tursynova_memlekettik_umk_kz_2011
.pdfӨ М І Р Б А Я Н
Ү л г і :
|
Мен, |
Серік Жұмаділұлы |
Қалымбетов, 1984 |
жылы |
Қызылорда |
|
||||||||
облысы, Арал ауданы, Арал қаласында қызметкер отбасында дүниеге келдім. |
|
|||||||||||||
Ұлтым – қазақ. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1990-2001 |
жылдар |
аралығында |
Арал |
қаласындағы. |
ШүкіровЗ |
|
|||||||
атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік оқушы |
|
|||||||||||||
екенімді көрсете білдім. Əр түрлі қоғам |
жұмыстарын |
атқарып, спортпен |
|
|||||||||||
тұрақты түрде шұғылдандым. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
Ата-анам |
бар: əкем – Ж. Қалымбетов |
1955 |
жылы |
туған, Арал |
|
||||||||
қаласында жекеменшік кəсіпорында жұмыс істейді. Шешем – З. Қалымбетова |
|
|||||||||||||
1957 жылы туған, Арал қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілі пəнінен |
||||||||||||||
сабақ береді. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1998-2001 жылдар аралығында мектеп қабырғасында жүріп, Арал |
|
||||||||||||
қалалық мəдени орталығында мəдени жұмыстар жөніндегі ұйымдастырушы |
||||||||||||||
қызметтерін қосымша ретінде атқарып, өзіме біраз |
тəжірибе жинадым. |
|||||||||||||
Көпшілікпен мəдени қарым-қатынас жасап, ортақ тіл таба білуге дағдыландым. |
|
|||||||||||||
|
2001 жылы аталған орта мектепті бітірген , |
соңҚ.И. |
Сəтбаев |
|
||||||||||
атындағы |
Қазақ |
ұлттық |
техникалық |
университетіне |
тау-кен |
инжене |
||||||||
мамандығын алу үшін оқуға түстім. Бүгінгі таңда осы оқу орныныңII курс |
|
|||||||||||||
студентімін, үйленбегенмін. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
Ағылшын тілін меңгеру үстіндемін, компьютерлік курсқа барып |
|
||||||||||||
жүрмін. |
Кітап |
оқығанды, Абай |
атындағы |
мемлекеттік опера жəне балет |
||||||||||
театрына барып классикалық шығармаларды тыңдағанды |
жақсы |
көремін. |
||||||||||||
Қысқы |
уақыттарда |
шаңғы, коньки |
тебумен, |
табиғатқа |
шығып |
демалумен |
||||||||
əуестенемін. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алдыма қойған мақсатым – жоғары білім алып, жаңа технологияны |
|
||||||||||||
толық меңгеріп, білімді маман болып шығу, еліме, халқыма аянбай қызмет ету, |
|
|||||||||||||
мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімді қосу, мемлекеттік тілде іс қағаздарын |
|
|||||||||||||
жүргізуді тиісті деңгейге көтеруге атсалысу. |
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
|
Мекен-жайым: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі 23 үй, 36 |
|
||||||||||||
пəтер, телефон: 393-20-02. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
Өмірбаян иесі |
_____________ |
С.Ж. Қалымбетов |
|
|
|
|
|
|||||||
|
|
|
қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өмірбаянды жазған күн: |
2003 жыл, 20 мамыр |
|
|
|
|
|
|||||||
180-тапсырма. |
Өмірбаян |
мəтінінің |
мазмұны |
бойынша |
берілген |
|||||||||
сұрақтарға жауап беріңіздер. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
1. Өмірбаянның түрлеріне тоқталыңыздар. 2. Өмірбаян мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады? 3. Өмірбаянның бірінші түрін кім жазады, оның құрылымына не кіреді? 4. Өмірбаянның екінші түрі қалай жазылады, оған
қандай шығармаларды жатқызуға болады? 5. Үшінші түрі туралы қандай мəлімет білесіздер, оны кім жазады? 6. Өмірбаянның грамматикалық ерекшелігі қандай?
181-тапсырма. Əр студент өз өмірбаяндарыңызды жазыңыздар.
182-тапсырма. Өмірбаянның екінші түрі бойынша жазылған бір
көркем шығарманы сабақ барысында талқылаңыздар. |
|
|
|||
183-тапсырма. Өмірбаянның |
үшінші |
түріне |
жататын |
көркем |
|
шығармалардың біреуіне тоқталып, өзара пікір алмасыңыздар. |
|
||||
184-тапсырма. |
Төмендегі |
сөз |
тіркестерімен |
сөйлем |
|
құрастырыңыздар. |
|
|
|
|
|
Дүниеге келу, |
үйлену, тұрмысқа |
шығу, жоғары білім, |
жұмыс |
істеу, |
|
мамандық алу, арнайы бөлім, оқу орнын бітіру, қызмет орындары, тұрғылықты |
|||||
жері. |
|
|
|
|
|
185-тапсырма. |
Берілген үлгі |
бойынша |
сөйлемдерді бірте-бірте |
||
күрделендіріңіздер. |
|
|
|
|
|
Ү л г і :
Бітіру: 1. Мен бітірдім. 2. Мен университет бітірдім. 3. Мен Қазақ Мемлекеттік Əлем тілдері университетін бітірдім. 4. Мен 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Əлем тілдері университетін бітірдім. 5. Мен Қазақ Мемлекеттік Əлем тілдері университетін ағылшын тілінен мұғалім мамандығы бойынша бітірдім.
Əкем жұмыс істейді. Інім оқиды. Ағам тұрады. Балам дүниеге келді. Ол оқуға түсті.
186-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Сіздің аты-жөніңіз кім? 2. Сіз қандай отбасында дүниеге келдіңіз? 3. Сіз қай жылы тудыңыз? 4. Əке-шешеңіздің аты-жөндері кім? 5. Олар қайда жұмыс істейді? 6. Мектепті қай жылы, қайда бітірдіңіз? 7. Біліміңіз қандай? 8. Қай оқу орнын бітірдіңіз, мамандығыңыз кім? 9. Отбасыңыз бар ма? 10. Мекенжайыңызды атаңыз.
13-апта. 25-сабақ
187-тапсырма. Жеке іс парағы қандай жағдайларда жазылады? Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
188-тапсырма. Жеке іс парағының құрылымын есте сақтаңыздар.
189-тапсырма. Мəтінде берілген мəліметті толық меңгеріп, жеке іс парағын қалай толтыру керектігін мазмұндаңыздар.
Анықтамалық-ақпараттық құжат
* * * * *
Ж Е К Е І С П А Р А Ғ Ы
Жеке іс парағы– жұмысқа қабылдану, түрлі ұйымдарға сайлану, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелер талап еткен басқа да жағдайларда жеке адамның өмірі мен қызметі жайлы ,нақтыресми мəліметтер жазылып толтырылатын іс қағазының бір түрі.
* * * * *
Жеке іс парағында жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, бітірген оқу орны, кəсібі, мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы, т.б. көрсетіледі. Жеке іс парағында көрсетілген мəліметтер оқу орнын бітіргендігі туралы құжатта, əскери билетінде, тууы туралы куəлікте, еңбек кітапшасында,
өмірбаянда, орта білімі туралы аттестаты мен жоғары білімі турал дипломында берілген мəліметтермен дəлме-дəл жазылуы керек.
Жеке іс парағы жеке тұлғаның өмірі, білімі, қызметі, əлеуметтік жағдайы туралы мəлімет беретін болғандықтан, мазмұн-мақсатына қарай анықтамалық-ақпаратттық іс қағазына жатады.
Жеке іс парағында негізінен стандартты15 пункт беріліп, онда төмендегідей мəліметтер қамтылады:
1. Тегі, аты, əкесінің аты қысқартусыз толық жазылады. Мысалы:
Қалықова Əлия Жұманқызы.
2.Жынысы ер немесе əйел деп көрсетіледі.
3.Туған күні, айы, жылы жазылған кезде ай аты толық көрсетіледі.
Мысалы: 25 қазан 2008 жыл.
4.Туған жері төлқұжатында көрсетілген мəліметпен бірдей, сол кездегі ресми атауы өзгеріссіз көрсетіледі. Мысалы: Алматы облысы, Қаскелең
ауданы, Еңбекші ауылы.
5.Ұлты да жеке куəлікте, төлқұжатта көрсетілген мəліметпен сəйкес жазылады. Мысалы: қазақ.
6.Білімі. Тек орта мектепті бітірген болса, орта; техникум, училище, колледж бітірген болса, арнаулы орта; институт, университет бітірген болса, жоғары деп көрсетіледі. Ол оқу орындарының сіз бітірген кездегі бұрынғы атауы жазылады. Мысалы: əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атауын 1972 жылы бітіргендер Қазақтың С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мемлекеттік университеті деп жазады. Алған мамандығы: филолог, қазақ
тілі мен əдебиетінің оқытушысы, диплом ЭК № 152 436.
7.Тіл білу дəрежесі. Мысалы: ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде білемін.
8. |
Ғылыи атақ, дəрежесі толық, ресми түрде жазылады. Мысалы: |
|
|||||
филология ғылымдарының докторы, профессор. |
|
|
|
|
|||
9. |
Ғылыми еңбектеріңіз |
талапқа сай |
толық |
түрде |
толтырылады: |
||
Мысалы: |
Техникалық |
қазақ |
тілі. Оқулық. |
Жоғары |
техникалық |
оқу |
|
орындарының барлық мамандықтарына арналған. «Ғылым» баспасы, 18 баспа |
|
||||||
табақ, 2010ж. |
|
|
|
|
|
|
|
10. Еңбек жолы тармағына оқу орындарында оқыған жылдары, қызметі, |
|
||||||
қосымша |
істеген |
жұмыстары, басқа жұмысқа ауысқан |
уақыты |
толық |
|||
көрсетіледі.
11.Сайланбалы органдарға қатысуы тармағына республикалық,
облыстық, қалалық, аудандық, т.б. сайланбалы органдарға депутат болып сайланған жағдайда толтырылады. Қатыспаған болса, қатысқан жоқпын деп жазылады.
12.Мемлекеттік наградалар туралы тармақты марапатталғандар ғана толтырады. Марапатталмаған болса, марапатталған жоқпын деп жазады.
13. Əскери қызметке қатысы пунктінде əскери қызметке міндетті немесе міндетті еместігі жазылады. Мысалы: əскери қызметке міндеттімін,
əскери қызметке міндетті емеспін. Мысалы: əскери билеті СК №272046,
Алматы қаласы Бостандық аудандық əскери комиссариаты берген.
14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы. Мысалы, əйел
адамдар: тұрмыстамын, |
тұрмыста |
емеспін; ер |
адамдар: үйленгенмін, |
бойдақпын. Отбасы бар |
болса, олардың аты-жөні, |
туған жылы, күні, т.б. |
|
көрсетіледі. |
|
|
|
15. Мекен-жайы. Мысалы: Алматы қаласы, С. Торайғыров көшесі, 15 үй,
70 пəтер, телефоны: 386-42-01. |
|
|
|
|
|
|
||||
190-тапсырма. |
Мəтіннің мазмұны |
бойынша |
берілген |
сұрақтарға |
||||||
жауап беріңіздер. |
|
|
|
|
|
|
|
|
||
1. Жеке іс парағында нақты не толтырылады? 2. Бұл құжат мазмұн- |
||||||||||
мақсатына |
қарай іс |
қағазының қай түріне |
жатады? 3. Жеке |
іс парағының |
||||||
құрылымына |
не |
кіреді? |
4. Тұлғаның |
білімі |
туралы |
қандай |
мəліметтер |
|||
көрсетіледі? |
5. |
Аталған |
құжатты |
толтыруда |
қандай |
жағдайларды, неге |
||||
байланысты талап етеді? 6. Жеке іс парағын толтыруда қысқарған сөздерді пайдалануға бола ма? 7. Жеке іс парағындағы мəліметтер қандай құжаттардың негізінде жазылады? 8. Жеке іс парағында жазылған мəліметтердің растығына кім жауап береді?
191-тапсырма. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағының үлгісімен танысыңыздар.
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
Ү л г і :
1. |
Тегі |
Жанболатова |
|
|
|||||
2. |
Аты |
Алмагүл |
|
Əкесінің аты Асанқызы |
|||||
Жынысы əйел |
3. |
Туған жылы, айы, күні 19 қазан 1962 жыл |
|||||||
4. |
Туған жері |
|
|
|
|||||
Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы |
|||||||||
|
Ұлты |
|
|
|
|
|
|
|
(ауыл, аудан, қала, облыс) |
5. |
|
қазақ |
|
Азаматтығы Қазақстан Республикасы |
|||||
6.Əлеуметтік тегі қызметкер отбасынан
7.Білімі жоғары Диплом бойынша мамандығы қазақ тілі мен
əдебиеті
Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері Алматы қаласы,
Қазақтың С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мемлекеттік университеті.
8. |
Қандай тілдерді білесіз ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін |
|
қандай дəрежеде сөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу |
|
деңгейінде білемін. |
9. |
Ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы филология ғылымдарының |
|
докторы, профессор. |
10. Ғылыми еңбектері 80-нің үстінде
11.Жұмыс істеген орындары, лауазымы, жұмыс істеген жылдары
Бұл тармаққа еңбек кітапшасындағы мəліметтер дəлме-дəл жазылады.
12.Шет елдерде болуы Мемлекеттердің аты, болған жылдары көрсетіледі.
13. |
Сайланбалы органдарға қатысуы қатысқан жоқпын |
|
14. |
Мемлекеттік наградалары |
марапатталған жоқпын |
15. |
Əскери қызметке қатысы, |
əскери қызметке міндеттімін |
|
əскери атағы |
сержант, əскери түрі: |
командалық
16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі) Отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы,
қызметі толық жазылады.
17.Мекен-жайы: Алматы қаласы, С.Торайғыров көшесі 24 үй, 82 пəтер, тел.: 390-56-81
___28.08.2010_______ |
қолы______________ |
Толтырылған уақыты |
192-тапсырма. Əр студент өзінің жеке іс парағын толтырыңыздар.
193-тапсырма. Жеке іс парағында көрсетілген он бес пунктті өзара5 пункттен бөліп алып, сұрақ-жауап ретінде айтып беріңіздер.
195-тапсырма. Төмендегі сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Құжат, еңбек кітапшасы, жоғары білімі, сайланбалы органдар, тууы туралы куəлік, марапаттау, əскери қызмет, ұйымдар, тармақ, міндетті.
196-тапсырма. Бірінші бағанадағы сөздердің дұрыс түсініктемелерін екінші бағанадан табыңыздар.
1. |
Ғасыр |
А) Қоршаған ортаны, табиғатты |
2. |
Қаламақы |
зерттейтін ғылым саласы. |
3. |
Полиглот |
Ə) Парламент палатасының төрағасы. |
4. |
Спикер |
Б) Авторға немесе оның мұрагеріне |
5. |
Тіркеу |
төленетін ақы. |
6. Орфогра- |
В) Жүз жылдық мерзімді қамтитын |
|
|
фиялық сөздік |
уақыт өлшемі. |
7. |
Жаратылыс- |
Г) Сөздердің дұрыс жазылуын көрсететін |
|
тану |
сөздік. |
|
|
Д) Тізімге енгізу. |
|
|
Е) Көп тіл білетін адам. |
197-тапсырма. Жеке іс парағына берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.
1. Жеке іс парағында ............ мəлімет жазылады.
А) мерейтой иесін құттықтау туралы Ə) азаматтардың құқығы туралы Б) мекеменің таратылуы туралы
В) жеке адамның азаматтық хал-жағдайы туралы
2. Жеке іс парағында қолданылатын стандарт тілдік бірлік.
А) əскерге бардым Ə) əскерге барамын
Б) əскери қызметке міндеттімін В) əскери қызметтемін
3. Орта дəрежелі оқу орны. |
|
А) институт |
|
Ə) колледж |
|
Б) университет |
|
В) академия |
|
4. Монография .......... |
авторы .......... |
А) -нің, -мін |
|
Ə) -ның, -мін |
|
Б) -ның, -мын |
|
В) -нің, -мын |
|
13-апта. 26-сабақ
198-тапсырма. Еңбек келісімі қай уақытта, кімдердің арасында жасалынады? Өзара пікір алмасыңыздар.
199-тапсырма. Жиырма пункттен тұратын еңбек келісіміне
сұрақ-жауап құрастырыңыздар. |
|
|
|
|
||
200-тапсырма. |
Берілген еңбек келісімінен |
мəлімет |
, алып |
|||
мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар. |
|
|
|
|
||
|
Е Ң Б Е К К Е Л І С І М І |
|
|
|||
Еңбек |
келісімі – екі |
жақтың (жұмыс |
беруші мен жұмысшы) нақты бір |
|||
міндеттерді өзіне ерікті түрде алу |
туралы |
заңмен |
рəсімделген |
келісім |
||
жазылатын іс қағазының бір түрі. |
|
|
|
|
||
Белгілі |
бір жас |
пен білім |
дəрежесіне |
жеткеннен, жұмысқакейін |
||
тұрғандардың əрқайсысының еңбек жолы құжаттан басталады.
Кез келген құжат секілді еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рəсімделу ережелері бар.
Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары(міндеттері, мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым əкімшілігінде белгіленген тəртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.
Еңбек келісімі мыналардан тұрады:
1.Құжаттың аты: Мысалы: Еңбек келісі № 4;
2.Келісім жасалған орны мен күні: Мысалы: Алматы қаласы, 23 қазан,
2000ж.
3.Екі жақтың толық жəне шартты атауы: (жұмыс беруші,
жұмысшы).
4.Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті біліктілік дəрежесі: (М.: жұмысшының қай бөлімде, кім болып істейтіні жазылады).
5.Келісім типі (негізгі, əлде қосымша істейтін жұмысы көрсетіледі).
6.Келісім түрі (уақытша ма, əлде тұрақты жұмысқа алынды ма?).
7.Келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге алынса, нақты айы, күні, жылы көрсетіледі).
8.Сынақ мерзімі: (М.: Жұмысшыға 2 апта, 1 ай немесе 2 ай сынақ мерзімі белгіленеді).
9.Жұмысшының міндеттері: тəртіп сақтауға, мемлекеттік құпияны жария етпеуге, техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, ішкі еңбек тəртібі ережесіне бағынуға т.б. міндетті.
10.Еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты əкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс берушінің міндеттері:
(Еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, медициналық көмек көрсету, тұрғын үймен, зейнетақымен қамтамасыз ету т.б.).
11.Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
а) ҚР-сы Президентінің 21.04.1993 жылғы № 431 жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға; мəдени жəне тұрмыстық қызмет көрсету; қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік;
ə) Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға т.б.
12.Еңбек пен демалыс тəртібінің ерекшеліктері туралы мəлімет:
(Жұмысшыға 5 күндік жұмыс күні белгіленеді; Толық емес жұмыс күніне көшіріледі; Жұмысшы демалыс, мейрам күндері де жұмысқа шақырылуы мүмкін).
13.Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тəртібі туралы мəлімет: (лауазымдық төлемақы; сағаттық төлемақы; үстеме төлемақы; мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері т.б.).
14.Демалыс алу тəртібі мен оның мерзімі туралы мəлімет: (Еңбек демалысының ұзақтығы; қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алу тəртібі; ақы төленбейтін демалыс алу тəртібі, жылына бір рет ақылы демалыс беру т.б.).
15.Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
(Жұмысшыға жылына бір рет жұмыс киімі мен аяқ киім беріледі; баласына балабақшадан орын беріледі т.б.).
16.Келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар: (Бұл бөлікте келісім бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз болады).
17.Келісім тоқтатылған жағдай атап көрсетіледі: (Бір жақ келісім мерзімінен бас тартқанда; өз міндетін үнемі орындамаса; кəсіпорын таратылған жағдайда т.б.).
18.Екі жақтың мекен-жайы толық көрсетіледі.
19.Екі жақ қол қояды.
20.Шартқа қол қойылған күн толық жазылады.
21.Келісімге қосымша құжаттар болса, ол көрсетіледі.
201-тапсырма. Еңбек келісіміне берілген мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Еңбек келісімі қандай мақсатта жазылады? 2. Еңбек келісімінде жазылатын негізгі мəліметтер қандай? 3. Еңбек келісімін жасаушы екі жақтың шартты атаулары қандай? 4. Еңбек келісімі қандай мерзімге жасалады? 5. Еңбек келісімі қандай жағдайда күшін жояды? 6. Еңбек келісімінің жасалу мерзімі көрсетілуі қажет пе? 7. Жұмысшының міндеттерін атаңыздар. 8. Жұмыс беруші неге міндетті?
202-тапсырма. Төмендегі мəліметтерді пайдалана отырып, еңбек келісімінің үлгісін жасаңыздар.
*Сіз «Ақниет» ашық акционерлік қоғамына менеджер қызметіне қабылданбақшысыз.
*«Ақниет» ашық акционерлік қоғамының төрайымы – Əбдісүлейменова
Раиса Шоғанбекқызы.
*Сізге 60 000 теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.
*Келісім мерзімі – 1 жыл.
*Сынақ мерзімі – 2 ай.
*Сіздің міндеттеріңізге коммерциялық құпия болып табылаты мəліметтердің құпиялылығын сақтау жəне мекеменің ішкі тəртіп ережелерін сақтау кіреді.
* Жұмыс берушінің міндетіне сіздің кəсіби біліктілігіңізді арттыру үшін
біліктілікті арттыру курстары мен семинарларға, тренингтерге |
қатысуға |
||||
мүмкіндік жасау жəне оларға қатысты барлық шығынды мекеме есебінен төлеу |
|||||
де кіреді. |
|
|
|
|
|
* Сіз қажет болған жағдайда10 жұмыс күніне дейін ақы төленбейтін |
|||||
демалыс алуға құқылысыз. |
|
|
|
|
|
Келісімде |
көрсетілген |
талаптарды |
екі |
жақ |
тараптарының |
орындамаған жағдайда еңбек келісімі мерзімінен бұрын бұзылады. |
|
||||
203-тапсырма. Мəтіннің |
мазмұнына |
берілген сөз |
тіркестерінің |
||
аудармаларын есте сақтаңыздар. |
|
|
|
|
|
қосымша кепілдіктер беру – предоставления дополнительных гарантии демалыс беру тəртібі – порядок предоставления отпуска еңбек демалысының ұзақтығы – продолжительность трудового отпуска
келісімнің шарттарын қайта қарау – пересмотр условий соглашение келісімнің тоқтатылуы – расторжение соглашения келісімнің сипаты – предмет соглашения сынақ мерзімі – испытательный срок келісімнің түрі – вид соглашения
204-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Келісімшарт жасау, еңбек келісімін жасау, жұмыстың сипаты, жұмыс беруші, еңбекақы төлеу, келісімнің уақыты, еңбек туралы заң.
205-тапсырма. Бірінші бағанадағы сөйлемдерді екінші бағанадағы аудармаларымен сəйкестендіріңіздер.
1. |
Жеке еңбек келісімі. |
1. |
Вслучае нарушения |
2. |
Міндеттер орындалмаған |
|
трудовой дисциплины. |
|
жағдайда. |
2. |
Индивидуальное трудовое |
3. |
Тараптардың міндеттері |
|
соглашение. |
|
мен құқықтары. |
3. |
В соответствии с ныне |
4. |
ҚР-ның қазіргі қолданылып |
|
действующими законами |
|
жүрген заңдарына сəйкес. |
|
РК. |
5. |
Еңбек тəртібін бұзған |
4. |
Предмет договора. |
жағдайда. |
5. |
Обязанности и права |
6. Келісімшарт нысаны. |
|
сторон. |
|
6. |
В случае не выполнения |
|
|
обязанностей. |
206-тапсырма. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыздар. |
||
Еңбек келісімі |
№ 7 |
|
Алматы қаласы |
|
15 қыркүйек 2002 жыл |
Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті атынан университет ректоры профессор Қ.М. Сабырханов бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан филология факультетінің аспиранты Додаева Күлпаш Жанұзаққызы, бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы» деп аталады.
Жұмысшы Додаева Күлпаш Жанұзаққызы қазіргі қазақ тілі кафедрасына мұғалім болып қабылданады.
Бұл еңбек келісімі негізгі жұмыс келісімі.
Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады.
Келісім 2002 жылдың 15 қазанында күшіне енеді, 2003 жылдың 15 қазанында өз күшін жояды.
Жұмысшыға үш апта сынақ мерзімі белгіленеді.
Жұмысшының міндеттері:
·өз міндеттерін мезгілінде жəне сапалы атқаруға;
·еңбек жəне өндірістік тəртіпті сақтауға;
·техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
·жұмысты сапалы жəне адал орындауға;
·мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
·ішкі еңбек тəртібіне бағынуға міндетті.
Жұмыс берушінің міндеттері:
·жұмысшының осы келісім бойынша белгіленген міндеттерін атқаруы үшін қалыпты еңбек жағдайынжасау; еңбекақысын дер кезінде төлеуге міндеттену;
· қазіргі күші бар еңбек заңдары мен жоғары мектеп нормативті актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
Жұмысшыға |
5 күндік |
жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күніне |
көшіру қосымша |
өзара |
келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан |
Республикасының еңбек туралы заң кодексіне сəйкес |
жұмысшы өз міндетін |
||||
атқаруға, демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін. |
|
|
|
||
Жұмысшы |
еңбегі |
үшін«Университет» білім |
беру |
жүйесі |
|
қызметкерлеріне арналған бірыңғай тариф кестесі негізінде _________ разрядқа
