-ның əдебиет |
|
|
|
институтындағы өз қызметін |
|
2001 жылдан |
|
атқаруға қайта кірісті. |
|
|
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ |
||
|
|
ұлттық техникалық университетінің |
|
|
|
Қазақ тілі кафедрасында қазақ |
|
|
|
тілі пəнінен сабақ береді, п.ғ.д., |
|
Қосымша мəліметтер: |
профессор. |
||
|
|
||
1990 ж. |
|
Докторлық диссертация қорғады, |
|
|
|
педагогика ғылымдарының докторы |
|
ғылыми дəрежесі берілді.
2000 ж. Профессор ғылыми атағын алды. Бірнеше семинарлардан алған сертификаттары; университет тарапынан берілген «Айрықша еңбегі үшін» медалі; құрмет
грамоталары мен марапаттаулары бар.
Тілді білуі:
Қазақ тілі мен орыс тілдерін еркін, ал ағылшын тілін орташа дəрежеде біледі.
Жеке басының қасиеттері:
Жауапкершілік, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттері жоғары. Еңбекқор, көпшілікпен ортақ тіл табыса алады, ұжымда беделді, сынды дұрыс қабылдайды.
Құштарлығы: Кітап оқу, саяхатқа шығу, əн айту, ғылыммен шұғылдану.
Отбасы:
1.Жəнібеков Ж.С. 1946 ж. (күйеуі)
2.Жəнібеков Қ.Ж. 1971 ж. (ұлы)
3.Жəнібекова М.Ж. 1974 ж. (қызы)
4.Мұратова А.Қ. 1976 ж. (келіні)
5. |
Жəнібеков |
Т.Қ 2000 ж. |
(немересі)
** * * *
ТҮ Й І Н Д Е М Е
Ү л г і:
Жеке басы туралы мəліметтер: Аты-жөні, тегі:
Туған жылы, айы, күні:
Отбасы жайлы: Азаматтығы: Білімі: Мамандығы:
Жұмыс істеген орындары: Қосымша мəліметтер:
Мекен-жайы:
Қасымов Жарасқан Жұмағұлұлы 10.02.1984 ж. Қызылорда облысы, Арал қаласы.
Үйленбеген Қазақстан Республикасы
Аяқталмаған жоғары білім Болашақ инженер-металлург Жұмыс істеген жоқ Қазақ, орыс тілдерін жетік біледі.
Ағылшын тілінде сөздікпен жұмыс істейді; Спортпен шұғылданады.
Тастақ-1 ықшамауданы, 8 үй, 42
пəтер, тел.: 340-03-24
* * * * *
Т Ү Й І Н Д Е М Е
Ү л г і:
Жеке басы туралы мəліметтер: Аты-жөні, тегі:
Туған жылы, айы, күні: Отбасы жайлы: Азаматтығы:
Білімі:
Мамандығы:
Жұмыс істеген орындары:
Қосымша мəліметтер:
Мекен-жайы:
169-тапсырма. Грамматикадан орындаңыздар.
Сұлтанова Назира Айтбайқызы 07.04.1974 ж. Талдықорған қаласы Тұрмыста, күйеуі, 2 баласы бар. Қазақстан Республикасы Жоғары. Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы университетті 1996 ж бітірген Заңгер, тарихшы Аталған университеттің тарих
факультетінің оқытушысы Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютерді меңгерген. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.
Орбита-2 ықшамауданы, 56 үй, 75
пəтер, тел.: 328-46-51
берілген тест тапсырмаларын
1.Ашық буынды сөзді табыңыздар.
А) Тамаша В) Əкімшілік С) Жақсылық Д) Ғажап Е) Бапкер
2.Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің ғылыми саласын
атаңыздар.
А) Фонетика
В) Лексикология С) Морфология Д) Синтаксис Е) Стилистика
3.Түбірлес сөздерді табыңыздар.
А) Тіл, діл В) Қыс, қыз С) Қор, көр
Д) Көрме, көргіш
Е) Қамқор, көмек
4.Жаңа сөздерден (неологизмдерден) тұратын қатарды табыңыздар.
А) Былтыр, биыл, қайта құру В) Ұстаз, оқытушы, ғалам тор
С) Өркениет, ғаламдастыру, нарық Д) Компьютер, интернет, ғылым Е) Аспап, құрал, техника
5.Етістікті сөз тіркестерін табыңыздар.
А) Өнерлі бала В) Жетпіс бесінші С) Таза жүру Д) Жол торабы
Е) Менің пікірім
12-апта. 23-сабақ
170-тапсырма. Іс қағаздарын жүргізу барысында қолданылатын құжаттардың іштей бөліну түрлері туралы өзара пікір алмасыңыздар.
171-тапсырма. Іс қағаздары қалай топтастырылады? Сабақ барысында талқылаңыздар.
172-тапсырма. Мəтіннің мазмұнымен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Іс қағаздарының түрлері жəне оларды топтастыру
Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін: мақсаты
мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне,
формасына, т.б. ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізу барысында қолданылатын құжаттарынжалпы мақсатына қарай ұйымдық-өкілеттік құжаттардеп алып, оларды іштей бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Іс қағаздарын мазмұны мен қызметіне қарай:
а) жеке адамға қатысты жəне ə) қызметтік іс қағаздары деп екіге бөлінеді.
Жеке адамға қатысты іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады.
Оларға мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, хат, төлқұжат, куəлік, білімі туралы куəлік, т.б. Төл құжат, куəлік, білімі туралы куəлік сияқты құжаттарды мекемелер азаматтардың өз қолына береді, яғни əркімнің өзінде болады.
Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан жазылады. Қызметтік іс қағаздарына мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу барысындадайындайтын барлық құжаттарын
жатқызуға болады. Олар: қызметтік хаттардың барлық түрі, бұйрық, хаттама, т.б.
2. Формасына |
қарай: а) |
типтік; |
ə) трафареттік жəне б) |
еркін |
болып |
|
|||||||
бөлінеді. |
Типтік |
іс |
қағаздары деп қалыптасқан |
мəтін-үлгі |
бойынша |
|
|||||||
жазылатын іс қағаздарын айтады. Олар: арыз, өтініш, т.б. |
|
|
|
|
|
||||||||
Трафареттік |
іс |
қағаздарыдеп |
мəтіннің белгілі бір бөлігі алдын ала |
|
|||||||||
типографиялық əдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтады. |
|
|
|
||||||||||
Мəтіннің |
алдын |
ала |
|
дайындалған |
бөлігінде |
өзгермейтін |
ақпара |
||||||
жазылады. Мысалы, студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын |
|
||||||||||||
анықтама (анықтаманың бланкісі). Мұнда студенттің аты-жөні, оқитын бөлімі |
|
||||||||||||
мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі (бланкісі) |
|
||||||||||||
типографиялық əдіспен басылып, дайындалады. |
|
|
|
|
|
|
|||||||
Еркін мəтінді іс қағаздарына белгілі бір мəселе, ғылыми немесе əдеби |
|
||||||||||||
еңбек, өнер туындысы, т.б. туралы ресми түрде жазылатын құжаттар жатады. |
|
||||||||||||
Мысалы: пікір. Еркін мəтін іс қағаздарына , дажалпы іс қағаздарына да |
|
||||||||||||
қойылатын талаптар сақталады. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
3. Жасалу орнына қарай: а) мекеменің ішкі іс қағаздары; ə) сырттан келіп |
|
||||||||||||
түсетін іс қағаздары болып бөлінеді. |
|
|
|
|
|
|
|
||||||
Мекеменің |
ішкі іс қағаздарына мекеменің қызмет ету барысында, оны |
|
|||||||||||
құжаттау процесінде мекеме ішінде дайындалған іс қағаздары жатады. |
|
|
|||||||||||
Мекемеге |
басқа |
ұйымдар |
мен мекемелерден келіп |
түсетін |
құжаттар |
|
|||||||
сырттан келіп түсетін іс қағаздарына жатады. |
|
|
|
|
|
|
|||||||
4. Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары: а) түпнұсқалық жəне ə) |
|
||||||||||||
көшірмелік болып бөлінеді. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
Түпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған |
|
||||||||||||
нұсқасы (оригинал) жатады. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
Көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мəтіні сол күйінде өзгеріссіз |
|
||||||||||||
сақталып алынған толық нұсқасы немесе бір бөлігі жатады. Көшірмелік іс |
|
||||||||||||
қағаздарына |
кез |
келген құжаттың көшірмесін(диплом, |
бұйрық |
көшірмесін, |
|
||||||||
т.б.), үзіндісін |
(хаттамадан |
үзінді, |
бұйрықтан |
үзінді, т.б.), |
дубликатын |
|
|||||||
жатқызуға болады. |
Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мəтіні өзгертілмей |
|
|||||||||||
жазылып, қолға берілетін нұсқасы. |
Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін |
|
|||||||||||
құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі. |
|
|
|
|
|
|
|||||||
173-тапсырма. |
Ұйымдық |
құжаттардан |
мəлімет |
алып, мəтінді |
|
||||||||
мазмұндаңыздар. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
Ұ й ы м д ы қ |
қ ұ ж а т т а р |
|
|
|
|||||||
Ұйымдық құжаттарға мекеменің ұйымдастырылуына, құрылуына қатысты құжаттар жатады, олар: басқару аппараттық құрылым, оның құрамы, штат кестесі, ішкі тəртіп ережесі, жарғы, міндеттер, қызметтік нұсқау (инструкция), т.б. құжаттар жатады.
Мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған сəттен бастап заңды тұлға болып саналады. Тіркеуге алынған мағлұматтар заңды тұлғаларды тіркейтін
Мемлекеттік реестрге алынады. Ұйымдық-құқықтық əрекетіне қарай мекеменің құжаттарына мекеме жарғысы, құрылтайшылар келісімі, коммерциялық емес ұйымдардағы жалпы ережелер жатады.
Мекеме жарғысы белгіленген тəртіп бойынша бекітіледі. Жарғыда мекеменің іс-əрекеті, негізгі бағыты, басқа бірлестіктер, жеке, заңды тұлғалармен қарым-қатынасы, құқықтары мен міндеттері жазылады. Жарғы мекеменің атын, мекен-жайын, оның ұйымдық-құқықтық əрекеттерін, басқару органын, бақылаушыларын, мекеменің қайта құрылуын, қызметін тоқтатуын реттейді, растайды. Жарғы негізінде мекеменің құрылымдық жүйесі мен жұмысшылар саны анықталады.
Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі. Мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің құқығын анықтайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін Ереже жасалады.
174-тапсырма. Өкілеттік құжаттарға берілген мəтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Ө к і л е т т і к қ ұ ж а т т а р
Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-əрекеттерінежəне қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік басшысы қол қояды.
Өкілеттік құжат мəтіндерінің тақырыптары«... туралы», «... жөнінде», «... жайында» деген сияқты шылаулармен келген сөз тіркестерінен тұрады. Тақырып аттары қысқа, нақты болуы керек. Мысалы: «... өзгеріс енгізу
туралы», «... қайта қарау жөнінде», «... шара қолдану жайында», «...
қорытындысы жөнінде», т.б.
Бұйрықтарда ұйымның өндірістік-шаруашылық жəне басқа да маңызды бағыттағы мəселелері жазылады. Бұйрықтың ең маңызды бөлігі – оның мəтіні. Бұйрықтың мəтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзбен беріледі жəне жеке жолға жазылады. Онда іс-əрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні, қызметі көрсетіледі.
175-тапсырма. Анықтама-ақпараттық құжаттардан мəлімет алып, мəтіннің мазмұнына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
Анықтама-ақпарттық құжаттар
Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың көп кездесетін түріанықтамае - ақпараттық құжаттар жатады. Олар: хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме, мəлімхат, акт, анықтама жəне т.б. қызметтік хаттар жатады. Бұл құжаттардың барлығы ақпарат беру мақсатында жазылады, белгілі бір оқиғаны, фактіні, ісəрекетті белгілейді, баяндайды.
Хат, жеделхат, телефонхаттар арқылы мекемелер арасында ақпарат алмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын ала келісімдер жасалады, яғни мекеме басқа бірлестіктермен ресми байланыс жасайды.
Анықтама-ақпараттық құжаттардың бірі – акт. Ол мекеме жетекшісінің тағайындауымен құрылған тексерушілер тобы жəне жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Актілердің бірнеше түрлері кездеседі. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық құндылықтарды қабылдау, өткізу, т.б. Құжатта акт жазушылардың аты-жөндері міндетті түрде жазылады.
12-апта. 24-сабақ
176-тапсырма. Өмірбаянда не жазылады, оның құрылымына не кіреді? Берілген сұраққа жазбаша жауап дайындаңыздар.
177-тапсырма. Өмірбаян неше түрлі болып жазылады? Өз пікіріңізбен ой бөлісіңіздер.
178-тапсырма. Өмірбаян туралы берілген мəліметпен мұқият танысып, оның жазылу жолын меңгеріп алыңыздар.
Өмірбаян жəне оның түрлері
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тəртіппен туған күнінен бастап, бүгінге дейін жазылатын анықтама-ақпараттық іс қағазының бір түрі. Тəжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады:
Біріншісінде адам өзінің өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағаздарына қоса тігу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, айын, туған жерін толық көрсетеді. Одан кейін өзінің өмірі мен қызметі туралы деректерді ретімен жазады.
|
Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми іс |
қағаздары |
стилімен |
||||
жазылады да, көлемі жағынан шағын болады. |
|
|
|
|
|||
|
Өмірбаянның екінші түрі – мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, |
||||||
өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. |
|||||||
Мұндай |
өмірбаяндар |
көркем |
шығармаға |
жақын |
əдеби, |
шебертілмен |
|
жазылғандығымен оқырманды қызықтырады жəне ол оқырманды жеке адам |
|||||||
өмірімен ғана емес, қоғамның дамуымен де таныстырады. |
|
|
|
||||
|
Өмірбаянның бұл түрінде жазушының көзқарасы, дүниетанымы |
||||||
көркем сөзбен жан-жақты баяндалады. Яғни ойды, сезімді, оқиғаны көркем сөз |
|||||||
арқылы |
əсерлі жеткізіп, оқушының |
сана-сезіміне, көңіл-күйіне |
əсер |
ету |
|||
принципі негізге алынады. |
|
|
|
|
|
|
|
|
Мұндай шығармалардың |
қай тілде |
болмасын өте көп жəне қара |
||||
сөзбен |
де, өлең сөзбен де жазылатын түрлері кездеседі. |
Мысалы, |
Қ. |
||||
Байсейітовтың |
|
|
|
|
|
|
|
« Құштар көңіл» (1977), Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» (1983), Д. Қонаевтың «Өтті дəурен осылай» атты кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан ,емесбасқа біреулердің тарапынан баяндалады. Мысалы, ұлы жазушылар мен ақындар – А. Құнанбаев, Ш. Уəлиханов, А.С. Пушкиннің өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.
Атап айтсақ, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз», М. Əуезовтың «Абай жолы» шығармалары. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың əр түрлі жанрларында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Бұл өмірбаян алдыңғы екеуінен өзгеше, қоғамдық талапқа сай публицистикалық тілмен жазылады. Мұндағы мақсат – мəліметті қоғамның жалпы мəдениеті, экономикасы мен əлеуметтік жағдайына сəйкестендіре беру. Сондықтан, өмірбаянда субъектінің суырыпсалма ақын болғандығы немесе жетім қалғандығы сол кездегі қоғамдық ортаға қатысты баяндалады.
Əдеби-публицистикалық өмірбаянның |
көлемі əр түрлі болып |
|
келеді. Мысалы, С. Мұқановтың «Өмір |
мектебі», Б. |
Соқпақбаевтың «Менің |
атым – Қожа», С. Сейфуллиннің «Тар |
жол тайғақ |
кешуі» сияқты көлемді, |
өмірбаяндық шығармалары да кездеседі.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі– өмірбаян. Ол əркімнің өз қолымен жүйелі түрде бірінші жақта, жекеше формада баяндалады.
|
Өмірбаянның құрылымы төмендегідей |
|
болып келеді: |
1. |
Құжаттың аты; |
2. |
Өмірбаянын жазушы адамның азаматтық жағдайы туралы |
мəлімет;
3.Білімі, оқыған оқу орны;
4.Кəсіби тəжірибесі жəне кəсіби біліктілігі;
5.Қоғамдық-саяси қызметі;
6.Қосымша мəліметтер;
7.Отбасы жағдайы туралы;
8.Мекен-жайы, аты-жөні, қолы, қай күні жазғандығы, айы, жылы.
Өмірбаянның грамматикалық ерекшеліктері
Өмірбаянда жазылатын құжаттағы барлық мəліметI жақ жекеше түрде баяндалады, оның жіктік жалғауы: -м. Етістіктің жедел өткен шақ формасы қолданылады, оны жасайтын жұрнақтар: -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы:
дүниеге кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.
Өмірбаян иесінің əке-шешесіне, жолдасына, балаларына, туғантуысқандарына қатысты мəліметIII жақта баяндалады. Мысалы: ту+ған,
бітір+ген, оқы+ған, т.б.
Өмірбаян иесінің дəл қазіргі кездегі өмір, білімін, қызметін баяндайтын мəліметтер етістіктің осы шақ формасы арқылыI жақта беріледі.
Мысалы: оқы+п жүр+мін, істе+п жүр+мін, атқар+ып отыр+мын, т.б.
179-тапсырма. Өмірбаянның үлгілерімен танысыңыздар.
Ө М І Р Б А Я Н
Ү л г і :
Мен, Қуаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында Баршатас орта мектебінде оқып, оны ерекше аттестатпен бітірдім.
1981-1986 жылдар |
аралығында |
В. .ИЛенин атындағы |
Қазақ |
|||||
политехникалық институтының металлургия-полиграфия факультетінде оқып, |
||||||||
бітірдім. Қазір осы институтқа қарасты кафедраның аға оқытушысымын. |
|
|||||||
Институт |
қабырғасында |
өткізіліп |
тұратын |
іс-шараларды |
||||
барлығына қатысып, өзіме тапсырылған жұмыстарды уақытында орындап, |
||||||||
жауапкершілікпен қараймын. |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ғылыммен шұғылданамын. Халықаралық жəне республикалық |
||||||||
ғылыми-теориялық |
конференцияларға |
қатысып, ғылыми |
мақалаларымды |
|||||
жариялап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіземін. |
|
|
|
|||||
Ата-анам |
бар: əкем – Өмірбек |
Қасенов – Ұлы |
Отан соғысының |
|||||
ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Хадиша |
Қасенова – ұзақ |
жылдар |
бойы |
|||||
Баршатас орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеді, қазір зейнеткер. |
|
|||||||
Отбасым |
бар: жұбайым – Жазира |
Дүйсенқызы |
жоғары |
білімді |
||||
маман, дəрігер. Мектеп жасындағы бір ұл, бір қызымды тəрбиелеп отырмын. |
||||||||
Ұлым – Марат Қасенов 1990 жылы, қызым – Маржан Қасенова 1995 жылы |
||||||||
туған, олар Алматы қаласындағы №54 орта мектебінің оқушылары. |
|
|||||||
Əскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар. Қосымша |
||||||||
мəліметтер: Ана |
тілім – қазақ |
тілі, орыс |
жəне ағылшын тілдерін |
жетік |
||||
білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын |
толық меңгергенмін. Интернетпен |
|||||||
жұмыс істеймін. Жеңіл атлетикадан разрядым бар, университетаралық жəне |
||||||||
қалалық жарыстарға қатысып тұрамын. |
|
|
|
|
|
|||
Мекен-жайым: Алматы |
қаласы, |
«Қазақфильм» |
ықшамауданы, 47 |
|||||
үй, 18 пəтер, телефон: 251-48-37. |
|
|
|
|
|
|
||
Өмірбаян иесі |
_____________ |
Қ.Ө. Қасенов |
|
|
||||
|
|
қолы |
|
|
|
|
|
|
Өмірбаянды жазған күн: 2005 жыл, 18 наурыз |
|
|
|
|||||
* * * * *
