- •2.Жүйеге анықтама беріңіз және мысал келтіріңіз. Жүйенің классификациясын сипаттаңыз. Жүйенің жүйелік белгілерін атаңыз.
- •3.Ақпараттық жүйе анықтамасы. Ақпараттық жүйе құрылымын анықтаңыз және мысал келтіріңіз. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды атаңыз.
- •4.Ақпараттық жүйелердің құрылымының жабдықтау бөлімінің құрылымын толық ашып жазыңыз. Әр жабдықтауға сипаттама беріңіз.
- •5.Классификациялау жүйесінің негізгі түсініктері. Классификациялау жүйесінің құрылымын ашып жазыңыз.
- •6. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты кодтау. Кодтау түрлерін атаңыз және анықтамаларын беріңіз. Мысал келтіріңіз.
- •7.Жоба және жобаларды басқару анықтамасын беріңіз. Жобалардың классификациясын толығымен ашыңыз. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістерін атаңыз және сипаттаңыз.
- •8. Ақпараттық жүйелердің компоненттерін атаңыз және ашып жазыңыз. Ақпараттық жүйелердің функцияларын сипаттаңыз.
- •10. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымының бірінші сатысына шолу жасаңыз. Техникалық тапсырма және оның құрылымын сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз.
- •11. Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымының модельдерін атаңыз. Каскадты, итерациялық және спиральды модельдер түсінігін ашып жазыңыз және мысал келтіріңіз.
- •13. Ақпараттық жүйе анықтамасын беріңіз және оның белгілері бойынша классификациялаңыз.
- •14. Шартты энтропияға анықтама беріңіз және формуласын жазыңыз. Мысал келтіріңіз. Шартты энтропия қасиеттерін ашып жазыңыз. Жалпы энтропияның анықтамасы мен формуласын жазыңыз.
- •1.Толық энтропия симметриялы функция
- •2.Оң болады:
- •15. Хабарламалар және сигналдар туралы жалпы мәліметтер беріңіз. Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру үдерісін сипаттаңыз.
- •16. Модуляция және демодуляция процедураларының қызметі мен мазмұны туралы жазыңыз.
- •17. Модуляция түрлерінің салыстырмалы сипаттамаларын келтіріңіз.
- •25. Циклдік кодтар. Циклдік кодтарға математикалық кіріспе.
- •27. Шеннон-фано кодын құру қағидаларына шолу жасаңыз. Шеннон-фано кодына мысал келтіріңіз.
- •28. Ақпараттың құрылымдық өлшемдерін атаңыз. Құрылымдық, геометриялық, аддитивті өлшемдерге толық сипаттама беріңіз. Аддитивті өлшемге мысал келтіріңіз.
- •29. Шулы каналдардағы артықтыққа анықтама беріңіз және сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз. Өзара ақпарат және орташа өзара ақпаратқа анықтама
- •Өзара ақпарат. Орташа өзара ақпарат.
- •4 Қасиет.
- •5 Қасиет.
- •6 Қасиет.
1.Толық энтропия симметриялы функция

2.Оң болады:
Энтропия
(эн-тропе)
грек тілінен аударғанда айналдыру,
түрлендіру деген мағынаны береді.
Энтропия былай есептеледі:
Логарифм 2 негізді болса, онда ақпарат саны битпен, егер 10 негізді болса, онда дитпен, егер е=2,71828 негізді болса, онда нитпен, ал 3 негізді болса, онда титпен өлшенеді. Бұл формула Шеннон формуласы деп аталады.
15. Хабарламалар және сигналдар туралы жалпы мәліметтер беріңіз. Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру үдерісін сипаттаңыз.
Жүйе ақпарат көзінен, байланыс линиясы және ақпаратты алушыдан тұрады.
Жүйеге ақпарат хабарлама түрінде келіп түседі. Хабарлама дегеніміз таңбалар (белгілер) немесе алғашқы сигналдар жиынтығы.
Дискретті хабарлама хабарлама көзінің жеке элементтерді (таңбалар) тізбекті түрде беруінің нәтижесінде қалыптасады.
Әр түрлі таңбалар жиыны хабарлама көзінің алфавиті, ал таңбалар саны алфавит көлемі деп аталады.
Үзіліссіз хабарлама элементтерге бөлінбейді. Олар үзіліссіз мәндер жиынын (бейне, баяндама) қабылдайтын уақыт функциясымен сипатталынады.
Жіберілетін хабарлама адресіне сәйкес алдын-ала сигналға түрлендірілуі тиіс. Сигнал деп хабарламаны бейнелейтін өзгермелі физикалық шаманы түсінуге болады.
Сигнал – хабарламаны материалды тасушы, яғни байланыс линиясы бойынша ақпаратты беруді қамтамасыз ететін өзгермелі физикалық шама. Хабарлағыштан қабылдағышқа сигналдардың берілуін қамтамасыз ететін физикалық орта байланыс линиясы деп аталады.
Байланыс линиясы арқылы өтетін хабарламаларды сигналдарға түрлендіру хабарлағыштың көмегімен жүзеге асады.
Дискретті хабарламаларды сигналдарға түрлендіру кезінде хабарламаларды кодтау жүргізіледі.
Кең мағынада кодтау дегеніміз хабарламаларды сигналдарға түрлендіру.
Тар мағынада кодтау дегеніміз дискретті хабарламаларды нақты символдар тіркесі түріндегі сигналдармен бейнелеу. Кодтауды жүзеге асыратын құрылғы кодер деп аталады.
Сигналдарды беру кезінде сигналдар бөгеуілдердің ықпалына ұшырайды. Бөгеуіл дегеніміз кез-келген кедергі жасатын сыртқы әсерлер немесе ауытқулар, сонымен қатар аппаратураның өзіндегі сигналдардың бұрмалануы (аппаратурадағы кедергілер).
Қайта кодтайтын құрылғы (декодер) алынған сигналды алушыға түсінікті болатындай етіп түрлендіреді.
Сигналдарды беру жабдықтарының жиынтығы байланыс каналы деп аталады.
Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру үрдісі
16. Модуляция және демодуляция процедураларының қызметі мен мазмұны туралы жазыңыз.
Беруші құрылғы үзіліссіз хабарламаларды немесе таңбаларды байланыс линиясы бойынша ыңғайлы өтуі үшін сигналдарға түрлендіреді. Символдардың сигналға түрлену үдерісі модуляция, ал кері түрлендіру үдерісі демодуляция деп аталады. Оларды жүзеге асырушы құрылғылар: модулятор және демодулятор. Модулятор мен демодулятор модем деп аталады.
Ақпараттық сигналдар шектеулі диапазон шегінде кейбір шамалар мәндерінің сансыз мөлшерін көрсете алады.
Цифрлі (дискретті) сигналдар мәндердің біреуіне немесе түпкілікті жиынтығына ие бола алады.
Аналогты сигналдар бұрмалануға икемді, есесіне деректерді кодерлеу мен декодерлеу цифрлі сигналдар үшін қарапайым жүзеге асады.
ЭЕМ келіп түсетін цифрлі деректер модулятор – демодулятор көмегімен аналогты формаға түрленеді.
