2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.
2.1 Мердігерлік шартының түрлері.
Азаматтық заңнамада мердiгерлiк қатынастардың түрлерiнiң ең маңызды және ерекше белгiлерi барлары реттелген. Мердiгерлiк шартының түрлi сипаттамасына мыналар кiредi: 1) тұрмыстық мердiгерлiк; 2) құрылыс мердiгерлiгi; 3) жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк; 4) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк. Оларға Азаматтық кодекстегi мердiгерлiк қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексiнiң бұл түрлер туралы ережелерiнде өзгеше белгiленбесе мердiгерлiк туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.
шартының нысанасы және осыдан да құрылыс мердiгерлiктiң ерекшелiгi көрiнедi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 651-бабына сәйкес құрылыс мердiгерлiгi шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға жасалады. Кейбiр жағдайларда құрылыс мердiгерлiгi нысанасы болып үйлер (ғимараттар) кешенiн құрайтын кәсiпорынды салу немесе оны қайта жаңарту келедi. Құрылыс мердiгерлiгi шеңберiнде монтаждау, iске қосу жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен байланысты өзге де жұмыстар орындалады. Құрылыс мердiгерлiгiнiң ережелерi, егер шартта өзгеше көзделмесе үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.
Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша мердiгер тапсырыс-шының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттеледi.
Көрсетiлген шарттың субъектiлiк құрамының ерекшелiктерi бар, яғни шартта әрқашан мердiгер жағынан кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiлерi, әртүрлi лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргiзу үшiн рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсiпкерлер қатысады.
Жобалау және iздестiру жұмыстарында мердiгерлiк шарт. Мердiгерлiк шартының бұл түрi құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргiзiлуiн құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргiзiлетiн құжаттар өңделуiн қарастырады. Әдетте, жобалау құрылыста жаңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды қолдану қажет болса жүргiзiледi. Сонымен бiрге, құрылыс объектiсiнiң өзi
қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсiз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердiгерлiк шарттың бiрқатар ерекшелiктерi реттелген.
Бiрақ өндiрiсте, барлық өндiрiстiк процестердiң директивтi жоспарлауын нығайтуына байланысты, құрылыс мердiгерлiк мердiгерлiк шарттардың жалпы көпшiлiгiнен анық бөлiнiп шықты және 1961 жылдан бастап барлық негiзгi жүйелiк азаматтық-құқықтық актiлерi (азаматтық заңнама негiздерi, азаматтық кодекстер) күрделi құрылысқа мердiгерлiк шартты мердiгерлiк шарттың түрi ретiнде емес, азаматтық-құқықтық шарттың жеке түрi ретiнде қарастырады.2
Қазiр құрылыс мердiгерлiгi шартының құқықтық реттелуi барлық нарықтық заңнама да сияқты экономикалық заңдармен қайшылыққа түспейдi. Бiрақ, азаматтық құқығының дамуында одан кезеңдегi бiрқатар жасалған құқықтық өңдеулер, сол сияқты өзге елдердiң жеке құқығының өңдеулерi ескерiлген, сондықтан құрылыс мердiгерлiк ерекшелiктерi бөлек айқындалуы қажет болып тұр. Қазiргi жағдайда мердiгерлiк шарт бойынша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шiлде-сiндегi “Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы” Қазақстан Республи-касының Заңы маңызды әсерiн тигiзедi.1111111
Олар (сол ерекшелiктер) бiрқатар жағдайларда құрылыс мердiгерлiк жұмыстарын жүргiзуге байланысты жер учаскелерiне заттық құқықтарды алумен, құрылып жатқан объектiлердi энергиямен қамтамасыз етуге шарт жасаумен, мемлекеттiң бiр немесе өзге органдарымен жарна-құқықтық, басқа да құқықтық қатынастар пайда болатынында көрiнедi.
Сол немесе басқа объектiсiн салу жұмыстардың кешенiн жүргiзудi талап етедi, олардың әр түрi өз кезегiнде бөлек мердiгерлiк
